Бабалар сөзі - тәрбие көзі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бабалар сөзі - тәрбие көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен - билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бабалар сөзі - тәрбие көзі



Биомарова Гүлзада Абдибековна, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖҚ БАРИ

әдістемелік сүйемелдеу және курстан кейінгі қолдау зертханасының меңгерушісі

Еркинбекова Эльмира Танирбергеновна, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Абай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі



«Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе,

Ұл жарылқап ас бермес - әке үлгісін көрмесе»

Қорқыт ата




Бабалар сөзі  - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен  шешен - билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, күні кеше ғана өткен Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда. Бірақ басым көбінің жүрегіне жетпей де жатыр.

Қорқыт бабамыздың сөзін эпиграф етіп алуымның себебі – жай ғана емес, қазіргі таңдағы ата-аналар қандай болғанда да барлығы жұмыс басты. Ұлы ғұламаларымыздың сөзі түгілі кейбірі өзін біле бермейді. Ал біздің ата - әжелеріміздің белгілі бір сауаты болмаса да, олар қазақтың ойшылдарының сөздерін бала тәрбиесіне қолданған. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік», - деген Абайдың сөзін жиі айтатын апаларымыз.

Ата-ананың жұмыс басты болуы ол заман талабы. Бала болашағы, оның қажеттілігін қамтамасыз ету қажет. Бірақ жұмыс басты болып кеткен ата-аналарымыз бала тәрбиесіне көңіл аз бөліне бастаған сыңайлы. Ата-ана мектепке баласын жібереді, бірақ ата-аналар жиналысына келмейді. Ал, егер мектепте бала шалынып құлап қалатын болса, келіп өз пікірлерін ашумен білдіреді. Сол ана баласының қандай күйде жүргенін біле де бермейді. Керісінше ұстаздар ол баланың мінез-құлқын, неге икемді екенін біледі.

Бүгінгі күнде отбасыларда қазақы салт-дәстүрмен тәрбиелеу жоқтың қасы. Олай деуімнің себебі, жоғарыда айтылып отырғандай жұмыс басты болып кеткен әке де, шеше де баласынан кешке жұмыстан келген сәтінде күнінің қалай өткенін, я болмаса қандайда бір қиындықтар барын, кімдермен араласатынын сұрап отырмыйды. Кешке шаршап келген әке ас даярланғанша теледидардың алдында отырады. Ана болса, ас үйде жеңіл-желпі тез даярланатын тағамды әзірлеуде. Балаға әрине уақыты жетпеуде. Жаңа технология заманы ғой, бала планшетпен яки ұялы телефонмен әртүрлі желілерде хат алмасуда болады. Ол кіммен хат алмасып отырғанынан ата-анаға беймәлім. Ата-ана тамақтануға отырғанда бала әкесінің келгенін күтпестен алдындағы асқа қол соза береді, оған ана тәйт демейді.

Бұл қазіргі отбасыларда болып жатқан оқиғалар ғой, ал ұстаздар қауымының балалары қайтіп ержетіп кеткенін өздері де байқамай қалады. Елдің баласын бағамыз деп, өз балаларының балалық шағынан және ертеңіне елеңдейтінінен бейхабар болады. Мектептегі баланың проблемасымен жүріп өз балаларының жан дүниесіне мән берілмей қалады.

Қазақтың жазушысы Ғабиден Мұстафин «Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды»,- деген. Қазақи тәрбиеде әке тәрбиесінің рөлі өте жоғары болған. Қарт ата-әжесі бар үйлерде үлкендер болса әкесі отырмай асқа отырғанда, асқа бата бермей басқа отбасы мүшелері тамаққа қол созбаған. Табақтағы етті де әке жас ерекшелігіне қарай берген. Қыз бала анасының қабағынан қаймыққан. Ұл бала әкенің даусын көтеріңкі сөйлетпеуге тырысқан. Ана - үшін бала жүрек еті ғой.

Ана баласын дүние есігін ашқан сәттен бастап бесік жырымен тәрбиелеген. Қаз-қаз қадам бастағанда да тұсауын үш рет кескен. Бірінші рет ала жіппен басқаның ала жібін аттамас үшін, екінші жасыл шөппен әр басқан қадамы көгеріп жүрсін, үшінші тоқ ішекпен әр кезде тоқ болсын деген ниетпен. Орыс ғалымы Н.И.Пирогов айтқан: «Қазақ әйелдері адамды бесігінен бастап баулиды... Өмірдің ірге тасы олардың қолдарымен қаланады», - деп. Расында да ер азаматтар үйде туып, түзде өлген. Бала тәрбиесіне көбіне әйел адам жауапты болған. Сондықтан ХХІ ғасырдың жаңашыл ата-аналарына аз да болса мысал келтіріп, бала тәрбиесіне салғырттықпен қарамауды және болашақ ата-аналарда өз ұрпағының ертеңін бұлыңғыр етпеуі тиіс. Тіпті уақыт тапшы болса да, әрбір ата-ана, естерінен неғұрлым аз жәбір көріп өскен бала өз намысын жақсы түсінген азамат болып өсетінін естен шығармай, баласына уақыт таба білгені абзал.

Келешек ұрпақтың қазақ бойына салт-дәстүрін сіңіріп өсіруміз біздің міндетіміз. Келер ұрпақтың болашағы бұлыңғыр болмас үшін біздің әр отбасында тәрбиеленіп отырған бала менің балам деп қарамай, еліміздің ертеңінде ел тұтқасын ұстайтын, көк туымызды көк аспанда желбіретін, текті болашақ ұрпақты жалғастыратын азамат ретінде қарастыруымыз қажет.

Әдебиеттер тізімі

  1. «Ақылдың кені» (Ұлағатты сөздер) – құраст. Қ.Жарықбаев, Алматы, Ана тілі баспасы ЖШС, 2008 ж., 77-79 б.

  2. Қазақ афоризмдері – құраст. Е.Шаймерденұлы, Алматы, Алматыкітап баспасы 2008 ж.,155 б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.04.2022
700
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі