ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Цифрлық сауаттылық - бүгінгі таңның мұғалімдеріне еріксіз қойылған талаптардың бірі болып келеді. Бәсекеге қабілетті білім алушыларды оқыту барысында білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді пайдаланып, оны практика да дұрыс қолдану аса маңызды фактор. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біз оқытқан білім алушылар халықаралық дәрежеде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және робототехника саласында бәсекеге түсе алатындай, жеңіске жете алатындай болуы тиіс. Білім беру саласында айнымас артықшылыққа қол жеткізу құралы болу керек. Жалпы үдеріс жүйелілікті, бірізділікті және кешенді тәсілді талап етеді. Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Біз онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы айтып отырмыз. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.[1, 11]
Цифрлық оқытудағы инновациялар техникалық инновацияларды емес, сонымен қатар университеттің құрылымы мен ұйымдық принциптерінде білім беру курстарының мазмұны мен ұйымдастырылуының өзгеруін білдіреді. Цифрлік оқыту қалыптастыру барысында білім беру құрылымы мен оқу үдерісін ұйымдастыру түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер оқу курстарын толтыру үшін және оларды ұйымдастыру үшін және университетті басқару үшін материалды іріктеуде күрделі мәселе болып табылады.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, «елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы». Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.
Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал кейінгі бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазiр бiлiм жүйесiндегi кез келген мәселе арнайы зерттеу арқылы, әлемдiк тәжiрибемен салыстыру арқылы жүзеге асады. Заманауи ақпараттық жүйе заманында бiлiм мен ақпаратты оқулықпен ғана емес, интернетпен де игеруге болады. Бiр мезетте жан-жақтан келген ақпарат ағыны қарапайым оқушыға да әсер етуi мүмкiн. Ақпараттың агрессивтi түрiнен қорқу керек. Сондықтан да оқушының виртуалды кеңiстiкте де бiлiм алуына жағдай жасау үшiн жұмыс iстеп келемiз.
Электрондық оқыту жүйесі ең алдымен оқытушы мен оқушыға үлкен еркіндік береді. Бұл екеуінің де тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қолайлы. Тұлға болып қалыптасуына қолайлы. Тұлға деген өз-өзіне нақты мақсат қойып, өздігінен жүйелі әрекет ете алатын, өз тірлігіне өзі жауап бере алатын адам. Тұлға деген адами да, кәсіби де деңгейі өте жоғары, толыққанды өмір сүретін адам.
Қысқасын айтқанда, цифрландырудың сиқырлы әлеміне ену жөніндегі Қазақстанның қазіргі ынта-жігері және ұмтылысы көптеген бағалаулар бойынша жаман емес. Дегенмен қол жеткенге тоқмейілсудің ешбір реті жоқ. Керісінше, үдерісті одан әрі үдете түсу қажет. [2, 3-4]
Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін мұғалімдердің іс-тәжірибелерін қолдануда оқушыға берер төмендегідей тиімділіктері аңғарылды:
-
түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады;
-
өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;
-
тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;
-
пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
-
ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды;
-
өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде жеткізеді;
-
түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
-
түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді.
