Б.Блум таксономиясын қолданудың пайдасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Б.Блум таксономиясын қолданудың пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кестені құрастырыңыз (Б.Блум таксономиясының мықты және әлсіз тұстары), өзіңіздің педагогикалық қызметіңізде Б.Блум таксономиясын қолданудың пайдасы жөнінде қорытындылаңыз.

 

Біз көргенімізді, естігенімізді ұмытамыз, ал өзіміздің жасағанымызды, орындағанымызды  мәңгі есімізде сақтаймыз. Бүгінгі таңда мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймайды, жан-жақты, тәрбиелі, адамгершілігі мол, білікті, құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етуі  тиіс. Сондықтан өз қызыметіміздің әрбір жоспарында   тұлғаның құзіретті болып  қалыптасуына, олардың алған білімдерін шынайы өмірде қолдана алуына мүмкіндік жасайтындай  жаңа оқу тапсырмалары  болуы шарт. Олай болса, қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді.

-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;

-пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;

Ал әлемнің көптеген елдерінде Блум  таксономиясы кеңінен қолданылуда. Блум таксономиясындағы Блум сөзіне тоқталатын болсақ Америкалық  ғалым Блум Бенджамин есіміне байланысты. Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.Таксономия  — белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн.

Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия – берілген нысандарды олардың иерархиясын (белгілі бір  құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.

Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін  білім игеруге бағытталған 6 қадамға сәйкес  тапсырмаларды құруды қажет етеді. Олар: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Блум таксономиясының  деңгейлері: білу, түсіну, қолдану қадамы төмен және орта деңгейлер (өнімсіз деңгейлер), талдау, жинақтау, бағалау қадамы жоғары  деңгей (өнімді деңгейлер) болып бөлінеді.

Жаңа мыңжылдық талабына сай, мұғалім – бақылаушы емес, бағалаушы да емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Қазір менің алдымда орта буын оқушылары отыр. Сөзім дәйекті болу үшін жоғарыда көрсетілген Блум таксономиясын өз тәжірибемде қалай, қандай жолдармен іске асыратыныма тоқталайын.

Сабақтың артықшылығы оқушы жеке тұлға ретінде биіктігі көрінеді. Әр оқушы өз пайымдауы мен түйсігіне сүйене отырып жеке қабілетін ашуға қадам жасаған. Дәстүрлі сабақтан гөрі оқушы іс-әрекеті басымырақ. Әр оқушы өздігінен ойлануға әрекеттенген, өз бетімен жекелей жұмыс жасауға ынталанған. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулудың негізгі сатылары оқушы іс-әрекеті мен жүзеге асып жатыр. Оқушының оқуға деген ынтасының өсуіне оң ықпалдығы ұжымның жұмыс жасауға бейімделуден, жеке тұлғаның еңбегінің түзілуі білімге деген құштарлығын толықтыра түседі. Жалпылау ойлаудан,жекелей ойлау оқытудың жүйелілігін қалыптастырды. Блум таксаномиясы негізіндегі жүйе оқушылардың өз беттерімен зерттеу, іздену қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі жасай отырып, олардың дарын, қабілеттерінің жетілуіне ықпал етеді.
-білімді оқушылар өз іс-әркеттерімен алу жүзеге асады.

-жұмысты оқушылардың таңдап алуына ерік береді.

-жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.

-берілетін білімін ең негізгі түйінді дәмін таңдап ала білуге жаттығады.
-алдында тұрған қиындықты жеңуге үйренеді..Ең бастысы,
жеке тұлға қасиеттерін шығармашылық деңгейде жеткізеді.



Мықты жағы

Әлсіз жағы

Жеке жұмыстанады;

Ізденісі ұлғаяды;

Оқушы мен оқушы арасында диалогтік қарым-қатынас орнайды ;

Ойын еркін жеткізеді;

Топпен жұмыс істеп үйренеді;

Салыстыра зерттей біледі;

Сыни ойлауы мен көзқарасы жүйелі дамиды;

Өзін-өзі реттейді.


-

Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады. Атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, Блум таксономиясы - оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы. 

Елбасымыз    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әлемнің әміршісі – еңбек.Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», — деп ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Біздің еңбегіміз білім жолынан көрінеді. Сондықтан да мұнымен шектеліп қалмай алдағы уақыттарда да өз білімімді жетілдіріп, жаңа технологияның тағы да белсенді,  тиімді жолдарын білуге, сонымен жұмыстануға әрекеттенемін.

 









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2020
366
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі