Материалдар / Зерде ( интелектуалды сайыс)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зерде ( интелектуалды сайыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
І. Білгенге маржан ІІ.Кім тапқыр? ІІІ. Кім жылдам? ІҮ. Он саусақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
538
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ө.Қанахин атындағы орта мектебі








Тәрбие сағаты




Тақырыбы:



Shape1








Өткізген: Бақтыбай Айтөре Мұратқызы








Тәрбие сағаты Бекітемін:__________

5-класс ДТІЖО: К.Сатай

Ө.Қанахин атындағы орта мектебі

Класс жетекші: А.Бақтыбай

Тақырыбы:

Зерде ( интелектуалды сайыс)

Мақсаты:

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамыту

Құндылығы:

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғадан қатысуы құндылығы негізінде белсенді, білімді тұлға қалыптастыру

Түрі

сайыс сабақ

Ресурсы

Слайдтар, өнегелі сөздер

ЖОСПАРЫ:

Кезеңдері

Барысы

Ұйымдастыру бөлімі











Негізгі кезең
























































Қорытынды

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңберіне шығаып, оқу-білім туралы мақал-мәтел айту

Мектеп – кеме,

Білім теңіз.

Оқу инемене құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Білімсіз бірді жығады.

Білімді мыңды жығады. Кассадан билет сатып алады: «Бақыт», «Шаттық өмір»

Жоспары:

І. Білгенге маржан

ІІ.Кім тапқыр?

ІІІ. Кім жылдам?

ІҮ. Он саусақ

Мұғалім:

Білімменен тәнті етеді тектілер,

Мұратына білім қалды жеткізер.

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.,- дей келе «Зерде» ойынын бастайық

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші  біз сайысымыздың қатысушыларын ортаға шақырамыз.

1-топ «Бақыт» олармен бәйгеге түсетін

2-топ «Жарқын өмір»


Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едің талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділ қазым,

Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық

Сонымен бүгінгі біздің сайысымыздың әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар:

Мектеп директоры: Төлеу Майра Самалқызы

Оқу ісінің меңгерушісі: Мырзатаева Інжугүл

Тәрбие ісінің меңгерушісі:Сатай Кенжегүл Жұбанқызы

«Ақыл-арымас,  Алтын-шірімес» дегендей бүгінгі ойында сендерге тек қана сәттілік тілеймін.Сонымен сайысымызды басталық.

Сайысымыздың І-ші кезеңі :

 «Білгенге маржан» деп аталады.Бұл кезенің шарты артқа қарап тұрып сақа лақтыру, сол сақа түскен ұяшықта берілген сұрақтарға 1 минут ішінде лезде жауап беру керек.

Дұрыс жауап берсеңіздер1 ұпайға ие боласыздар.

Қызыл түсті ұяшықтың сұрақтары / қазақ тілі пәнінен/
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
3. Сөз таптарын атап бер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер)

4.дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді? (үшке: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы)

5.Зат  атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз? (зат есім)

6.Қандай,қай? Сұрақтары қай сөз табына қойылады?     (сын есім)

7.Етістік дегеніміз не?

8.Сөз құрамын ата (түбір, жұрнақ,қосымша)

9.Тұрлаулы сөйлем мүшесін ата (бастауыш,баяндауыш)

10.Қатаң  дауыссыз дыбыстарды ата (қ,к,п,с,т,ф,х,һ,ч,ш,щ)

Жасыл түсті ұяшық  / математика пәнінен/

Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!
1.Жай б
өлшектің элементтерін ата( алымы және бөлімі)

  1. 35 cанына кері сан ( отыз бестен бір)

  2. Санның бөлігін табу үшін не істейміз( санды бөлшекке көбейтеміз)

  3. Қырық сегіз саны қандай сан ( құрама)

  4. Төрттің үш дәрежесі нешеге тең? (Алпыс төрт)

  5. Бір бүтін он алтыдан үш бөлшегі қандай сан? (аралас сан)

  6. Құрамында әрпі бар өрнек қалай аталады? (әріпті өрнек)

  7. Ең кіші үш таңбалы сан? (жүз)

  8. Ең үлкен төрт таңбалы сан? (9999)

  9. Жеті мен бес саны қандай сандар? (жай сан)

Қара түсті ұяшық     / жаратылыстану пәнінен/

  1. Жаратылыстану ғылымдарын ата. (биология, физика, астрономия, география, химия)
    2. Тәуелсіздік күні ( 1991 ж 16 желтоқсанда)
    3.
    Жер нешінші ғаламшар?(үшінші)
    4.
    Жер бетінде қанша планета бар? (сегіз)

5. Жердің серігі? (ай)

6. Сен тұратын материк ( Еуразия)
7. Ең үлкен мұхит (тынық мұхит)

8. Жер бетінде қанша нәсіл бар? (үшеу)

9. заттардың, молекулалардың реттсіз өз бетінше қозғалысын не дейміз? (диффузия)

10. Температура қандай құралмен өлшенеді?( Термометр)


Сары түсті ұяшық    / орыс тілі пәнінен/

Әр сөздің тек аудармасын айту.

1.папа –әке

2.мектеп – школа

3.мұғалім – учительница

4.дәптер – тертадь

  1. кітап – книга

  2. күнделік – дневник

  3. күн – солнце

  4. знания – білім

  5. природа – табиғат

  6. ум – ақыл

Қоңыр түсті ұяшық  / қазақ әдебиеті/

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?
    2. Ай сайын емес
    , күн сайын өсіп, алты күнде күліп, алпыс күнде жүріп, алты жылда алып жігіт болған кім? (Кендебай)
    3.
    Көркем шығармаға берілетін кіріспе қалай аталады? (Пролог)
    4. Ертегілер қалай бөлінеді(қиял ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл ертегілер)

5.Қобыландының досының аты кім? (Қараман)

6.Аңыз дегеніміз не?(халық ауыз әдебиетінің жанры. тарихта болған белгілі бір адамның атымен, іс-әркетемін байланысты туады)
7.   Дулат бабатайұлының өлеңі? (О,Ақтан жас, Ақтан жас)   

8.Отыз үйлі кедейге еңбек етуді кім үйретті? (Қыпшақ Сейтқұл)

9. Мысал жанрының ерекшелігі?

10. «Атымтай жомарт» әңгімесінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

Қозы келді балам………. үзінді қай шығармадан алынған?       Малсақ бала

Көк түсті ұяшық     / жалпы сұрақ /

Жалпы сұрақ
1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата (3, 7, 9, 40)
2. Үш Бәйтеректі ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сайфуллин)
3. Үш арсызды ата (күлкі, тамақ,ұйқы)
4. Бес арысты ата
(Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатып, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбеп Аймауытов)
5. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

6. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата (домбыра, қобыз,…)
7.  Абайдың неше қара сөзі бар? (45+1)
8. Таң алдында шығатын жарық жұлдыз

9. Мектеп директорының толық аты-жөні?
10. Білім деңгейін тексеру тапсырмасы қалай аталады? (Жиынтық бағалау тапсырмасы)

Күлгін түс \тарих пәні\

  1. Алғашқы адамдардың кәсібі. \терімшілік\

  2. Тас дәуірі нешеге бөлінеді? \үшке\

  3. Қазақстан жерін алғаш мекендеген тайпа? \сақтар\

  4. «Алтын киімді адам» қай жерден табылды? \Есік обасынан\

  5. Шілікті қорғандары Қазақстанның қай аймағында орналасқан? \ Шығыс Қазақстан\

  6. Алғашқы адамдардың топтасып жүруі \тобыр\

  7. Тайпа басшылары қалай аталады? \көсем\

  8. Алғашқы адамдардың шығу тегін жануарлармен байлныстыру қалай аталады? \тотемизм\

  9. Ежелгі Египетті қалай атаған \ қара жер\

  10. Вавилон мемлектін алғаш басқарған патша? \Хаммурапи\

Алқызыл түс \ағылшын тілі\

  1. Happy – (хэппи) бақытты

  2. Book – (бук) кітап

  3. Bag – (бэг) сөмке

  4. Teacheк (титчэ) мұғалім

  5. School – (скул) мектеп

  6. Good morning – (гуд мониңг) қайырлы таң

  7. City – (сити) қала

  8. Symmen – (саммэ) жаз

  9. Friend – (фриэнд) дос

  10. Today – ( тодей) бүгін


Сергіту сәті: «Қызыл өрік» би


ІІ кезең       «Кім тапқыр?»   бұл кезеңнің шарты:

Бұл кезең екі тапсырмадан тұрады.

А)  Таяқшалармен тапсырмасы. Дұрыс жауап   5 ұпай

1 топ            5 таяқшадан   2 үшбұрыш құрастыр

2 топ            7 таяқшадан   3 үшбұрыш құрастыр

Ә)  Зейінге байланысты тапсырма    дұрыс жауап   3 ұпай

Сайыскерлерге кемпірқосақ көрсетеді.Сайыскерлер кемпірқосақтың түстерін бір көргеннен естерінде сақтап қалулары қажет.30 секунттан кейін кемпірқосақты төңкеріп қояды. Топ мүшелері  есте сақтаулары бойынша кемпірқосақтың суретін салады.

ІІІ кезең  Сайысымыздың  3-кезеңі « Кім жылдам?» деп аталады.

Жүргізуші мақал – мәтелдердің бастапқы сөйлемін оқиды, ал сигналдық картаны алғашқы көтерген бала жалғасын айтады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі

  1. Жақсыдан үйрен…

  2. Жері байдың…

  3. Әдепті бала…

  4. Оқу – білім бұлағы,….

  5. Отансыз адам….

  6. Еңбектің наны тәтті,…

  7. Бір тал кессең,…

  8. Жауынменен жер көгерер,..

  « Ханталапай» деп аталады.

Балалар «Ханталапай»  туралы естігендерің бар ма?

Ендеше ханталапайды әр топтан бір оқушы ойнайды.

Берілген асықтарды тез жинап алуы тиіс, әр асық бір ұпай, хан асық 5 ұпайға тең

Талапай-ау талапай,
Табылды ойын
алақай!
Асықты
алға шашамыз,
Талапайға
басамыз, — деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады.

ІV-кезең     «Он  саусақ »

Әр топқа бірнеше материалдар  беріледі.Сол материалдардан бір зат құрастыру./3 минут ішінде/

1 топ. «Қошқар мүйіз» өрнегі

2 топ  «Сынық мүйіз» өрнегі

 Осыменен біздің сайысымыз ақтық мәреге жетті.

Қазылар алқасына сөз беріліп,марапаттаулар болады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!