Материалдар / «Бос уақытты тиімді ұйымдастыру идеясы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бос уақытты тиімді ұйымдастыру идеясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибені ойластыру-бұл ең шығармашылық кезең, бұл кезеңде топтастыру-ортақ ерекшеліктерді іздестіру, біртекті іс-шараларды топтастыру, тәрбиелік міндеттерді насихатшы, үгітші, консультанттардың әрекеттері арқылы іске асыру шарттары, іс-шараның өту барысындағы қатынасушылардың әрекеттері- қол жеткізген жетістіктер арасында өзара байланыстың себеп салдарын іздестіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2021
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бос уақытты тиімді ұйымдастыру идеясы»

Бос уақытты  ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі.

 Бос уақыт және  шұғылданымпаздылық ұғымы. Бос уақыт бұл жеке адамның жалпы уақытының отбасылық, қоғамдық міндеттері мен үй шаруасын анықтауға, сондай-ақ физиологиялық қажеттіліктерін \ұйықтау, тамақтану және т.б.\ өтеуге кеткен уақытының қалған бөлігі.

Әдебиеттерде  «шұғылданымпаздылық» адамдардың демалыс пен ойын сауыққа, өздігінен білім алуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ақыл-ой, эстетикалық қимылдық іс-әрекеттері деп түсіндіріледі.

Шұғылданымпаздылық  ұғымына берілетін түсініктерді төмендегідей төрт түрге бөлуге болады.

Бірінші, шұғылданымпаздылық- қол бос уақыт, сайрандау, іс бастылықтан бос кеңістік: \Даль бойынша\

Екінші, шұғылданымпаздылық эрекетсіздік, демалыс , жұмысістеуге қарама –қарсы ұғым;

Үшіншіден, шұғылданымпаздылық – сапа, қасиет – қабілеттілік, шеберлік;

Төртінші, шұғылданымпаздылық- адамдардың жұмыс пен оқудан бос қалыптағы жағдайы.

Француз социологы Дюмазадьенің, айтуынша; шұғылданымпаздылық- жеке адам  өмірінің демалысы мен сауығуы үшін немесе адамдармен араласа отырып білімін кеңейтуге және өзінің шығармашылық қабілеттерін еркін дамытуға арналған,  үйірмеліе жұмыс пен қоғамдық міндеттерді атқаруға қарама қарсы ұғымдағы әрекет болып саналады.

Әдетте социологияда шұғылданымпаздылықты  міндетті жұмыстан  тыс, оқу мен қоғамдық міндеттерден, демалыстың әр түрлі түрлерінен, тұрмыстық тіршіліктен бос уақыт бөлігі деп түсіндіріледі. Бос уақыттың қызметі көп қырлы. Жалпылама алғанда оның біріншіден, рекрациялық қызметін \ дене, психикалық қажыр қайратты, энергияны қалпына келтіру мақсатындағы демалыс \, екіншіден, дамушы\ жеке адамның физикалық, интлектуалдық, көркемдік, адамгершілік қырларының дамуы \, үшіншіден, шұғылданымпаздылық  пен шұғылданымпаздылық қам-қарекеттері түрлерінің айқындалуы \ спирттік ішімдіктер ішу, құмарпаздық ойындар, бұзақылық, жәй ғана ештеңе бітірмеу\ оның шұғылданымпаздылыққа кереғар құбылыс ретіндегі бұзылған функцияны қалпына келтіру қызметін атқарғандықтарын жатқызуға болады.

Жеке адамның шұғылданымпаздылығы оның уақыт өткізуінің әртүрлі әдістері мен түрлеріне байланысты қалыптасады. Бірақ бұл жерде адамбойындағы дағды мен белгілі бір кезеңдерде қалыптасқан айырмашылығы жоқ қызметтері бірде конструктивті күрделі дамуға бейімделген немесе  днконструктивті кері ықпал етуші \ болып келуі мүмкін.

Шұғылданымпаздылықтың түрлері бір-бірінен көлемі жағына\ ұзақтылығы\; мазмұндылығына \ шұғылданымпаздылық қызметтің өзіндік іріктелуі арқылы\;

Белсенділіктілігіне, әрекетшілділігіне немесе немқұрайлылығына, суырып салмалылығына;  жоспарлануы мен жоспарлауына келмейтін стихиялығына;

кеңістікке қатысты шектелушілікке\ отбасылық немесе қала аралауға қатысты\; қарым –қатына жасайтын ортасына;.

Бос уақытта айналысатын іс-әрекет түрлнрі кітап оқу, театрға, концерттерге бару, спортпен айналысу . шұғылданымпаздылық элементтері деп аталады. Элементтің кейбір түрлері бос уақыттың жалпы бөлігіндегі өздерінің «үлес салмағына» орай және мәдени құндылығына қарай ерекшеленеді.Нақты белгілі-бір әлеуметтік топқа тән элементтер жиынтығы, оның шұғылданымпаздылық құрылымын жасай отырып, адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, оның мәдени деңгейіне байланысты болып келеді де қоғамдағы өзгерістерге қатысты өгеріп отырады

 Шұғылданымпаздылықты ұйымдастыру  жүйесі адамдардың бос уақыттағы сұранымы мен қызығушылығына байланысты болып айқындалады.

Әдетте бір сұрамымды қанағаттандыру екінші сұранысты тудырады. Бұл шұғылданымпаздылық пен оның әрекет түрлерінің байи түсуіне ықпалын тигізеді.

Шұғылданымпаздылық құрылымы бір-бірінен психологиялық және мәдени мәніне байланысты айырмашылықтар негізіндегі «қабаттардан»тұрады.

Енжар демалыс \пассивный отдых \-бұл шұғылданымпаздылықтың ең қарапайым түрі. Кім қандай іспен шұғылданады- бұған ешқандай да мәнберілмейді, тек күнделікті жұмыстан сананы басқа жаққа аудару. Демалыстың бұл түріне мақсат қойылмайды, ол ырықсыз түрде болатындықтан жеке адамға ғана тән, ол шын мәніндегі шұғылданымпаздылықтың бастамасы ғана. Енжар демалыс ұзаққа созылмайды. Ол  шұғылданымпаздылық тан сәл де болса жетілдірілген ойын- сауық деп атауға болатын деңгейіне жатады. Оған әр түрлі сейіл құру, қыдырыстар мен киноғабару, спорттық сауықтарды тамашалау  жатады. Ойын сауықтан шұғылданымпаздылықтың келнсі жоғары деңгейіне өту адамдардың мәдени саласындағы белсенді ізденістеріне қажетті рухани қызығушылығының артуына байланысты. Бұл  ізденістер адамның танымдық қалыптастыруға  әрекеттерін қалыптастыруға    жағдай    туғызады  ,яғнй адам бойындағы  танымдық әрекеттерді жүйелі түрде маңызды кітап оқу, лекция тыңдау, музейлер мен көрмелерге  барып тұру арқылы қалыптастыруға болатындығын көреміз. Танымдық әрекет адамдар үшін өзіндік маңызға ие, сонымен қатар Шұғылданымпаздылықтан  шығармашылық  денгейге өтудің үлкен мүмкіндігі болады.  Шығармашылық адам бойында қанағаттану сезімін тудырып , рухани жетілудің құралы болып табылады .

Кез- келген іс-әрекет, егер де ол адам бойындағы рухани күш пен қабілеттілікті өз бойына сіңіре білсе, ол шығармашылықтың іс-әрекеті бола алады. Шығармашылыққа техникалық, өнертапқыштық, ғылыми ізденіс, көркем өнерпаздыққа қатысуы және т.б. жатады.

Адамның белсенді әрекетке деген  сұранымынан басқа оның дүнтені және өзінің ішкі жан дүниесін жанымен сезінуге, пайымдауға поэтикалық және филоософиялық ойлауға деген сұранымы болады.   Шұғылданымпаздылықтың бұл деңгейін меңзей қарау, пайымдау деуімізге болады.

Бүгінгі күнгі педагогика адамның қалыптасуын бүтіндей бір процесс деп қарайды, ал бұл тәрбие жұмысының өзара байланыстылығын, мақсатты түрде ықпал етуді, белгілі бір жүйелілік арқылы ұйымдастырудың қажеттілігін алдын-ала талап етеді.

Әлеуметтік шұғылданымпаздылық қызметіндегі ұйымдастыру деп әлеуметтік мекемелердегі өзара айқын байланысын басқарудың тиімді жүйесін және клиенттермен өзара қатынастарға қол жеткізетін педагогикалық процестің элементтерін барынша үйлестіріп реттелуін айта аламыз.

Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесі- бұл мақсатты айқындайтын, идеялық-эмоционалды әсер етудің түрін, құралдарын іріктейтін,клиенттердің сұранымы мен талғамын есепке ала отырып, оны қанағаттандыруға қатысты адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуге, белсенділігін арттыруға, айналадағы болып жатқан құбылыстарды қабылдауға барынша жағдай жасауға, адамның жан-жақты дамуына жеке уақытын қызықты өткізуге байланысты, оның қайсыбір әрекеттердің әдісін, әдістемесін, тәсілін қамтитын шығармашылық процесс.

Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесінің құрамдас  бөліктері;

-   Бірінші  қолданылатын педагогикалық факторлар жйынтығы, клиенттерге ықпал етуді қалыптастыратын бастаулар мен негіздер;

- Екінші, адамдар арасында көп қырлы қатынасты ұйымдастырудың және осы қатынасты басқарудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.  Мұндай әдістер мен тәсілдер әлеуметтік мекемелердің әлеуметтік және педагогикалық мақсаттарға Жетуіне  бағытталады;

- Үшінші, Шұғылданымпаздылық қызметтің даму жолдарын айқындап және оны басқарудың принциптері мен ережелерінің жиынтығы.

Құрылымның бұл бөліктері бір-бірімен органикалық түрде байланыса отырып  Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесінің дұрыс қолдану мүмкіндігін жасайды.

әдістемелер жалпы әдістеме,жекелей әдістеме, салалық әдістеме, ересектермен жұмыс істеу әдістемесі, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу әдістемелері болып бөлінеді.

Жалпы әдістеме әлеуметтік жұмыстың әдістемелік құрылымының негізгі заңдылықтарын, Шұғылданымпаздылық қызметіндегі педагогикалық процестің негізгі факторларын әлеуметтік қызметті басқарудың жан-жақты әдістерін зерттеп қарастырады.

Жекелей әдістеме әлеуметтік мекемелердің күнделікті жұыстарының егізгі бағыттарын талдап,сипаттайды. Жекелі әдістемеге; ақпараттық-ағарту жұмыстары әдістемесі; шығармашылық өнерпаздыққа жетекшілік әдістемесі; демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемелері жатады.

Салалық әдістемеге әлеуметтік мекемелердегі эстетикалық тәрбие төңірегіндегі, ұлттық мәдениетті дамыту, салт дәстүр, рәсімдерді өмірге енгізу бағытындағы жұмыстардың ерекшелігі жатады. Сонымен қатар жұмыс істеу әдістемесі жалпылама немесе жекелей сипатта болуы мүмкін.Әдістемелік тәжірибенің және әдістемелік ұсыныстарды тексерудің негізгі қайнары-әлеуметтік  Шұғылданымпаздылық қызметінің практикасы болып саналады.Оны ойластырудың мәні тәжірибелік және теориялық деңгейде қарастырылуы мүмкін.

Тәжірибелік деңгей- бұл практиканы тікелей ойластыру және түсіндіру.Тәжірибелік денгейдің тиімді жэағы жағдайы шұғыл түрде есепке алуда нақтылығы өзіндік ерекшелігі, нәтижесінің шығармашылық сипатта болуында.Әдістеменің теориялық негізделуі үшін педагогика, психология,социология,мәдениеттану,этнография және т.с.с. социологиялық зерттеудің соны нәтижелерін қолдана отырып нақты материалды ойластыру қажет.Әдістемені жазу төмендегі кезеңдерді қамтиды; іс-шараны сипаттау, тәжірибені ойластыру,ұсыныстар енгізу –эксперименттік тексеру-қорытындыны тұжырымдау.

Енді осы Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесінің қалыптасу кезеңдеріне тоқталайық.

-   Қандай да болсын қызықты іс-шараны сипаттау. Теориялық сипаттамада Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесінің жалпы заңдылықтары айқын көрінген тұстары жазылады. Әдістемелік сипаттама кең көлемде жазылуымен ерекшеленеді.

- Тәжірибені ойластыру-бұл ең шығармашылық кезең, бұл кезеңде топтастыру-ортақ ерекшеліктерді іздестіру, біртекті іс-шараларды топтастыру, тәрбиелік міндеттерді насихатшы, үгітші, консультанттардың әрекеттері арқылы  іске асыру  шарттары, іс-шараның өту барысындағы қатынасушылардың әрекеттері- қол жеткізген жетістіктер арасында өзара байланыстың себеп салдарын іздестіру.

- алдын ала ұсыныстар енгізу немесе ғылыми жорамалдар, болжамдар жасау. болжамдар да, әдістемелік ұсыныстар да жалпы педагогикалық заңдылықтар мен басқа да тәрбие орындарының тәжірибелеріне сүйенуіне болады.

-  эксперименттік тексеру. Мұндай тексерістен кез-келген теориялық және әдістемелік жаңалықтар өткізіледі.

- Қорытынды тұжырымдау.Қорытынды пікірлер нақты әдістемелік немесе жалпылама-теориялық болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда оларды практикадағы эксперименттік  тексеруден кейін анықтауға болады. 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!