"Ақын рухымен сырласу. Міржақып Дулатовқа хат.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ақын рухымен сырласу. Міржақып Дулатовқа хат.

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала хат ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақын рухымен сырласу


Құрметті Міржақып ата! Сізді, ұлы жүректі, жан әлемнің жоғын жоқтаушы, қараңғы қапас бодандығында шырт ұйқыда жатқан қауым елге "Оян қазақ" – деп, жар салушы, ұлтжанды өр намысты өн бойына жинаған күрескер ретінде танып келдік.

Ата,  Сіз  арман еткен тәуелсіздікке қол жетіп, еліміздің еңсесі тіктеліп, керегесі кеңейіп беки түсті. Бірақ …

Арада ғасыр өтті. Елді сергелдеңге салған  сол індет өршеленгені болмаса жойылған түрі жоқ. Ұлт ішін "мәңгүрттендіру империясының" сойылын соғуға келгенде қолынан барын аянбайтын айыртұмсықты ұрпақ бар. Енді, не істемек керек?! Бес уақыт намаз оқып, пәтуасыз тірлік жасап жүргені қаншама…

Қара ғасырдың керуені түйелі десек те әйтеуір, ар- иманымызға күйені арту оңай болып тұр. Жар ғаламның жаһандануы заман кейпін өзгертті деуге келмес. Қоғам айнасы алдында тұрған адам емес пе?!

Сізге,   рухыңызға хат жазып отырған себебім де осы. Тегінде тектіден, түбіміз – Түрік – дейміз. Бәлкім, көкбөрілік қасиеттен болар. Қансыраған  тұста  жұлып    жеуге дайын тұратындығымыз. Азғындардың хан талапайына түсіп тарыдай шашырағанымыз аздай-ақ…

Замандас досыңыз Ахмет ата, бірде "Өз-өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ" – деген екен. Тірлікте мәнісін ұғынбаған сол орта бүгінгі күннің ардақтысы, абызалы. Әр елді даралап  ұлттық болмысын айшықтап тұратын оның тілі, діні, әдебиеті мен мәдениеті, құдайдан кейінгі қорқатын әдет-ғұрып пен салт-дәстүрінде.

"Он күнәнің тоғызы тілден" – деуші еді. Тілімнің күйі бір жетім. Бір тілім құнарлы нәр беріп жұбатқанымен рухани аштық жегідей жеп барады. Өзге тілдің қолтығынан демеген адал дос. Амал достығын ағармайтын аңғал, ақ ниетті жас.

Міржақып ата! Ұлтымды сыртқы жаудан аман сақтап, ішкі "жаудан": өзара дүрдеараздық, мәңгүрттену, өз дінін өгейсініп, өзге ағым өкілдерінен жан-жылуын тапқандар, отбасын тәрк етіп, тірі жетімдіктен қаймықпайтындардан сақтап қаламын?! 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2018
1790
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі