Абай Құнанбаевтың 1885 жылы жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай Құнанбаевтың 1885 жылы жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін талдау.Идеясы,жаңашылдығы мен ұйқасы туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай Құнанбаевтың 1885 жылы жазылған

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі


Абай-халық қазынасының бүкіл тарихи дәстүрін, ұлтының рухани байлығын бойына сіңрген,артына шын мәніндегі терең сырлы сөз,парасатты ой қалдырған ұлы тұлға.Оның ұлы ақын екендігін мойындамайтын адам жоқ шығар.

Адамды сүйіп,адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясының түпкі негізі –адам. Абай армандаған толық адам өнерлі білімді,еңбекқор, адал, әділ,жылы жүректі,ыстық қайратты,ғылым жолына түскен ізденімпаз болуы керек. Абай-осы қасиеттерді өз ұрпағының бойына сіңіре білген данышпан ақын.Абайды оқып таңырқанбаған,табынбаған,тамсанбаған қазақ қазақ па дегім келеді.Әр адам Абай әлемін өзінше түсінеді,пайымдайды, өзінше қабылдайды.

Ғылым,білім тақырыбына арналған Абайдың 1985 жылы жазылған өлеңі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» .Бұл өлеңді жазғанда ақын 40 жаста. Өлең ең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көрген жинаққа енген.Өлеңнің идеясы –білім,ғылым.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем,өстер ме едім?

Бұл шумақта ақынның жас кезінде ғылым,білім іздемегеніне өкініші көрініп тұр ғой. Ол өкініш өлең шумақтарында «қолымды мезгілінен кеш сермедім» десе,бұған кіналы, жазалы кім деп сұрақ қояды. « Қолымды дөп сермесем,өстер ме едім?»-деп жауапты да өзі береді. Бірақ «қолын кеш сермеген» Абай өзі сүрген ортада өз замандастарынан, тұстастарынан білімді екені белгілі. Оны да осы өлеңінде «Өзімде басқа шауып, төске өрледім, Қазаққа қара сөзге дес бермедім»-деуінен байқауға болады.

Адамның бір қызығы –бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медіресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.

Ақын балаларын оқытудағы мақсатын айқын көрсетеді.

Абай туралы айтқанда ақынды білу үшін, терең түсіну үшін ұлы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» шығармасына үңіліп, байланыстыра кетсек .

«Абай жолы» «Қарашығын» тарауында ғылым,білім туралы,осы өлең жайлы былай дейді.

Ол (Әбіш) әзілдей отырып,Абайдың өз сөзін келтіреді:

«Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын шен алсын деп бермедім» - дегеніңіз есімде аға! Ниетім,өзіңіз білесіз политехникалық институт еді.Былтыр да ,арғы жылы да оған түсуге менің жолым тар болды.

Абай әзірге сөзді ұзаққа созған жоқ:

-Ғылымның жаманы жоқ.Біздей сусағанға қай ғылым болса да ,соңына түссе де асыл қазынадай» Білімге сусаған қазаққа ғылым асыл қазына еді.

Жасында уысына түспеген білімді,ғылымды ұрпағының игергенін, меңгер- генін қалайды. Жеке бас мүддесі үшін емес,ел үшін,халық игілігі,болашағы үшін білім алу қажет екенін көрсетеді,оған бағыт сілтейді.Білім ал деп насихаттайды.Осы жолды оқып отырып ойланасың. Абай оқу шен үшін емес,ел үшін қажет дейді. Қазір ше? Ел үшін емес,шен үшін жүргендер көбейіп бара жатқан жоқ па?

Өзім де басқа шауып,төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

«Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ»-деп күйзелсе де білім ,ғылым үйрену идеясын ұсынып,кемеңгерлік танытады.

Өлең құрылысына келетін болсақ:


Жа/сым/да ғы/лым бар деп ес/кер/ме/дім,


Пай/да/сын кө/ре тұ/ра тек/сер/ме/дім.


Ер/жет/кен соң түс/пе/ді уы/сы/ма,


Қо/лым/ды мез/гі/лі/нен кеш сер/ме/дім. –а


Алғашқы шумақ 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылса,келесі шумақ аралас,соңғы шумақ шұбыртпалы ұйқаспен жазылған. Бұл да ақынның ерекшелігі мен жаңашылдығы.







Шығыс Қазақстан облысы

Абай ауданы

«М.Әуезов атындағы орта мектебі»КММ

Гылымбаева Л.М

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
4965
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі