Материалдар / Биология сабағында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология сабағында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде белсенділік көрсетіп, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, оқу процесінде білім, білік, дағдысын жетілдіру және өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуда, сабақ барысында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолданудың маңызы өте зор.Дидактика оқушыларды қазіргі оқыту теориясының негіздерімен қаруландырады, шығармашылық ойлауды қалыптастырады, жеке қабілетін, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға қажетті практикалық іскерлік пен дағдыны дамытады.Дидактикалық ойындар оқушыларды биологиялық материалдарға қызықтыруымен қатар алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені, дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін ізденімпаздығын еңбекқорлығын жетілдіруге маңызды рөл атқарады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2018
1129
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биология сабағында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі


Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде белсенділік көрсетіп, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, оқу процесінде білім, білік, дағдысын жетілдіру және өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуда, сабақ барысында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолданудың маңызы өте зор.

Өзектілігі: оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай биология сабағында үлестірмелі дидактикалық материалдарды құрастыру, жаңа оқыту технологияларын пайдалану және оқу процесінде тиімді қолдану мүмкіндігінің туындауы.

Мақсаты: үлестірмелі дидактикалық материалдарды биология сабақтарында қолдану жолдарын анықтау.

Міндеті: үлестірмелі дидактикалық материалдардың теориялық және әдістемелік негіздерін айқындау.

Дидактика оқушыларды қазіргі оқыту теориясының негіздерімен қаруландырады, шығармашылық ойлауды қалыптастырады, жеке қабілетін, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға қажетті практикалық іскерлік пен дағдыны дамытады. Дидактикадағы окытудың міндеттері: оқыту процесінің әдіснамалық негіздерімен, оқыту процесінің заңдылықтары және кағидаларымен, білім беру мазмұнымен таныстыру, оқытудың жоспарланған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістер болып есептелінеді. Ұйымдастыру формалары мен кұралдары, білім алушылардың ойлау әрекетін белсенділік танытатын әдістерімен қаруландырады.

Дидактиканы оқу барысында оқушы келесі білімдерді меңгеруі керек:

- окыту процесінің іргелі идеялары, тұжырымдамалары, заңдары мен зандылықтарын;

- оқытудың әдіснамалык негіздерін білуі;

- жетекші педагогикалық теорияларды, дидактиканың категориялары мен ұғымдарын білуі;

- педагогикалык теория мен мектеп практикасыныц өзара диалектикалық байланысын білуі;

- таным теориясын білуі;

- оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерін, мазмұны, формасы және әдістерін; оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысын бақылау және бағалауды білуі;

- жаңа педагогикалык технологиялардың мәнін білуі.

Дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі.Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойые элементтерінің рөлі зор. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға,барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімген қызықтырады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсаты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесімен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі7

Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, кештер, дидактикалық ойындар, әр түрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылып жүр. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсат біреу, ол оқушыға тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының есінде қалатындай етіп ұйымдастырып бекіту. Ұстаз оқушылардың пәнге қызығуын арттыру мақсатында өз тарапынан шығармашылық ізденістер жасап, әр түрлі дидактикалық кештер ұйымдастыруы керек. Биология пәнінің дидактикалық ойын кештерінің мазмұны тіршіліктің құндылығын, биологиялық мәселелердің маңыздылығын жете түсінуге, оқушылардың өмірге деген көз қарастарын жан-жақты дамыту, оқытудың теориялық бағытын, практика жүзінде іске асыру, қоршаған ортамызды аялай білуге үйрету және оқушыларға өмір сүру заңдылықтарын терең сезініп, оны дұрыс қабылдауына мүмкіндік береді. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа деген қызығуларының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, дидактикалық ойындар оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды биологиялық материалдарға қызықтыруымен қатар алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені, дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін ізденімпаздығын еңбекқорлығын жетілдіруге, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар арқылы теориялық білімді нақтылап, білім-білік дағдыларды қайталап және бекітуге арналған. Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның оқушыны дамытудағы мәні анықталды. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу қолға алынды. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барсында тиімді қолдану қажет.


Осы бағытта:

- идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

- дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;

- отанымыздың мейлінше бай, көркемдікті бағалай ілуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;

- оқушылардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін одан әрі дамыта түсу;

- еңбекке қызығушылығын ояту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу керек.

Биология сабақтарында дидактикалық, ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай биологияны дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынандай мақсаттары болуы керек:

а) дидактикалық ойындарды тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда биологиялық биологиялық жұмбақтарды, сауалғыларды, сөзөрімдерді сөзжұмбақтарды оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың биологиялық тілін қалыптастыру керек.

Ойынның маңызы туралы В.А.Сухломинский: «Ойын дегеніміз – орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктерін, ұғымдардың ширақ тасқаны келіп құйылады. Ойын дегеніміз – бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын». Биология сабағында, көңілді тапқыштар клубы, брейн-ринг өткізу барсында, сабақты бекіту кезеңінде, үй тапсырмасын сұрау кезеңінде, үйірме жұмыстарында биологиялық жұмбақтарды қолдануға толығымен болады. Дидактикалық ойын кеші – эмоциональды өте қызықты өтетін тәрбие жұмыстардың бірі. Өткізілетін дидактикалық ойын кештері тек тыңдаушы, көрермендерді ғана емес қатысушылардың қызығушылығына үлкен әсер етеді. Ойынды бaсқaрa жүріп, мұғaлім оқушының жеке бaсының бaрлық жaғынa : оның сaнaсынa, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқынa ықпaл жaсaйды. Ойынды негізінен aқыл ой, aдaмгершілік, эстетикaлық және дене мүшелерінің дұрыс қaлыптaстыру мaқсaттaры үшін пaйдaлaнaды. Мaзмұны ойлaй білуге құрылғaн ойын процесінде оқушылардың білімі мен түсінігі aйқындaлып, тереңдей түседі.

Биология сабағында қолданылатын ойындардың маңыздылығы туралы әдіскер ғалымдар М.Б.Мусина, Г.Қ.Ахметова айтқан. Енді, әр түрлі ойын түрлерімен танысайық. Бұл ойындарды әр ұстаз өз мақсатына сай шығармашылықпен түрлендіріп, өзгертіп қолдануына болады. Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған оқытушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті – оқытудың ойын формасы деп аталады. Биология сабағында ойналатын ойын түрлері.

1. «Жапалақ» ойыны

Алаң шетінде бір бала жапалақ болып тұрады. Қалған балалар көбелек, құс, шегіртке кейіпін келтіреді. Мұғалім «күн батты» деген белгі бергенде барлығы тынышталады. Жапалақ аңдып жүреді. Кім қозғалса, жапалақ соны ұстап алады. «Күн шықты» дегенде барлығы тіріліп, әртүрлі жәндіктерге тән қимылын жасайды. Ойын бірнеше рет қайталанады. Ойын ән әуенімен ойналады. Ән күшейсе, күн бәсеңдесе, түн болады.

2. «Допты домалату» ойыны

Балалар шеңбер жасап тұрады да, допты бір-біріне береді. Шеңбер ішіндегі бала допты ұстауға тырысады. Доп кімде болғанда ұсталса, сол доп иесі ортаға шығады. Ойын жалғаса береді.

3. «Белгіні тыңда» ойыны

Ойын алдын-ала, сыртта немесе бөлмеде ойналады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Мұғалім бұйрығымен «тоқта», «тізелеп отыр», «жүгір» жаттығуын жасайды. Бұйрықты тындамаған оқушы ойыннан шығады немесе айып төлейді ән айту, би билеу, жұмбақ т.б. Қай топта көп бала қалса, сол топ жеңіледі.

4. «Шеңбер» ойыны.

Шеңбер ішіне әртүрлі заттар қойылады. Ойнаушылар доппен сол заттарды ұрып шығарса, сол жеңіпаз атанады төрт зат тұрғызылып төрт зат жатқызылып қойылады.

5. «Қағаз таяқпен қатысу» ойыны.

Газеттен он таяқ жасалады 5 жұп бала таяқпен бір-бірімен сайысады. Кімнің қағаз таяғы бірінші майысса, сол бала ойыннан шығады. Ойынды осылай бірнеше рет қайталауға болады. Салауатты өмір салтын насихаттауда дене шынықтыру ойындары балаларды қазақтың спорт өнерін меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болып, тапқырлыққа, шеберлікке үйретеді.

6. «Жеңімпазды табу» ойыны.

Топтардың арасынан жеребе бойынша бірінші жұп анықталады. Кезең біткенде ұтылған топтың орнын келесі кезектегі топ басады. Бастапқы кезеңдерді өткізуге уақыт белгілеу керек, әдетте, оған 45-60 минут қажет. Содан соң ең көп жеңіске жеткен, немесе көп ұпай жинаған топтар өзара финалдық сайысқа түседі.

7. «Алтын қақпа» ойыны.

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын,

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

Биология — қызыққа тоймайтұғын - деп, биологияға осылай баға беріледі. Ойын барысында үш қақпа ашылады. Әр қақпада тапсырмалар беріледі. Ол қақпалар ашылған сайын тапсырмалар күрделене түседі. Осы ойын арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін. Сабақта білімдерін ортаға салып, тапсырмаларды мүлткісіз орындатып, сандықтағы сыйлықты алуға тырысады. Дидактикалық ойын арқылы биология сабағын ұйымдастыру оқушылардың дүниетанымын кеңейітіп, танымдық қабілетін өрістетуге ықпал етеді. Мысалы 6 сыныпта «Бұршақ тұқымдастары» сабағының бекіту бөлімінде оқушылардың жаңа сабақ бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында биологиялық хоккей ойынын «БИ-ХО» ойнатуға болады.


Shape2 Shape1

ШАБУЫЛШЫ

ШАБУЫЛШЫ




Shape3

Shape4

Shape5

Shape8



ҚОРҒАУШЫ





Shape10 Shape9 Shape6 Shape7

Shape12 Shape11



ҚShape14 Shape13 Shape18 Shape17 Shape16 Shape15 ОРҒАУШЫ





Shape20 Shape19



Shape21 Shape22



ҚАҚПАШЫ





ҚАҚПАШЫ










Сурет 1. «БИ-ХО» ойыны


«БИ-ХО» ойының (сурет 1) шарты бойынша мұғалім шабуылшы рөліндегі оқушыға сұрақ қойылады. Шабуылшы оқушы сұраққа жауап бермесе қорғаушылар рөліндегі оқушылар жауап береді. Екі топ қорғаушылары кезекпен-кезек бір-біріне сұрақ қойып, сұрақ жауабын табады. Екінші кезекте қорғаушылар қақпашыларға сұрақ қойып, жауабын алады. Егер қақпашылар сұраққа жауап бере алмаса, шабуылшылардың ұпай саны еселенеді. Өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқылу талаптарына сай болып келу қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалім күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осындай талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Дидактикалық ойын арқылы биология сабағын ұйымдастырудың маңызы зор. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі. Сондықтан, ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуді үйренеді, ойлау кабілеті дамиды, сөздік қоры байиды. Ойынның негізгі мақсаты оқушыны қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік меңгеру. Сондай-ак ойын үстінде оқушылардың тілін дамытып, ойын жүйесін айта беруге үйрету мұғалімнің басты парызы. Ойын үстінде оқушының түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеуге болады. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, өмір тәжірибесінен өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барысында тиімді қолдану қажет. Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілген көпшілік жұмыстардың бірі – биологиялық дидактикалық ойындар. Осылaрдың ішіндегі дидaктикaлық ойындaрдың мaңыздылығы жоғaры. Бірaқ, ескеретін бір нәрсе, мaңызды екен деп сaбaқ мaзмұнынa үйлеспейтін ойын түрлерінен aулaқ болғaн жөн. Әр ойынның өз реті бaр. Әрбір мұғaлім сaбaқ процесінде қaндaй дидaктикaлық ойын қолдaнылaтын сaбaқ мaзмұнынa, мaқсaтынa сәйкес тaңдaп aлғaн жөн. Өйткені ойын оқушылaр үшін қызықты әрекет, іс-қимыл болa отырып, сонымен бірге олaрды тәрбиелеу мен дaмытудың aсa мaңызды құрaлы болып тaбылaды. Бірaқ ол педaгогикaлық ізденістің aрқaсындa ғaнa қуaтты құрaлғa aйнaлaды. Сондықтанда сабақ барысында үлестірмелі дидактикалық материалдарды жүйелі түрде қолдану білім сапасын арттыруда басты және маңызды орын алады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!