БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Бүгінгі қоғам мүдесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, мектептің, барша халықтың міндеті. Заманға алға қойылған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепте тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – бастауыш білім беру сатысынан басталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс»,- деп атап көрсетілген. Осыған орай, Мемлекет басшысы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын одан ары дамыту қажеттілігін атап өтті.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қамтиды.

Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мазмұндық оқу, оқу-материалдық – техникалық іс – шаралар кешені қарастырылған.

Қазіргі жағдайда бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасын қалыптастырудың, дамытудың негізгі кезеңі ретінде ерекшеленеді. Бастауыш мектепті бітіргенен кейін бала еркін ойлап, қоршаған ортамен белсенді байланыс жасай білуі керек, толығымен алдында тұрған міндеттерді шешу дағдыларын игере алуы қажет. Мұның өзі бастауыш мектептің оқу –тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануы меңзейді. Ал оқытуды жаңашылдық тұрғыдан ұйымдастыру өз кезегінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әрекетін дамытуға жол ашады.

Функционалдық сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) болып табылады. Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып есептелгендіктен, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады.. Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым- қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуі, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады. Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:

оқу, жазу сауаттылығынан;

жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

математикалық сауаттылығынан;

компьютерлік сауаттылықтан;

денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

құқықтық сауаттылығынан.

Бастауыш мектеп оқушыларының меңгеруі тиіс білім, білік, дағдыларының жиынтығы ретінде, яғни оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың бойында қалыптасатын білім осы құзыреттіліктерден алынады.

Жалпы, функционалдық сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені белгілі. Яғни, сауатты деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау біліктіліктері қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатын, сондай-ақ дұрыс есептей білетін адам сауатты ретінде танылады.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделе алу деңгейі.

Функционалдық сауаттылыққа бейімделу, оның қалыптаса бастауы бастауыш мектептен бастау алады. Қазірде олар оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбіне алғашқы сауаттылықтан басталып, әрмен қарай дамып, жүйелене түседі. Алайда, оны алдымен пән ұстазы ескеріп: «Игерілетін білім, білік, дағдылардың қайсылары функционалдық сауаттылыққа жол ашады? Олардың басқалардан ерекшелігі неде?» деген сұрақтарға өздері жауапты қарап, шәкірттердің санасына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты қолдануды басшылыққа алуы орынды. Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін. Ал қазіргі қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады.

Қорыта келе, біздің міндетіміз оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын сауатты оқушы қалыптастыру.


Гульзада Мендикулова,

Түркістан облысы, Жетісай ауданы,

«Қызылқұм» жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі