Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтарын білуге, елімізде білім алушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық тәрбие жүйесін қазақстандық патриотизм идеяларымен байытуда шет елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, өскелең ұрпақтың этномәдени және азаматтық бірегейлігін қалыптастырудың инновациялық технологиялары мен әдістерін сұрыптау көзделген. Ал заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемаларының екінші ең өзекті және іргелі арнасы - еңбекқорлық, ол жеке тұлғаның еңбек қызметіне деген оң көзқарасын білдіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары

Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы.

Әл-Фараби


Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтарын білуге, елімізде білім алушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық тәрбие жүйесін қазақстандық патриотизм идеяларымен байытуда шет елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, өскелең ұрпақтың этномәдени және азаматтық бірегейлігін қалыптастырудың инновациялық технологиялары мен әдістерін сұрыптау көзделген.

Менің ойымша, заманауи тәрбие құндылықтарының бірінші арасы – азаматтық, ұлтжандылық. Азамат болу деген нені білдіреді? Сұрақ жақын арада мектепті бітіретін жас жеткіншектер үшін қарапайым емес. Себебі кәмелетке толған адам – мемлекеттің заңдарында белгіленген барлық құқықтарды пайдаланатын және өз міндеттерін орындауға міндетті адам.

Біздің білім алушылар азамат болып шыға ала ма? Бұл олардың айналада болып жатқан оқиғаларға, өздерінің әрекеттеріне қалай қатысы барына, оның дұрыс емес әрекеттері туралы адамға не ойлайтынын айта алатындығына байланысты. Бұған кешегі қаңтар оқиғасы куә. Елімізде орын алған бұл оқиға жастардың саралай, сұрыптай біліп, байқампаздығы мен парасаттылығы негізінде дұрыс шешім қабылдай білу керектігін көрсетті. Сондықтан қазіргі мектеп білім алушысы өзін азамат, патриот, ел болашағы ретінде сезінуі үшін орасан зор рөл атқарады.

Ал заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемаларының екінші ең өзекті және іргелі арнасы - еңбекқорлық, ол жеке тұлғаның еңбек қызметіне деген оң көзқарасын білдіреді. Еңбек ету өмірде өте маңызды, өйткені адам өзін қажет сезінуі, қоғам мен ел игілігі үшін еңбектене отырып, айналасындағы адамдарға жақсылық жасап, бұл өмірде із қалдыруы керек.

Мектеп қабырғасынан бастау алатын еңбекқорлық қасиетін білім алушылардың болмысына сіңіру маңызды. Еңбекқорлықты бала кезінен бастап қолдау керек; балаға жұмыс істеуге және бізге көмектесуге мүмкіндік беру керек, содан кейін ол қызығушылық танытып, өз қабілеттерін көрсететін кезде оған мүмкіндік беру керек.

Үшінші арнасы – қоғамымыздың адамгершілігі адамдар арасындағы шынайы адами қарым-қатынастарды: теңдік, жолдастық, өзара сыйластық және басқаларға қамқорлық жасауды талап етеді.

Бүгінгі күні біздің елімізде білім мен тәрбие беру жүйесі басым бағыттардың біріне айналды. Ел президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 16 наурызындағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауында жаңа Қазақстан құруда білімді, өнегелі, іскер, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекеттестікке қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін тұлға тәрбиелеуге аса маңызды екенін атап өтіп, келелі мәселелерді алға тарта отырып, ұрпақ тәрбиесін баса назарға алды. Сондықтан патриоттық тәрбиенің дамуы – бұл жан-жақты процесс, оның ауқымы мен нәтижелері де өте маңызды.

Қазақстандық патриотизм – елді сүю және елді басқаруға, ұлттық мәселелерді шешуге сындарлы қатысу қабілеті. Бұл бағыт азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы, құқықтық және саяси мәдениетті, дамыған ұлттық бірегейлікті, этносаралық қарым-қатынас мәдениетін, гуманизмге негізделген әлеуметтік және діни толеранттылықты, тілге, тарих пен салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыруға бағытталған. Осы ретте, тәрбие құндылықтарының өзекті проблемаларын шешуде ұстаздар қауымы алдында төмендегідей міндеттер тұр:

1. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сананы, Отанға адал қызмет етуге, белсенді азаматтық ұстанымды жүзеге асыруға деген ұмтылысты қалыптастыру;

2. Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке (Қазақстанның мәдениеті, тарихы, фольклоры, салт-дәстүрлері), құқықтық мәдениетті тәрбиелеу;

3. Азаматтар мен билік органдарына құрметпен қарауды дамытуға ықпал ету;

4. Жауапкершілік пен елдің жетістіктеріне мақтаныш сезімін, өзін-өзі бағалауды және қоғамдағы маңыздылығын дамыту;

5. Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін насихаттау;

6. Білім алушылардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасы мен заңды мінез-құлыққа ұмтылысын, адамның бойындағы жағымды қасиеттерді жетілдіруге және жағымсыз қасиеттерді жеңуге психологиялық дайындығын, құқық бұзушылық көріністеріне қарсы тұру қабілетін арттыру.

Ойымның қорытындысын, Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан ел болып, жұрт болып ұрпақ тәрбиесін қолға алу басты шаруа. Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп айта аламын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2023
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі