"Дарынды балалармен педагогикалық жұмыс" туралы баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дарынды балалармен педагогикалық жұмыс" туралы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда қоғамның интеллектуальдық және шығармашылық негізі – дарынды балалармен жас өспірімдердің дамуына қолайлы жағдай жасай білуімен байланысты.Қоғам қашанда шығармашылықпен жұмыс жасайтын тұлғаларға мұқтаж.Демек бүгінгі күні қабілетті,дарынды балаларды қоғамның келешегі ретінде қарап айқындау оқытумен тәрбиелеу өзекті мәселе болып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы






Курстық жұмыс


Дарынды балалармен педагогикалық жұмыс























Мазмұны



Кіріспе......................................................................................................................3


І тарау. Дарындылық туралы шетел және кеңес психологтарының ғылыми теориялық ой – пікірлері

1.1.Дарынды балалар туралы шетел және кеңес психологтарының

көзқарастары мен зерттеулері.....................................................................8

1.2.Дарынды балалалардың негізгі категориялары............................................15

1.3.Дарындылық түрлері.......................................................................................18



ІІ тарау. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтаудың және дамыту жолдарының әдістерімен міндеттері

2.1.Дарындылықты диагностикалаудың тесттік әдістері..................................23

2.2.Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтаудағы және дамытудағы алынған нәтижелерді өңдеу............................................................28


Қорытынды..........................................................................................................39

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................41

Қосымша...............................................................................................................44






















Кіріспе

Қазіргі таңда қоғамның интеллектуальдық және шығармашылық негізі – дарынды балалармен жас өспірімдердің дамуына қолайлы жағдай жасай білуімен байланысты.Қоғам қашанда шығармашылықпен жұмыс жасайтын тұлғаларға мұқтаж.Демек бүгінгі күні қабілетті,дарынды балаларды қоғамның келешегі ретінде қарап айқындау оқытумен тәрбиелеу өзекті мәселе болып отыр.

Оқушы мектеп қабырғасында білім стандартына сәйкес білім алумен қатар,ғылым көкжиегіне көз жіберіп,зерттеу мен зерделеуді, саралап – сараптауды үйрене бастауы тиіс.Бүгінгі күні өте қабілетті,дарынды балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау кезек күттірмейтін іс.Бала қабілеті мен дарынын толық ашу бала үшін ғана емес,ең алдымен, қоғам үшін маңызды.

Қазіргі жаһандану кезінде болып жатқан еліміздегі әлеуметтік өзгерістер жасөспірімдердің мінез - құлық өзгерістеріне жаңа көзқарастармен қарауды қамтамассыз етіп отыр.Дарынды балаларды зерттеген кезде оған әсерін тигізетін факторларды жан – жақты талқылануы тиіс.

Кеңес үкіметі кезінде бұл мәселеге мән берілмей,сахна сыртында қалып отырған.

Қазіргі жаңа ақпараттық технологияның дамып жатқан шағында дарынды балаларды анықтау және олардың дамытып,қоғам игілігіне пайдалану кезек күттірмейтін іс болып отыр.Еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін дарынды жастардың болашағын айқындап ашып беру және психологиялық – физиологиялық саулығын қамтамассыз ету керек.

Мемлекет басқарудағы, экономика, ғылым, мәдениет, өнер салаларында орын алатын қабілетті жастардың зерделілік әлеуетін дайындау білім берудің ұлттық моделін құрудағы басым бағыттардың бірі.Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін,сондай - ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын көрсетеді.Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлде қайда тиімді болып табылады.

Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні , ең алдымен,зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі.Білуге деген құштарлық,бақылауға тырысушылық,тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады.Ендеше, зерттеушілік - бала табиғатына тән құбылыс: бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

Психологиялық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші роль атқарады.

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағды мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдығымен түсіндіріледі.Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып,өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде өзі ашады.

Қазіргі кезде қоғамдық - әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде біршама жаңарулар болып жатыр.

Дарынды оқушының шығармашылық деңгейін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдіс - тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

Балалар бойындағы дарындылықты анықтау ұлттық маңызды мүдделердің бірі.Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ бала деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз.

«Ұлттық бәсекелестік қабілеті оның білімділігімен өлшенетінін» басты назарда ұстайтын Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында да «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті.

Қазіргі таңда дарынды балаларды анықтауда психология, педагогика, медицина ғылымдары үлкен назар аударуда.

Дарынды балаларды анықтау аймағында Н.С.Лейтес, Г.А.Платова, О.М.Дьяченко, В.С.Юркевич, Ю.Д.Бабаева, А.Е.Войскунский , Ү.Б.Жексенбаева, С.Л.Рубенштейн, Б.М.Теплов, Л.С.Теплов ,В.Д.Шадриков, А.В.Запорожец, Л.А.Венгер, А.В.Брушлинский, Ч.Спирмен, А.Ф.Лазурский, Г.Айзенк, Дж.Равен, Я.А.Пономарев, Д.М.Ушаков,Д.Б.Богоявленская, М.А.Холодная,В.Н.Дружинин,Дж.Рензулли,А.С.Стеценко және т.б.еңбек сіңіріп жүр.

Зерттеу мәселесінің көкейкестілігі:Дарынды балалармен жұмыс істеу кезінде мектептен тыс көркем өнер, музыкалық, спорттық мекемелер, ғылыми қоғамдар, жоғарғы оқу орындары айтарлықтай роль атқаруға тиіс. Өйткені «Дарындылар» аудиторияларын кеңейту және олардың шығармашылық қабілетінің дамуы үшін табиғи жағдайлардың сақталуына мүмкіндік беру көкейкесті мәселе болып отыр.

Зерттеудің мақсаты: Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтау және дамыту жолдарының теориялық негізіне талдау жасау,әлеуметтік факторларды психологиялық тұрғыда зерттеу.Еліміздің ғылыми әлеуетін жоғары деңгейге көтеретін, ғылыми – теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік,өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлғаларды анықтау.

Зерттеу міндеттері: 1) Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтау және дамытуға әсер етуші факторларды теориялық тұрғыдан зерттеу;

2) Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін тәжірибе жүзінде анықтау,салыстырмалы талдау;

3) Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолында профилактикалық жұмыстар жүргізу;

4) Ерекше қабілетті,дарынды оқушылардың өзіндік дамуына ықпал ету;

5)Шығармашылық қабілетін анықтау;

6)Интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін көтеру;

7)Теориялық талдау,өзіндік тұжырым жасау,ғылыми теориялық негіздерге сипаттама беру қабілеттерін дамыту;

Зерттеу болжамы: Егер, дарынды балаларды ата-аналары, ұстаздары,қоғам, құрдастары, тарапынан дұрыс әлеуметтік, педагогикалық тәрбие берілсе, профилактикалық жұмыстар алдын – ала жүргізілсе, жаһандану кезінде болып жатқан еліміздегі әлеуметтік өзгерістерге дарынды балалардың әсері мол болар еді.

Зерттеу обьектісі: 8 сынып дарынды оқушылары.

Зерттеу пәні: Дарынды балалардың шығармашылық қабілетінің даму үрдісі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми мәліметтерді психологиялық – педагогикалық әдебиеттерді зерттеу, талдау, тәжірибелік мәліметтерді жинау. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтауға әсер етуші әлеуметтік факторларды зерттеу,салыстырмалы талдау, дарындылығын анықтайтын әдістемелерді қолдану.




















І тарау. Дарындылық туралы шетел және кеңес психологтарының ғылыми теориялық ой – пікірлері


1.1.Дарынды балалар туралы шетел және кеңес психологтарының

көзқарастары мен зерттеулері


Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде дарынды «асқан қабілетті, талантты» деп түсіндірілсе, ал Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп берілген.Ендеше, әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалды дамуы, жеке тұлғаны дарындылығын,талантын,қабілетін дамыту - дарынды балалармен жұмыста ең басты нысана.

Дарындылық ұғымы,жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі,жеке қабілеті,оны танудағы жүйелі жұмыстар төңірегінде дүниежүзі ғалымдары біршама зерттеу жұмыстарын жүргізгені белгілі.Бірақ,адам қабілетінің қайнар көзі,оның дарындылық,тума таланттық қасиеті толық зерттеліп болған жоқ деп айқын айтуға болады.Өйткені адам санасы зерттелмей жатқан ғарыш кеңестігімен бірдей.

Адамның дарындылығы оның жоғарғы нерв қызметінің тума типіне байланысты болып келеді. А.Н.Колмагоровтың байқағанындай: «Зерттеу жұмысында дарындылықты нақты анықтайтын тест болмайды» дейді.

Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса,ол ерте көзге түсетін болады,демек бала қабілетінің ашылуы қоршаған орта,қоғамға байланысты.Тарихта ерте жастан дарындылығымен көзге түскен адамдар болғаны белгілі.Мысалы,Дюрер үш жасында өз портретін салған,жеті жасар Моцарт төрт соната жазып үлгерген.Тоғыз жасар Гете неміс,латын,грек тілдерінде өлең жазатын болған.Бертіндегі отыз – ақ жыл өмір сүрген Шоқан Уәлиханов та аз ғана ғұмырында адамзаттық ғылымға баға жетпес үлес қосып кетті.

Ж.Аймаутовтың пікірінше,адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттермен,қабілеттермен келеді.Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқу мен тәрбие.

Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауы мен әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясындағы басым бағыттардың бірі,осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту салаларына зор маңыз беру деп баса назар аударды.

Дарынды балалар – бұл болашақта қоғамның әлеуметтік және өнеркәсіптік өміріне жаңа өзгерістер енгізетін потенциал. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді қазақ мәтелі.Иә, ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Және ол сәт сайын өзгеріп,өрлей дамыған саналы тіршілік.Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы - тәрбие.Демек,ұрпақ тәрбиесі - қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі болып келегендігі дәлелдеуді қажет етпейді.Қазіргі жас ұландар – болашақтағы еліміздің тіректері,еліміздің болашақ өкілдері болып табылады.

Ел Президенті 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, «Біздің жас мемлекетіміз өсіп – жетіліп, кемелденеді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының өресі биік,денсаулығы мықты өкілдері болады» дейді.Жолдауда атап көрсетілгендей,өз ұрпағының жауапты да жігерлі болып,өресі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің, психологтардың жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс-әрекеті ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді.Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен заңдылықтарын жетік білу,жаңа оқу технологиясын жетік білу және дұрыс қолдану жатады.Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап,өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы,жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқтыөзекті мәселелер енгізіліп отыр.Соңғы кезде дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көп көңіл бөліне бастады.

Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып,ақыл – ойын, икемділігін дамыту қажет.

Шығармашылық қабілеттілік – бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс - әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы,жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Тарихта халыққа басшылық етіп,әр салада жаңалықтар ашып,таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған.Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарты – дарын иелерін жастайынан таңдай білу.

Адамзат өркениетін алға апарушы,дамытушы күші болып саналатын дарынды балалар мен жастарды қолдау,іздестіру ,тәрбиелеу,оқыту әрі дамыту проблемасының көкейкестілігі Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әулетін сақтау және дамыту қажеттілігінен туындап отыр.

Өмірде даналыққа жетудің бір –ақ жолы бар.Ол – білім.Білім беру – дара тұлғаның,қоғамның экономиканың ,мемлекеттің дамуының маңызды шарты мен құрамы.

Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды.Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс - әрекетке қабілеттілік байқатады. (сурет салады,билейді,өлең айтады,белгілі бір музыкалық құралда ойнайды,мүсін салады.)Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте – бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт – бағдар бере алмайды.

Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік,шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.Сондықтан ата – аналардың,мұғалімдердің, психологтардың алдында жаңа міндет:балалардың жеке қабілеттілігін,бейімділігін анықтау және оны дамыту,соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр.Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді.