Қазіргі кезде әр түрлі білім беру үшін платформалар бар. Сабақтың әр кезеңінде түрлі әдіс-тәсілдерді білім беру үшін платформаларын қолдануға болады. Ойын түріндегі оқыту платформалары Padlet онлайн тақтасы – кері байланыс және топтық жұмыстарды ұйымдастыруда,Wordwall платформасы - өткен сабақ және жаңа сабақтағыт тапсырмаларды орындауда оларды сәйкестендіру, кездейсоқ сұрақ қою үшін, Kahoot платформасы- білімді тексеруге ыңғайлы, Umaigra платформасы - дидактикалық ойын құрастырушы, Google Classroom - оқу процесін басқару жүйесі немесе оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекеттестігі үшін Google қолданбаларын қолдануға болады. Power School пайдалану, мұғалімдер сыныптың веб-сайтын құра алады, өздерінің цифрлық тапсырмаларын әзірлей алады немесе интернетте табылған басқа оқу материалдарын құрастыра алады. Alma - бұл мүмкіндік беретін онлайн-оқыту жүйесі мұғалімдер күнтізбелерді, оқу бағдарламаларын, тізімдерді, сынып кітапшаларын құруға, оқу жоспары мен тапсырмаларды ұсынуға оқушылар мен ата-аналардың порталы арқылы. Алманың ең үлкен артықшылықтарының бірі - бұл қол жетімді мүмкіндіктердің кең ауқымы арқылы мұғалімдер мен әкімшілердің тақтайшаларынан еркін жұмыс жасау. .[3, 2-3]
Білім беруде цифрлық технологияларды қолдану білім алушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, оқытуды жекелендіруге және сабақтың техникалық қамсыздандырылуын жоғарылатуға, оқу-танымдық іс-әрекет түрлеріне сәйкес білім беру контенттерін қалыптастыруға, атап айтқанда, білімді меңгерудің нәтижелерін жылдам тексеру мен бақылауға, кері байланыс орнатуға, үлкен көлемдегі білім мазмұнын ықшам және ыңғайлы құрылымда ұсынуға, білім алушылардың өзбетіндік зерттеушілік қызметін белсендіруге, сабақтардың практикалық бағыттылығын арттыруға, оқу мазмұнын меңгертуді визуальды қабылдауды белсенді ету арқылы жеңілдетуге, білім алушылардың танымдық қабілеттері мен шығармашылық іс әрекеттерін күшейтуге мүмкіндіктер береді.
Бұл педагогиканың жаңа бағыты цифрлық педагогиканың жедел дамуымен, цифрлық педагогиканың пәндік аумағы туралы алуан түрлі зерттеулердің артуымен негізделеді.
Цифрлық педагогика цифрлық білім берудің мәнін, заңдылықтарын, жеке тұлғаның дамуындағы цифрландырылған білім беру процестерінің рөлін ашатын, олардың нәтижелілігін арттырудың практикалық жолдары мен тәсілдерін әзірлейтін ғылым саласы ретінде пайда болды.
«Цифрлық педагогика» деп «жаңа педагогиканы» — білім берудің мәнін, заңдылықтарын, оның тұлғаны дамытудағы рөлін ашатын, педагогикалық процесті орталықсыздандыру, оны білім алушының қызметіне қайта бағдарлау, оның дербестігі мен академиялық ұтқырлығы мақсатында ашық білім беру ресурстарының, ақпараттық технологиялардың көмегімен білім беру процестерінің нәтижелілігін арттырудың практикалық жолдары мен тәсілдерін әзірлейтін педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі ғылыми білім
саласы деп түсіну
қажет. [4,
33-43]
Тараз қаласы
№ 15 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі,
педагог-зерттеуші
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Жетебаева Гаухар Бердибековна «Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт» мақаласы // https://multiurok.ru/files/tsifrlandyru-bugingi-bilim-berudegi-zhana-bagyt.html//2019 б. -13.
-
Ниязова, Г. Ж. Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында оқыту әдістемесінің өзгеруі / Г. Ж. Ниязова, У. А. Турсынбеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 10 (405). — С. 212-214. — URL:https://moluch.ru/archive/405/89326/ (дата обращения: 01.03.2023).б.3-4
-
«Оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері» атты Феруза Шынболат Рахымқызының мақаласы// https://infourok.ru/oituda-aparatti-tehnologiyalardi-oldanu-erekshelikteri-maala-2031157.html б.2-3
-
Илалтдинова Е. Ю., Беляева Т. К., Лебедева И. В. Цифровая педагогика: особенности эволюции термина в категориально-понятийном аппарате педагогики // Перспективы науки и образования. 2019. № 4 (40). С. 33–43. doi: 10.32744/pse.2019.4.3
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз