«Семей қаласы:Шәкәрім
атындағы мемлекеттік Университеті»
КеАҚ гуманитарлы-экономика
факультеті
Мақала
«
Чуваш және башқұрт халықтарының мәдениеті
»
4
курс
И-001 тобы
Дайындаған: Сырымұлы М
Тексерген: Исин
Амантай
Семей2024
Дәстүрлі
киімдері
Башқұрт халқының ұлттық киімі
әр алуан және бай. Ер адамның костюмы - қайырма жағалы ұзын кең
пішілген жейде, оның сыртынан тар жеңді көйлек пен балағы кең,
қалын матадан тігілген шалбардан тұрған. Мерекелік жейде мен
белдіктерді кесте өрнектермен әшекейлендірген. Көшеге шыққанда
қоңыр матадан тігелген халат киетін. Салтанатты немесе рәсми
жағыдайда жібек пен барқыт халаттарды, бешметтерді таққан. Қысқы
сырт киім ретінде қой терісінен жасалған тондар, қысқа тондар, шұға
халаттар мен чекмендер қызмет етті. Ерлердің дәстүрлі бас киімі
қойдың және аң терілерінен, киіз бен сатып алынған маталардан
тігілген. Кәмшат, бұлғын, құндыз және түлкінің терілерімен
қапталған бөріктер өте бағалы болды. Пима мен ұзын шұға қонышты
жұмсақ былғары етіктерді киетін.
Башқұрт әйелдерінің киімдері
сәнді, әр түрлі болды. Әйелдер ішкі жейде мен кең шароварлар
киетін. Тұрмыстағы әйелдер жейдесінің ішінен кеуде тартқыш
байлаған. Жейденің сыртынан жеңсіз киім мен халат киген, оларды
зер, қаптырма және тиындармен айналдыра тіккен. Ескі еляндар мен
чекмендер түрлі түсті өрнектермен, шұға, зер, маржан тас, сердолик,
тиын және асыл тастармен безендірілген. Адамның бас киімі - оның
жасын, отбасылық, мүлікті-әлеуметтік жағыдайын көрсеткен.
Әйелдердің, әсіресе мерекелік бас киімдері жарқын, сәнді, маржан
тасты, тиын және күміс қаптырмалармен әшекейленген. Жас қалындықтар
– ұзын кездемелі орамалды (кушьяулык) кестелеп, ал иек тоқымалы
бауды – тиын мен інжу тастармен безендіріп жамылған. Әсіресе
солтүстік аудандарда мұсылманша байланған орамалмен қатар кішкентай
бөріктер киген.
Әйелдердің киетін – ұзын
қонышты етіктері, жұмсақ былғары туфли, шабата аяқкиімдері
болған.
Зергерлік бұйымдары: жүзіктер,
сырғалар, білезіктер мен көркем алқалар – құю, соғу, өрнек салу,
оймалау, жапсырма, нәзік зерлеу және металға сердолик пен жасыл тас
ендіру сияқты әдістерде орындалған.
Халық ауыз
шығармашылығы
Башқұрттың өз тарихының ерте
кезенімен байланысты халық ауыз әдебиеті бай. Халық ауыз
әдебиетінің тұындыларында ежелгі башқұрттардың табиғатқа , олардың
өмірлік даналығы, психологиясы, қылықтары мен шығармашылық
қиялдарына деген көзқарасы көрсетілген. Башқұрт халқының
шығармашылық жанры әр алуан болып келеді: жырлар мен ертегілер,
аңыз-әңгімелер, жұмбақтар, өлендер (салттық пен лирикалық), байттар
мен мунажаттар және т.б.
Башқұрт эпосы, басқа халықтың
шығармашылығы сияқты алғашқы қауымдық дәуірінің ыдыраған уақытында
пайда болып, феодал кезенінде өркендеуін алады. XX ғ. басында
башқұрттардың арасында: «Орал-батыр», «Акбузат», «Заятуляк пен
Хыухылу», үй малы туралы аңыздар «Кара-юрга» («Қара жорға»),
«Акхак-кола», «Конгур-буга» («Қоңыр бұқа») және т.б. ірі шығармалар
таралған. Сол кезде башқұрттарда басқа түркі халқының
фольклорындағы басты кейіпкерлер де кеңінен жайылған («Алпамыш пен
Барсынхылу», «Кузыкурпяс пен Маянхылу» және т.б.). Башқұрттардың
ұлттық өлен (йыр) жанрларының арасында - Узун-кюй маңызды орын
алады. Бұл күйде башқұрт халқының ұлттық мінезі терең және де
жан-жақты болып айтылған.
Үй
шаруашылығы
17–18 ғғ. дейін киіз үй -
башқұрттың дәстүрлі үйі болды. Шаруашылығының бұйымдары алуан түрлі
материалдардан жасалған. Башқұрттарда теріден иленген ыдыс көптеген
көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың ыдысы сияқты кеңінен
тараған. Жиірек жылқының терісін пайдаланған. Қымызды сақтау үшін
12 шелек сиятын үлкен ыдыс hаба дайындаған. Қойдың, қозының және
бұзаудың да терісінен торсық жасаған. Сонымен қатар ат әбзелдерін,
сөмке, белдік пен аяқкиім тіккен.
ХІХ ғ. сонында алуан түрлі
ағаштан – қайын, жөкен, бал қарағайдан жасалатын ыдыс басым болды.
Қайынның тамыры мен шорынан тамаққа арналған тостақан, ожау,
күрекше мен қасықтар ойылып жасаған. Ыдыстың түбін алып-салмалы
қылып – ұн, бидай сақтайтын биік күбі, қымыз бен май әзірлейтін тар
ыдысты қолданған. Кішірек ағаш бөшкелердің ішінде бузу, ашытылған
сүтті сақтаған.
Ағаштың тамыры мен қабығынан
жасалған бұйымдар мен өрілген әбзелдер де күнделікті тұрмыста аса
кеңінен пайдаланылған.
Башқұрттар ас тағамдарын шойын
қазандарда пісірген.
XX ғ. башқұрт отбасыларында
сатып алынған метал, қыш және шыны ыдыстар, шәйнектер мен
самауырлар жаңа қолдаңа бастаған.
Башқұрттың дәстүрлі сусыны –
қымыз, оны жылқының сүтінен арнайы ыдыстарда былғап ашытқан.
Орталық Азияны мекендеген көшпелі-малшыларда кеңінен тараған сусын.
Ертеде қымызды ірі үй малдың иленген терісінен жасалған ыдыстарда
ұстаған. Кейінен ағаш ыдыстарды да пайдалана бастаған, бірақ
қымыздың нағыз бағалағыш адамдары әлі күнге дейін былғары ыдыстарда
сақталған сусынды жоғары бағалайды. Ыдыста әдейі қалдырған қымыз
немесе қатық ұйытқы ретінде қолданылған. Көбіктің мол болғаны –
қымыздың дайын деген белгісі. Қымыз дайындау тәсілі осы күнге дейін
өзгерген емес.
Ұлттық
тағамдары
Көптеген зерттеушілер мен
саяхатшылардың айтуы бойынша башқұрттарда негізінде ет және сүт
өнімдері қосылған тағамдар ерекше орын алады.Сүттен сүзбе
(эремсек), ірімшік (корот), май, қаймақ, шыжғырған май (hары май),
құрғақ қоңыр сүзбе (эжегэй), ақ май, шие қосылған сары май (сейэ
май), қатық (катык) және т.б. тағамдарды әзірлеген. Еттен бесбармақ
(қойдың жас етінен), куллама (жылқы мен сиыр етінен), hурпа, hалма
пісірген. Сақтауға арналған етті - қазы(казы), қақталған ет
(кагит), қепкен ет (кипкэп ит) деген атаулармен белгілі. Башқұрттар
ежелден мал шаруашылығымен айналысатын халық ретінде танымал. Бірақ
ерте заманнан бастап башқұрт халқына тары, бидай, арпа сияқты дәнді
дақылдары мәлім болған. Тары, ұнтақталған бидайдан Қарға ботқасы
(Карга буткаhы) деген мерекесінде салттық тағам дайындаған, ал
үйлену тойларында бидай ұнынан чак-чак құырған. Халық жырлары,
ертегі мен аңыздарда курмас — құырылған бидай, тәтті тағамы туралы
жиі айтылады. Бидай ұнынан иленген желпекті күлде пісіру ежелден
келе жатқан әдіс деп саналады. Бұл тәсілмен алғашқы қауым адамдары
пайдаланған. Көптеген түркі халықтарына белгілі көне тағамдарының
бірі – талқан, оны құырылып, ұнтақталған бидай мен сары майға
араластырып әзірлеген.