Буккроссинг дегеніміз не?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Буккроссинг дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Буккросин жайлы мәлімет. Бастауыш сынып оқушыларын кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатындағы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы


Буккроссинг дегеніміз не?


Әйгілі сөз зергері, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітап-хана»,-деп керемет атап көрсетті емес пе. Бүгінгі техно логиялар қаншалықты қарқынды дамып жатса да, әлем тарихының айнасына айналған миллиондаған ғылыми, әдеби туындыларсыз адамзат өмірін елестету мүмкін емес. Соған қарамастан, кітапханаға жиі барып тұратындарды немесе кітап дүкендерінен қымбат романдарды сатып алатындарды сирек көретін шығарсыздар. Оған сылтау жоқ емес: біреуі уақыт тапшы десе, екіншісі қалтам көтермейді деп айтуы мүмкін. Ал кітап сыйлау немесе «буккроссинг» деген шара жайында естігендеріңіз бар ма? Бұл әдеби шараға еліміздің кітапсүйер қауымының біраз бөлігі қатысып та үлгерген екен. Бұл мәдени шараның мақсаты – көркем әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмай, өз оқырманын табуына ықпал ету, тұрғындардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Әдебиеттің өз оқырманын іздеп шығатын бұл қозғалыс осыдан бірнеше жыл бұрын Америкада басталған болатын.

Ағылшын тіліндегі «буккроссинг» сөзі тура баламасында кітаптың азат етілуі деген мағынаны береді, орысшасы – «книговорот», қазақшаға аударғанда «кітаптың айналыста жүруі». Аталған шараның мәні неде десеңіз: кез келген адам өзі оқып шыққан соң белгілі бір кітапты жұрт көп жүретін жерде әдейі «ұмытып» кетеді, оны басқа бір адам алып оқиды, оқып болған соң, ол да сол жерде «ұмыт қалдырады», сөйтіп кітап үшінші адамның қолына тиеді, осылайша жақсы кітап «саяхатқа шығып», елге тарала береді… Әлемдік жаһанданумен бірге біздің елге де аяқ басқан осы шараның ерекшелігі – рухани игілігіміздің назардан тыс қалып қоймай, қайта айналымға енуінде. Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда буккроссинг-ті кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге айналдырудың ешқандай артықтығы жоқ. Жан азығын жаңғырту үшін пайдасы бар аталған тәжірибені өз кітапханаларымызда да қолға алсақ, істі барлық ауылға таратсақ, оқырманын таппай жүрген кітаптарды кеңінен насихаттауға жол ашсақ деп едім. Тұрғындар, кітапханашылар, ұстаздар, оқушылар, кітапхананың тұрақты оқырмандары соған өз үлестерін қосса, нұр үстіне нұр болар еді

«Буккроссинг» үдірісі «өзің оқыдың басқаға бер» принципке негізделген қарапайым әрекеттен тұрады.

Мектепте кітаппен ауысу орыны: мектептің кітапханасы

Сіз:

  • Үйде шаң басып жатқан кітаппен бөлісе аласыз;

  • Ұнатқан кітабыңызды таңдай аласыз:

  • Кітапты қайта тапсыра аласыз;

  • Кітап туралы пікір қалдыра аласыз:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2021
1520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі