Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні оқытушысы Джакаева Гульзира Баженовна
Қазіргі таңда бастауыш білім беру саласындағы өзгерістердің бірі жаңартылған білім бағдарламасы бойынша әлемдік білім беру жүйесін пайдалана отырып, әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамыту. Бұл туралы Қазақстан Республикасының білім туралы заңында да жеке адамның дарындылығын дамыту білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетілген.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілеттерін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге, оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты. Бұл туралы Ж.Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім» деген екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін де дамытады. Мен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алудамын. Оқытушы әдіс-тәсілдерді түсіндіруге, жаңа технологияларды меңгертуге міндетті деп студенттер тек ғана сол біліммен шектеліп қалуға болмайды. Өйткені, сабақ үрдісінде жаңа технологияның белгілі бір элементтері ғана пайдаланылады. Блум таксономиясы арқылы сабақ барысында шығармашылық тапсырмалады орындап жүрміз. Осы шығармашылық деңгейдің биігіне одан әрі жету үшін американдық ғалым Б.Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін зерделей оқып, ізденуді жөн көрдім. Алдымен Блум мен таксономия сөзінің мағынасына үңілейік?
1.Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң).
2.Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
3.Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.
Бенджамин Блум (ағыл. Benjamin Bloom), (1913-1999) - америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы. 1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарады: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу».
Білімді игеруге бағытталған 6 қадам яғни, Блумның негізгі категориялы
№ |
Мақсаттар жүйесі |
Негізгі іс-әрекеті |
1. |
Білім |
Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері |
2. |
Түсінік |
Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді |
3. |
Қолдану |
Алған білімді қолданады |
4. |
Талдау |
Білімді жай қабылдамайды талдайды,саралайды салыстырады. |
5. |
Жинақтау |
Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады. |
6. |
Бағалау |
Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды. |
Блум таксономиясы төмендегідей сатылардан тұрады:
І. Білу. Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Шәкірт:
Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
Нақты фактілерді біледі;
Жұмыстың орындалу ретін біледі,
Негізгі ұғымдарды біледі;
Ережелерді, қағидаларды біледі.
Тапсырмалар түрі: Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
ІІ. Түсіну. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы
болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Шәкірт:
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
Тапсырмалар түрі: Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара
байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз;графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
ІІІ. Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Шәкірт:
Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
Тапсырмалар түрі:жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті
бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.
ІV. Талдау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Шәкірт:
Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды;
Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Тапсырмалар түрі: Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
V. Жинақтау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Шәкірт:
Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
Тапсырмалар түрі: Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
VІ. Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Шәкірт:
Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады. Өнімді, шығармашылық деңгей – анализ, талдау, синтез,жинақтау,баға. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді.сондықтан да оқушы шығармашылығын арттыруда мүмкіндігі мол. Негізінен, әдебиет сабақтары – қызығушылық пен қажеттіліктерді дамытудың қайнар көзі. «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп әдебиеттану ғылымының негізін салушы А. Байтұрсынов айтқандай, блум таксономиясы – жеке тұлға шығармашылығын дамытуда таптырмайтын әдістің бірі. Бұл жаңа технологияның негізгі мәселесі-мұғалімнің оқушыларды өзіндік ізденіске жетелеуінде, баланың қиялына, өз ойын еркін жеткізуіне ерік беруінде. Атақты жазушылардың шығармасын өткен соң мұғалім оқушыға сол туындыға байланысты дүниені көз алдына елестету арқылы өз ойын жазуға дағдыландырады. Бұл жерде бағыт-бағдарды мұғалім береді, ал сюжет пен мазмұнды оқушы өзі табады. Осындай туынды жазу арқылы оқушының ой-өрісі, қиялы, шығармашылық қабілеті дамиды. Сондай-ақ сабақта проблемалық жағдаят тудырудың да маңызы зор. Нәтижесінде ақын-жазушылардың шығармасымен толық танысуға ынтасы артады. Блум таксономиясының басты белгісі жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді, ал ұтымдылығы оқушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеумен белгіленеді.Сонымен, Блум таксономиясы – тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс. Блум таксономиясы қолдану барысында С.Көбеевтің «Орындалған арман» романының құрылымын ұсынамын:
1. Блум таксономиясы.«Білу»
Оқытушы студенттерге романнан үзінді мәтіндер таратады. Жаңа тақырыпты талдап, тірек - сызба арқылы түсіндіреді.
1 сызба. Оқытушының беделді болуының маңызы
1. Үнемі іздену, оқу;
2. Қоғамдық жұмысқа белсене қатысу;
3.Мамандығын сүйетін, педагогика ғылымын терең зерттеуі;
4.Өзі сабақты беретін пәнді толық меңгерген;
5.Әрбір оқушының ерекшелігі мен зейінін білетін, оқыту әдісі жетік болуы;
6. Оқушылармен қарым-қатынасы жоғары, қамқор, сұрағына толық жауап беруі;
7. Қатаң талап қоя білу, саналы және мәдениетті түрде орындата алуы.
2 сызба. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеудің жолдары.
1. Қарапайымдылыққа баулу;
2. Ұқыптылыққа баулу;
3.Кішіпейілділіке баулу;
4. Әдептілікке баулу;
5.Тиянақтылыққа баулу;
6.Табандылыққа баулу;
7. Әділдікке баулу.
3 сызба. Оқушылардың білімін дұрыс бағалау
С.Көбеевтің педагогикалық тәжірибесі бойынша бағалау |
Жаңартылған білім жүйесі бойынша бағалау |
1. Үлгілі тәртіп болмайынша, сабақтың сапалы болуы мүмкін емес. |
Жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыру. |
2. Оқытушы бір сұрақтың өзін түрлендіріп беру керек. |
Сұрақ қою, оны түсіну дәрежесін бағалау мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. |
3.Оқушылардың білімін тексеру бір жақты емес, жан жақты болуға тиіс. |
Қалыптастырушы бағалауға арналып әр түрлі тапсырма дайындалады. |
4.Үй тапсырмасын тексеріп, қателерін түзетіп, ол қателердің түрлерін өзінің арнаулы дәптерінде тіркеу керек. |
Жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты рубрика |
5.Ауызша сабақ айту барысында нағыз қатені кездейсоқ жаңылысудан айыра білу керек. |
Тиімді оқыту мен оқу тәсілдері: белсенді оқу, бірлескен оқу, саралау, пәнаралық байланыс, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқу әңгімелері, электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану, модельдеу. |
6.Оқушылардың білімін бағалағанда жазбаша-ауызша жұмысты салыстыра отырып, теориялық білімді іс жүзінде пайдалана алу қабілетіне қарай шешу қажет. |
Топпен жұмыс Жұппен жұмыс Жеке жұмыс |
7.Оқытушы бағаны қояр кезде көңілшектікке салынып, оны көтеріңкі қоюы – біріншіден баланы, екіншіден мектепті алдағандық болып табылады. |
Бағалау критерийлерінің дескрипторларына сай баға қою. |
2. Блум таксономиясы.Түсіну
Түсіндірме:
1топ. Оқытушы беделді болу үшін қандай педагогикалық ережені сақтау керек?
2 топ. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеудің жолдарын талдау.
3 топ. С.Көбеевтің педагогикалық тәжірибесі бойынша бағалау мен жаңартылған білім жүйесі бойынша бағалауды салыстыру.
3.Блум таксономиясы.Қолдану
Қиын балалармен жұмыс жасау барысындағы С.Көбеевтің тәжірибесінен мысал келтіріңдер және практика кезіндегі өз тәжірибеңізбен байланыстырыңыздар.Эксперимент жүргізіңіз.
1топ. С.Көбеев. Орындалған арман. 215 – 218 бет. «М» деген оқушы неге мектепке барғысы келмей, сабаққа ынтасы төмендеп кетті?
2 топ. С.Көбеев. Орындалған арман. 203 – 205 бет. «С» деген оқушы қалай тентектен түзелді?
3 топ. С.Көбеев. Орындалған арман. 206 - 211 бет. «Ш» деген оқушы қалай темекіні тастады және лас сөздерді айтпайтын болды?
Сергіту сәті. https://youtu.be/TsuI7H0glDE сілтемесінен әуен тыңдату. «Сәулесімен санаңның, жігерленсін талабың».
4. Блум таксономиясы.Талдау.
1. Негізін тану – «Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының саналы болуы ең алдымен оқытушының өзіне, оның мінезіне, балаларға көзқарасына, олармен ұстаған өзінің қарым-қатынасына байланысты». К.Д.Ушинскийдің нақыл сөзін қазіргі біліммен сәйкестендіріңіз.
2.Астарлы мағынаны ажырату. ХХІ ғасыр оқытушысы мен оқушысы қандай болу керек? Сипаттаңыз.Саралаңыз.ХХ ғасырмен байланыстырыңыз.
ХХ ғасыр оқытушысы мен оқушысы туралы қандай ой түйдіңіз? |
ХХІ ғасыр оқытушысы мен оқушысының бойынан табылатын құндылықтар |
Жалпы оқытушы болу үшін қандай құндылықтарды меңгеру керек? |
|
|
|
3.Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау. Қиын балалар қайдан шығады?
5. Блум таксономиясы. Синтез
1.Шығармашылық жанр. Әр студент «Мен таңдаған мамандық...» тақырыбында эссе жазу.
2. Меңгерген мәліметтер бойынша барлық білімді тиянақтап, өздеріне қажетті ақпараттар кестесін құру.
3.Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.
"Оқушылардың білімін бағалаудағы (критерий) өлшеуіш - оқу бағдарламасының көлеміне байланысты" деген С.Көбеевтің қанатты сөзін талдау.
6. Блум таксономиясы.Бағалау
1топ. Спандияр Көбеевтің ұстаздық еңбегін бағалау.
2 топ. Жаңартылған білім жүйесімен салыстыру.
770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз