Заманауи мұғалімнің сұранысына сай әдістер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи мұғалімнің сұранысына сай әдістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің: «Педагогикалық жұмыстардағы шешуші нәрсе – ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде» деген пікірінің құндылығын әр мұғалім жете түсінгені жақсы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заманауи мұғалімнің сұранысына сай әдістер

Сарбиева Жанаргүл Калибековна

Степногорск қаласы Қаныш Сәтпаев атындағы

9 ЖОББМ – нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Мектептердегі оқу мен оқыту жайы біздің заманымыздағы өзекті мәселеге айналғалы біршама уақыт өтті. Жаңарған, жаһанданған елдің білімді, тәрбиелі тұлғасын қалыптастыру - білім ошақтарының басты міндеті.

Білім берудің жаңартылған мазмұнды бағдарламасы, жаңа оқулықтар, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары – осының бәрі бір мақсатқа жұмылдырылған. Ол – сапалы білім беру. Сапалы білімге жету үшін оқытушыдан шеберлік, оқушыдан талап пен ниет керек. Қазіргі қарқынды ақпарат заманында мұғалімге оқушының зейінін оқып үйренуге аудару жеңіл болып тұрған жоқ. Ғаламтор жаулаған әлем мен мұғалімнің арасында оқушы үшін күрес жүріп жатқандай.

Білім саласында қызмет етіп келе жатқан жылдарда түйгенім: оқушылармен ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істесеңіз жетістікке жетесіз. Оқушыға дауыс көтеру, ақыл айту, жазалау – әлсіздік. Сіздің қаруыңыз – біліміңіз,біліктілігіңіз, шеберлігіңіз.

Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің: «Педагогикалық жұмыстардағы шешуші нәрсе – ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде» деген пікірінің құндылығын әр мұғалім жете түсінгені жақсы. 2013 жылы «Өрлеудің » педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша курсқа барғанымда Асхат Әлімовтің «Интербелсенді әдістемені ЖОО- да қолдану мәселелері» деген оқу құралы қолыма түсті. Күні бүгінге дейін өз сабақтарымда автор ұсынған әдіс – тәсілдерді қолданып келемін. Интербелсенді әдістер – қарым – қатынасқа жағдай жасайтын сабақта қолданылатын жаңа әдістер. Интербелсенді әдістер оқушының білімді дайын күйінде қабылдамай, оны өздігімен құрастыруына ықпал етеді. Зерттеулер бойынша өздігінен құрастырған білім оқушының есінде жақсы сақталады. «Қайталау емес, өздігімен білім алу қажет бұл күнде. Ал бұл мақсатқа әр сабақта интербелсенді әдістемені қолдану арқылы ғана жетуге болады» [1. 9-бет]

Өз сабақтарымда «Кластер», «Галлереяны шарлау», «Серпілген сауалдар», «Төрт сөйлем», «Үштік оқу», «Жигсо», «Интервью», «Дауыстап ойлау» т.б.әдістерді қолданамын. Бұл әдістердің нәтижесінде оқушылар:

  • қалай оқу керектігін түсінді

  • өз білімдеріне өзі жауапты екенін ұғынды

  • белсенділік өсті

  • пәнге қызығушылығы артты

  • өз пікірлерін айтуға жасқанбауды үйренді

Әр мұғалім интербелсенді әдістерді тиімді пайдалануды оқу мақсатына, тапсырмаға қарай шешетіні белгілі. Оқушылардың қызығушылығы мен ынтасы оқыту/оқудың белсенді тәсілдерін қолданғанда анағұрлым жоғары болады. Ескеретін нәрсе: тым асыра орынсыз қолдана бермеу. Бірінші кезекте оқу мақсатына жету, бұдан соң ғана әдістерді оқушылардың қызығушылығын, деңгейін саралап барып қолданған жөн.

Заманауи мұғалім сабағын тиімді ойластырудың жолын үнемі қарастырып жүретіні белгілі. Бұл ретте интербелсенді әдіс-тәсілдердің көмегі зор болмақ.








Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әлімов А. «Оқытудағы интербелсенді әдістер» - Астана , 2014. – 9-б.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2021
295
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі