Сабақтың
басы
10
минут
|
Сабаққа спорттық киіммен келу.
Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және
мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін
анықтау. Техника қауіпсіздігін
сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау.
Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
|
Оқушылардың спорттық
киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген
оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен
таныстыру. Бағалау критерийлерін
түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту.
Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын
қадағалау.
|
Кері байланыс арқылы
бағалау
|
Конустар, ысқырық, уақыт
өлшеуіш. Сөрелік екпінге арналған тапсырмаға
сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=jlo77qeDnSE
Төменгі сөреден жүгіру
техникасы интернет ресурсына
сілтеме:
https://beguza.ru
Мектеп стадионы, жүгіру жолы,
бор, жалаушалар, ысқырық, уақыт
өлшеуіш.
Төменгі сөреден жүгіру
техникасы интернет ресурсына
сілтеме:
http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html
|
Сабақтың
ортасы
30
минут
|
(Б, К) Қозғалмалы ойындардағы
қауіпсіздік ережелерінің нұсқамасы. (Ж, К, ҚБ) Сыныпты бірнеше
топқа бөлу. Әр топқа төменде берілген тапсырмалардың бірін беріп,
10-15 мин осы тапсырмамен жұмыс жасау және басқа топпен тапсырманы
ауыстыру. 1 тапсырма. «Дайындал!» қалпында 5с, 10с, 15с тұрып,
жүгіріп шығу. 2 тапсырма. Отырған, жатқан қалыптан және арқамен
алға қозғалыс бағыты бойынша сөрелік екпінін
орындау.
3 тапсырма. Төменгі сөреден
«дөңге» қарай жүгіру.
4 тапсырма. Төменгі сөреден,
сөрелік екпін кезіндегі тиімді алға еңкеюді сақтай
жүгіру.
5 тапсырма. Оқушылар
«Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір!» төменгі сөреден шығу аралығын
өзгерте сөреден жүгіріп шығады. Оқушылар кезекпен 4 адамнан сөреден
шығады. Топтармен 2-3 оқу тапсырмасын орындағаннан кейін, 30-60 м
қысқа қашықтыққа бірнеше жүгірулер орындау.Топтың жұмысын
қорытындылау.
|
Сыныпты бірнеше топқа
бөліп,өздігінен жұмыс жасау үшін жүгіру жолында әртүрлі орындар
беру. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, келесі орындарға өту.
Оқушылардың санына байланысты тапсырмаларды қысқартып, өзгертуге
болады.
Тапсырманы орындау кезіндегі
ұсыныстар:
-итерілу кезінде, артта тұрған
аяқ толық жазылады;
-итеріліп болған соң, аяқ
тізеде босап бүгіледі де, санын алдына шығарумен
орындалады;
-аяқ табанның алдыңғы бөлігі
арқылы жолмен
жанасады;
-таянудың барлық кезеңдерінде
табан өкшесіне
түспейді;
-жүгіру кезінде қол шынтақта
бүгілген.
Сұраңыз: Сізге, ұсынылған оқу
тапсырмаларының қайсысы төменгі сөреден жүгіру әдісін үйренуде
көмектесті? Қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды
қалай атайды?
|
|
(Ж, Т, ҚБ) «Қарсы жүгіріс».
Екі команда А және В сөре сызықтарының сыртына тізбекке тұрады. А
және В сызықтары С-мәре сызығынан 10 м қашықтықта орналасады. Белгі
бойынша командалардың бірінші номерлері бір уақытта сөреден шығып,
С мәре сызығына жүгіреді. Бірінші болып келген жүгіруші,
командасына 1 ұпай әкеледі. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап
болғаннан кейін, топтарда орындау техникасын, денені қыздыру мен
қалыпқа келтіру техникаларын талдауды өткізіңіз. Тапсырманы
қайтадан өткізу.
|
Осы тапсырманы өткізгенде,
оқушыларға жарысу қызықты болу үшін, сыныптағы оқушылардың дене
дайындығына байланысты бөліңіз. Тапсырманы өткізер алдында
оқушыларға жүгіріп шығу мен қашықтықта жүгіру техникасын естеріне
салыңыз. Берілген тапсырма, сөреден шығу техникасы мен сөрелік
екпінді дамытуға бағытталғанын түсіндіріңіз. Талдауды өткізгеннен
кейін, екінші рет өткізер алдында, оқушыларды басқа кезектілікте
қойып немесе қатысушыларды орналастыруды, жұптармен қашықтықты
жүгіріп өту кезектілігін оқушылардың өздеріне
ұсыныңыз,
Сұраңыз: Берілген оқу
тапсырмасы қандай дене қасиеттерін дамытады? Ұсынылған ойын кезінде
қандай пайдалы қасиеттер
байқалды?
|
|