Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Зиянды заттардың адам денсаулығына әсері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі
Зиянды заттар
(темекі, насыбай)
адам денсаулығына әсері
Денешынықтыру
пәні мұғалімі: Мәді Қ.
Зиянды заттар (темекі, насыбай) адам денсаулығына әсері
Мақсаты: «Бірінші байлық – денсаулық» деп айтылғандай, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты,хал-ақуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.
Жоспар:
Темекі жайында мағлұмат.
Насыбай жайында мағлұмат.
Арақ жайында мағлұмат.
Есірткі жайында мағлұмат.
Ситуациялық сұрақтар.
Кеш қонақтары: Тәрбие ісінің меңгерушісі, мектеп психологы, биология пәні мұғалімі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, фелъдшері.
Көрнекіліктер: слайд, бейне роликтер.
Темекінің тарихы
1492 жылы испаниялық теңізші Христофор Колумб Америка құрлығын байқағанда жергілікті халықтың құрғақ темекі жапырағын күйдіріп, соны ысын иіскеп отырғанын кемедегі екі матрос байқап қалады. Бұл екі матростың бірі әлгі ысты сорып, сынап көрген. Бұл темекі тартқан тұңғыш еуропалық саналады. Испанияға қайтан соң ол құрғақ темекі жапырағын күйдіріп, ысын соруды әдетке айналдырған. Мұны көрген көршілері таң қалып, оны «шайтан иектеген» деп жергілікті діни соттың түрмесіне қаматқан.
.1518 жылы испаниялық саяхатшылар маялықтардың темекі жапырағын түтікше ішіне салып тұтатып, тартып отырғанын көреді де, олардан сұрап тартып көреді. Бұл ең алғашқы темекіні сұрап тарту болса керек.
1530 жылға жеткенде темекі Испанияда кең көлемде тарала бастаған.
1560 жылы Францияның Португалияда тұратын бас елшісі Ян Никотин темекіні Францияға әкеліп, ауру емдеуге қолданған. Және сол арқылы Франция ханымын емдеген. Никотиннің еңбегін қадірлеу үшін химия ғалымдары көк темекі құрамындағы улы затқа «Никотин» деп ат берген. Осыдан бастап көк темекі Францияда егіле бастады.
1639 жылы Қытайдың Мин дәуірінің патшасы жарлық түсіріп, темекіні шектеген. Және темекі тартқандарды өлім жазасына тартқан. Бұл темекі туралы тұңғыш заң еді.
Темекі жайында.
Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы у-лы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса- ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды.Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді.Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне
жүгісек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард
адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.
Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет,
жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о
баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты
шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені
мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ
қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын
қарастырсын.
Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол канцерогендік заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі.
Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе
талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде
жинақталады да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп
шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі
радиоизотоптарынан әсіресе полоний-210 және қорғасын-210 қатерлі
ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл
заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі
себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін
радияциялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ
қабылдап жатады.
Шылым шегудің зияны туралы бірнеше қызықты
оқиғалар:
• Темекінің түтіні автомилдердің шығаратын зиянды заттарынан да 4-есе көп зиянды болады.
• Бір куб миллиметр темекі түтіні 3 млн. ыстың бөлшектерін құрайды.
• Әрбір сигарет денедегі 25 мг С витаминін нейтрализдейді, бұл дегеніміз бір апелсиннің құрамындағы С витаминіне тең болады.
• Герман ғалымдарының зерттеуінше бір сигарет адам өмірін 12 минутқа кемітеді.
• 20 сигар тарту арқылы, адам күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе артық кір ауамен дем алғандай болады.
• Темекі тартатын адамның өкпесі темекінің түтінінен смолаға ұқсап кетеді. Бір жылда темекі тартқыш адамның өкпесіне 800 г. темекі смоласы жиналады.
• Егерде адам 15 жасынан бастап темекі тартса онын өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасында темекі тарта бастаған адамдар 5 есе көп өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады, 25 жасында темекі тарта бастаған адамдарға қарағанда.
Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.
Егер темекіні тастасаңыз:
• 24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.
• 2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.
• 3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.
• 3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.
• 1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.
• 10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.
• 15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей
2. Насыбай жайында.
Насыбай жасаудың жолы өте қарапайым. Қарабайыр. Алдымен кептірілген жапырақты шағын темір келіге салып, ұнтақтау керек. Бұл әлі насыбай емес! Күл керек. Ол үшін насыбайшы өзі қалаған ағаштың қабығын сыдырып алып, алдымен кептіреді де, содан соң оны жағып, күлін жинайды. Сөйтіп темекі ұнтағына тиісінше күл қосылады. Насыбай түйір-түйір болып тұруы үшін кәдімгі әк те қажет екен. Ол да насыбайшының қалауымен ыдысқа түседі. Енді шамалы су қосып араластырса да жетер еді. Бірақ ақша табудың жолына түскендер бұнымен шектелмейді деседі. Насыбайдың уытын күшейту үшін оған тауықтың саңғырығын араластырады деген сөз бар.
Тауықтың саңғырығы деген қойдың құмалағы немесе жылқының тезегі емес. Ол улы.
Сонымен темекі (құрамында адам түгілі атты өлтіретін улы никотин бар), күйген жерін күйдіретін әк, күл (қоқыс деп түсініңіз) және улы саңғырық араласқан насыбай дайын. Осындай нәрсені қалай ауызға салуға болатыны, айталық, маған түсініксіз. Бір-бірімізден сұрап алып, сатып алып, ататынымыз мүлде ақылыма сыймайды. Өзіне-өзінің қастығы болмаса, адам баласы бұндай шалыс қадамға бармауы керек-ақ…
Енді бір қарағанда пәлендей зиянды әсері жоқ сияқты көрінетін нәрсенің адам ағзасына әсері, ықпалы қандайлық екеніне тоқталайық. Көзі қарақты оқырман темекінің құрамында никотиннен басқа да 29 түрлі улы зат барын біледі. Ал насыбай темекіге қарағанда әлдеқайда улы, зиянды, былғаныш. Ол рак ауруына жол ашады. Насыбай ататындардың ауыз қуысы ойылып, жара-жара болып жүреді. Бұл — әктің әсері. Тауықтың қиы қаншалықты қауіпті екенін айтып жеткізу қиын. Қазақтар тауықты «Құстың шошқасы» деп атайды. Өйткені оның жемейтіні жоқ, тамақ талғамайды, бәрін қылғыта береді. Сондықтан тауық ішегінде құрттар да көп. Тауық қиының қаншалықты улы екеніне бір мысал келтірейін. Егер қой шөппен бірге тауықтың қиын жеп қойса, өліп қалады. Біз оны тіл астына салып, сорамыз-ау
Насыбайдың зияны.
•
Насыбай ату адам жасын қысқартады.
• Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды.
• Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықылас
азаяды.
• Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баланың денсаулығына зияны
тиеді.
• Тыныс алу жолдары қабынады.
• Ұйқысыздыққа апарады.
• Адамды ерте қартай-тады.
• Ауызы, үсті, айналасы сасып жүреді.
• Тамаққа деген тәбетті жояды, адам ағзасы әлсірейді.
• Рухани күйзеліске ұшыратады
3. Ішімдік.
1.12.Ішімдік – қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, дәрумен жетіспеушілік және бауыр циррозы, белсіздікке ұшырайды, ауруларды жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйде болады. Егер алкоголь қан құрамында 0,1 – 1,15 пайызы болса, машина жүргізу аса қауіпті. 0,2 пайызы болса, түсініксіз сөз, қисалаңдап жүру байқалады. 0,4 пайызы – ес-түстен айырылуға әкеледі. 0,6-0,7 пайызы болса – адам өледі. Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады.
Слайд, бейне ролик.
.Есірткі жайында.
Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т.б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез-келген түкпірінде өсіріледі.
Есірткінің түрлері: гашиш, кокаин,анаша, т.б. Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейе түсіп, жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буын-буындары сынып ауырғанда көз қарашығы ұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді. Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылы анықтауға болады.орфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады
Есірткі-адамның қас жауы. Осы әсерлі затты адамдар ортақ шприц арқылы пайдаланып, нәтижесінде қаһарлы ауруға ұшырайды. Мұны пайдаланған адам арықтап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, жүйке жүйесіне әсер етіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, қылмысқа барады. Жаман әдеттердің бірі болып табылатын есірткіні қолдана отырып, адам денсаулығына емес, рухани жан дүниесіне де нұқсан келтіріп, хайуандарша ғұмыр кешіп, ақыл-ой жүйесі бұзылады.
Слайд, бейне ролик.
Ситуациялық жағдайлардан шыға білу.
Бір спортсмен өзі әйгілі болады.Жақсы жұртқа танымал.Бірақ табыс көзі онша болмайды.Енді ол отбасын асырау үшін «арақ»заводына жұмысқа тұрады.Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз-аздап ішіп,араққа бойы үйреніп кетеді.Енді жұмысты тастайын десе,ақша керек,тастамайын десе,ішіп қоя береді.Ситуациядан қалай шығуға болады?
2.Темекі тартпайтын планетадан келген қонаққа темекі деген не және оны адамдар не үшін тартатыны жайлы түсіндіру қажет.(қонақтың ролін бір оқушы ғана орындайды,қалған оқушылар темекі туралы оған түсіндіреді
3. Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің,жоқ әлде қойдырудың жолын іздестірер ме едің?
4. .Сұрақ қою.
1. “Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Салауатты өмір салты не үшін керек?
3. “Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер
Қорытынды: Елдің елдігін, азаматтың ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдыра гөр,-дей отырып:
Айналайын жастарым,
Өн- бойыңды әрдайым,
Дәл осындай кеселден,
Сақтай жүрші ылайым!-дегім келеді.