Материалдар / Баяндама «Сабақ барысында теория мен тәжірибені ұштастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Сабақ барысында теория мен тәжірибені ұштастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесі мен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандар мен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды. Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнер кәсіптерді білікті мамандар мен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2021
309
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ»







БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Сабақ барысында теория мен тәжірибені ұштастыру»



















Ақтау 2021

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында таяудағы 2-3 жылда техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру да қазіргі уақыт талабы екендігі айтылған. 
Еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады.

Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесі мен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандар мен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды. Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнер кәсіптерді білікті мамандар мен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру. 

Бұл мақсатқа жетудің негізі – сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы – өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен оқу өндірістік шеберлері. Еңбек нарығы шарттарының өзгеруін ескере отырып, білікті мамандар дайындау жүйесін құрудағы әлеуметтік серіктестіктердің құрылымын белсенді пайдалану қажет. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы арқылы білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптасады, оқу процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдетеді, өндірістік жағдайда шешім қабылдау іскерлігі қалыптасады. 

Кәсіптік оқытудың табыстылығы ең алдымен оқу процесін материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуімен анықталады. Бүгінгі таңда өндірістік оқытуды ұйымдастырудың ең маңызды факторы болып отыр.Өндірістік оқытуда оқу-өндірістік шеберханаларды мамандық саласына тән толық жабдықталуы, жаңа техника мен технологиялармен толықтырылып жаңартылуы кәсіби маманды сапалы және білікті мазмұнда даярлаудың кепілі бола алады. Осындай мазмұнда шеберханалардың жабдықталуы студенттердің дербес ішкі түрткілерінің жедел оянуына, кәсіби қызығушылығының және оқу-танымдық іс-әрекеттерінің арытуына ықпал етеді.

Біздің колледжде де оқу жылы бойына оқу шеберханаларында және зертханаларда оқу жоспарына сай тәжірибе сабақтары өткізіліп тұрды. Бекітілген график және жасақталған кестеге сай теориялық - өндірістік оқулар кезектесіп жүргізілді. Жұмыс бағдарламалары және алдағы жұмыстардың тақырыпты жоспарларын шеберлер жасады. Шеберханалар және зертханалар оқу барысында керекті құрал-саймандармен, зертханалық бұйымдармен қамтамасыз етілген, жетіспейтін құрал-жабдықтар оқу жүргізілу кезінде сұраныс арқылы алынып тұрды. Өндірістік тәжірибе уақытымен өткізіліп отырды.

Әр тәжірибе өткізілуі бойынша студент пен шебердің есебімен рәсімделеді. Тәжірибе басталар алдында Еңбекті қорғау, Техника қауіпсіздігі ережелері таныстырылып, нұсқаулар беріледі және арнайы журналға қол қойдырылады

Шеберхана жұмысын ұйымдастыру:

- мамандық түрлеріне сәйкес жабдықталған құрал-жабдықтар студенттің дербес жағдайда практикалық тапсырмалар орындауға міндеттілігі ескеріліп, әрбір топтың студенттері кем дегенде ауысымды жағдайда сол құрал-жабдықтың әрбірімен толық жұмыстана меңгеруіне мүмкіндік жасау;

- құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігіне қарамастан оқу орнының әкімшілігі топ студенттерін бірнеше ауысым кезеңдер кестесін құра отырып барлық студенттер міндетті түрде қамтамасыз етілген нормативті құрал-жабдықтармен оқу жылы ішінде жұмыс істеп үйреніп шығуын қадағалау;

- кейбір жағдайда оқу орнының материалдық-техникалық базасындағы құрал- жабдықтар өндіріс орнындағы құрал-жабдықтармен бірдей болып келе бермейді. Оқу-өндірістік шеберханалардағы құрал-жабдықтардың кейбір түрлері оқу моделі түрінде жасақтау;

- сабақтардың сан алуан түрлері арқылы студенттердің бастапқы техникалық шығармашылығын қалыптастырудың теориялық негізін анықтау.

Оқу-өндірістік шеберхананың шебері әрқашанда өзінің жауапкершілігін түсіне, әрбір оқу жылына шеберханада бар құрал-жабдықтар мен аспаптардың, материалдардың қамтамасыз күйіне қарамастан болашақ жұмысшы мамандарды даярлауға алдын-ала оқу орнының әкімшілік жетекшілерімен келісе жоспарлай отырып, жаңа оқу жылына икемді оқу құжаттарын өзгерте, қажетті практикалық жұмыстарды орындау тапсырмаларына құралдар мен материалдарды дайындайды.

Оқу орнының мамандық түрлеріне сәйкес мемлекет тарапынан анықталып бекітілген нормативті құжаттарда оқу-өндірістік оқыту мен теориялық оқыту пәндеріне қажетті құрал-жабдықтардың, аспаптардың, құрылғылардың, оқытудың техникалық құрал түрлері, көрнекі құралдар және дидактикалық материалдар тізіміде белгіленеді.

Өндірістік оқытудың материалдық базаларына шеберханалар, арнайы

зертханалар және басқа бөлмелер оқу ғимаратында немесе оқу орнының дербес ғимаратында орналасқан.

Өндірістік жұмыстардың әртүрлі қозғалыс дірілдері мен дыбыстары мамандықтың басқа теориялық пәндерінің қолайлы өтуіне кедергі келтірмейтін бөлек ғимараттарында орналасқан. Шеберханалардың материалдық базасы жеткілікті қамтамасыз етілуі сапалы, білікті жұмысшы мамандарды даярлауға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Осы шеберханаларда болашақ жас жұмысшылар жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру мен өндірістік мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Шеберханалардың ауданы оқу процесінің және студенттердің белсенді, үздіксіз қозғалмалы еңбек етуін ескере, оның нормасы өндірістегі жұмысшының жұмыс орнына қойылатын нормасынан 25-40 % артық шамада анықталады. Оқу-өндірістік шеберханадағы 15 және 25 оқушының жұмыс орнының нормативті ауданы:

слесарлы – 5,4-4,9 м.кв.;

слесарлы-инструментальды – 7,2 – 6,0 м.кв.;

слесарлы-жинаушы – 8,0 – 7,2 м.кв.;

токар, фрезар, механикалық – 12 – 10,8 м.кв.;

электргазды дәнекерлеу – 12,0 – 9,6 м.кв;

электр дәнекерлеуші – 9,0 – 7,5 м.кв.;

электрмонтажды – 6,0 – 4,0 м.кв.;

ағашты механикалық өңдеу – 12,0 – 10,0 м.кв.;

үлкен өлшемді құрал-жабдықтар мен құбырларды құрау слесары – 10,0- 8,0 м.кв.

Құрау оқу шеберханаларында арнайы монтажды кабиналармен жасақталады, оның өлшемі – 1,5 – 1,5 м.кв. болса, электр және газды дәнекерлеу шеберханаларындағы кабиналардың өлшемі – 4 м.кв., олардың аралық қабырғаларының биіктігі 2 м құрайды.

Монтаждау, электргазбен дәнекерлеу, үлкен өлшемдегі құрал-жабдықтарды құрау мен құбырларды монтаждау жұмыстарының шеберханалары ғимараттың бірінші қабатында орналасады. Әрбір жұмыс түрлерін, оның сапасын тексеруге арнайы зертханалық бөлмелер анықталады. Зертханалар мен шеберханалар бірінші қабаттан төмен және жоғары қабаттарда орналаспауы тиіс. Зертханалардың биіктігі 3,3м, ал үлкен өлшемдегі құрал-жабдықтары бар зертханалардың биіктігі 4,2 м құрайды. Шеберханаларда құрал-жабдықтар 30-45 градус немесе перпендикулярды күн сәулесі түсетін қабырғаға қарай орналастырады. Станоктардың қатарлы арақашықтығы 1,2 м., ал, екі станоқтың арақашықтығы - 0,8 м құрайды.

Шеберханадағы верстак арақашықтықтарының үлгілі нормасы:

  • қатардағы екі шеткі станоктың немесе верстактың арақашықтығы: 800 мм;

  • қатардағы екі верстактың арақашықтығы: 1200 мм;

  • шеберханада өтетін жолдың арақашықтығы: 2000 мм;

  • қабырғадан станокқа дейінгі арақашқытық: 500 мм;

  • басқа станокқа дейінгі арақашықтық: 800 -1000 мм.

Верстактар мен станоктардың шеберханада орналасу тәртібі фронтальды және сызықты болып қолдануға да болады. Ол шеберхананың формасына, жарықтың түсуіне сияқты факторлар әсер етед, ең бастысы оқушыға бөлінген жұмыс орнына қажетті нормативті аудан үлкен болса қолайлы, бірақ, нормативті шамадан төмен болмауы тиіс.

Өндірістік оқыту шеберханасындағы студенттің жұмыс орны арнайы жабдықталады. Ол еденнің бетінен отыз немесе қырық сантиметр биіктікте орналасады. Оның үстінде студенттің жұмыс столы және демонстрация жасайтын станок немесе верстакпен жабдықталады. Оқу тақтасы, қасында көрнекілік құралдар, сызба құралдары сияқты оқу сабағына қажетті дидактикалық материалдар мен де қамтамасыз етіліп қойылады. Қазіргі кезде оқытудың техникалық құралдарымен толық жабдықталуы белснді жүріп келеді. Соның ішінде видеопроектор, компьютерлік техника және автоматтандырылған оқу тақтасы, интерактивті тақта сияқты.

Еңбекке баулу, техникалық-шығармашылық, сабақтан тыс колледж әкімшілігі, әдіскерлер, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің ұйымдастыруымен колледждің құрылыс мамандығы студенттерінің арасында жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңінде студенттер 2016-2019 оқу жылдары арасында конкурсқа қатысып келеді.

Конкурста студенттер тас қалау, қаптау жұмыстары бойынша және сырлау, сылақ жұмыстары бойынша өздерінің шеберлігін көрсетіп жүр.

Жарысқа дайындақ осы шеберханаларда, зертханаларда өткізіледі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!