Зейін презентация
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
№ 6 д әріс
Зейін аралық
психикалық
процесс ретінде
1 слайд
№ 6 д әріс Зейін аралық психикалық процесс ретінде
2 слайд
Зейін дегеніміз не?
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге
бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны
зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше.
Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы,
тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін
қоймаудан болады. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып
жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты.
Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның
мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер
сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.
Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А.
Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша
түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің
көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді
де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті
қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып
отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер
күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге
шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
2 слайд
Зейін дегеніміз не? Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
3 слайд
Зейіннің зерттелуі
•
Зейіннің физиологиялық механизмін зерттеуші
У.Джейм
•
Зейіннің физиологиялық табиғатын зерттеуші
И.П.Павлов
•
Доминант теориясының зерттеушісі
А.А.Ухтомский
•
Зейіннің моторлық теориясын құрастырушы
Н.Н.Ланге
•
Зейін субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қамтамасыз
ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесіА.Р.Лурия бойынша
•
Зейін бағдарлық зерттеу іс - әрекеттің негізгі шартыП.Я.Гальперин тұжырымы
бойынша
3 слайд
Зейіннің зерттелуі • Зейіннің физиологиялық механизмін зерттеуші У.Джейм • Зейіннің физиологиялық табиғатын зерттеуші И.П.Павлов • Доминант теориясының зерттеушісі А.А.Ухтомский • Зейіннің моторлық теориясын құрастырушы Н.Н.Ланге • Зейін субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесіА.Р.Лурия бойынша • Зейін бағдарлық зерттеу іс - әрекеттің негізгі шартыП.Я.Гальперин тұжырымы бойынша
4 слайд
Өз уақытында әйгілі психолог Н.Н. Ланге сол уақыттағы
философиялық және психологиялық әдебиеттерден орын алған
зейіннің негізгі теорияларының жүйелілігін тексеріп, негізгі сегіз
теорияны бөлді:
Зейін қозғалысқа бейімделудің нәтижесі.
Зейін сана көлемінің шектеуі,
Зейін эмоцияның нәтижесі.
Зейін апперцепцияның нәтижесі,
Зейін жүйке тітіркендіргіштерінің нәтижесі.
Зейін ерекше белсенділік, жан қаблетінің нәтижесі.
Зейін іс-әрекет түрлерінің бірі,
Зейін жүйке тежелулерінің нәтижесі.
4 слайд
Өз уақытында әйгілі психолог Н.Н. Ланге сол уақыттағы философиялық және психологиялық әдебиеттерден орын алған зейіннің негізгі теорияларының жүйелілігін тексеріп, негізгі сегіз теорияны бөлді: Зейін қозғалысқа бейімделудің нәтижесі. Зейін сана көлемінің шектеуі, Зейін эмоцияның нәтижесі. Зейін апперцепцияның нәтижесі, Зейін жүйке тітіркендіргіштерінің нәтижесі. Зейін ерекше белсенділік, жан қаблетінің нәтижесі. Зейін іс-әрекет түрлерінің бірі, Зейін жүйке тежелулерінің нәтижесі.
5 слайд
Доминант теориясы
Зейіннің физиологиялық негізін академик А.А. Ухтомский доминант
теориясымен түсіндіреді, Доминант - мида пайда болатын өте күшті
үстем етуші қоздырғыштардың ошағы. Доминанта принципі зейіннің
бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркеңдіргіштерді елемей
қалатьш жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын
адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге
болады. Зейінділік, адамның сырт пішінінен де байқалады.
Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалысы тежеліп,
сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады. Бұл теория
бой ын ша, мида бірнеше қоздырғыштар пайда болып, бұл
қоздырғыштардың қайсысы күшті болса, әлсіз қоздырғыштарды өзіне
тартып, оларға үстемдік жасап, өзі ғана әрекет етіп отырады. Ми сол
күштің қозу әсерінде болады. Мұндай құбылысты субдоминант деп
атайды.
5 слайд
Доминант теориясы Зейіннің физиологиялық негізін академик А.А. Ухтомский доминант теориясымен түсіндіреді, Доминант - мида пайда болатын өте күшті үстем етуші қоздырғыштардың ошағы. Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркеңдіргіштерді елемей қалатьш жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалысы тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады. Бұл теория бой ын ша, мида бірнеше қоздырғыштар пайда болып, бұл қоздырғыштардың қайсысы күшті болса, әлсіз қоздырғыштарды өзіне тартып, оларға үстемдік жасап, өзі ғана әрекет етіп отырады. Ми сол күштің қозу әсерінде болады. Мұндай құбылысты субдоминант деп атайды.
6 слайд
Зейін мәселесіне қатысты физиологиялық зерттеудің
тағы бір маңызды көрінісі, бұл бас миы бөлігінде
тітіркендіргіштердің ретсіз орналасуы. Оны өңдеумен
айналысқан советтің атақты физиологы И.П. Павлов
болды. И.П. Павлов зейіннің физиологиялық
негіздерін мида пайда болатын индукция
заңдарымен байланыстырады. Бұл заң бойынша
мидың бір саласында пайда болған қозу мидың
басқа салаларының әрекетіне бөгет жасауы немесе
пайда болған тежеулер мидың басқа салаларын
қоздыруы мүмкін. И.П. Павловтың пікірінше, зейін
қою кезінде мида өктем қозу пайда болуы мүмкін.
Сөйтіп, И.П. Павлов зейіннің физиологиялъгқ
негіздерін шартты рефлекстер пайда болуымен,
жүйке саласының қызметімен байланыстырады. Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық
ошағы деп аталатын физиологиялық құбылысиен де
түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіркеңдіргіштер
бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты
шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу
ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық
ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция
заңдарына байланысты, Қозудың оптималдық ошағы
құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың
ми қабығының бір ғана беліміне ұзақ уақыт бойы
әсер етуі бірізділік индукция заңына орай бір жерден
екінші жерге ауысып отырады.
6 слайд
Зейін мәселесіне қатысты физиологиялық зерттеудің тағы бір маңызды көрінісі, бұл бас миы бөлігінде тітіркендіргіштердің ретсіз орналасуы. Оны өңдеумен айналысқан советтің атақты физиологы И.П. Павлов болды. И.П. Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін мида пайда болатын индукция заңдарымен байланыстырады. Бұл заң бойынша мидың бір саласында пайда болған қозу мидың басқа салаларының әрекетіне бөгет жасауы немесе пайда болған тежеулер мидың басқа салаларын қоздыруы мүмкін. И.П. Павловтың пікірінше, зейін қою кезінде мида өктем қозу пайда болуы мүмкін. Сөйтіп, И.П. Павлов зейіннің физиологиялъгқ негіздерін шартты рефлекстер пайда болуымен, жүйке саласының қызметімен байланыстырады. Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылысиен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіркеңдіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына байланысты, Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабығының бір ғана беліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай бір жерден екінші жерге ауысып отырады.
7 слайд
Зейіннің түрлері
Зейіннің негізгі түрлері
Ырықты зейін
Ырықты зейін - әрекетті саналы
түрде ерік күшін жұмсау арқылы
орындалуынан көрінеді. Бұл
зейінді ерікті немесе белсенді
зейін деп те атайды. Сананың
әрекеттің белгілі шарттарымен
байланысты болып, бір объектіге
бағытталуын - ырықты зейін дейміз.
Ырықты зейіннің психологиялық
мазмұны адамның іс-әрекетіндегі
алға қойған мақсатымен, ерік
күшімен байланысты. Ырықсыз зейін
Сыртқы дүниенің кез келген
объектілері кейде ырықсыз-ақ
біздің назарымызды өзіне тартады.
Күшті, ерекше, қатты, күтпеген
тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін
тудырады. Күтпеген жерден
шыққан айғай, ашық терезеден ұшып
кірген көбелек, қарсы бөлмедегі
күлкі, кіріп келген адам - мұндай
тітіркендіргіштердің бәрі балаларда
қозудьң басты ошағының орнын
өктем түрде алып, қалған
әсерлердің бәрін ығыстырады да,
олар бағынышты жағдайға түсіп
қалады. Үйреншікті зейін - адамға табиғи
сіңісіп кеткен, арнайы күш
жұмсамай-ақ орындалатын
зейін.Үйреншікті зейін ырықты
зейіннен кейін жасалады. Мәселен,
бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты
әдетіне айналса, оның зейіні де
үйреншікті бола бастайды. Қандай
нәрсеге болса да үйреніп,
жаттығып алған соң, адамның іс-
әрекеті дағдысына айналады.
Үйреншікті зейіннің де табиғаты
осыған ұқсас.
7 слайд
Зейіннің түрлері Зейіннің негізгі түрлері Ырықты зейін Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те атайды. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын - ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Ырықсыз зейін Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай, ашық терезеден ұшып кірген көбелек, қарсы бөлмедегі күлкі, кіріп келген адам - мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудьң басты ошағының орнын өктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты жағдайға түсіп қалады. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін жасалады. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс- әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас.
8 слайд
Зейіннің қасиеттері.
Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы,
тұрақтылығы, ауысуы.
Зейіннің көлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің
саны. Егер столдың үстіне, мәселен, марка, қағаз қыстырғыш, тиын,
әріп секілді таныс 10-12 ұсақ затты жайып, оларды жауып қойсақ, кейін бұл
қағазды 5-10 секунд ашып барып, қайта жауып тастасақ, ересек адам әдетте
6-7 затты жадында сақтайды. Бірақ бұлар оған бейтаныс болса және
бір-біріне өте жақын жатса немесе керісінше, шалғай, бытырап жатса, зейін
көлемі күрт тарылады.
Баланың зейінінің көлемі едәуір тар. Сондықтан, егер оған екі жаңа
әріптің немесе цифрдың таңбасымен (сабаққа келмей қалуы себепті), екі
ұқсас суретпен немесе мағьнасы жағынан мазмұндары ұқсас
тақпақтармен бірден танысуға тура келетін болса, қабылданылатын
объектілерді «шатастыру» байқалады. Бұл орайда әрбір әріптің немесе
ұқсас цифрлардың (3 пен 5, 6 мен 9, 1 мен 7) ерекшеліктері жеткілікті
түрде айкын көрінуі үшін, салыстыру әдісін енгізу өте-мөте орынды
болады.
8 слайд
Зейіннің қасиеттері. Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы. Зейіннің көлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны. Егер столдың үстіне, мәселен, марка, қағаз қыстырғыш, тиын, әріп секілді таныс 10-12 ұсақ затты жайып, оларды жауып қойсақ, кейін бұл қағазды 5-10 секунд ашып барып, қайта жауып тастасақ, ересек адам әдетте 6-7 затты жадында сақтайды. Бірақ бұлар оған бейтаныс болса және бір-біріне өте жақын жатса немесе керісінше, шалғай, бытырап жатса, зейін көлемі күрт тарылады. Баланың зейінінің көлемі едәуір тар. Сондықтан, егер оған екі жаңа әріптің немесе цифрдың таңбасымен (сабаққа келмей қалуы себепті), екі ұқсас суретпен немесе мағьнасы жағынан мазмұндары ұқсас тақпақтармен бірден танысуға тура келетін болса, қабылданылатын объектілерді «шатастыру» байқалады. Бұл орайда әрбір әріптің немесе ұқсас цифрлардың (3 пен 5, 6 мен 9, 1 мен 7) ерекшеліктері жеткілікті түрде айкын көрінуі үшін, салыстыру әдісін енгізу өте-мөте орынды болады.
9 слайд
Зейіннің бөлінуі
Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін
аудара алатындығынан көрінеді. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен
есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндай бір әрекет екінші
әрекетке кедергі болды. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның
физиологиялық негізі - ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті
өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеу қажет. Ал өмірде
іс-әрекет зейінді үнемі әр нәрсеге бөлуді талап етеді. Зейінді бөле білуге дағдылану керек.
Бәрімізге мәлім, жас ұстаз сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды, кейде сабақ айтып
тұрып қателеседі, оқушылардың жауабындағы қателерді де байқамай қалады. Кейін мұғалім
бірнеше обьектіге зейінін бөле білуге дағдыланады.
9 слайд
Зейіннің бөлінуі Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан көрінеді. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі болды. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі - ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеу қажет. Ал өмірде іс-әрекет зейінді үнемі әр нәрсеге бөлуді талап етеді. Зейінді бөле білуге дағдылану керек. Бәрімізге мәлім, жас ұстаз сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды, кейде сабақ айтып тұрып қателеседі, оқушылардың жауабындағы қателерді де байқамай қалады. Кейін мұғалім бірнеше обьектіге зейінін бөле білуге дағдыланады.
10 слайд
Зейіннің шоғырлануы
Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды
және жаңа тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны өшіріп,
жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады. Бала
үйде қолдан жасалатын ұшатын аппарат құрастырумен
шұғылданып отыр дейік. Оның ата-анасының сөйлескені
де, інілерінің ойын-шуы да, теледидар да ештеңе
алаңдатпайды. Оның зейінінің жұмылу күшінің шоғырлануы
көп. Мектептің кішкентай оқушыларында бұл сирек
болатын құбылыс. Оларда жұмылу күші көбіне аз болады.
Шоғырлану обьектінің зейінді тартып алуынан
көрінеді. Зейіннің шоғырлануы оның аумағы мен
бөлінуімен тығыз байланысты. Зейін тартатын нәрсе
неғұрлым аз болса, зейін көбірек шоғырлануына
мүмкіндік туады, ал зейін түсетін нәрсе соғұрлым
көп болса, зейін аз шоғырланып, жан –жаққа
шашырап кетеді.
10 слайд
Зейіннің шоғырлануы Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны өшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады. Бала үйде қолдан жасалатын ұшатын аппарат құрастырумен шұғылданып отыр дейік. Оның ата-анасының сөйлескені де, інілерінің ойын-шуы да, теледидар да ештеңе алаңдатпайды. Оның зейінінің жұмылу күшінің шоғырлануы көп. Мектептің кішкентай оқушыларында бұл сирек болатын құбылыс. Оларда жұмылу күші көбіне аз болады. Шоғырлану обьектінің зейінді тартып алуынан көрінеді. Зейіннің шоғырлануы оның аумағы мен бөлінуімен тығыз байланысты. Зейін тартатын нәрсе неғұрлым аз болса, зейін көбірек шоғырлануына мүмкіндік туады, ал зейін түсетін нәрсе соғұрлым көп болса, зейін аз шоғырланып, жан –жаққа шашырап кетеді.
