Материалдар / 9 мамыр - Жеңіс күні!

9 мамыр - Жеңіс күні!

Материал туралы қысқаша түсінік
9 мамыр - Жеңіс күні!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
327
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаныңда жүр жақсы адам

Сәрсенбай Қаңтарбай

10.05.1924ж.т.

Ұлы Отан соғысының ардагері.

Ұлы Отан соғысының ІІ топтағы мүгедегі.

Еңбек ардагері, Көксу ауданының Құрметті азаматы

Міне бүгін тағы бір таң атты. Жәй таң емес, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына байланысты 67-ші таң. Айнала сондай керемет, самал жел есіп тұр. Дала тып-тыныш. Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілік таңы. Осы бейбітшілікке жету жолында қаншама аталарымыз, ағаларымыз бүгінгі күнге жетпей кетті. Өкініштісі аталарымыздың қатары күннен-күнге сиреп барады. Осы бір соғыс тақырыбы қозғалса тек майдан, ұрыс даласынан қайтпай қалған жауынгерлер туралы әңгіме өрбитіні белгілі. Ал мен осы аталарымыздың бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері Алғабас аулының тұрғыны Қаңтарбай Сәрсембай атамыздың айтылмаған қырлары туралы көпшілікпен ой бөлісуді жөн көрдім. Жалпы халық атамыздың майдандағы қиын кездерімен, ерен еңбегімен, қайталанбас ерлігімен таныс екені белгілі. Ал мен атамыздың отбасындағы өмірі жайлы айта кетсем, қазақ елі осы ардагер атамызды басқа қырынан да таныса деген ой түйдім. Біздің отбасымыз Сарсембай атамыздың отбасымен бір ауылда, бір көшеде тұрып, дастархандас болдық. Сол кездері атамыздың тәрбиелік мәні бар әңгімелерінің тыңдаушысының бірі болдым десе де болады. Кенже қызы Сауле екеуміз бір сыныпта оқыдық. Кіріп-шығып жүріп атамыздың әңгімесін көп естідік. Бүгінгі күні атамыз 97 жаста. Жұбайы Нүсіпқызы Батиха апамызбен 9 бала тәрбиелеп, 25 немере, 45 шөбере сүйіп отырған ауылымыздың үлгілі отбасының бірі болды. Мен ес білгелі атамыздың бір ашуланғанын, не біреуге дауыс көтергенін немесе біреуге ренжіп ғайбат сөйлегенін көрген емеспін. Тіпті жұбайы Нүсіпқызы Батиха апамызбен отасқанына 70 жылдай уақыт болса да кеше отасқан жандардай бірін - бірі сыйлап отыратын. Отбасында өте сабырлы, керек кезде тыңдаушы бола да білетін, ал қажет жағдайда даналық ақылын ақырын ғана жеткізетін. Сырт көз сыншы демекші. Былтыр Батиха апамыз өмірден озды. (Жатқан жері жайлы болсын) Сол кезде де сабырлық танытып, көпшілікке басу айтып, балаларына бас-көз бола білді. Атамыз соғыс аяқталып елге оралған кезде де қарап отырмады. Алғашқыда бастауыш сыныптарда дене шынықтыру мұғалімі қызметін атқарса, одан кейін пошта қызметкері, пошта бастығы, ауыл совет бастығы қызметін атқарған. Сонымен қатар, біреу білер, біреу білмес Сәрсембай атаның ақындық қыры да бар. Отбасылық немесе туыстар арасында жиын-той бола қалса атамыз еш уақытта құр қол келмейтін. Әр кез үш-төрт шумақ, кей кездері шабыты келе ме, бірнеше шумақ өлеңін жазып өзі оқып беретін. Тіпті келіндеріне арнап әзіл өлеңдерін де тыңдап талай күлген кездеріміз де болған. Әр кезде батасын беріп отыратын. Міне осындай дана, дара қарияның қолынан алып, өсиетін тыңдап, батасын алған мен де бақытты жанмын деп ой түйдім. Әлі де көрер қызық көп болсын, ардагер ата. Жаныңда жүр жақсы адам деген осы шығар.



«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дуйсебаева Нұргүл Тұрыскелдіқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