жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Зерттеу сабақ
Зерттеу сабағы
Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі
К.Д. Ушинский
« Қазан айының 9-жұлдызында бір тамаша күнді басыңнан өткересің..» деп көрікпел айтатын болса дәл бүгінгі күндей өткіземін деп жорамалдамас едім. Бірақ бүгін өте бір керемет күн болды.
Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында «№7 мектеп –лицейі» 2018/2019оқу жылы ашылған болатын. Мектептің ашылуы тұрғындар мен балалардың қуанышы еді. Онда жиналған мамандардың басым бөлігі жастар болғанымен өте білімді, ғылымға құштар, өз ісін сүйетін ұстаздар. Осындай мұғалімдермен қоянқолтық сыйластықта, ауызбіршілігін берік ұстап отырған мектеп басшысы Қабылқақова Жәния Болатқызы мұғалімдердің кәсіби тұрғыда дамуы үшін, жан-жақты жұмыс жүргізуде. Соның бірі бүгінгі «Артқапы» тауынан бастау алып, «Қараман ата» жерасты мешітіне, Бекі ауылының шыңырау құдықтарын зерттеуге экспедицияға филология ғылымының докторы, профессор Дүйсенбаева Жанбибі мен Мамаева Жантөре Жәкішқызы кіріктірілген табиғат аясында жанды сабақ өткізді. « Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі », - деп К.Д. Ушинский айтқандай табиғаттың қыр –сырын, шығу тарихын, географиялық орналасу типін, табиғи өзгеру салдарларын, аңыздарына дейін зерттеп, қолыммен ұстап, көзіммен көріп, мұғалім мамандығының ұлылығын сезініп, тамаша бір әсер алдым.
Мұғалім мектептің жұмысшысы, ал ұстаз ақысыз еңбек ететін тұлға. Сондықтан да «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет »,- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, Жантөре, Жанбибі ұстаздарымыздың дәрісін ұйып тыңдай бергім келді. Тек мен емес, бүкіл экспедиция мүшелері мұғалімдер мен оқушылардың көздері жанып тұрғанын көрдім. Дәріс барысында Жанбибі Сенбайқызы қайнап жатқан қайнар білімін мейлінше аз уақытта сарқып кеткісі келетіндей, құштарлана жаны кіріп бағыт беруде. Алғаш ат басын «Артқапы» тауына тіредік. Біріншіден, бұл кісінің дәрісінен жұмысты бөлісуді көрдім. Әр түрлі пән мұғалімдерін үш топқа біріктірді. Мұндағы түсінгенім зерттеу жұмысын бастау үшін әр түрлі(математика, ағылшын,физика,география,биология,химия) пән мұғалімдерімен пікірлесіп, ой бөлісіп алу керек екендігі. Екіншіден, жай бақылау жүргізу. Мұнда зерттелетін объектінің сыртқы пішінінен бастап, сол жердің топырағы мен өсімдігі, орналасу типі, құрылысына, сол жердің экологиялық жағдайына дейін көзімізбен көру арқылы зерттеу жұмысын жүргіздік. Жай бақылау жүргізу арқылы тереңірек зерттеуге жол ашылатынын байқадым. Үшіншіден, салыстыру арқылы зерттеуге көштік. Бұл тапсырманы «Артқапы» тауы кеуектерінің көлемін, маңызын, пайдасы мен қауіпін, типологиясын, акустикасын, өзгеру себептерін зерттедік. Мұндай зерттеу жұмысында асқан дәлдік керектігін түсіндім. Төртіншіден, жан-жақты зерделеу жұмысын жүргіздік. Бұл тапсырмада әдебиеттерді қолданып, аңыздарға сүйеніп, жай бақылау мен салыстыру жұмыстарының қорытындысын талқылап, болжамдар жасалды. Барлық зерттеу жұмыстарын аз уақытта бірлесіп, тамаша тарих қойнауына еніп кеткендей сезіндім. Жол бойындағы тамаша табиғаттың біз білмейтін көп сыры барына көзім жетті. Экспедиция картасының екінші нүктесі «Қараман ата» жерасты мешітіне жеттік. Бұл жердің табиғаты мен обаларды көргенде әрқайсысының артында жасырынған жұмбақ бардай қызығып көзім тоймады. Шіркін, біле алсам ғой! Әр бір обада бір пенденің ғұмырлық тарихы жатыр ғой. Қалай ғылым сүймейсің ? Білуге құштарлық адамды жынды етеді... Баба басына зират етіп, тілек тілеп, жерасты мешітіне түстік. Мешіттің жазық жерден қазылып жасалған құрылысы сол заманғы шеберлердің асқан білімділігінің дәлелі. Үш бөлмелі оқу залында тізе бүгіп, теориялық дәріс, кері байланыс жасап , рефлексиялық түйін жасадық. Тамаша, жарыса эмоциямызды жасыра алмай бәріміз де сөйлеудеміз. Өте көңілді тіпті шаршамадық та. Осылайша ең соңғы нүкте Бекі ауылына 1 шақырым жердегі шыңырау құдыққа тоқталдық. Осы жерде алғашқы тактика бойынша тез жұмысымызға кірісіп, зерттеудің жүру сарынымен тапсырманы орындап тастадық. Көңілімізге жағатын бағалаулар жүрді. Не керек тамаша күнді жайлы адамдармен тамаша өткіздім. Біреуге үйреткенім қандай екенін білмеймін,өзіме жинағаным көп болды. Осы білімді өз тәжірибемде қолданамын деген тұжырымға келдім және пайдама асатынына кәміл сенемін. Таңнан кешке дейін жүріп келсем де зор күшпен , қуанышпен шаршамаппын. Шай үстінде көрген білгенімді отбасыммен бөлістім. Балаларым, анашым, кино көргендей болдық қой деп мені бір күлдірді.
Маңғыстау ауданы. Шетпе ауылы
« №7 мектеп-лицейі» мектеп тренері,
Бастауыш сынып мұғалімі
Темирханова Акерке Темирхановна
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген