Материалдар / Заманауи мұғалім – озық ойлы оқушы ТорIQ платформасының тиімділігі!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Заманауи мұғалім – озық ойлы оқушы ТорIQ платформасының тиімділігі!

Материал туралы қысқаша түсінік
TopIQ цифрлық платформаны қолданудың үстаздар мен оқушыларға тиімділігі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Заманауи мұғалім – озық ойлы оқушы: ТорIQ платформасының тиімділігі!

Жетісу облысы

Сарқан ауданы Сарқан қаласы

Ақын Сара атындағы орта мектеп

Информатика пәнінің мұғалімі Адамбекова Асель Данияровна

Педагог-зерттеуші

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы» деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, мұғалімдік қызметтің қадірі қаншалықты жоғары болса, жауапкершілігі де соншалықты зор. Бүгінде заман ағысы, өмір бағытына өзгерістер енуде. Қай салаға да жаңашылдықтар еніп, адамдардың сұранысы басқаша сипат алып жатыр. Педагогика әлемінде де терең ізденіс талап етіліп, жаңа ұрпаққа заманауи білім беру қажеттілігі туындады. Ендеше, XXI ғасырда мұғалімнің бет-бейнесі қандай болу керек?!

Заманауи мұғалім – шығармашылық қабілеттерді шыңдауға жағдай жасай алатын, оқушылардың білімді қабылдауға деген құштарлығын дамыта алатын, өз бетінше ойлауға үйрететін, өз білімін толық іске асыра алатын адам. Сонымен қатар оқушылардың пәндерді оқуға деген ынтасын арттырып, олардың жеке бейімділігі мен талантын көтермелейтін тұлға. Бәріміз білетіндей, ХХІ ғасыр – ақпараттық технология мен ғылымның дамыған заманы. Білім беру саласында интерактивті техника және технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіру және оларды қолдану қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын басты талаптардың біріне айналды. Әр адамнан, әсіресе мұғалімнен әмбебеп болуды талап ететін қазіргі уақытта түрлі оқыту құралдары, ғаламтор желісінде көптеген платформалар, сайттар мен құралдар пайда болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесін жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында түрлі веб-платформалар өз пайдасын  тигізуде. Соның ең тиімдісі «ТорIQ – цифрлық оқулықтар» платформасы – оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін де пайдалы ақпарат көздері орналастырылған, мектеп қабырғаларында оқытылатын оқулықтардың электрондық кітапханасы болып табылатын отандық алғашқы платформа. Бұл білім беру кеңістігі тек электронды оқулықтар кітапханасы емес, сонымен қатар интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы ретінде белгілі. Мен не үшін ТорIQ-ге тоқталдым? Себебі мұғалімдер мен оқушылар үшін де ыңғайлы, сапалы, қолжетімді, жаңашыл, ең бастысы – отандық өнім! TopIQ платформасын біздің Ақын Сара атындағы мектебінде мұғалімдер өз тәжірибесінде жиі пайдаланады, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері қолданып, тиімді екенін айтып семинарларда тәжірибе бөлісіп жатады. Платформа арқылы оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, видеоматериалдарды көрсетеді. Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға дайын тапсырмаларды беріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Енді жазуды үйреніп келе жатқан бастауыш сыныптарға осы платформа арқылы тапсырмаларды орындау мұғалім үшін таптырмас мүмкіндік. Оқушылар тапсырмаларды жеке орындай отырып, қатемен жұмыс жасай алады. Тапсырманы қайта орындау командасының арқасында берілген тапсырма оқушының ойына ұзаққа сақтай алады. Көңілді үзіліс-оқушылардың бойына күш береді деп, мұғалімдер сабақ арасында, үзіліс кезінде де осы платформаны қолданып оқушыларға зияткерлік ойындар ойнатады. TopIQ-мұғалімдер мен оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған көпфункционалды электронды білім беру платформасы болып табылады. TopIQ платформасы білім алушылар мен педагогтардың зияткерлік және шығармашылық дамуы үшін цифрлық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Осы платформаны қолдана отырып, мектеп мұғалімдері көптеген артықшылар мен мүмкіндіктерді тауып отыр. Бұл платформа мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, білім алушылардың қызығушылықтарын арттырады. Ал оқушы үшін тіптен тиімді. Ауыр кітаптарды арқалаған сөмкеден құтқарып, денсаулығын сақтайды, телефон мен ноутбукті жанына серік еткен олардың оқуға қызығушылығын арттырады. Жалпы электронды оқулықтар өте жеңіл, смартфон немесе планшетте жинақталумен құнды. Сонымен бірге оқу кеңістігін үлкейтіп, көптеген аудио мен бейнежазбалармен қамтамасыз ете алады. Бастысы, оқушымен тез әрі оңай байланыс орнатып, тапсырмаларды орындау мен оқу материалын жемісті меңгеруге мүмкіндік береді. ТорIQ платформасын қолданып бастаған соң, мұғалімдер оқушыларынан оң нәтижелер байқағандарын айтады. Оқушылар үй тапсырмаларын орындауға ерекше құлшынысын білдіріп, аталған платформамен жұмыс істегенді ұнатады. Тіпті сабаққа белсенділігі төмен балалардың тапсырмаларды орындай бастағанын байқауға болады. Бұрын оқушылардың жұмыстарын тексеру мен бағалауға мұғалімдер бірнеше сағаттар жұмсаса, қазіргі таңда жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, уақыты мен энергияларын үнемдейтін болды. Қазіргі жазғы демалыс уақытында да мұғалімдер оқушыларға TopIQ платформасындағы көркем әдебиет кітаптарын оқуға кеңес беріп, оқушылар білімдерін жетілдіруде. Бастауыш сынып оқушыларына платформадағы 3D ертегі кітаптарындағы бейне көріністерді көріп, ертегілер оқу ұсынылды. Бұл да балалардың кітап оқуға құштарлығын ашады деген ойдамын.

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген екен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ұстаз бойынан шәкіртке қамқорлықпен қатар тынымсыз ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылыс болуы тиіс деп есептеймін. Интернет дәуірінде дүниеге келген балалардың білімді қабылдау мен қорытуы өзгеше, жан-жақтылық пен цифрлық дүниелерге талпыныстары зор. Сол себепті бәсекеге қабілетті білім жолында барлық әріптестеріме, ата-аналар мен оқушыларға ТорIQ платформасын пайдалануды ұсынамын.

Мен Сіздерді білім беруде жаңа технологияларды қолдануда көшбасшы болуға шақырамын! TopIQ-мен топта бол!





Shape1



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!