400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Акробатикалық жаттығулар реттілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға акробатикалық жаттығулар жиынтығын үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:


Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Пәні:

Дене шынықтыру

Бөлім:

3-бөлім. Акробатика негіздерінде гимнастика

Педагогтың аты-жөні:

Сактаганова Айдана Кадыргалиевна

Күні :

20.11.2023 жыл

Сынып: 3 «В»

Қатысушылар саны 32

Қатыспағандар саны 0

Сабақтың тақырыбы :

Акробатикалық жаттығулар реттілігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.1.5.1 - кеңістікте қозғалыс әрекеттерін орындау және анықтау.

Сабақтың мақсаты


Оқушыларды кеңістікте қозғалыс әрекеттерін орындай алады және анықтайды.

Құндылықтар

Әдеп нормаларын ұстану,дұрыс қарым-қатынас орната білу,салауатты өмір салтын ұстану

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(12 минут)

Дайындық бөлім: 10-12 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

  • Саламатсыздар ма,оқушылар?!

  • Көңіл күйлеріңіз қалай?

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру, сабақтың мақсатын айтып өту.

Қатардағы жаттығулар. Баяу жеңіл жүгіру.

Арақашықтықты сақтау.

Мұрынмен тыныс алу.

Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу.

Жалпы дамыту жаттығулары.

Бейне ролик арқылы жаттығуды орындату.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

«Бас бармақ» әдісі


Бос кеңісті,

спорт зал,




Сабақтың ортасы

(23-25 минут)

Жаңа сабақты түсіндіру

Сұрақ – жауап арқылы сабақтың тақырыбын түсіндіріп кету

1. Дене тәрбиесі сабағы не береді?

(Қимыл–қозғалысты,машықтандыру,дене мәдениетін қалыптастыру,денені шынықтыру,тәрбиелеу,жалпы дамыту жаттығуларын меңгерту)   

Қауіпсіздік техникасы

Гимнастика қауіпсіздік техникасын қайталау, әнгімелесу, түсіндіру, көрсету. Қауіпсіздік техникасын журналына оқушылар тансыну арнайы аты жөніне қарама- қарсы қол қояды.

Мектепте және денешынықтыру сабағында тәртіп ережелерін сақтауды жүруді қайталау, түсіндіру, әнгімелесу

Оқушылар дайындық жаттығуларын орындайды.

Түрлі отырған қалыптан, арқада жатқан қалыптан топтасу.

Тіреле отырған қалыптан, тізеде тұрған қалыптан алға аунау.

Алға домалау:Орындау техникасы.Матаға жақындау;тізені бүгіп,денені алға еңгейту, алақанды маттың шетіне қою.Саусақтар алға бағытталуы тиіс; иек кеудеге жанасып тұрады. Одан кейін шынтақты бүгіп, аяқпен аздап серпіліп, баспен аунайды – матқа желкені, мойынды, жауырынды, белді ретімен қою. Егер дене бүгіліп тұрса, жұмсақ аунап түседі

Артқа домалау:Орындау техникасы.Артқа домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілуден бастаған жөн, жауырынға тұрған қалыптан артқа қарай аударылып, қолды иықтан асыра еденге тигізіп, қайтадан жүрелеп отыру. Егер дене бүгіліп тұрса, жұмсақ аунап түседі.

Жауырынға тұру: Орындау техникасы.Жауырынмен тұру топтамада артқа аунап орындалады. Иыққа дейін аударылып, шынтақты денеге жақындатып, төсенішке қойыңыз, сол мезетте денені тік қалпында ұстап тұрыңыз, содан кейін қолдың буынын арқаға жауырынға жақындатып қойыңыз, сирақты тік ұстаңыз.

Көпірге тұру(мостик):Көпір жасап тұру үшін екі аяқты алшақ қойып, жамбасты ілгері жіберіп шалқайғанда, бас пен екі қолды артқа қарай қатар иіп, қолды жерге тіреу керек


Тапсырманың дескриптор:Білім алушы

1.қауіпсіздік техникасын біледі,сақтайды;

2.ара қашықтықты сақтайды;

3. Жаттығуларды орындау кезінде аяқтың қолдың белдің дұрыс бағытта қозғалуын дұрыс орындайды, қатаң түрде сақталуын ескереді ;

Сұрақтарға жауап береді.



ережелерін сақтай отырып,

тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар орындай алады

сақтау.



«Бас бармақ» әдісі






























ҚБ «Қол шапалақ»

































Сабақтың соңы

(5 минут)


Кері байланыс «ТikTok» әдісі.

1. жүрек (лайк) алса – сабақ ұнады.

2.коментарий белгісін алса – пікірім бар.

3.ұшақ белгісі – достарына сұрақ қоя алады, өтілген сабақ бойынша.

Осымен сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
03.06.2024
394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі