Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ББЖМ TIMSS PISA 3 жылға қорытындыЗейнелхан Г№3ШЛ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізудің қорытындысы
( ББЖМ 4- 9 сынып )
Дайындаған оқу ісінің меңгерушісі: Зейнелхан Г.
Бағалау мен бақылаудың тәуелсіз нысандарын қоса алғанда, Қазақстанда білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің (БСБҰЖ) қалыптасуы 2000-шы жылдардан басталды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 1 бабының 14 тармағына сәйкес білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі «білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдарының, рәсімдерінің, нысандары мен тәсілдерінің жиынтығы» ретінде айқындалған. БСБҰЖ Қазақстандағы білім беру сапасын басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ білім беру процесі мен қоғамның барлық қатысушыларын білім беру жүйесінің оның дамуының әртүрлі деңгейлері мен үрдістеріндегі жай-күйі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. БСБҰЖ элементтерінің бірі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз оқыту сапасының мониторингі болып табылады, ол елімізде алғаш рет 2005 жылы мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) нысанында енгізілді және 2012 жылдан бастап білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) форматында жалғастырылды. МАБ-тың мақсаты 4 және 9-сынып оқушыларының білім беру бағдарламаларының мазмұнын меңгеру деңгейін тексеру еді. Білім беру ұйымдары үшін мониторинг нәтижелерінің салдары қатаң болды. Атап айтқанда, МАБ-тан өтпеген білім алушылардың жалпы саны министрлік белгілеген шекті саннан асып кеткен жағдайда сол мектептер кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға міндеттелді. Білім беру жүйесінің тиімділігін мониторинг арқылы оқыту нәтижелері туралы сенімді деректер алу мақсатында 2012-2020 жылдар аралығында жыл сайын әрбір білім беру циклінің соңында (4, 9, 11-сыныптар) ОЖСБ өткізіліп отырды. ОЖСБ-ның білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің алдыңғы құралынан басты айырмашылығы білім 20 Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг нәтижелерін кешенді талдау беру ұйымдарына қатысты құқықтық салдардың болмауы болып табылады. Дегенмен ОЖСБ құрылымы және оның нәтижелерін тарату және пайдалану процестері білім беру саласындағы ұлттық мақсаттар мен стратегиялық міндеттерге қол жеткізуге ықпал етпеді. Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғырту үдерісі білім беру жүйесіне мониторинг жүргізіп қана қоймай сонымен қатар білім беру саласын талдауға, білім беру саясатын әзірлеуге, оқу және оқыту үдерісін жетілдіруге мүмкіндік беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жетілдіру қажеттігін айқындады. Осыған байланысты ОЖСБ мектепте білім беру сапасын тәуелсіз бағалаудың жаңа «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг» (ББЖМ) моделіне 2021 жылы қайта форматталды. ББЖМ елдің білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту контекстінде оқу, математика және жаратылыстану пәндері бойынша 4 және 9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейі туралы тұтас түсінік алуға, сондай-ақ білім беру процесінің барлық қатысушыларына атаулы әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.
2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінің (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы) базалық көрсеткіштеріне халықаралық бағалау деректері жатады. Мысалы, PISA деректері қала және ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының айырмашылығын азайту мақсатына қол жеткізуді бақылау үшін қолданылады. Сондай-ақ, «Білім беру мониторингінің қорытындысы бойынша бастауыш және базалық орта білім алушылардың білім жетістіктері нәтижелерінің» көрсеткіші жоспарланған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналғандаму жоспарында «Білім беру жетістіктеріне мониторинг нәтижелері бойынша республикалық орташа көрсеткішке қол жеткізген ауыл мектептерінің үлесі» нысаналы индикаторы белгіленген.
ББЖМ өткізу форматы Негіздеме Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі – білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі байқау (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 55-4-тармақ (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319) білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына сәйкес өткізіледі (https://adilet. zan.kz/rus/docs/V2100022711). Орта (бастауыш және негізгі орта) білім беру ұйымдарына олардың түрі, меншіктілігі және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан бұл қағиданы басшылыққа алады. Тағайындау • Білім алушылардың білім сапасы деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының тиісті білім деңгейіне сәйкестігін бағалау; • Оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша функционалдық сауаттылық деңгейін анықтау; • Оқыту процесін жетілдіру мәселелері бойынша мұғалімдерге, әдіскерлерге, оқулық авторлары мен білім беру стандарттарын әзірлеушілерге, білім беруді басқару органдарына атаулы ұсынымдар дайындау. 24 Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг нәтижелерін кешенді талдау Өткізілетін сыныптар мен өткізілу жиілігі Тестілеу жыл сайын сәуір айында орта білім беру ұйымдарының базасында 4 және 9-сыныптарда электрондық форматта өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22711 болып тіркелді "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы 10, математикалық сауаттылық 10, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық 10) бойынша жүргізіледі. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық 15, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық-30) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы -30) бойынша жүргізіледі.
Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау; Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру нәтижелерін анықтау. мектептерде 4 және 9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға бағытталатын болады, бұл білім мен дағдыларды өмірлік жағдайларда қолдануды, сонымен қатар аналитикалық, логикалық ойлауды дамытуды білдіреді;
ББЖМ мақсаты – білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін ұлттық деңгейде өлшеу арқылы орта білім беруді жүйелі жетілдіру. МЖМБС-ның талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау.
ББЖМ-ге дайындық мақсатында ББЖМ-ге шығарылатын пәндер бойынша білім сапасын жоғарылату үшін бірнеше шаралар ұйымдастырылған:
-
пәндер бойынша кеңес берулер үнемі жүргізіледі;
-
2021 жылғы қыркүйек айында өткізілген ата-аналар жиналысында ББЖМ-ге дайындық туралы мәселе қарасытырылды;
-
психологиялық көмек көрсету үшін мектеп психологы арнайы тренингтер ұйымдастыруда;
-
пәндер бойынша тақырыптық тестілеулер өткізіледі, қателермен жұмыс пен оны талдау жұмыстары атқарылады;
Миссиясы - Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін білім сапасы деңгейін бағалаудың ұлттық жүйесін әзірлеу.
Міндеттері - Функционалдық сауаттылық деңгейін анықтау, Білім мен дағдыларды меңгеру деңгейін анықтау.Оқу бағдарламаларын жетілдіру - Білім беру мазмұнын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың катализаторы ретінде қызмет ету. ББЖМ әдістемелік көмек көрсете және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізудің қорытындысы
(ББЖМ 4-сынып)
Математикалық сауаттылық бойынша мақсаты: білім алушылардың білім сапасын бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бағалау.
Тест міндеті: білім алушылардың математикалық білімдері мен біліктерін күнделекті өмірде және әлемді түсіну мен сипаттауда пайдалана білу дағдыларын бағалау.
Оқу сауаттылығы бойынша тестілеудің мақсаты: білім алушылардың білім сапасын бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бағалау.
Тесттің міндеті: Оқушылардың функционалдық сауаттылық бойынша дағдыларын, оқылым іс-әркеті арқылы бағалау. Оқу сауаттылығы екі мәтін және мәтінге орай бір дұрыс жауапты он сұрақ қарастырылған.
Дұрыс меңгерген тақырыптар: мәтіндегі негізгі ойды анықтау, мәтінге сәйкес тақырыпты табу, берілген сөзді басқа сөзбен алмастыру.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тестілеудің мақсаты: білім алушылардың білім сапасын бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бағалау.
Тест міндеті: қоршаған әлем құбылыстарын ойлау және қарым-қатынас дағдылары мен коммуникативтік қабілеттерін түсіндіру үшін жаратылыстану- ғылыми бойынша білімдерін бағалау.
ББЖМ-ге дайындық мақсатында ББЖМ-ге шығарылатын пәндер бойынша білім сапасын жоғарылату үшін бірнеше шаралар ұйымдастырылған: -пәндер бойынша кеңес берулер үнемі жүргізіледі;-қыркүйек айында өткізілген ата-аналар жиналысында ББЖМ-ге дайындық туралы мәселе қарасытырылды; -психологиялық көмек көрсету үшін мектеп психологы арнайы тренингтер ұйымдастыруда; -пәндер бойынша тақырыптық тестілеулер өткізіледі, қателермен жұмыс пен оны талдау жұмыстары атқарылады;
Әр оқу жылында қыркүйек айынан бастап ай сайын ББЖМ жоспары бойынша байқау тесттері алынып отырды. Тесттердің нәтижесі әдістемелік бірлестікте, педагогикалық кеңесте қорытындысы талқыланып қаралды. Байқау тестінің қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Соңғы үш жылды үш бағыт бойынша салыстыратын болсақ, әр бағыттан өсу динамикасын байқауға болады.
Тестілеудің үш бағытының ішінде төртінші сынып оқушыларыматематикалық сауаттылық бойынша ең жоғары балл жинады (максимал 12- дан 12 балл). Барынша аз нәтиже «оқу сауаттылығы» бағыты бойынша тіркелді – максимал 10-нан5-балл (тапсырмалар орындалуының 50,8%-ы). Атап айтқанда математикалық сауаттылықтан 2 балл, жаратылыстану-ғылыми сауатылықтан +0,8 балл, оқу сауаттылығынан +1 балға өскенін, дегенмен биылғы оқу жылындағы кемшіліктерді ескере отырып келесі оқу жылына ұсыныс берілді. төмен деңгей көрсеткен оқушылармен жеке жұмыстың жүргізілуін жалғастыру, олар үшін арнайы жеке қосымша сабақ берулерді өткізу.
№1 кесте.
Пәндер |
Ең жоғары ұпай |
Білім сапа көрсеткіші 2022-2023 о.ж |
Білім сапа көрсеткіші 2023-2024 о.ж |
Өсу динамикасы 2022-2024 оқу жыл аралығы |
Сынып оқушы саны |
|
130 |
108 |
|
Оқу сауаттылығы |
10 |
8 |
9 |
+1 |
Математикалық сауаттылық |
12 |
10,5 |
12 |
+2 |
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық |
8 |
7,5 |
7,8 |
+0,8 |
4-сынып тест қорытындысына ұсыныс:
Математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында бірнеше амалмен шығарылатын есептерді (шамалар арасындағы тәуелділікке құрылған жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеуге берілген есептерді үнемі шығарту. Есепте берілген ақпараттарды түсініп, оқытып, есептің сұрағын талдап шығаруға дағдыландыру.Шамалар бірліктерін, олардың арақатысына сүйеніп түрлендіруде күнделікті өмірмен байланысты тапсырмалар құрастырып орындату.Математика пәнінен оқу бағдарламасына сай оқу мақсаттары бойынша күрделі тапсырмалар әзірлеу,оларды шешу жолдарын үйренуге жетелеу,бағыттау.
Оқу сауаттылығы бойынша мәтінді мұқият оқу. Автордың ойын анықтау, басты кейіпкерді табу, мәтінге сәйкес мақал-мәтелді анықтау үшін күнделікті сабақ барысында шығармашылық жұмыстарды жүйелі жүргізу.Әдебиеттікоқупәнінен оқу бағдарламасына сай, оқу сауаттылығы дағдыларын дамытуға деңгейлік тапсырмалар әзірлеу,оларды талдауға, салыстыруға, пайымдау жолдарын үйренуге жетелеу,бағыттау.
Жаратылыстану сауаттылығы бойынша оқушылардың қарапайым ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттар мен құбылыстардың негізгі және жанама белгілерін ажырату, қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға байланысты жұмыстар жүргізу.
Төменде №2 кестеде тоқсан сайын алынған ББЖМ дайындық қорытындысының талдауы бойынша, әр параллеь көрсеткіштерде салыстырмалы түрде айтарлықтай айырмашылық бар. Мәселен, математикалық сауаттылық бойынша 9аб сынып оқушыларының орташа баллы 9 гд сынып көрсеткішінен 3,18 баллға жоғары (тапсырмалар орындалуының 71% және 53%-ы). Оқу сауаттылығы бойынша алшақтық 4,12 баллды немесе тапсырмалар орындалуының 14%-н құрады (9абв сынып оқушылары – 21,9 балл, 9гд сынып оқушылары – 17,78 балл). Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 9 сынып ең жоғары және ең төменгі көрсеткіштерінің арасындағы алшақтық 6,91 баллды немесе тапсырмалар орындалуының 21%-н құрады ( 9абв сынып оқушылары – 22,23 балл, 9 гд оқушылары – 15,02 балл). (математикалық сауаттылық бойынша алшақтық 1,05 балл, оқу сауаттылығы бойынша 1,28 балл, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 1,22 балл) №1-кесте. №2-кесте.
Пәндер |
Ең жоғары ұпай |
Білім сапа көрсеткіші 2022-2023 о.ж |
Білім сапа көрсеткіші 2023-2024 о.ж
|
Өсу динамикасы 2022-2024 оқу жыл аралығы |
Сынып оқушы саны |
|
119 |
136 |
|
Оқу сауаттылығы |
30 |
27 |
27,7 |
+0,7 |
Қазақ тілі |
10 |
8 |
9 |
+1 |
Ағылшын тілі |
10 |
9 |
9,1 |
+0,1 |
Орыс тілі |
10 |
9 |
9,6 |
+0,6 |
Математикалық сауаттылық |
13 |
9,6 |
9,1 |
-0,5 |
Жаратылыстану -ғылыми сауаттылық |
32 |
27,9 |
28,6 |
+0,7 |
Физика |
8 |
6,3 |
6,7 |
+0,4 |
Химия |
8 |
7,1 |
7 |
-0,1 |
Биология |
8 |
7 |
7,3 |
+0,3 |
География |
8 |
7,5 |
7,6 |
+0,1 |
|
|
|
|
|
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізудің қорытындысы (TIMSS 4-8 - сынып)
Дайындаған оқу ісінің меңгерушісі: Зейнелхан Г.
TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study) - 1995 жылдан бастап әр төрт жыл сайын өткізілетін төртінші және сегізінші сынып оқушыларының математика мен жаратылыстану пәндері бойынша жетістіктерін бағалайтын мониторингтік зерттеу. https://iac.kz/?page_id=2422&lang=ru
TIMSS жобасы бастауыш және негізгі мектептің білім сапасын бағалайтын халықаралық зерттеулердің бірі. Қазақстанда бұл зерттеуді алғашқы рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты ”Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы“ өткізді. Зерттеуді өткізу тұрақты төрт жылда өтіледі.
TIMSS халықаралық зерттеуінің мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану – математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.
TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім саласындағы әлемдік артықшылықтарды көрсететін объективті өлшемдер шегіндегі құралдары негізінде алынған нәтижелерді талдау және білім саясатына қажетті ғылыми дәлелденген қорытындылар жасау.
Оқушылар математика, ғылыми- жаратылыстану бағыты дайындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларын орындауда берілген бірқатар тақырыптарды жеткілікті меңгергенін, өз білімін натурал сандарды бөлуге қатысты есептерді шешуде қолдана білу дағдысын толығымен көрсете алуы тиіс. Математика бойынша сандар, геометриялық пішіндер және өлшемдер, статистикалық мәліметтер қарастырылады. Оқу – танымдық іс – әрекет түрлеріне қарай білу, пайдалану, ойлау болып бөлінеді. Білу – оқушы білуі тиіс фактілерді, түсініктер мен үрдістерді білуді топтастырады. Пайдалану – есептерді шешу үшін оқушылардың үйренген түсініктерін пайдалана алу және негізінен оқудағы таныс жағдайлармен немесе бірсыпыра өзгертілген жағдайлармен жұмыс істеуге тура келетін сұрақтарға жауап бере алу қабілеті топтастырылады. Ойлау – стандартты есептерді шешу аясынан тыс және күрделі, көп де ңгейлі есептерді шешу арқылы таныс емес жағдайларда білімін пайдалануға байланысты.
Оқушыларды қызықтыратын инновациялық тапсырмалар;
TIMSS-2023 сандық құралдарды пайдалануды қамтитын оқушыларға тартымды интерактивті тапсырмалар мен мүмкіндіктердің кең ауқымын қамтиды. Мысалы, оқушылар ақпаратты визуализациялайды, тапсырмаларды шешу үшін экрандағы нысандарды жылжытады және айналдырады, экрандағы мәтінмен, формулалармен және сызбалармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді. Түрлі-түсті графикадан басқа, тапсырмалар ғылыми зерттеулерді немесе құбылыстарды көрсету үшін бейнелерді немесе анимацияларды қамтуы мүмкін.
Міндеттерді шешуге және зерттеулер жүргізуге арналған тапсырмалар;
TIMSS-2023 тапсырмалары оқушылардың белгілі бір мазмұнды білуді және математикалық есептерді шешу және ғылыми эксперименттер жүргізу үшін белгілі бір дағдылар мен дағдыларды қолдануды талап ететін нақты және зертханалық жағдайларды модельдеуді қамтиды. TIMSS-2023 зерттеуі топтық адаптивті бағалауды қолдануды қамтыды. Барлық елдер бірдей TIMSS тапсырмаларын орындайды. Зерттеуді жүргізудің екі цифрлық нұсқасы – күрделі және орташа тапсырмалары бар неғұрлым күрделі нұсқа және орташа және жеңіл тапсырмалары бар азырақ күрделі нұсқа-барлық елдерде қолданылады, бірақ елдің жалпы нәтижелеріне байланысты әртүрлі комбинацияда. Бұл тапсырмалардың күрделілігін оқушылардың үлгерім деңгейіне сәйкестендіруге көмектеседі, бұл өз кезегінде барлық үлгерім деңгейлеріндегі білімді дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.
№1-кесте – Жаратылыстану бойынша тапсырмалар
Мазмұндық бөлімдер |
Биология: ағзадағы сипаттамалар мен тіршілік процестері; жасуша және оның функциялары; ағзадағы тіршілік циклдары, көбею және тұқым қуалаушылық; әртүрлілік, бейімділік және табиғи сұрыптау; адам және оның денсаулығы; экожүйелер. |
Химия: заттардың құрамы және жіктелуі; заттардың қасиеті; химиялық процестер. |
География және астрономия: Жер құрылысы және оның физикалық сипаттамасы; жергілікті процестер; тарих және циклдар; жер ресурстары және қоршаған ортаны қорғау; Күн жүйесіндегі жер. |
Физика: зат алмасудағы өзгерістер және физикалық жағдайы; энергия көздері; жылу құбылыстары; жарықтық және магниттік құбылыстар; күш және қозғалыс. |
2-кесте – Оқу танымдық іс-әрекеттер
Түрлері |
Танымдық аймақтар |
Білу |
Ғылыми жаратылыстану дәлелдерін жады бойынша жаңғырту; терминдер мен түсініктерін анықтау; ағзаларды, процестерді, байланыстарды сипаттау; білімдерін дәлелдеу, мысал келтіру; мәліметтер мен жабдықтарды қолдануда білім арқылы көрсету. |
Қолдану |
Ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын салыстыру, берілген нысандарды жіктеу; суреттеу; модельдерді, диаграммаларды қолдану, байланысын табу, мәліметті және түрлі құбылыстарды түсіндіру. |
Ойлау |
Мәселелерді шешу, талдау, жинақтау, жаратылыстанудың әртүрлі бөлімдері бойынша білімдерін ықпалдау, шешімдері мен болжамдарын тұжырымдау, берілген тапсырмаларға сәйкес эксперимент жоспарлау; процестер мен құбылыстардың басымдығы мен кемшіліктерін бағалау. |
3-кесте – Математика пәнінен тапсырмалар
Мазмұны |
Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар; қатынас, пайыз және пропорция |
Алгебра: тәуелділік; алгебралық өрнектер; өрнектер/теңдеулер және функциялар |
Геометрия: геометриялық өлшеулер; геометриялық фигуралар; фигуралардың орналасуы мен қозғалысы |
Мәліметтер және ықтималдық: Мәліметтермен жұмыс; мәліметтерді беру; ықтималдық |
Математикалық сауаттылық бойынша мақсаты: білім алушылардың білім сапасын бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бағалау.
Тест міндеті: білім алушылардың математикалық білімдері мен біліктерін күнделекті өмірде және әлемді түсіну мен сипаттауда пайдалана білу дағдыларын бағалау.
Оқу сауаттылығы бойынша тестілеудің мақсаты: білім алушылардың білім сапасын бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бағалау.
Тест міндеті: Оқушылардың функционалдық сауаттылық бойынша дағдыларын, оқылым іс-әркеті арқылы бағалау. Оқу сауаттылығы екі мәтін және мәтінге орай бір дұрыс жауапты он сұрақ қарастырылған.
Дұрыс меңгерген тақырыптар: мәтіндегі негізгі ойды анықтау, мәтінге сәйкес тақырыпты табу, берілген сөзді басқа сөзбен алмастыру.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тестілеудің мақсаты: білім алушылардың білім сапасын бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бағалау.
Тест міндеті: қоршаған әлем құбылыстарын ойлау және қарым-қатынас дағдылары мен коммуникативтік қабілеттерін түсіндіру үшін жаратылыстану- ғылыми бойынша білімдерін бағалау.
TIMSS-ке дайындық мақсатында ТIMSS-ке шығарылатын пәндер бойынша білім сапасын жоғарылату үшін бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Пәндер бойынша кеңес берулер үнемі жүргізіліп отырды. Қыркүйек айында өткізілген ата-аналар жиналысында ТIMSS-ке дайындық туралы мәселе қарастырылды. Психологиялық көмек көрсету үшін мектеп психологы арнайы тренингтер ұйымдастырып, оқушыларға қолдау көрсетіліп отырды. Пәндер бойынша тақырыптық тестілеулер өткізілді, қателермен жұмыстар, оны талдау жұмыстары жасалынып отырды.
Ай сайын ТIMSS жоспары бойынша байқау тестері алынып отырды. Тестердің нәтижесі әдістемелік бірлестікте, педагогикалық кеңесте қорытындысы талқыланып қаралды. Байқау тестінің қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастырылды.
Тестілеудің үш бағытының ішінде төртінші, сегізінші сынып оқушылары математикалық сауаттылық бойынша (максимал 10-нан 8 балл), «Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша – максимал 12-ден 9-10-балл (тапсырмалар орындалуының 60,8%-ы). Сегізінші сынып математикалық сауаттылық бойынша (максимал 15 -нен 10,3 балл), Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша (максимал 20-дан 11,3-балл ). Атап айтқанда математикалық сауаттылықтан +2 балл, жаратылыстану-ғылыми сауатылықтан +3 балл, оқу сауаттылығынан +2 балға, Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша +3 баллға өскенін, дегенмен биылғы оқу жылындағы кемшіліктерді ескере отырып келесі оқу жылына ұсыныс берілді. Төмен деңгей көрсеткен оқушылармен жеке жұмыстың жүргізілуін жалғастыру, олар үшін арнайы жеке қосымша сабақ өткізу ұсынылды.
№1 кесте.
Пәндер |
Ең жоғары ұпай |
Білім сапа көрсеткіші 2022-2024 о.ж |
Сынып оқушы саны |
|
132 |
Оқу сауаттылығы |
12 |
10 |
Математикалық сауаттылық |
10 |
9 |
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық |
8 |
7 |
Білім сапа көрсеткішінің мониторингісі.
Математикалық
сауаттылығын арттыру мақсатында бірнеше
амалмен шығарылатын есептерді (шамалар арасындағы тәуелділікке
құрылған жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеуге берілген
есептерді үнемі шығарту. Есепте берілген ақпараттарды түсініп,
оқытып, есептің сұрағын талдап шығаруға дағдыландыру. Шамалар
бірліктерін, олардың арақатысына сүйеніп түрлендіруде күнделікті
өмірмен байланысты тапсырмалар құрастырып орындату. Математика
пәнінен оқу бағдарламасына сай оқу мақсаттары бойынша күрделі
тапсырмалар әзірлеу, оларды шешу жолдарын үйренуге жетелеу,
бағыттау.
Оқу сауаттылығы бойынша мәтінді мұқият оқу. Автордың ойын анықтау, басты кейіпкерді табу, мәтінге сәйкес мақал-мәтелді анықтау үшін күнделікті сабақ барысында шығармашылық жұмыстарды жүйелі жүргізу.Әдебиеттікоқупәнінен оқу бағдарламасына сай, оқу сауаттылығы дағдыларын дамытуға деңгейлік тапсырмалар әзірлеу, оларды талдауға, салыстыруға, пайымдау жолдарын үйренуге жетелеу, бағыттау.
Жаратылыстану сауаттылығы бойынша оқушылардың қарапайым ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттар мен құбылыстардың негізгі және жанама белгілерін ажырату, қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға байланысты жұмыстар жүргізу.
4-кесте – TIMSS халықаралық зерттеудің байқау тесттерінің сапа көрсеткіші.
Пәндер |
Білім сапа көрсеткіші 2022-2023 о.ж % |
Білім сапа көрсеткіші 2023-2024 о.ж %
|
Өсу динамикасы 2022-2024 оқу жыл аралығы % |
Сынып оқушы саны 8-сынып |
133 |
123 |
|
Математикалық сауаттылық |
74,4% |
80,2% |
+5,8 |
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық |
69,5% |
73,12% |
+3,62 |
TIMSS -2022 халықаралық апробациялық зерттеулерге, TIMSS -2023 халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау мақсатында сынама тестілеуі ай сайын алынып. Тестілеу математикалық сауаттылық, ғылыми - жаратылыстану сауаттылығы бойынша жүргізілді. TIMSS халықаралық зерттеуге даярлықты бақылау, оқушылардың математикалық,жаратылыстану сауаттылықтарын зерделеу. Әр пән бойынша жаратылыстану сауаттылығынан 40 сұрақ, математикалық сауаттылықтан 40 сұрақ берілді. Жаратылыстану сауаттылығынан ең жоғары балл 36 ж/е 100% орындалса, ең төменгі балл 21 балл болып 32% құрады.Математикалық сауаттылықтан ең жоғарғы балл 38 балл болды, ал тапсырманы орындау 100%. Ең төменгі балл 25 балл, тапсырманың орындалуы 37 % құрады. Екі пәнді қосып есептегендегі ең жоғарғы балл80 балл, тапсырманың орындалуы 86,15%. Мектеп бойынша орта 66 балл болып тапсырманың орындалуы 66 % құраса, білім сапасы 60% көрсетті.Зерттеу қорытындысы бойынша ұл балалар мен қыз балалардың жинаған ұпайлары мен тапсырмаларды орындаулары жекелей шығарылды. Берілген тапсырмаларды бағалаудың шкаласы төмендегідей: 39%-ға дейін – «қанағаттанарлықсық», 40-56%- «қанағаттанарлық», 55-70%- «жақсы», 70-80%- «үздік». Оқушылар әдістемелік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, даярлық барысында басшылыққа алынады.4,8 сынып оқушыларының тізімдері үлгіге сай жинақталып, үйлестірушілерге жіберілді.
Ұсыныстар:Байқау тесті аясында берілген тапсырмаларға элементті талдау картасы жасалсын;
-
Түзету жұмыстары жүргізіліп, қайталау жұмыстарына көп көңіл бөлу;
-
Берілген тапсырмаларға ұқсас тапсырмалар құрастырып, оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізу .
-
https://testter.kz/timss/test-result/show?id=2900070 байқау тесттері алынып, барлық пәндер бойынша талдау жұмыстарына анализ жүргізу.
PISA халықаралық зерттеуге мониторинг жүргізу
Дайындаған оқу ісінің меңгерушісі: Зейнелхан Г.
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (ағылш. Programme for International Student Assessment, PISA) - әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын және білімді практикада қолдану қабілетін бағалайтын тест. Үш жылда бір рет өтеді. Тестке 15 жастағы жасөспірімдер қатысады. Ол 1997 жылы әзірленді, алғаш рет 2000 жылы өтті. Тестті ұлттық орталықтардың қатысуымен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдармен консорциумда экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ұйымдастырады. Консорциумның жұмысын басқарады австралиялық педагогикалық зерттеулер кеңесі (ACER) Нидерланды ұлттық педагогикалық өлшемдер институтының (CITO), АҚШ-тың педагогикалық тестілеу қызметінің (ETS), Жапониядағы Ұлттық білім беруді зерттеу институтының (NIER); АҚШ Вестаты (WESTAT) және басқа да білім беру саласындағы беделді ұйымдардың белсенді қолдауымен. Оқу және жаратылыстану сауаттылығы деңгейін бағалау. Жобаны экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді. Зерттеуді білім беру саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың қатысуымен Консорциум жүзеге асырады. PISA-2000 бірінші цикліне 43 ел, оның ішінде ЭЫДҰ-ның 34 мүшесі қатысты. PISA-2015-ке қатысушылар саны 71 ел болды.
Зерттеу мақсаты: жалпыға міндетті білім алған оқушылардың қоғамда толыққанды қызмет атқаруы үшін қажетті білім мен дағдыға ие болуын бағалау (функционалдық сауаттылық), Сондай-ақ білім алушылардың білім алу жетістіктеріне әртүрлі факторлардың әсері зерттеледі. Бұл әлеуметтік-экономикалық аспектілер, білім беру ұйымдарының сипаттамасы және жасөспірімдердің мектептен тыс білім алу мүмкіндіктері. PISA жобасы білім берудің әртүрлі жүйелерін салыстыруға және білім берудің ұлттық стратегияларын әзірлеу кезінде ЭЫДҰ жетекші елдерінің тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Зерттеу үш жылдық циклмен жүргізіледі. Әр циклде басым бағыт анықталады. 2018 жылы жаратылыстану-ғылыми сауаттылық басым бағыт болды.
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.
Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы».
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді:
-
сандар;
-
кеңiстiк және форма;
-
өзгерiстер мен қатынастар;
-
белгісіздік.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөліктерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: елестету деңгейi, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейi.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы келесі компоненттерден тұрады: ғылыми жаратылыстану пәндері аясында қалыптасатын «жалпы пәндік» машықтары, ғылыми жаратылыстану білімдері қолданылатын жаратылыстану ұғымдары мен жағдайлар. Зерттеу мақсатына – белгіленген машықтар мен ұғымдарды кешенді тексеру жатады. Ұсынылған сұрақтардан жаратылыстану ғылымдары жауап беретін сұрақтарды белгілей білу, берілген ақпараттың негізінде ғылыми негізделген қорытындылар жасай білу машықтарын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.
PISA зерттеуiнде оқу сауаттылығы ұғымын оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия,олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуы үшiн дамытуы деп түсінуге болады. Оқушылардың оқу сауаттылықтарын тексеру оқу техникасы немесе мәтiннің мазмұнын нақты түсiнуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Оқу сауаттылығын бағалау барысында үш аспекті есепке алынады: оқу материалдарының форматы, тапсырманың түрi, мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары.
Зерттеу барысында мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлері бағаланады: мәлiметтi табу, мәтiнді түсіндіріп беру, мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия және олардың бағасы.
Мәтіннен мәлімет таба білуді бағалау үшін, мәтінді қарап шығып, оның негізгі элементтерін анықтау және сұрақтан гөрі қажетті (синонимдiк) форманы бейнелеген мәліметті іздестіру үшін тапсырмалар қолданылады.
Пәндер |
Білім сапа көрсеткіші 2022-2023 о.ж % |
Білім сапа көрсеткіші 2023-2024 о.ж % |
Өсу динамикасы 2022-2023 оқу жыл аралығы % |
15 жасқа толған оқушы саны |
126 |
138 |
|
Математикалық сауаттылық |
76,4% |
79,2% |
+2,8 |
Жаратылыстану сауаттылығы |
73,5% |
73,12% |
+0,07 |
оқу сауаттылығы |
83,5% |
84,12% |
+0,62 |
PISA зерттеуінің көмегімен алынған мәліметтер зерттеушілерге әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсы болуы, оқушылардың білім жетістіктері мен білім үлгерімдеріне біршама әсерінің барын анықтап,осылайша білім алу мүмкіндіктерінің, білім ресурстарының нақты бөліну дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Тоқсан сайын https://testter.kz/shkola/view интернет ресурсында және 5+ байқау тестімен жүргізілген сынақтардың қорытындысына сүйене отырып оң нәтижені көруге болады.
сертификат алыңыз!