Тақырыбы: Бастауыш мектепте бағасыз оқыту жағдайында білім беру ұйымдарындағы біріңғай «бағалау саясаты» (жұмыс тәжірибесінен)
Еркін елдің ертеңі кемел білім
мен кенен ғылымда деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
айтқандай, кемел білім мен кенен ғылымды игеру үшін білімді ұрпақ
қажет.Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине , білім сапасын арттыру
қажет.Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы
белгіленеді , яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі
критеийі.
Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі
өзекті
мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа
оқушы
жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім
алуға
деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың
нақты
критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс
болмады.
Бүгінге дейін төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың
дәстүрлі
жүйесі сақталып келді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3
(«қанағаттанарлық»), 4
(«жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар
болғанымен,
тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмады.
Бес балдық бағалау жүйесінде
мұғалім көптеген қиындықтарға кезігіп жатады:
*«Баға қою» мектеп пен мұғалім тарапынан сыртқы бағалау функциясын
атқарады: мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны
үшін баға қояды. Оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады,
күмәнмен қарайды.
*Оқушының өздігінен оқуын қалыптастыруға мүмкіндік бермейді;
*Оқытуды даралауға қиындық келтіреді. Бұрынғы алған білімімен
салыстырғанда әр баланың қаншалықты деңгейге нәтижеге жеткенін
айқындау қиын;
*Көбіне «зақым» келтіреді. «Баға қою» мұғалім қолында ғана
болғандықтан балаға да, ата-анаға да психологиялық қысым жасалады.
Оқушылар білім үшін емес баға үшін оқиды.
*Мұғалімдер тәжірибесінде оқушының жеткен нәтижесі емес жұмыстың
көлемі мен формасын бағалау әдетке айналған;
*Бағалауда оқушыларды бір-бірімен салыстыруға екпін жасалатындықтан
оқушылардың оқуға ынтасы , белсенділігі жойылады, орта деңгейде
оқитын оқушылардың ынтасы мүлдем жойылып, жақсы оқитын оқушылардың
жетістікке жетуіне жағдай жасалмайды. Бес балдық жүйенің қазіргі
заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы- оқушылардың
жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесін
қажет етеді. Сол себептен, оқытуға деген көзқарас өзгергендіктен,
оқыту нәтижесін бағалау да жаңа бағытқа ие болуда.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің
маңызды да салмақты бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін
басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады. Бағалау -
оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген
тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің
нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Сондай-ақ, мектеп
тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол
материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін
анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып
табылады. Өздеріңізге белгілі, оқушылардың білім нәтижелерін
бағалауға байланысты Кембридждік Бағдарлама Оқыту үшін бағалау және
оқуды бағалау модулін ұсынылып. Бұл модуль бағалауды екі түрде
қарастырады: суммативті (жиынтық) бағалау және және формативті
(қалыптастырушы) бағалау. Яғни мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар
оқытуды бағалауды пайдаланғанда , бағалау оқудағы аса пайдалы
құралға айналады. Сонымен қатар білім беру үрдісінде мұғалімдер мен
оқушылар үшін қандай мақсатқа жету керектігін білу маңызды, ол
мақсатқа жету критерийлерін түсінуді талап етеді. Оқыту нәтижесін
бағалау-Бағдарламаның басты идеясы болып табылады. Сондықтан
баланың тұлғасын емес, орындаған жұмысын бағалау керек.
(С.Т.Щацкий) Бағалаудың түрлері мен әдістерін ұтымды пайдалану
мұғалімге оқытуды даралауға, яғни әр оқушының мүмкіндіктері мен
қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Оқушылар алда тұрған
мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет
екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол
жеткізеді. Сондықтан мен бастауыш сынып мұғалімі
ретінде оқу барысында өзін-өзі бағалаудың маңызы зор деп білемін.
Әрбір оқушының сабақта қалай жұмыс жасағанын анықтауда өзі-өзі
бағалауға үйретемін. Өзім сабақ берген 3,4 –сыныптарда өзін-өзі
бағалауға көп мән теріп, бағалауды бір жүйеге түсіруге тарыстым.
Және төмендегідей әдісті пайдаланып жүрдім. Бүгінгі өтілетін
сабаққа байланысты сұрақтар қойылады. Оқушылар сұрақтарға
байланысты өз жетістік жолын таңдайды.
Жетістік жолы төрт нүктеден
тұрады. 1) Білмеймін (сары нүкте) 2) Түсінемін (жасыл нүкте) 3)
Білемін (қызыл нүкте) 4) Басқаларға көмектесе аламын(көк нүкте)
нүктелері бойынша өздерін бағалайды. Әр нүктедегі оқушы саны
жазылады. Бұл процес сабақтың басында және аяғында
жасалады.

Оқушылар арасында өзін өзі
жоғары бағалайтындар да, төмен бағалайтындар да сабақ басында
кездеседі. Ал сабақ барысында және сабақ соңында бұл жағдай
әшкереленіп шынайы бағалауға жеткізеді. Бұл түстер оқушы қолдарында
да болады. Әр тапсырма орындалған сайын қолындағы түстерді көтеру
арқылы өзін өзі бағалап отырады. Қызыл, сары түстерді көтерген
оқушыларға уақытылы көмек көрсетіледі. Тапсырмаларды орындау
барысында қызыл не сары түсті көрсеткен оқушылар да уақытында көмек
алып отырады. Яғни, оқушылар алған тапсырмаларын қаншалықты қиын не
қаншалықты жеңіл екендігін сыни көзқараспен қарауға үйренеді.Ал
сабақ соңында өз білімі қаншалықты дәрежеде екенін біліп өзгелермен
салыстырады және келесіде жетістік жолының «Білемін» немесе
«Басқаларға көмектесе аламын» нүктесіне тұруға ұмтыла бастайды. Әр
сабақта бағалаудаң әр түрлі әдістері қолданылады. Сондада болса
әдістің жүйелі болуы арқылы оқушылардың білім дәрежесі айқын
нақтыланар еді. Бұл бір ғана әдіс «Ғажайып сызғыш», «Блоб ағашы», «Температураны өлшеу»,
«Смайликтер» «Бағдаршам» «Басбармақ» сияқты бірнеше әдісітің орнын
ауыстыра алады. Және осы түстер арқылы оқушылар өздеріне берілген
тапсырмаларды саралай алады. Өздерінең білім деңгейіне көз
жеткізеді. Ал мұғалімдер оқушылардың білім дәрежесін дер кезінде
анықтай алады. Сонымен бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда
қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын
көрсетті:
1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына
едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға
түбегейлі түрде ықпал етеді.
5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын
қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі. /«Мұғалімге
арналған нұсқаулық» 2012ж, ІІІ басылым, бет
60/
Сөз соңында, қорыта айтарым, «Еңбексіз талант -тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай, әлемнің дамыған алдыңғы мемлекеттерінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра беруге өз үлесімізді қосуға ат салысайық дегім
Пaйдaлaнғaн әдeбиeттep:
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Оқыту ізденіс ретінде, ізденіс оқыту ретінде. С.Мирсеитова.
Оқыту тәрбиелеу технологиялары
Баяндама

Дайындаған: №271 мектеп батауыш пәні мұғалімі
Балгабаева Айнаш
2018 ж
№ 271 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Табиғатқа саяхат З дыбысы мен әрпі
Пәні: Сауат ашу
Мұғалімі: Балгабаева А Е
2019 ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш мектепте бағасыз оқыту жағдайында білім беру ұйымдарындағы біріңғай «бағалау саясаты»

шағым қалдыра аласыз