Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зерттеушілік іс-әрекеттегі әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіс-тәсілдерсіз сабақ өткізілмейтіні, онсыз сабақтың құнарлылығы болмайтындығы туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зерттеушілік іс-әрекеттегі әдіс-тәсілдер

09.10.2020 жылы «№7 мектеп-лицейі» ММ-де ғылыми жобаны әзірлеу, мұғалімдерге ғылыми жоба барысын түсіндіру, оқушы дайындау, зерттеу тәсілдерін үйрету мақсатында жоспарлы түрде ғылыми жетекшілер: филология ғылымдарының докторы Дүйсенбаева Жанбибі және Мамаева Жантөре апайларымызбен саяхат сабақ ұйымдастырылды. Ғылыми жоба барысында мұғалімдердің кәсіби жетілуіне көмектесуге жаңа бағыт, ізденіс, көзбен визуалды - көру, ұғыну жолдары жолға қойылған саяхат сабақ бастамасы «Артқапы» тауынан басталды. «Артқапы» тауын кіріктірілген пәндер арқылы үш әдіс: жай бақылау, зерделі бақылау, салыстыру, маңыздылығын айту тәсілдерін қолданып, біз әдетте мән бере бермейтін, еленбей қалатын немесе болжамды ретте сақталып қалатын нәрселерді аңғару барысында, өз ойларымызды толық жеткізе алуға түрткі болды. Осы үш әдіс арқылы зерттеуге негіз болатын зерттеудің негізгі қажеттеліктеріне назар аударып, сол арқылы көбірек мәлімет ала түстік. Мұғалімдермен оқушылар Артқапы тауын бақылап, кеуектерін салыстырып, орналасу орнын және таратпа материалдармен жұмыс жасап іздене отырып, таудың қыр сырларын ашуға талпынды және өз ұсыныстарын білдірді. Мұғалімдер мен оқушылар жоба жетекшілерімен диалогке түсіп, Блум таксаномиясы ұсынған жоғары деңгейлі ойлау дағдылары барысында ашық және тұжырымдамалық сұрақтар қою арқылы жауаптар алынып, белсенді шын ықыласты түрде қызу жұмыстар жүргізілді. Бақылау, салыстыру жұмыстары жүйелі қадамдардан тұрды. Әр қадам, жасалған жұмыстардан кейін кері байланыс беріліп отырды. Осылайша, ғылыми жоба тақырыбына деректер жинауда визуалды көру, сезіну, көз жеткізу, анықтама беру арқылы жұмысты бастау жеңілдік туғызатынын түсіндік. Келесі қадам қасиетті Қараман ата қорымымен жалғасты. Қараман ата басынан дүниенің тылсым күштерімен танысып, рухани құндылықтарды насихаттайтын ғажайып әлеміне түскендей күй кештік. Әр көрген көрінісіміз өткен тарихтан сыр шертіп, орналасқан жер асты мешіті тарих шежіресін үнсіз түсіндіріп, адам бойына ерекше күш бере түсті. Қараман ата жеріндегі «Үш ана» бейіті өз тарихымен есте қалған қайталанбас шежіре аңыздары арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өн бойына қуат бере бастады. Мұғалімдер мен оқушылар бойынан Сенбайқызы айтқан әдемі сөздерден реакция болып, оқушылар одан әрі белсенділік таныта бастады. Әр барған орындарымызда сезіну прогресі белең алып отырды. Яғни мұғалімдер мен оқушылардың көздерінен жалын оянып, білсем, көрсем, бақыласам деген ниет туындап, әр оба, кесенені бақылап, керекті деректерді түртіп алып отырды. Бұл жерде ИНСЕРТ тәсілі жүзеге асты. Негізгі фактілерді жаттап алу емес, жеке дамуда қажет екені тағы да дәлелдене түсті. Аңыз, шежірелерге тоқталған Ж.Дүйсенбаева қасиетті жерді заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлының айтқан өрелі әңгімелерімен жалғастырып, шежіре сырларымен жеткізе білді. Ата қасиетінің құдіреттілігі естіліп тұрғандай әсер қалдырды. Осы аңыз, шежірелерге сүйеніп неге қасиетті жер сырларын зерттемеске деген ойлар туындай бастады. Қараман ата жеріндегі қозғалған аңыз, шежірелер, көрініс тапқан бейнелер мұғалімдер мен оқушыларға ой салып, оқушылардың білу, түсіну, терең тану, жүзеге асыру жолдарын ұғынып, бақылаған тұстарын қолданып, ойларымызды жинақтауға мол мүмкіндік берді. Зерттеу жұмыстарын бағдарлай алуды түсіндік. Мұнда тәжірибенің басты орын алатынына көз жеткіздік. Жақсы әсермен қасиетті Қараман ата жерінен Бекі елді мекенінің жанындағы «Күзембай» шымырау құдығына жол тарттық. Құдықты салыстыру, бақылау, сипаттау бойынша кіріктірілген ықшам сабақ топтармен талқыланды, ерекшелігі ашылды. Ойлар қорытындыланып, кері байланыс жасалды. Оқушылардың да төселе бастағанын аңғардым. Әр оқушы өз қырларымен танылып, өз сөздерімен жеткізе білді.

Әр барған жерлерімізде спиральді байланыстыру құрылымы жақсы көрініс беріп отырды. Оқушылар көзбен көру арқылы тақырыптар аясында жұмыс жасап, сол тақырыпқа сай зерттеу барысында білім жинақтады. Заман талап етіп отырғандай, білім мен ғылым қатар жүрді. Мұндағы айтпағым, зерттеуге дайындық барысы әр пән бойынша қарастырылып, әр түрлі деңгейде талқыланып, салыстырылып, қорытындыланып отырды. Табысты зерттеуге бастаған сындарлы зерттеу жүргізу яғни ашық, визуалды көру арқылы жұмыстар басшылыққа алынып, «ашық» зерттеуге мүмкіндік берді. Ғылыми жоба жетекшілері әлемді қабылдау ерекшеліктерімен мұғалімдер мен оқушылардың қызығушылықтарына қарай СТО, Блум таксаномиясы, кіріктірілген пәндер, диалог, бірлескен жұмыс әдістерін таңдап, зерттеу жұмысын түсініп, игеруіне бастама берді.

Ғылыми жоба дегеніміз не? Зерттеу қалай жүргізіледі? Оны қалай жүзеге асырамыз? Қандай зерттеудің әдіс тәсілдері бар? Оған қойылатын талаптар қандай? Оқушыларға қандай пайдасы бар? Осы сұрақтар төңірегінде мұғалімдердің көкейіндегі жүрген сұрақтарға саяхат жасау арқылы бақылау барысында жауап алынып, жақсы қадамдар жасалды. Деректер жинау мақсатында саяхат жасау арқылы жинаған деректерді тиімді және өңдей білу барысын үйрене түстік. Мақсатқа жету жолындағы таңдалған әдістер өз нәтижесін беріп, біздің жұмыс жасау жолымызға жақсы бастама болды. Бұл әдістердің нәтижеге жетелейтініне көзім жете түсті. Әр нәрсенің сәтті болу құпиясы өз назарын нәтижелерге шоғырландыра білуге байланысты. Осы бір күн ішіндегі саяхат сабағын өз тарапымнан рефлексия жасай отырып, «Кері дизайн» әдісіне салғым келіп отыр. Бірінші, күтілетін нәтижелерді анықтау: зерттейтін жұмыстағы нәтижелерді анықтап алу. Екінші, меңгеру, зерттеу көрсеткішін айқындау: деректер жинау, саяхат жасау, зерделі бақылау, бақылаудың бірнеше түрі, сипаттау (материал әзірлеу). Үшінші, үдерісті жоспарлау: тақырып анықтау, жоспар құру, зерттеу, қорытынды шығару.

Осылайша, бір күнге жоспарланған саяхат сабақ біраз дүниелерді аңғартты. Ғылыми жоба барысын аталар қолдауымен сәтін салып басталғай деп ниет еттік. Дүйсенбаева Жанбибі және Мамаева Жантөре апайларымыз өз басшылығымен, жақсы бағыт бағдар беріп, тәжірибелерімен бөлісіп, біздің ұжымымызды алға жетелейді деген үміттеміз. Қолдау көрсетіп, қолдап басшылық жасап отырған Жания Болатқызына, ғылыми жетекші әрі кеңесші апайларымызға көптен көп рахмет! Әр ісімізге сәттілік, береке берсін деп тарастық!

Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Есболаева Назым, «№7 мектеп-лицейінің» директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
316
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12