Бастауыш саты мен орта буын арасындағы сабақтастық
Тулепова Гулмира Набидоллаевна
БҚО Жаңақала ауданы
«Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі»
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,
бастауыш сынып мұғалімі
АННОТАЦИЯ
Мақалада жалпы орта білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі, бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастық мәселелері педагогикалық-психологиялық тұрғыда қарастырылған. Мақала бастауыш сынып мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен психологтарға арналған әдістемелік көмекші құрал болып табылады.
АННОТАЦИЯ
В данной статье рассмотрены проблемы преемственности при переходе учащихся из начальной школы в среднее звено. Проанализированы характерные особенности школьников при адаптационном периоде, использование принципа преемственности в процессе такого периода различных методов сопоставительного анализа. Выявлена и обоснована необходимость совместного использования методов сравнительного анализа в процессе принципа преемственности. На основе проведенного ислледования автором предлагается выделить теоретический и экспериментальный способ принципа преемственности, дается его определение, формилируются основные характеристики школьников в данный период.
Бастауыш сатыдан барған оқушылардың білім сапасы орта буынға барғанда бірден түсіп жатады?! Неге? Неліктен?
Осы орайда бірнеше жылғы тәжірибемнің арқасында осыны зерттеп, саралауға тырыстым. Бастауыш және жоғарғы буынның алғашқы сыныптары арасында пәнді оқыту ғана емес, тұлғаны тәрбиелеп қалыптастырудағы сабақтастық мәселесінде кемшіліктер орын алуда. Жалпы алғанда, оқытудағы сабақтастық ұғымы педагогикалық әдебиеттерде жүйелілік үрдісінің тармағы ретінде қарастырылады. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, сабақтастық оқу-тәрбие үрдісіндегі өзіндік көріністі сипаттайды, яғни ескінің жаңамен алмасуын, жаңаның құрамында ескінің қолданыс табуын және оның жақсы жақтарын сақтай отырып үйлесімді дамуын, ілісе жалғасуын білдіреді. Сондықтан да оқытудағы сабақтастық оқыту процесінің құрамаларының бәріне тән, атап айтқанда, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің, мазмұны мен әдістерінің , құралдары мен ұйымдастыру формаларының арасындағы қажетті байланыстарды білдіреді. Сонымен бірге сабақтастық түрлері де ажыратылады. Олардың қатарында: бастауыш және орта буындағы пәндерді оқытудағы сабақтастық байланыстары, пәнішілік және пәнаралық сабақтастық байланыстары, тақырып немесе тарату материалдарының арасындағы байланыстары және т.б.
Сабақтастық байланыс екі жақты құбылыс, яғни, бұл мәселені төменнен жоғары бағытта қарастырса, ілгері жылжуды, дамуды және алдағы мақсат пен міндеттерге бағдарлануды, ал жоғарыдан төменгі бағыттан қарастырса, оқушылардың игерген тәжірибесін әр алуан іс-әрекеттерде тиімді және орынды қолдануды сипаттайды.Келесі бір ескертетін жай пәнді оқытудағы сабақтастық байланыстар мемлекеттік білім стандарттарында, оқу бағдарламаларында, оқу және әдістемелік құралдарда шешімін табуы тиіс. Бұл оқу әдістемелік кешенді әзірлейтін авторлар тобының құзырында. Өкінішке орай, бастауыш және орта буын сыныптарына нақты пән бойынша дүниеге келген оқу-әдістемелік кешендерде анықталған сабақтастық байланыстардың оңтайлы жүзеге асырылуы, мұғалімдердің теориялық және әдістемелік дайындық деңгейіне, сондай-ақ, шығармашылық ізденісіне және кәсіби шеберлігіне тәуелді. Бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастықты әр пәнді оқытуға байланысты саралай, тиімді пікір айту-мамандардың міндеті. Оқытудағы сабақтастықты іске асыруда екі бағыттағы тұжырымға тоқталайық: біріншісінде, оқу-әдістемелік кешенмен жан-жақты танысуға, ал, екіншісінде, пәнді оқыту тәжірибесін байқау және бақылау барысында жинақталған нәтижелерге сүйенеміз.
Оқытудағы сабақтастық деген не? Ол алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсу дегенге саяды. Сабақтастық екі буынға ортақ міндеттерінің үйлесімділігін қалыптастырады.Бастауыш сыныпта алған білім көрсеткішінің өзекті мәселелерін іріктеп, орта буынға келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдіреді.Өз жұмысым нәтижелі болсын деген орта буын мұғалімдері оқушының психологиялық ерекшелігін басшылыққа алу керек. Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп , тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әр мұғаліміне) бірден үйренісе алмай , оқу үлгерімі де төмендейтіні белгілі. Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде жыл сайын сабақтастықты жүзеге асыру шаралары жүзеге асуда.
Сабақтастық дегеніміз, біріншіден , екі буын арасындағы ортақ мақсат – міндеттер , ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға , неғұрлым сәтті өтуге бағыттау екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі. Сабақтастық – оқушының ерекше алған білімін , дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі.Үстіміздегі оқу жылы да мектебімізде сабақтастық мәселесі қаралып, төртінші сыныптың оқу – тәрбие жұмысына қатысу , оған басшылық беру жайы жоспарланды. Ондағы мақсат – бастауыш буынның орта буынға даярлыған анықтау. Осыған орай тексерілуге тиісті оқытудың өзекті мәселелері іріктелініп алынды да соның негізінде өзіндік орындайтын тапсырмалар жүйесінің мазмұны қарастырылды, тапсырмалар оқыту мерзімдеріне қарай (оқу жылының басында ,ортасында, аяғында) алынып, сараптама жасалуда.
Бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық идеясы оқушының жалпы дамуына бағытталады. Бастауыш сатыдағы 4-сынып оқушылары бастауыш мектеп түлектері. Сонымен, 4-сыныптан 5-сыныпқа көшкен оқушылардың басты қиыншылықтарын қарастырайық. Балалар бастауышта бір мұғалімге үйренсе, бесінші сыныпта пән мұғалімдері жүйесіне көшеді. Жаңа мұғалімдерге үйрену адаптациясына өтеді.
5-сыныпта пәндер саны 8-12-ге дейін артады. Бастысы, соншама пән мұғалімдері және әрқайсысының соншама қойылатын талаптары бар. Сондай-ақ сабақтар әртүрлі кабинеттерде өтеді. Сондықтан пән мұғалімдеріне бірігіп, 5-сынып оқушысына жыл басында қойылатын ортақ талаптарды ұсынулары қажет. Бағалауға да көңіл бөліп, оқушыларға бағалаудың критерийлерін түсіндірулері керек. Жұмыстарын тексере отырып, оқушыларға өз-өзіне баға беруге мүмкіндік жасап, қажет болса, олқылықтардан арылу жолдарын көрсеткен дұрыс.
Оқушыны зерттеу бағыттары:
а) оқушының жұмыс қабілеті;
ә)білім көрсеткіші;
б) дағдысы;
в) оқушы ерекшелігі (сабақтағы жұмыс түрлеріне қатысы);
г) сыныптан тыс шараларға қатысуы
д)ата – ана мен сынып мұғалімінің бірлескен іс – нәтижесі;
е) оқушы шығармашылығын дамытуда жүргізілетін жұмыс түрлеріне қатысуы;
ІІ. Әдебиеттік оқу сабағы бойынша:
а) оқыған әңгіме мазмұнын өз сөзімен қысқаша немесе толық айтып беруі және дайын мәтін , сюжетті суреттер бойынша керекті сөздерді пайдалана отырып өздігінен жазба жұмыстарын орындауы
б) өзінің ой – пікірін , көргенін , оқығанын мазмұндату арқылы ауызша сөйлеу тілінің дамуы ;
в) мәнерлеп оқуы;
г) оқу техникасының нормасын орындауы.
ІІІ.Қазақ тілі бойынша :
а) грамматикалық ұғымдар мен орфографиялық ережелерді меңгеруі
тілдік фактілерді дұрыс тануы;
б) өз ойын байланыстыра жазып беруі;
в) оқушы сауаттылығы
г ) каллиграфиясы
ІV.Математика бойынша :
а) есептей білу дағдыларының қалыптасуы ;
ә)логикалық ойлауы қабілетінің дамуы;
б)натурал сандарға қолданылатын амалдар тәртібін білуі ;
в)ауызша есептеу дағдыларын меңгеруі;
г)көп таңбалы сандарды оқуы , жазуы;
ғ) көбейту кестесін меңгеруі,
д)геометриялық материалдарды меңгеру деңгейі
е)шамалар арасындағы қатынасты білуі
Осылайша сынып мұғалімдері бір – бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы білімінің, шеберлігінің , дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап , оқыту талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі . Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырғаны , қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады.
Сабақтастық жоспарына сай мұғалімдерге тапсырылатын жұмыс түрлері
Бастауыш саты мұғалімдеріне:
Өз оқушыларының жеке портфолиосын жинақтау;
Қабілеті төмен және қабілетті оқушылармен жұмысты жүйелі өткізу;
Оқушылармен “Ұжымдағы сенің орның...” атты шара өткізу;
Болашақ 5-сыныптың жетекшісімен бірлескен ата-аналар жиналысын өткізу; (сәуір айында)
5-сыныптың сабақтарына қатысып, қандай пәндік ерекшеліктер барын байқау;
5 сынып мұғалімдерімен бірлескен шара өткізу;
Жылдық қорытынды бойынша оқушылардың білім мониторингісін жасау;
5-сыныпқа кеткен оқушыларының білім, білік, дағдыларын және жалпы қалыптасу бағытын қадағалау; (қыркүйек, қазан айларында)
Болашақ 5-сынып жетекшілеріне:
Қабылдайтын 4-сынып оқушыларына зерттеу жүргізу; (тәртібі, әлеуметтік жанұялық жағдайы т.б.)
4-сынып жетекшісімен байланыс; (сауалнама, сұрақ-жауап т.б.)
Сәуір айынан бастап, қабылдайтын оқушыларымен жете танысу шараларын өткізу;
Бірлескен ата-аналар жиналысын өткізу;
Оқушыларға сауалнама жүргізу;
Оқушылардың қызығушылықтарын байқау “Сен ұнататын пән?”, ”Сен қызықпайтын сабақ?”
Әр оқушының бос уақытына зерттеу жүргізу;
Оқушыларды құжаттарымен, портфолиосын түгендеп, қабылдап алу;
5-сыныпқа келгенде барлық жағынан қолдау көрсету, жетелеу, бағыттап-тәрбиелеу;
5-сынып пән мұғалімдеріне:
Болашақ оқушыларының сапалық деңгейі туралы мәлімет алу;
Міндетті білім, білік, дағдыларының қалыптасуын байқау, зерттеу;
Дәптер арнап ашып таблица жасау, оқушы ынтасы, қабілеті,білімі,т.б.
Өз пәні бойынша тәуелсіз бақылау, тест, диктант жұмыстарын өткізу;
Нәтижесін салыстыру;
Өз пәні бойынша қорытындысын кеңесте баяндау;
Проблемаларды шешу жолдарын бірлесіп іздеу;
С А У А Л Н А М А
1. Басқа пән мұғалімдері келгенде өзіңді қалай сезіндің?
2. Әр пәннен әр түрлі мұғалімнің бергені ұнай ма?
3. Өзге мұғалім алдында сабаққа деген белсенділігің қалай болады?
4. Сабақтар қызық өтті ме?
5. Өз мұғаліміңнен басқа мұғалімнің ерекшелігін байқадың ба?
6. Сабақты бірыңғай өз мұғаліміңнің бергенін қалайсың ба?
7. Өзіңе қай пәндер қатты ұнайды?
8. Тәртібі нашар оқушылар өзге мұғалім алдында өзін қалай ұстайды?
9. Өзге мұғалісмдер сабақ бергенде сыныптан қандай өзгерістер байқадың?
10. Сабақтастық мәселесіне өз пікіріңді жаз.
Сауалнама нәтижесі
Сынып-4 а Қатысқан оқушы: 20
-
«Сасып қалдым, қатал деп қорықтым», «жаман сезіндім», «нашарлау сезіндім» - 10, 20;
-
«Ұнайды» - 17, «Ұнамайды» - 4;
-
«Белсенділігім жақсы» дегендер саны – 19,
«Шамалы нашар» - 2, «Белсенділері» - 7, «Болған жоқ» -15
-
«Сабақ қызықты» - барлығы осылай жауап берген,
«қызықты» - 21, «онша емес» - 1; «Байқадым» - 19,
«Жоқ немесе барлық мұғалімдер бірдей» деушілер – 2,
«Байқалды» - 20, «Жоқ» - 2;
-
Өз мұғалімінің бергенін – 20, Пән мұғалімін қалаған- 1;
-
«Өзін жақсы ұстады» - 12, «қорқынышты, нашар» -9, «нашар ұстады» - барлығы
-
«Жауап беруге тырыстық» - 17, ешқандай немесе қарсылық білдіргені – 3,
өзгерісті түгел байқаған.
-
Әр түрлі мұағілімдер бергенін қалағандары – 18,
«екі ойлы пікір» - 4, өз мұғалімін қалағаны – 1,
-
Сабақтастыққа «қарсы болғаны» – 19, «құптағандары» - 3
-
әр жаңа оқу жылында сабақтастық бойынша іс-шаралар жоспарын ІV тоқсанда бастау, келесі оқу жылының ІІІ тоқсанында аяқтауды мектеп жоспарына кіргізу;
-
ІV тоқсанда 4- сыныптарға ( болашақ 5-сыныптарға) сынып жетекшілерін бекіту, олардың сыныппен байланыс орнатуын қадағалау;
-
Жаңа оқу жылының І тоқсан аяғында оқушылардың бейімделуі туралы педагогикалық консилиум өткізіп отыруды мектеп дәстүріне енгізу. Байқау, бақылау, диагностика, ақпарат қорытындылары бойынша сынып құрамына, сынып жетекшілерді алмастыру бағытында өзгерістер, түзетулер жасауға болады;
-
Жаңа оқу жылында мұғалімдер жүктемесін бөлу кезінде жыл бойы 4- сыныпқа сабақтастықта болғани пән мұғалімдеріне сол сыныптарға сабақ баруге жағдай жасау.
Сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері, бағдарлама көлемінде берілген білім, дағдының орындалуы , дайындық дәрежесі, жеке кемшіліктердің орын алу себептері , оны өткізу бағыттары белгіленіп , тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте тыңдалып , кеңес қаулысы шығарылып, сынып мұғалімдері бір – бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы білімінің, шеберлігінің, дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап отырса, оқыту талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі. Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырғаны , қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады.
Осы бағытта мектебімізде жұмыстар жүргізіп, сабақтастық мәселесін шешудеміз. Бірлескен жұмыс ғана нәтижелі болатыны белгілі. Сондықтан пән мұғалімдері мен бастауыш саты мұғалімдері бірлесіп жұмыстануы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Бастауыш сынып және орта буын арасындағы сабақтастық — мақалa, Ұстаз тілегі. Сабақтастық ұғымының теориялық негізі, мектеп тәжірибесі.
-
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық . Бастауыш мектеп журналы 2021 ж
-
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математика сабағында сабақтастықты жетілдіру жолдары — курс жұмысы,
-
Орта буын математикасын оқытудағы сабақтастық мазмұны «Тағылым» журналы
-
Оқушының бір буыннан екінші буынға өткендегі білімдерін толықтырып, жаңғыртып отыру — «Хабаршы» журналы,
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз