Гарипова Даригуль
Ержановна
Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназия
Химия пәнінің мұғалімі,
педагог – зерттеуші
Іс-әрекетті зерттеу:
Бастауыш сынып оқушыларын сабаққа қызықтыру мақсатында белсенді
оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану.
Lesson study зерттеу сабағы
бойынша
ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры.
Сондықтан да жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында
түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Ол үшін білімнің өзегінде,
біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын,
екіншіден ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау,
өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын
құрауыштардың қатар қамтылуына назар аударылуы тиіс. Жеке тұлға,
яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалптастыру білім мен тәрбие
берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Біз ұстаздар қауымы
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен қабылдауымыз
керек.
Бүгінгі мұғалімдердің басты
міндеттердің бірі — білім беру жүйесін жаңарту болып саналады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-ол өзінің ұстазы.
Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды.
Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай
жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.
Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің
біліктілігіне тікелей байланысты. Қазақстан
Республикасында білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар
қойылып отыр. Соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп
жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге
сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап
бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру
болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлау — өз
алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап
отыру. Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын тұжырымдау,
қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу арқылы білімдері молаяды.
Сын тұрғысынан ойлау — сынау емес, ойлау, алдыға жетелеу.
Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда
өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі
бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында
алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген
біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.
Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды
үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін
кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс
істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және
ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Бұрын оқытуда
оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген, ал
қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше
мән беруіміз керек. Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті — жеке
тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту,
іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген
қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Сабақтарда
қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл»,
«Әткеншек», «ЖИГСО»,
«Кубизм», «Бес
сұрақ», «Ыстық орындық»,
«Өрмекші торы», «Ойлан – жұптас –
бөліс», «Еркін микрофон», «Серпілген
доп» әдістері, «Ментальді карта», «Рөлдік ойын», «АВС»
стратегиясы, «Венн» диаграммасы, «Текстологиялық карта»,
«Семантикалық карта», «Галерияға саяхат», «Болжау»
стратегияларын қолданған өте
тиімді.
Мысалы «Еркін
микрофон» әдісі алдыңғы
оқылыммен, сабақты бекіту кезеңінде қолданылды.
Оқушылар өзін еркін сезінеді. Сұрақты нақты, әсерлі қоя
алады. Қалыптастырушы бағалауды оқушылар сұрақ қойған оқушыға,
жауап берген оқушыны да бағалай
алады.
«Миға
шабуыл» әдісі. Мақсаты: Қандай да болмасын
ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша
немесе ауызша ой салу. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы
ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін
айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау
жұмысы болады. Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою
арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға
болады.
«Әткеншек» (карусель)
әдісі. Бұл белгілі бір сұраққа
қатысты оқушылардың ойлары мен жауаптарының жиынтық тізімін жасауға
көмектесетін, құрылымдалған, ақпараттық немесе ойлау қабілетін
арттыру әдісі. Өздерінің ойларын айту немесе қаралып отырған сұрақ
бойынша ұсыныс енгізу үшін оқушылар шағын топтарда жұмыс істейді.
Сондай-ақ олар басқа топтардың идеяларын бірлесіп бағалап,
сұрақтарға өздерінің жауаптарын қалыптастыру үшін осы идеяларды
әлеуетті негіз ретінде пайдалана алады. Шағын топтардан ақпарат
жинақтауға арналған тәжірибелік тапсырма үшін «Идея іздеуші» немесе
«Стикерлер жинағын»
қараңыз.
Әр оқушының деңгейіне қарай
тапсырмалар дайындау қажет. Ол үшін әр оқушының жеке жұмыс
қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың
ерекшеліктерін ескере отырып беру керек – жаңа технологияны жүзеге
асыруда мұғалім белсенді болуы керек.Мұғалім сабақ барысында
берілетін тапсырмаларды өмірмен байланыстырып алғанда ғана оқушы
кез келген қиындықтардан жол тауып шығуды үйренеді, өмір сүруге
бейім болады. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек
шығармашыл адамның қолынан келеді. Оқушылардың шығармашылығын,
танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің,
оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой – өрісін арттыруда
алатын маңызы ерекше. Міне осындай белсенді әдіс-тәсілдерді
оқу – тәрбие үрдісінде пайдаланудың арқасында оқушылардың
белсенділігі артып, жан – жақты дамиды, пәнге деген қызығушылықтары
арта түседі деп өз ойымызды білдіргіміз келеді. Осындай жұмыстардың
нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді де, білікті
оқушыларды тәрбиелеуге болады. Ол үшін ең бастысы мұғалім үнемі
ізденіс үстінде болуы керек деп сөзімізді аяқтағымыз
келеді.
Әдебиеттер
тізімі:
1.Тұрғынбаева Б.А.
Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында
дамыту: теория және тәжірибе. — Алматы,
2005.
2.Әлімов А.Интербелсенді
әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу
құралы.-Алматы,2013.
3.А.Байтұрсынов Тіл тағылымы.
– Алматы: Ана тілі, 1992.
-
Ә.Е. Жұмабаева Бастауыш
мектептегі сауат ашу кезеңіндегі жүргізілетін тіл дамыту
жұмыстарының әдістемесі. –
Алматы,1998.
-
Н.М. Сламбекова Шағын
комплектілі бастауыш мектепте жазбаша шығармашылыққа негізделген
тіл дамыту әдістемесі. – Алматы,
2001.