Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілдің туу,туындау,өсу тарихы,ішкі заңы,табиғаты,қабылдампаз қабілеті,байлығы,бейнелілігі жүйелес бола тұра осының әрқайсысы арнаулы еңбекке барабар.Бұған тілдің болашағы турасында болжау қосылса,қисынның өзі дербес тақырыпқа айналады.Тарихшы көзімен қарау бар,лингвисше қарау бар,суреткерше қарау бар.Бір мақалада бұлардың басын қосу,ым-жымын келтіру қиын.Тоғыз жолдың торабын қиыстырудың жалғандыққа соғатын кезі өз алдына.

Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің бір түрі.Кейде бұлар сыншылдық,ойшылдық және көбіне адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.Қара сөздер ,тақырып жағынан алғанда,ақынның өлеңдерімен астасып жатады.Алайда әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшеліктерін толық пайдаланып,Абай адал еңбек ету,егін салу,саудамен айналысу,өнер үйрену,білім-ғылымды игеру,қоғамдағы әртүрлі топтардың қылып жүрген харекеті,мінез-құлқы,адамгершілік,имандылық секілді бірталай мәселелерді қарасөздерінде кеңінен толғайды,үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер айтады.Мысалы,3-сөзінде егін салу,сауда істеу,өнер,ғылым іздеу қажеттігін елдің өмір-тұрмыс жағдайына,негізгі характеріне күнделікті атқаратын істеріне байланыстыра айтады,халықтың өмірін,әртүрлі топтың өкілдерінің мінез-құлқын,ой-ниетін нақтылы,жан-жақты талдай отырып,айтады.Болыс сайлау мәселесін сөз қылғанда да сол кездегі нақтылы қоғамдық жағдайды,елдің әдет-ғұрпын,ұғым-түсінігін толық ескеріп отырады.Ел билейтін адам заман ағымын,елдің мұң-мұқтажын жақсы біліп,сонымен қатар «Есімханның ескі жолы»,Тәукенің «Жеті жарғысы»секілді бұрыннан келе жатқан ел басқару тәсілдерін жаңа заманның ыңғайына қарай орнымен пайдалана білмек керек дейді.Адал еңбек етіп мал табу,ерінбей жалықпай ғылым үйрену қажеттігі туралы ойын Абай 10 сөзінде басқа бір қырынан келіп,бала тәрбиелеу мәселесіне жалғастыра өрістетеді. «Біреулер құдайдан бала тілейді», «Ол баланы қылады?»деп бастайды.Абай сөзін: «Ол баланы не қылады?»деген тосын сұрақ екені анық.Бала тілеу,бала болса екен деудің ешқандай оғаштығы,таңқаларлық ештемесі жоқ деуге болатыны айқын ғой.Абай осындай сұрақты қойғанда,сол баланың келешегі қандай болады,олан ата-анасы не жақсылық күтеді деген мәселеге айрықша зейін аударуға ұмтылған.Сөйтіп, «ол баланы не қылады?»дегені оны қалай тәрбиелейді,одан не күтеді,қандай адам қылып өсіре алады деген ойды әсерлі жеткізу үшін айтылғаны байқалады.Абай өзгеше ұтымды шешендік тәсіл қолдануды да артық көрмейді.

Абайдың болыс,билердің байлардың,өз шаруасымен күн көрген кедей адамдардың сөз тыңдауға ықылассыз болуының себебін айтуды кекесіндеу,мысқылдау секілді.Бірақ шынында сол сөздер құр сықақтау үшін асырып айтылмаған.Білім-ғылым үйренгенде қандай мақсат қою қажет,бұл істі қандай ниетпен істеу керек дегенді Абай 32 сөзінде саралап талдап айтады.Білім-ғылымды дүниенің сырын ұғып-түсіну үшін,ақиқаттың,шындықтың жақтаушысы болу үшін үйренбек керек.Абай адамның ақыл сөзін ұғып аларлық қасиетін,жігер-қайратын өте жоғары бағалайды.14 сөзіндегі негізгі ой-түйіні ақыл сөзін ұғарлықтай «жүректе жігер,қайрат,байлаулықтың»болуы шарт деген пікірі десек,Абай сол пікірін адамдардың мінезін,іс-әрекетін дәл,әсерлі бейнелеп көрсету арқылы көңілге қонымды етіп жеткізеді. «Айтқанға көнгіш,уағдада тұрғыш,бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш,көштің соңынан итше ере бермей,адасқан көптің атының басын бұрып алуға жараған,әділетті ақыл мойындаған нәрсеге,қиын да болса,мойындау,ерлік,батырлық осы болмаса,қазақтың айтқан батыры әншейін жүректі емес,қасқыр жүректі деген сөз».«Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт,пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі-бәлеге,жаманшылыққа елертпек үшін,бірін-бірі «айда,батырлап!»қыздырып алады да,артын ойлатпай,азғыратұғын сөздері.Өйтпесе құдайға терістіктен сілкініп,бойын жиып ала алмаған кісі,үнемі жаманшылыққа,мақтанға салынып,өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі,тәуір жігіт түгіл,әуелі адам ба өзі?»Осындай сипаттамалардан Абай өмірдегі нақтылы жағдайларды ,әртүрлі адамдардың мінез-құлқын,әрекетін көзге елестетерліктей асқан суреткерлікпен бейнелей отырып,негізгі ойын нанымды түрде айта білетінін тани аламыз.

Абай мақал-мәтелдерге,нақыл сөздерге айрықша көңіл аударады.Оларды мән-мағынада қолданатынын ескере отырып,тосын қызықты пікірлер айтады.Абай малқұмарлықты,тойымсыз ашкөздікті адамды алға бастырмайтын кесел надандықтың,өнерсіздіктің белгісі деп санайды.Осындай жағымсыз мінез-қылықтарды айта келіп, «мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойынның жоқтығынан,өзге егін,сауда,өнер,ғылым секілді нәрселерге салынса,бұлай болмас еді»-дейді.Абай қара сөздерінің стилі,оларға тән ой ұтқырлығы,шешендік туралы мәселеге қайта оралсақ,осы шешендік дегеніміз әйтеуір сөзді қалайда сұлулап,көрікті етіп,өрнектеп айтуға ұмтылу емес,ойдың тереңдігімен,соңылығымен астасып келетін шешендік тәсілдер қолдана білу дерлік.Осыған тағы мысал келтіреміз десек,23сөзінде қазақта бір қуаныш,бір жұбаныш бар деп,сол ойын қалай күшейтіп,қалай дәлелдеп айтатынына назар салсақ болар.Абайдың негізгі ой-түйіні осы екені ап-айқын көрініп тұр.Алайда мұнымен тынбайды.Мүлде басқа жайларды тілге тиек етіп,әртүрлі сауалдарды жаудырып,соларды тізбектеп келтіру арқылы айтқан ойын шегелей түседі.

Абайдың 40сөзі бастан-аяқ тосын,ойда жоқ,сырт қарағанда тіпті оғаш сияқты көрінетін,бірақ зейін салып,жете ойланса,айрықша өткір пікірді білдіретін,тізбектеліп бірінен кейін бірі келіп отыратын сұрақтардан құрылған.Айтылған ой түйіні бар екенін байқай алсақ,шешендік тәсілді Абайдың асқан шеберлікпен қолданатынын мойындауымыз керек.Абайдың көркемдік,әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарстары терең білінген еңбегі-қарасөздері.

Абайдың қара сөздері(Ғақлия)-ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын,философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін дүниетанымын классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған,әр алуан.Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса,қайсыбіреуі мазмұн,тақырып жағынан өзгешелеу,ауқымды болып келеді.Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай,оның тереңдігіне,логикалық мәніне зер салған.Сөйтіп,көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады.Абай қара сөздері гуманистік,ағартушылық,әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп,тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды.Абайдың қар сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан «Абай» журалында жарық көрді .Кейіннен,Абайдың қара сөздері орыс,қытай ,француз т.б.көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Абайдың қара сөздерін сыншылдық,ойшылдық,көбіне адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет,толғау деуге болады. «Қара сөздердің»тақырыбы біреу-ақ,ол-адам болмысы.Қара сөздердегі әрбір сөз осы тақырыпты кеңірек ашуға мол мүмкіндік береді.Шығарманың тек бір халықтың не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен ғана шектелмеген.Онда ғұламаларды жылдар бойы толғандырып келген мәселелерге талдау жасалған.Абайдың қара сөздері-әлемдік өркениетте өзіндік орны бар қайталанбас мәдени мұралардың бірі.

Қара сөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады.Себебі қайсы бірін оқысаңыз да санаңызда қозғау салып,ойыңызды шымырлата түспегі анық.Тіпті,білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат алып,мотивация алатын жандар да баршылық.Әрбір қазақ азаматы осы қара сөздерді оқып шығуға міндетті деп санаймын.Әлбетте ол ұлтының нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратыны анық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2020
326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі