" Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру" Нық сеніммен алға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру" Нық сеніммен алға

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Нық сеніммен алға

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы

"№1 М.Горький атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың

" Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында көптеген жұмыстар атқаруда. Өз басым ұстаз ретінде осы бағдарламаның жүзеге асуына титтейде болса үлесімді қосу үшін бірнеше ашық сабақтар ұйымдастырдым.Өткізілген ашық сабақ тақырыптары рухани жаңғыру бағытына сай келді деген ойдамын.

9 "Г" сынып ашық сабақ тақырыбы" Әлеуметтік қатынастар ұлт болашағы", 7"Г" сыныбы "Географиялық деректерді ұйымдастыру тарихнамамен байланыстыру", 7"В"7"Г" сыныптары арасында сыныптан тыс іс-шара "Қазақтың ұлттық мәдениеті, Атамекені".

Аудандық семинарда 9"Г" сынып оқушылары ашық тәрбие сағатын өте жоғары деңгейде көрсете білді, оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді және қылмысқа қатысушылар туралы көріністер қойып, слайд арқылы бейне роликті талқылады. Бір қуантарлық жәйт мектеп оқушылары өз ойларын ашық жеткізе білді. Бұл өткізілген іс-шараларым жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған, ал кездесу сабағында мектеп инспекторы

Әйтпенов Баймырза ағайға алғысымызды білдіреміз көкейде жүрген сұрақтарға жауап берді. Қазір мектебімізде 11 сынып түлектері ҰБТ-де Адам.Қоғам.Құқық пәнін қосымша пән ретінде 7 оқушы таңдауда

орта бал көз қуантарлық. Болашақ сот, прокурор, адвокаттарды дайындау үсіндеміз, осыдан шығатын ой ҰСТАЗ ҰЛЫ есім.

" Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының 6 бағыты және "Рухани жаңғырудың" 4 кіші бағдарламалық аяларын оқушыларға түсіндіру, талқылау, жеткізе білу мектебіміздегі қоғамдық пәндер және тарих әдістемелік бірлесігіне жүктелген, осы міндетті атқарып шықтық деген ойдамыз. Оқушыларды қызықтырған сұрақтардың бірі ұлттық код дегеніміз не? Ұлттық код дегеніміз-қазақы тегіміз, қазақы діліміз, қазақы болмыс-бітіміміз бен санамыз. Яғни бір халықты өзге жұрттан ерекшелендіріп, танытатын және сол халықтың әлем халықтыры алдында өзгеге ұқсамайтын танымы және болмысы деп білеміз. Қазақ халқы ерекшеленеді жігіттеріміз қайсарлы, қыздарымыз ұяң, әдепі, адамгершілік қасиеттері жоғары тұрған. Ұлт болашағы ата-ананың тәрбиесінен басталады. Рухани жаңғыру ғарыштан тартқан желісін, тереңнен созған тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастауы мүмкін, сол себепті де елжанды, ұлтжанды азаматтардың өркениет ағымына бірге жүзсек деген ниеті қуантады. Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық жаңалықтарға байланысты ұлттық салт-дәстүріміз, әдет-нормаларымыз заманға бейімделуі мүмкін. Бірақ мәні мен мағынасы өзгермеуі тиіс.

Еліміздің болашағы намысты, қайсарлы жастардың қолында деп білемін, сол себепті нық сеніммен алға басайық.


Абдраманова Алия Пірімбетқызы

Тарих пәні мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі