Курстық жұмыс
Бала тәрбиесіндегі ұжымның рөлі
Мазмұны.
Кіріспе ................................................................................................................ 3
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының қарым –қатынасын
ұйымдастырудың теориялық негіздері.........................................5
-
Балалар ұжымының түрлері және А.С. Макаренко ұжым арқылы
тәрбиелеу теориясы................................................................................. 9
-
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетттерін
ұйымдастырудың ерекшеліктері........................................................... 16
ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ұжым ішіндегі қарам-
қатынасын ұйымдастырудың жолдары................................... 22
-
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық қарым-қатынасын
ұйымдастырудың әдістемесі................................................................ 22
2.2. Тәжірибелік жұмыс нәтижелері........................................................... 23
Қорытынды................................................................................................... 25
Әдебиет........................................................................................................... 26
Қосымша...........................................................................................................28
Кіріспе
Ұжым өмірі- тәрбиенің негізгі факторларының бірі болып табылады. Ұжымда әрбір адам өзгелермен бірлесіп өмір сүруді, өзгенің пікірімен санасуды, өзге адамдардың жақсы мінез-құлқын, үлгі-өнегесін алып, тәлім-тәжірибесімен алмасуды үйренеді.
Ұжым-бұл көпшілік жиынтығы емес. Ол жеке тұлғалық ерекшеліктердің толықтырылған байлығы негізінде көрінеді. Ұжымды тәрбиелеу күші-негізінен екі жақты процесс және әр адамның өзгелерге беретін және одан алатын жан-дүниесінің байлығы болып табылады. Әр адамның ішкі байлығы- ұжым өмірінің бір бөлшегі. Ұжым- мұндай біріккен іс-әрекетте тәрбиелеуші күш.
Әр баланы тәрбиелеуде бірнеше ұжым қатысады, және олардың әрқайсысы адам өмірін әр қырынан ашады. Ұжымға қажетті бала өміріндегі адамгершілік қасиеттер мен тәжірибенің жетіспеушілігінің орнын ересектер толықтырып отырады, сондықтан балалар ұжымы ересектер көмегі мен ұйымдастыруын қажетсініп отырады.
Ұжым өмірінде балалар біртіндеп жеке мінез-құлықтарын қалыптастырып және өз алдарындағы міндеттерді шешеуге үйренген сайын ұжым да аяғынан тік тұра бастайды, ал ұйымдастырушы ересектер балаларға жаңа және одан да күрделірек ұйымдасып шешуге арналған тапсырмалар беріп отырады.
Жақсы ұйымдастырылған ұжымда балалар іс-әрекетті қызығушылықпен беріліп істейді, және бұл кезде олардың табиғи дарындары да үйлесімділікпен ашылып отырады.
Қазірігі уақытта ұжым ішіндегі өзара қарым-қатынас мәселесі көптеп кездеседі. Бұған себеп жастайынан баланың рухани, дене тәрбиесіне саналы көзқарастың, ізгілік қарым-қатынастың жетіспеушілігі, білімнің төмендігі деп ойлаймыз. Мұның өзі уақыт талабына сай тәрбие процесінің, яғни дұрыс қарым-қатынас жасау, көңіл бөлу, қиын жағдайда қолдау көрсету т.б. саналы тәртіпке тәрбиелеуді қалыптастырудың қажеттілігімен түсіндіруге болады. Психология және педагогика теориясы мен практикада бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылық тудырады. Соның ішінде бастауыш сынып ұжымында келіспеушілік, қарама-қайшылықтар туады. Осындай жағдайда бастауыш сынып ұжым мүшелеріне көңіл бөліп, қолдау көрсетіп және келісімге келуі қажет. Осыны жүзеге асырудың жолдарын іздестіру зерттеу мәселесінің өзектілігін тудырады.
Зерттеу тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының ұжым ішіндегі
қарым-қатынасын ұйымдастыру».
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдағы қарым-
қатынасқа түсу үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының оқыту –тәрбиелеу
үрдісі.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдағы
жағымды қарым-қатынасын ұйымдастырудың
теориялық тұрғыдан негіздеп, қарым-қатынастарды
орнатудың жолдарын белгілеу.
Зерттеу міндеті: 1. Бастауыш сынып оқушыларының ұжым ішіндегі
қарым-қатынастарының психологиялық-
педагогикалық негіздері мен ерекшеліктерін анықтау.
2. Бастауыш сынып оқушыларының ұжым ішіндегі
қарым-қатынастың қалыптасу жолдарын белгілеу.
3. Ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
даярлау.
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып ұжымында жағымды
психологиялық – педагогикалық қарым-қатынас
орнатылса, оларды тәрбиелеуде тәрбиенің озық
үлгілерін пайдаланса, онда бастауыш сынып
оқушыларының ұжымдық қарым-қатынастары
тұрақтанады, тәрбиені де білімді тұлға
қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Зерттеу әдістері: Бастауыш сынып ұжымына сауалнама, әңгіме,
мұғаліммен әңгімелесу, мектеп құжаттарымен танысу.
І тарау.Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын ұйымдастырудың теориялық негіздері.
1.1.Балалар ұжымының түрлері және А.С.Макаренко ұжым арқылы тәрбиелеу теориясы.
Бүкіл әлемдік психо-педогогикалық әдебиеттерде ұжымның екі түсінігі болады. Біріншіден: ұжымда кез келген қоғамдық орын, адамдар тобы (зоводтар да, цехтарда, бригадаларда, мектеп, студенттәк топ т.б.); екіншіден; топтың дамуының жоғары деңгейі.
Тәрбиенің топтық формада ұйымдастыру ұжымдық деп аталады. Ұжымда ұжым арқылы және ұжым ішінде тәрбиелеу идеясын А.С. Макаренко, Крупская, Сухомолинский т.б, зерттеген.
Латынның “коллективус”деген сөзі адамдар тобы, бірлестік, топ дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым – бұл адамдар тобы екені анықталды.
Ұжым қандайда бір әлеуметтік –экономикалық формацияның туындысы емес, ол адамдар индивидтердің нормальдық жиынтығының құбылысы болып саналады, іскерлік пен дамыту ұмытылысы тән. Қыздар мен бозбалалар мораль мәселелеріне ынтамен қызығады, мінез-құлық мұраттарына ұмытылып, өз тұлғаларының рухани сапаларын дамытады.
Қазіргі кезде ұжымының екі түрі, мағынасы қолданылады.
1. Ұжым- бұл кез келген ұйымдасқан адамдардың тобы.
2. Ұжым – бұл өте жоғары деңгейдегі ұжымдасқан топ.
Педогоикалық әдебиеттегі ұжым бірнеше иеліктерге ие.
Жалпы әлеуметтік мақсат.
Ұжымның мақсаты міндетті түрде қоғамдық талаптарға сәйкес белгіленеді, қоғам мен мемлекет тапсырмасынан қолданады.
2. Жалпы біріккен әрекет.
Ұжымның әрбір мүшесі іс-әрекетке белсене қатысуға тиіс.
Оларға үлкен жауапкершілік сезімі тән.
3. Өзара жауапкершілікті қарым-қатынастың болуы.
Ұжым мүшесі арасында мақсат пен әрекетке сай рухани күйлері және өзгелерге негізделген арнайы қарым- қатынастар қалыптасады.
4. Жалпы басқару органының болуы
Ұжымда демократиялық қарым –қатынастар болуы тиіс. Оның басшысы ашық дауыс беру мен ұжым мүшелерін тағайындайды.
5. Ұжымдағы психологиялық ахуал. Бұл ұжым ішіндегі атмосфера өзара қарым -қатынастар жүйесі. (Бірлік, татулық т.б.)
6. Ұжымда өзара сын және баға берудің жолы. Осы ерекшеліктерге ие ұжымға еңбекке, адамға, жеке және қоғамдық міндетке деген ерекше қарым қатынас қалыптасады.
Сынып ұжымы – мектептегі басты ұйым болып табылады. Оның негізі іс- әрекеті - оқу. Сынып ұжымы дегеніміз жалпы әлеуметтік мақсат әрекетінің ұйымдасуына бағытталатын басқару органы бар, жауапкершілігі жоғары, барлық мүшелері тең құқылы оқушылар тобы.
Б. Т. Лихачевтың пікірінше, ұжым адамзаттың бірлесіп өмір сүруінің оъекттивті формасы ретінде, қоғамдық құбылыс ретінде өркениеттік мәңге ие, жалпы және мәңгі категория.
Қазіргі жағдайда, балаларда ұжымшылдықты тәрбиелеудің қажеттігі бар, ал екінші жағынан – демократизация, гуманизация, жекешелендіру, кәсіпкерлік, тұлғаның құқығы мен еркіндігінің сапасы, жеке меншік адамда индивидуализмді дамытуды талап етеді. Осыған орай Б.Т Лихачев қазіргі жағдайда ұжымшыл – индивидуалды тәрбиелеу керек деп есептейді. Осындай міндет қойғанда бірыңғай ұжымда әрбір баланы саралап, әрі сонымен қатар ұжымшылдыққа тәрбиелеуге мүмкіншілік пайда болады. Бір жағынан ашықтық, ұжымшылдық, екінші жағынан өзімен -өзі, жекелікті сақтау, адамгершілік инивидуализм жолымен өзін- өзі орнықтыру арқылы бала тұлғаға айналады.
Мектеп, сынып ұжымындағы ерекшеліктерге орай мынадай қорытындыға келуге болады: оқушылар ұжымы – бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттармен, іс-әрекеттермен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы сайлау органдары бар, теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы.
Адамдардың тобы ұжым болуы үшін өзіндік маңызды белгілері болуы керек:
-
Жалпы әлеуметтік мәнді мақсат.
-
Жалпы бірлікті іс-әрекет.
-
Кері жауапты тәуелділік қатынастары – ұжым мүшелері арасында -өзіндік ерекше қарым- қатынас.
-
Жалпы сайланған, таңдалған басқарушы орган. Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек,бір–біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: а) Тұлға ұжымға бағынады (конформизм); ә) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады; б) Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік). Топ ұжымға айналу үшін сапалы өзгерістердің оңай емес жолынан өтуге тиісті.
Мектептің оқушылар ұжымы адамдардың ұжымдық бірігуінің ерекше ұйымдық формасы болып табылады.
Әрбір мектеп ұжымы барлық оқушылардың ең алдымен оқу ісіне біріктіреді, ұйымдастыру формасы да осыған бағындырылған. Оқытудың мектебінде қабылданған кластың сабақтың жүйесіне орай, бір кластағы және білімдері бір деңгейдегі барлық оқушылар өздеріне лайықты кластарға біріктірілген.
Сондықтан, мектептің барлық оқушылар ұжымын ортақ оқу ісі біріктіргенмен де, бұл оқу ісі кластар бойынша жіктеліп, барлық оқушылар үшін бір класс көлемінде ортақ болып табылады. Бұдан тысқары, мектеп ұжымы өмірінде кластар бойынша жүзеге асырылатын, сонымен бірге бүкіл мектеп оқушыларын қамтитын оқушылардың кластан тыс іс-әрекеті үлкен орын алады.
Педагогтар ұжымы ұландар мен жастар ұйымдарымен бірлесе отырып бүкіл мектеп ұжымын тәрбиелейді және тығыз біріктіреді. Алайда, әдетте мектепте одан гөрі шағын, бастауыш ұйымдар – кластар бөлініп көзге түседі және сондықтан бүкіл мектептік ұжым құру міндетімен бірге жеке класс ұйымдарын тәрбиелеу және тығыз біріктіру міндеті де қойылады.
Әрбір жас мұғалім үшін ең алдымен ол класс жетекшісі ретінде жүзеге асыруға тиісті класс ұжымын құру жөніндегі ұжымы ерекше қиындықтар келтіреді:
А.С. Макаренконың тәжірибесі мен осы заманғы мектептің практикасы әрқашанда оқушыларды бүкіл мектепке ортақ істерге тарта отырып, бүкіл мектептік ұжым құрудан бастау қажет екенін көрсетеді. Әр мұғалім ең алдымен өз класымен жұмыс істей бастайды және бүкіл мектеп тұтас алғанда шын мәніндегі және осы сөзді педагогикалық тұрғыдан түсінгендігі бүкіл мектептік ұжымға біріктірілмеген жағдайдың өзінде де өз класының ынтымақшыл, іскер ұжымға бірігуіне қол жеткізе алады. Мұндай жағдайда мұғалім жұмыста және өз класындағы оқу-тәрбие жұмысындағы қол жеткен деңгейді сақтап отыруда көбірек қиындықтар көреді. Бұл тарауда жұмыстың ең алдымен класс жетекшісі болып табылатын мұғалімге класс ұжымын құру және тығыз біріктіру жөнінде ұсынуға болатын негізгі методтары мен әдістері қарастырылады. Мектептің ұжымы яғни мектеп оқушылар ұжымы оқушыларды оқыту немесе кластан тыс жұмысты істеуде оларды біріктірудің жай ғана ұйымдастырудың формасы емес, ал сонымен бірге ұйымшылдыққа тәрбиелеудің де аса маңызды құралы болып табылады.
Егер оқушылардың бойында ұжымшылдықты тәрбиелеу мектеп пен мұғалім алдында тұрған міндет болса, ұжымды құру осы қасиетті тәрбиелеуге көмектеседі, оқушыға оның осы қасиеті тәрбиеленетін және бірте- бірте көрінетін жағдайлар туғызады. Мектептің оқушылар ұжымы және оның тәрбиелік мәні туралы мәселе педагогика мен мектеп жасы практикасындағы өте күрделі мәселе болып табылады.
Кез келген мектеп класы мен кез келген мектеп оқушыларды белгілі әрекетке, алынып отырған жағдайда оқуға біріктірудің ұйымдық формасы болуына қарамастан, ұжым деп атала алмайды.
Педагогикалық ұжымда әрбір жеке оқушыны және барлық оқушыларды бірге тәрбиелей отырып, шын мәнінде ұжымшылдықты тәрбиелеу құралы болып табылатыны класс немесе мектеп коллективі яғни мектеп ұжымы ғана ұжым болып санала алады.
Оқушылар ұжымы – қиын социологиялық яғни әлеуметтік білім. Ол өзінің белгілі құрлымы мен болады. Мектеп базасында оқушылар ұжымының бірнеше типі бар: мектеп кластары, лагерлік отрядтар, клубтық типтегі ұжым өндірістік бригадалар бар. Сонымен оқушылар ұжымының бүкіл құрылымына бірнеші құрылым сатылары кіреді: оқу (класс жүйелері және паралелль кластары, басқарушымен), ұландар және жастар (достық қарым қатынастағы ұландар отряды, жастар тобының кластары және сонымен бірге жастар қоғамдық мектебі жастар комитетінің басшылығымен), клубтық (үйірме, секция және олардың біріккен клубтары), еңбектік (оқушылар бригадалары және басқа да қоғамдық бірлестіктер кіреді.
Бұл ұжымдық типтер бір бірімен тығыз байланысты бір прициппен бүкіл қызметте белсенділік танытады.
Мектептегі қызметі жағынан айқын көрінетін ұжым – класс ұжымы.
Класс және оқушылар топтарында мұғаліммен тұрақты және ұзақ қарым қатынаста болады. Олардың базасында жастар қоғамы, ұландар отряды, оқушылар еңбек бригадалары т.б.
Түрлі түрлі топтар бір-бірімен байланысып мектеп ұжымын құрайды. Оқушылар ұжымының құрылымында үлкен роль ойнайтын ол ұландар және жастар қоғамдық бірлестігі. Олар барлық балаларды адамгершілік бағытқа бағыттап ұжымның басты формасын құрады. Олардың оқушылардың дамуына және өзін өзі басқару органына қарайды.
Әрбір ұжым, қиын ұжымдағы балалар ұжымының тәрбиелік орындарында, өзін өзі бағыттау орындары болады, оқушылар өзін өзі бағыттау жүйесінің органын құрайды. Бұл ұландар комитеті, жастар қоғамдары, клубтар және еркіндікті қоғам, оқушылар бригадалары, интернат және әр түрлі уақытша органдар.
Ерекше орынды комитет жастары мен ұландар достығы құрайды. Басқа органдардың қызметтерін оқушылардың өзін өзі бағыттауына кіруі мен кірмеуін бағыттайды.
Таңдамалы байланыстар мен қарым қатынастар басты ұжымда сезімдік және психологиялық ерекшеліктеріне қарай кішкентай топтарға бөлінеді. (достар және таныстар), азғантай қатысушылардан тұратын бір бірімен қызығушылық, достық қарым қатынаста болады. Бұл топтар ұжымда әр түрлі бағытта болады. Барлық қызметте лидер болатын, белгілі топтар және өз қызығушылығымен жабық топтар болады. Мұндағы ең басты тапсырма осы айтылған барлық топтарды белсенді өмір ұжымына қоғамға пайдалы бағыттарымен біріктіру болып табылады,
Ұжымдық қарым қатынас құрылымында бірінші ұжым байланыстары үлкен роль береді, сондай-ақ бүкіл оқушылар ұжымы басқа ұжым яғни мектеп сияқты ұжымдар байланысы, бәріменде жастар (ұландар, студенттік жастар, жас өнер ұжымы т.б.) Басқа ұжымдармен байланыс, топтағы мүшелердің қысқа өызығушылығын жоюға және қатысушылардың кең ойлауына көмектеседі.
1.1.Ұжым жетілген сайын өзін өзі басқару да жетіле түседі.
Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда өз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекеті ерекше ұйымдастыру. Жеке тұлғаға қатысты өзін -өзі басқару төм ендегідей функцияларды орындайды:
адаптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым қатынасын қамтамасыз етеді);
интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде шыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).
Балалар ұжымындағы өзін өзі басқару іс әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (оқушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір бала өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білу тиіс. Өзін өзі басқару балалардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.
И.П. Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, иннициативалық топтың жұмыс, көшбасшыларды. Ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез келген балалар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжымы ішінде өзін өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.
-
А.С. Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей –тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс- ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау – оның жойылу формасы. Әйгелі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспиктивалық, бірлікті әрекет).
-
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда А.С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты- ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы).
Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді. Мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты ( сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс -әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастырушысы –педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып., тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймайды, ұжым мүшелеріне, ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сеніді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлуі керек.
Екінші кезең ұжым құрлымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыла ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және реттеу мекханизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі бір қылықтар нормаларын талапе ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму үрдісі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетешілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегенде, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.
Мұндай әсердің маңызды шарты – үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады.
-
Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді брлікті (комплексті) пайдалану;
-
Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір –біріне үнемі жіне жан жақты көмегі;
-
Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;
-
Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;
-
Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру;
-
Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек.
Педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;
Ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті.
Сынып жетекшісі ұжым тәжірибесінде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктеріді көздеуі лазым.
Формализм – тәрбиенің қас жауы;
Жетекшліктің жақсы көрсеткіші – сынып өміріндегі маңызды мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы;
Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау негізінде тәрбиені дамыту;
Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп денгейлілігін ескере жүргізу:
-
Жекеше қарым –қатынас жасау;
-
Бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту;
-
Әлуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатынас жасау;
Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәнінідегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;
Ұжымдағы қатынастың өтіп жатқан жағдайына белсене араласу;
Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндектерге жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;
Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс-әрекет түрлерімен олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау.
Оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін - өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындпғы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті, батыл болғысы келеді, немнесе теріс қылықтарына кешірім сұрап, жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін өзгертуге деген алғашқы ынтасы.
Оқушылардың өздерін өздері тәрбиеблеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыру керек: оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру, өзін-өзі ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік бұйыру, өзіндік есеп беру т.б.) меңгеруге көмек беру, өзін-өзі тәрбиеледегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні, өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы өз жігерінің рөлі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Оқушылар, әсіресе жас өспірімдер өзін -өзі тәрбиелеу тәжрибесі, өз тұласында сапалық қасиеттерді қалытастыру жолдары мен тәсілдері туралы хабарларды қызыға қабылдайды. Осылардың арқасында өмірдің күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты, сырттан басқарусыз, дұрыс шешу білігіне ие болады, өз бетімен өзіндік қажырлы еңбегімен ғана жетуге болатынын ұғынады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине, өзін өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаныі рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады. Дарынды педагогтың оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеудегі ережелері;
-
Асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге;
-
Сөзде және қылықарда турашылдық
-
Әрекетті жан жақты ойластыру
-
Батылдық
-
Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау
-
Санасыз бос уақыт өткізбеу, ресіз емес көңілдегі іспен айналысу.
-
Әуесқойлық, құмарлыққа емес, қажетікке нмесе сүйініске шығындану,
-
Әр кеште өз қылықтары жөнінде есеп беру;
-
Болғанды, бүгінгі болатынды айтып еш мақтанбау.
Бұл ережелердің әр жолына түрлі мағына беріп байыта беруге болады.
Һзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапаларын өзі талдауына мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады. Мұғалім оқушыға өзінің орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көменктесуі міндетті, яғни өзінің кім екенін өзі ұғынуға көмек беруі қажет. Бұған мұғалімнің оқушының жүріс- тұрыс тәртібі мен мінез-қылықтарына баға беруі, оны басқалармен салыстыруы әсер етеді. Мұғалім тұлғалыұ сапалармен қылықтарының арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді.
Өз тұлғасын ұғыныудың өзі кейде оқушыны өзін өзі тәрбиелеуге жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің немқұрайлы пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сынау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.
Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге оқушының бүкіл еркін жүмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі. Оқушыларға сөз түрінде берілген: «қажет», «жетеді», «орындау керек», «шыдау керек», «тұр», «өзіме бұйырамын және басқа өзіндік бұйыру еркін жұмылдыруға және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік бүйырумен орынды, қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары әзін-әзі тындаудың берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Өзіндік бұйырумен таңертең белгілі уақытта тұруға, күнделікті жұмыс ырғағын орындауға, тәртіп сақтауға және т.б. орындауға болады.
Өзін -өзі тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізгі іс-әрекеті, қарым-қатынасы жөніндн ұжымда өзіндік есеп беруде қолданылады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне педагогикалық басшылық оралымды, икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп отыруы керек.
Алғашқы кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына, өзін- өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелекудің құралдарын меңгере түсу барысында бұл шаралар бәсеңси түседі. Әрине, бұл оқушыларды бетімен қоя беру деген емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен іс-әрекет, қоғамдық пікір ықпалы, бетпе бет пікірлесіу арқылы көмектесіп отырған жөн.
Оқушылар ұжымы және тұлғаға тәрбиелік бағытта әсер етеді, егерде ол тәрбиелік бағытты тасымалдау жүйесінде болғанда.
Зерттеушілер үш жүйені көрсетеді: 1. Жүйелік ұйым – лқушылар ұжымы ұйымға керекті затты өзі басқарады; 2. Идеялық тәрбиелеу – адамгершілікке көз жеткізуді оқушылар ұжымы тасымалдайды. 3. Қалыптасқан жүйе – ұжым қалыптасқан адамгершілікті бүкіл қоғамдық нәрселерге мүмкіндік жасайды және ұжымның яңни өзінің мүшелерінің қарым -қатынасын тәртіпке салады. А.С. Макаренко балалардың ұжымындағы байқаларлық бағыты ол; біріншіден әрдайым сергектік, тәрбиеленушінің қозғалысының дайын болуы, екіншіден өзінің ұжымы үшін намысы, үшіншіден ұжым мүшелерінің достық қарым-қатынасы, төртіншіден қауіпсіздікті сезіну, және А.С. Макаренко ұжым ішінде бірде бір бала өзін әлсіз және қамқорсыз сезінбеуін көрсетті, бірін бірі түсіріп, кемсіту болмауы керек деді. Бесіншіден ойынға немесе т.б. нәрселерге белсенді және дайын болуы керек, және қозғалыста, сөзде, эмоцияда жинақты болуы керек.
Ұжымдық қарым –қатынаста бейнесі мен құрылымы белгілі заңымен ережелерімен балалар ұжымына да қатысты болып келеді. Бұл заңдар әр типтегі тәрбиелік орындарда кедергіленуі мүмкін, бірақ олар сол жүйе талаптарындағы ұжымдық бірлестіктердегі педагогтарды, ұатысушыларды барлық бағытымен қосады, адамгершілік нормаларын ұжымдық өмірде сендіреді.
Бірлесе атқарылатын еңбек. Барлық кластардың бірлесе атқарған ұжымдық еңбегі класс ұжымдарын жалпы мектептік ұжымға біріктірудің таңдаулы формаларының бірі болып табылады. Бірқатар мектептердің тарихиы жалпы мектептік ұжымды құру барлық оқушыларды бірлескен ұжымдық еңбекке тартудан басталатынын көрсетеді. Мысалы, класты және бүкіл мектепті барлық оқушылардың белгілі, осыған арнайы бөлінген күндерде ұйымшылдықпен тазалауы, өз мектебін жөндеу т.б. оөқушыларға тәрбиелік үлкен ықпал етеді.
Оқушылардық құрған ұжымын біріктіре түсу және әсіресе сол күйінде ұстау үшін дәстүрлер қалыптастырудың және оны сақтаудың өте үлкен маңызы бар. А.С. Макаренко өзінің тәрбие жұмысында дәстүрлерді кең пайдаланған. “Ұжымды дәстүрлер сияқты ешнәрседе біріктіре алмайды, - дейді ол. – Дәстүрлер тәрбиелеу, оларды сақтау – тәрбие жұмысының аса маңызды міндеті”. Көптеген балалар яғни бастауыш сынып оқушылары өз ұжымдарының дәстүрлерін сақтай біледі.
Қазіргі кезде оқушылар дәстүрлері баршылық:
-
дәстүрлі көпшілік шаралар мысалы, мектеп мерекелері, олимпиадалар яғни бастауыш сынып арасындаңы, және ұжым арасындағы дәстүрлі жиындар және т.б. бұлар белгілі перспиктиваны –“бүкіл ұжымның ертеңгі қуанышын” құрайды.
-
Мектеп өмірінің маңызды оқиғаларына байланысты ұйымдастырылатын салтанаттарды өткізу дәстүрлері мысалы, соңғы қоңырау дәстүрлері.
-
Оқушылардың іс-қылығына қатысты дәстүрлер, мысалы: дәлдік дәстүрі (барлық мектеп және класс шараларын дәл уақытында бастау), өз бетімен адал, өзгелердің сыбырынсыз жауап беру дәстүрі, артта қалушыларға көмектесу, ауырғандарға қамқорлық жасау, қайғыда көмектесу, ізетті болу дәстүрлері және т.б. Бұл дәстүрлер аса бағалы, А.С. Макаренкода олар көп болған (мысалы тазалық сақтау, өзін мәдениетті ұстау дәстүрлері т.б. Олар этикалық мінез-құлықты тәрбиелеуге және нығайтуға көмектесетінімен құнды.
Мұндай дәстүрлердің бәріне ортақ жайлар; Олардың балалар яғни оқушылар ұжымы өмірін көркейтетіні және байыта түсетіні, оны неғұрлым қызықтырақ және мағыналырақ ететіні, оқушыларды аға буын тындырған істерге жанашырлық пен қарауға үйрететіні, ұжымды топтастыра түсетіні, оқушылар бойында өз мектебіне сүйспеншілік, өз мектебі мен класына мақтаныш сезімдерін тәрбиелейтіні.
Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А. С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды ерекшеліктерінің бірі – баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл-күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады деп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу оқушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым, балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне, қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, сітерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
-- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің еліктіруі;
-- нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы өте зор.
А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді. Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б. Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрету, ұжым абыройы үшін күресу т.б.
Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Ұжым тәрбиелік ықпал жасауы үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмір мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орында тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу- ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, даму мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.
Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір – біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сапалар қалыптасады.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған:
-
Тұлға ұжымға бағынады /комформизм /.
-
Тұлға мен ұжым бір-біріне үйлесімді қарым-қатынаста болады /гармония /.
-
Тұлға ұжымды өзіне бағындырады /лидерство /.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді, Контактылы ұжым – бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым – факультет т.б.
Қазіргі кезеңде А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні ұжым айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді.
Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
1.2. Бастауыш сынып оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік.
Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық сияқты өзара қарым-қатынаста болатын қарама-қарсы жақтардың қарама –қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама- қайшылық.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А. Данилов оқу процесінде обьективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың,қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.
Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субьекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынса, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субьектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық-танымдық іс-әрекет ретінде түсініледі. Бұл мәселелердің теориялық әдіс-тәсілдері Н. К. Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К. Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасынадағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін обьектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер -әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е. Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық-танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А. Синицкая зерттеулері жасөспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70 -і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л. А. Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптастыруға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың интеллектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы «осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларды ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағынасын тереңдетеді, оқуға деген жауапкершілікті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субьекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барыснда пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз бетімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социометриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:
-
бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
-
ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;
-
іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;
-
бірігіп жұмыс істеу барыснда оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
-
бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
-
жалпы нәтижелерінің болуы.
Алайда күнделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқашанда бірден көрініс табуы мүмкін емес. Ұжымдық жұмыс ұжымдықтың әртүрлі дәрежесіне ие болады, яғни жұмыс барысында қатысушылардың арасындағы қарым-қатынастың өзіндік сипаты мен әр алуандылығы байқалады.
Оқу белсенді топтарының жұмысы. Ұжымдық танымдық іс-әрекет сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жағдай жасайды проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидактикалық және тәрбиелілік міндеттерді шешуге көмектеседі.
Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы), мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В. К. Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттатуда, жаттығуларды,мысалдар мен есптерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту және бөлу кестесін жаттатуда, сұрақтар мен жұмыс істеуде және т.б. жұптық жұмыстардың тиімді екндігін көрсетті.
Топтық сабақтардың құрылымының классикалық нұсқасы: шартты түрде сабақ үшке бөлінеді: кіріспе, топтық және қорытынды. Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мотивті – ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді: танымдық мәселелерді анықтайды, жұмыстың орындалуы барысы бойынша түсінік береді, дидактикалық материалдарды таратады. Сабақтың келесі бөлігі әрбір топтағы оқушының іс-әрекеті ұйымдастырылады: берілетін тапсырмамен таныстырғанна кейін мұғалім топтардың жұмысы жоспарланады, материалдар бөліктерге бөлініп топтарға таратылады. Әрбір оқушы өзінің тапсырмасын орындағаннан кейін, жұмыс нәтижесі талқыланады,тапсырма бойынша жалпы қорытынды жасалады. Осы сатыда ұжымдық және жеке жұмыстардың өзар байланыстылығы, ұжым мен жеке тұлғаның мүддесі мен мақсаттары талданады, әрбір оқушының белсенділік танытулары үшін мүмкіндік туғызылады. Сабақтың қорытынды бөлігінде әрбір топтың жұмыс талданады, қойылған міндеттің орындалуы, берілген тапсырманың нәтижелілігі жөнінде қорытынды жасалады.
Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар: бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды, ал сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда сараланған топтық жұмыс ерекше құндылыққа ие және оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің барлық талаптарына барынша сәйкес келеді.
Топпен орындалатын жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістіктікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына да, олардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен. Жекелеп алғанда, бір-бірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығына көз жеткізілді.
Осылайша, танымдық мәселелерді шешуге негізіне сабақтардағы оқушылардың өзара ықпалдастығы, ынтымақтастығы алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін:
-
Ұжымдық жұмыс принципімен ұйымдастырылған фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда берілетін тапсырмалардың түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауды, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жасауды және т.б. жатқызуға болады.
-
Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалдар, кеңесші тарапынан қойылатын сауалдар, топпен оқу тапсырмаларын орындау жоспары мен тәсілдерін талқылау, сабаққа дайындалу барысында топтық тапсырмаларды орындау, мұғалімнің қойған сұрағына жауап беру мақсатында қажетті тәжірибені жасау, тілдік сабақтарда диалог жүргізу, топтық сабақтар, әңгімелесу- «дөңгелек үстел» , пікірталас элементтері бар топтық жұмыстар ( форум, сараптау топтарының отырысы, симпозиум, жобаларды ұсыну, ойындық-модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, айтыс – диалог және т.б. ) .
-
Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардың өзара тексеруі: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір айту ( ауызша, жазбаша, бағалау бойынша пайымдаулар, өз бетінше орындалатын жазбаша. Практикалық жұмыстарды өзара тексеру және т.б.).
-
Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.
-
Оқушылар кездесуі.
-
білімді қоғамдық байқауы.
Сабақ жұмсалатын уақыт көлемі және педагогикалық маңыздылығы бойынша жетекші білім беру формаларының бірі болып табылады. Алайда оның (форманың) мүмкіндіктері, артықшылықтары автоматты түрде жұмыс істемейді. Бұл обьективті мүмкіндіктер оқушылардың өзара ықпалдасулары есебінен жүзеге асырылады, өйткені олардың білім алу және өзара қарым-қатынастарының сипаты жеке тұлға, іс-әрекет субьектілерін қалыптастырудың шешуші факторы болып табылады. Онда оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін табысты шешу үшін сабақта ұжымдық танымдық іс-әрекет элементтерін пайдалану маңызды.
Ұжымдық оқу жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушының іс-әрекет субьекті тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды, әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы оқу іс-әрекеттері арқылы педагогикалық процестің қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.
ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ұжым ішіндегі қарым-қатынасын ұйымдастырудың жолдары.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық қарым –қатынасын ұйымдастырудың әдістемесі.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжым ішіндегі қарым-қатынасын
зерттеу мақсатында өзім машықтан өткен №1 Аққозы жалпы білім беретін орта мектепте практикалық жұмыстар жүргіздім. Осы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында оқушылардың ұжым ішіндегі қарым қатынасын, ұжымдағы психологиялық атмосферасын зерттеп қорытынды шығардым. Машық кезінде іске асқан жұмыстарыма тоқталып өткім келеді.
Социометрия әдістемесі.
Мақсаты: топ ішіндегі көшбасшыны және оқшау қалған оқушыны
анықтау.
Зерттелуші: 5а сыныбы.
Жалпы оқушы саны: 20
Қатысқаны: 19
Қатыспағаны: 1
Жүргізілген уақыты: 19.04.2010жыл.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған анкета сұрақтары.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ұжым ішіндегі қарым-
қатынасын анықтау.
Зерттелген сынып: 5а
Жалпы оқушы саны: 20
Қатысқаны: 19
Қатыспағаны.: 1
2.2. Тәжірибелік жұмыс нәтижелері.
|
№ |
Кімді таңдады |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
|
1 |
Мадина |
|
+ |
+ |
|
+ |
|
|
|
|
|
|
+ |
|
|
|
|
+ |
+ |
+ |
|
2 |
Асылжан |
|
|
|
|
|
+ |
|
+ |
|
|
|
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
|
3 |
Бахтияр |
+ |
+ + |
|
|
|
+ |
|
+ |
|
|
+ + |
+ + + |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Арман |
+ |
|
|
|
|
|
+ + + |
+ + |
|
|
|
|
|
|
|
|
+ + + |
|
|
|
5 |
Жайнагүл |
|
|
|
+ + |
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
+ + |
|
|
|
+ + |
+ |
|
|
6 |
Нұрбек |
|
+ + |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+ + + |
|
|
|
|
|
|
7 |
Индира |
+ + + |
|
|
|
|
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
|
|
|
+ + + |
+ |
|
|
8 |
Абзал |
|
+ + |
|
|
|
|
+ + + |
|
|
+ + |
|
+ |
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
Ардақ |
|
|
|
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
|
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
10 |
Дидар |
+ |
|
|
+ + |
|
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
|
|
|
+ + + |
|
|
|
11 |
Ринат |
+ |
|
+ + + |
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
|
|
|
12 |
Алмагүл |
|
|
+ + + |
|
|
+ + + |
|
|
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
13 |
Ерлан |
|
|
|
|
+ + |
|
+ + + |
+ + |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
14 |
Айгүл |
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
+ + + |
|
|
|
|
15 |
Гүлайна |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
|
+ + + |
|
+ |
|
|
|
+ |
|
|
|
|
|
16 |
Самат |
+ + |
+ |
+ |
|
+ |
|
|
|
|
|
|
|
+ |
|
|
|
|
|
+ |
|
17 |
Медет |
|
+ |
|
|
|
|
|
+ + |
|
|
|
|
|
|
|
+ + |
|
|
|
|
18 |
Аслан |
+ |
+ + |
+ + |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+ |
|
|
|
19 |
Әсем |
+ + |
|
+ |
+ |
|
|
|
+ + + |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+ |
|
Әдістемесі: Социометрия
Сыныбы: 5а
Өткізілген уақыты: 19.04.2007жыл.
Қорытындысы: сынып лидері Бахтияр
Оқшау қалған: Медет
Зерттеу қорытындысы:
|
№ |
Иә |
Жоқ |
|
1 |
14 |
5 |
|
2 |
19 |
0 |

Зерттеу нәтижесінде: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық қарым-
қатынасының жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Қорытынды.
Қазіргі уақытта мектеп оқушыларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу маңызды болып табылады. Болашақта бірлікшіл, ынтымақшыл, мейірімді оқушыларымызды тәрбиелеу мектеп кезінен басталады. Сондықтан да, сынып ішіндегі ұжымдық танымдық іс-әрекеттерге бейімдеу, әрине ұжымшылдыққа тәрбиеге бағыттай аламыз.
Ұжымшылдыққа тәрбиелеуде сыныптан тыс тәрбие жұмысы үлкен рөл атқарады. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарға аса көңіл бөлуі керек. Осыдан келе, сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бірігуіне, бір-бірін дұрыс танып білуіне, бірін-бірі түсінісуіне жағдай жасайды.
Қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының ұжым ішіндегі қарым-қатынасын нығайту, бұл тиімді нәтиже бере алуына жағдай тудырады. өйткені, бастауыш кезінен ұжымшылдыққа тәрбиеленген бала алдағы уақытта тәрбиеленуіне мүмкіндік туғызады. Осы кезден бастау алған тәрбие тиімді нәтиже бере алады.
Пайдаланылған әдебиттер тізімі:
-
Ананьев Б. Г. « О человеке как обьекте и субьекте воспитания»
Москва, 1990 г. 402 б.
-
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. «Педагогика»
Алматы, 2004ж. 272б.
-
Бабанский Ю.К. «Педагогика»
Москва, 1988г. 408б.
-
Божович Л.И. « Личность и ее формирование в детском возрасте»
Москва, 1968г. 464б.
-
Гессен С. И. « Основы педагогикы »
Москва, 1995г. 264б.
-
Гинецинский В. И. «Основы теоретической педагогики »
Москва, 1992г. 350б.
-
Журавлев В.И. «Педагогика в системе наук о человеке»
Москва, 1990г. 286б.
-
Ильина Т. А. «Педагогика»
Алматы, 1977ж. 486б.
-
Исаев Н. Ф., Ситникова М. И. «Творческая самореализация учителя»
Белгород, 1999г. 356б
-
Кочетов А. И. «Культура педагогического исследования»
Минск, 1986г. 264б.
-
Котова И. Б., Ишянов Е.Н. «Социолизация и воспитания»
Ростов-на Дону, 1997г. 304б.
-
Крутецкий В.А. «Основы педагогической психологии»
Москва, 1972г. 324б.
-
Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. «Педагогика»
Алматы, 1998ж. 264б.
-
Құрманалина Ш.Х. «Педагогика»
Алматы, 2004ж. 304б.
-
Лихачев Б.П. «Введение в теорию воспитательных ценностей»
Самара, 1998г. 254б.
-
Лихачев Б.П. «Педагогика»
Москва, 1992г. 350б.
-
Макаренко А.С. «Воспитание граждание»
Москва, 1998г. 301б.
-
Новикова Л. И. «Педагогика детского коллектива»
Москва, 1988г. 261б.
-
Новикова Л.И. «Самоуправление в школьном коллективе»
Москва, 1978г. 304б.
-
Павлова М.П. «Педагогическая система А.С. Макаренко»
Москва, 1965г. 324б.
-
Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж. 286б.
-
Подласый И.П. «Педагогика начальной школы» Москва, 2005г. 224б.
-
Снайдер Г.А. «Ребенок как личность»
Москва, 1992г. 254б.
-
Сухомлинский В.А. «Методика воспитания коллектива»
Москва, 1981г. 286б.
-
Сластенин В.А. «Методика воспитательной работы»
Москва, 2002г. 306б.
-
Төлеубекова Р. «Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика»
Алматы, 1994ж. 140б.
Қосымшалар.
Қосымша №1.
-
Оқушылар ұжымы туралы мәлімет.
-
Мектеп ұжымындағы қарым-қатынас.
-
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін сипаттау.
Қосымша №2.Социометрия әдістемесі.
1. Сіз сыныпта кімді ең білімді деп ойлайсыз?
2. Сыныпта кіммен отырғын келеді?
3. Туған күніне кімді шақырар едің?
Қосымша №3. Бастауыш сынып оқушыларына арналған анкета сұрақтары.
-
Мектептік іс шараларға қатысасыз ба? ( КВН, концерттік бағдарламалар, үйірмелер, т.б.)
-
Достарыңыз көп пе?
-
Жиі достарыңызбен болуды қалайсыз ба?
-
Топтық жұмыстарды ұнатасыз ба?
-
Кездейсоқ көмек керек жағдайда қол ұшын беруге даяр боласыз ба? (мәселен, көшеде адасып қалған балаға).
36
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бала тәрбиесіндегі ұжымның рөлі" баяндама

шағым қалдыра аласыз