Биіктікке секіру
Биіктікке секіру мектеп бағдарламасында бастауыш сыныптарында қарастырылған. Алғашында оқушыларды «аяғын бүгіп» тік жүгіріп келіп секіру әдісінен бастайды, содан кейін «аттап»секіру техникасна ауысады.Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгірентін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады. Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі – «аттап» секіру, екіншісі – алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі –«шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғары көрсеткішті – «шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат –итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяқ мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.Биіктікке секірудің әдіс-тәсілін үйрену үшін мынадай қосымша жаттығуларды орындауға болады:
-орында тұрып сілтейтін аяқты көтеру;
3 адым жерден келіп сілтейтін аяқты көтеру;
7-9м жүгіріп келіп аттап секіруді бейнелеп көрсету;
Үлкен ағаш аттан жүгіріп келіп, көлденеңінен секіріп өту;
Кермеден алдыға қарай сүңгіп секіріп өтуді бірнеше рет қайталау;
Орында тұрып жоғарыдағы тұрған затқа секіру;
Жүрелеп отырғаннан бірден секіріп тұруды бірнеше рет қайталау;
Жүгіріп келе жатып, әрбір екі адымнан кейін үшіншісінде жоғары секіріп жүру жалғасады. Бұл жүгіріс стадионда екі-үш айналым бойында жалғасады.
Үш-төрт адым жүгіріп келіп, бірте-бірте үйрету әдістері:
20см биіктіктен еркін секіру
2-3 адым жүгіріп келіп, белгіленген жерден жеңіл секіріп түсу
биіктігі 40см тақтайдың үстінен секіру
4-5 адым жүгіріп келіп, секіру барысында аяқты бүгіп секіру
биіктікте ілінген заттарға қол тигізіп секіру
алақанды шапалақтап секіру
биіктігі 50см заттардан секіру
жеті адым жүгіріп келіп, белгіленген жерден секіру
ілулі затқа басты тигізіп секіру
биіктікке оңға, солға бұрылып секіру
биіктігі 40см заттардане секіру
мұғалімнің тапсырмасы борйынша 60см биіктікке белгіленген аяқ бойыншва секіру
биіктігі 70см заттардан секіріп өту.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Биіктікке секіру
Биіктікке секіру
Биіктікке секіру
Биіктікке секіру мектеп бағдарламасында бастауыш сыныптарында қарастырылған. Алғашында оқушыларды «аяғын бүгіп» тік жүгіріп келіп секіру әдісінен бастайды, содан кейін «аттап»секіру техникасна ауысады.Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгірентін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады. Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі – «аттап» секіру, екіншісі – алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі –«шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғары көрсеткішті – «шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат –итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяқ мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.Биіктікке секірудің әдіс-тәсілін үйрену үшін мынадай қосымша жаттығуларды орындауға болады:
-орында тұрып сілтейтін аяқты көтеру;
3 адым жерден келіп сілтейтін аяқты көтеру;
7-9м жүгіріп келіп аттап секіруді бейнелеп көрсету;
Үлкен ағаш аттан жүгіріп келіп, көлденеңінен секіріп өту;
Кермеден алдыға қарай сүңгіп секіріп өтуді бірнеше рет қайталау;
Орында тұрып жоғарыдағы тұрған затқа секіру;
Жүрелеп отырғаннан бірден секіріп тұруды бірнеше рет қайталау;
Жүгіріп келе жатып, әрбір екі адымнан кейін үшіншісінде жоғары секіріп жүру жалғасады. Бұл жүгіріс стадионда екі-үш айналым бойында жалғасады.
Үш-төрт адым жүгіріп келіп, бірте-бірте үйрету әдістері:
20см биіктіктен еркін секіру
2-3 адым жүгіріп келіп, белгіленген жерден жеңіл секіріп түсу
биіктігі 40см тақтайдың үстінен секіру
4-5 адым жүгіріп келіп, секіру барысында аяқты бүгіп секіру
биіктікте ілінген заттарға қол тигізіп секіру
алақанды шапалақтап секіру
биіктігі 50см заттардан секіру
жеті адым жүгіріп келіп, белгіленген жерден секіру
ілулі затқа басты тигізіп секіру
биіктікке оңға, солға бұрылып секіру
биіктігі 40см заттардане секіру
мұғалімнің тапсырмасы борйынша 60см биіктікке белгіленген аяқ бойыншва секіру
биіктігі 70см заттардан секіріп өту.
шағым қалдыра аласыз