11 слайд
Зейіннің тұрақтылығы
Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт
бағытталуынан айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң
болушылық. Зейіннің бұл қасиеті көптеген жағдайларға, нерв
процестерінің күшіне, әрекеттік сипатына, іс-әрекетке деген
қатынасқа, қалыптасқан әдеттерге т. б. байланысты болады.
Зейіннің тұрақтылығы көп уақытқа дейін құбылып, өзгеріп
отырумен байланысты қасиет. Егер адамның зейіні тұрақты
болмаса, ол бастаған жұмысын аяқтап, түбіне жеткізе алмас еді.
Кейбір зерттеулерге қарағанда 3 – сыныптарда оқитын
оқушылардың зейіні 30-40 минутке дейін тұрақты болады.
Алаң болушылық - зейіннің толқуынан көрінеді. Зейінде толқу
болып отырады. Бірақ зейіннің толқуы көп уақытқа созылмайды,
ары кетсе 2-3 секундтқа қана созылады. Зейіннің әрлі-берлі
сәл ауытқуы күрделі, қызықты істі атқару кезіндегі зейін
тұрақтылығына онша кедергі бола қоймайды.
11 слайд
Зейіннің тұрақтылығы Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң болушылық. Зейіннің бұл қасиеті көптеген жағдайларға, нерв процестерінің күшіне, әрекеттік сипатына, іс-әрекетке деген қатынасқа, қалыптасқан әдеттерге т. б. байланысты болады. Зейіннің тұрақтылығы көп уақытқа дейін құбылып, өзгеріп отырумен байланысты қасиет. Егер адамның зейіні тұрақты болмаса, ол бастаған жұмысын аяқтап, түбіне жеткізе алмас еді. Кейбір зерттеулерге қарағанда 3 – сыныптарда оқитын оқушылардың зейіні 30-40 минутке дейін тұрақты болады. Алаң болушылық - зейіннің толқуынан көрінеді. Зейінде толқу болып отырады. Бірақ зейіннің толқуы көп уақытқа созылмайды, ары кетсе 2-3 секундтқа қана созылады. Зейіннің әрлі-берлі сәл ауытқуы күрделі, қызықты істі атқару кезіндегі зейін тұрақтылығына онша кедергі бола қоймайды.
12 слайд
Зейіннің аударылуы
Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге
назарымызды әдейі ауыстыруды айтады. Зейін аударудың
ауытқудан айырмашылығы, оның саналы түрде
болатындығында. Зейін аударғанда адам алдына басқа бір
нәрсемен шұғылдану немесе тынығу мақсатын қояды.
Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың
ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв
процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар
бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді,
зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді,
оңтайлы зейіннің кӛрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше,
басқа объектіге қиындықпен ауысады.
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты.
Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да
қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің
қажеттілігі мен қызығуды жандандыру қажет. Айналысқан
істің нәтижелі орындалуы, зейіннің қасиеттерінің бір-
бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде
ӛзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.
12 слайд
Зейіннің аударылуы Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды әдейі ауыстыруды айтады. Зейін аударудың ауытқудан айырмашылығы, оның саналы түрде болатындығында. Зейін аударғанда адам алдына басқа бір нәрсемен шұғылдану немесе тынығу мақсатын қояды. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің кӛрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен қызығуды жандандыру қажет. Айналысқан істің нәтижелі орындалуы, зейіннің қасиеттерінің бір- бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде ӛзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.
13 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.
2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
3. Жұмасова К.С. Психология. Астана, 2006,161-172б
4. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.
5. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ,
1992г., -195 б.
6. Зинченко П.И. Непроизвольное запоминание. – М. Изд-во АИН РСФСР,
1961г.,132с.
7. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т./под
ред.В.В.Давыдова и др. – М.: Педагогика, 1983г.321с.
8. Лурия А.Р. Внимание и память. – М. Изд-во МГУ, 1975г., 180с.
13 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б. 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б. 3. Жұмасова К.С. Психология. Астана, 2006,161-172б 4. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с. 5. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г., -195 б. 6. Зинченко П.И. Непроизвольное запоминание. – М. Изд-во АИН РСФСР, 1961г.,132с. 7. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т./под ред.В.В.Давыдова и др. – М.: Педагогика, 1983г.321с. 8. Лурия А.Р. Внимание и память. – М. Изд-во МГУ, 1975г., 180с.