Педагогикалық энциклопедияда дарындылыққа мынадай анықтама береді: «Дарындылық – белгілі бір іс - әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».

В.Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттерінің жиынтығының бірлігі деуге болады» деп тұжырымдайды.Сонымен қатар «дарындылық» қабілеттіліктің жоғары деңгейін белгілейді.

Н.С.Лейтестің редакциялауымен 1996 жылы жарық көрген «Дарынды балалар мен ересек балалардың психологиясы» атты еңбегінде Н.Лейтес дарындылық ұғымына мынадай анықтама береді: «Дарындылық - баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарылығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы».Бұл ой тұжырымдарды дарындылық тек педагогикалық қана емес,әлеуметтік те мәні бар құбылыс деуге болады.Осы бағыттағы зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе,дарындылық ұғымына төмендегіше анықтама береміз: дарындылық - адамның бір не бірнеше іс - әрекет саласында жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтынкөп өлшемді,ықпалдастырылған (интегральное) құрылым.Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді.Зеректік,байқағыштық қасиеттері жоғары болады.Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды.Сурет салады,өлең жазады.Мысалы, Ч.Дарвин көп уақытын көбелек қуып,коллекция жинауға бөледі екен.

Көрнекті психолог С.М.Жақыпов еңбектерінде оны: «Қабілеттіліктің қалыптасуындағы индивидуалдық ерекшеліктері (әдеттегідей мұны дарындылықтың туындауы немесе жоқтығы ретінде қарау) концептуалдық жүйе бойынша былай анықталады:

  1. талаптардың сандық және сапалық көрсеткіштеріне,

  2. біріккен іс - әрекеттегі серіктестердің мазмұнды сипаттамасына (ата – ананың жалпы деңгейі, мұғалімнің шеберлігі т.б.)

  3. біріккен іс - әрекеттің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты», деп көрсетті.

Дарындылықтың шешілмеген мәселелері ретіндегі қазіргі авторлардың қарастырулары, мұны өзгермелі түрде қарайды «жасерекшелік дарындылық» (Н.С. Лейтес, 2001), шығармашылық белсенділік пен дарындылықтың байланысы мәселесі (Матюшкин А.М. 2001),қабілеттілік және психикалық процестердің байланыстыру мәселесі (Панов В.И. 1998) және т.б.Бұл арқылы дарындылық психологиясының көп аспектілерін түсінуге мүмкіндік ала отырып шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын анықтаймыз.

Шығармашылық қабілеті бар балалар көбінесе шапшаң, тез ойлайтын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын болып келеді.олардың түсінігі жоғары,сезімтал, ойға алған нәрсесін,алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамып,моральдік қасиеттерге өте бай , қиял – күші басым болады.

«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш – қуат, қажыр – қайраты мол, ақылды да, дарынды жастар керек» Н.Ә.Назарбаев

Ұлтымыздың алтын кені болатын дарынды балаларды тәрбиелеудің негізгі орталығы - білім ордасы.Дарынды оқушыларды іріктеу оңай жұмыс емес.Табиғи дарынды, талантты балалардың қасиеттерін біліп, оның дамуына қамқорлық жасайтын: ата – ана, ұстаз, психолог.


Зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі.Зерттеусіз баланың қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Қабілетті оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру зерттеуге оқытудың түрлі форма - әдістері арқылы жүзеге асырылады.Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес табыстарға жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу сәйкес табыстарға жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеуге арқылы өздерінің қабілеттерін аша түсу керек.

Дарын өкілдерінің қуат – қабілетінің шарықтайтын шегі болады.Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп,мейілінше айқындалады,байқампаздығы онан сайын арта түседі.

«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе,соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады.Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс,жеткілікті бағаламаса,оның «өзгелер сияқты » болып қалып қоюы мүмкін» дейді америкалық ғалымдар.

Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі.

  1. Ой - өрістің жоғарылығы.

  2. Академиялық табыс.

  3. Шығармашылық және тиімді ойлау,пікір айту.

  4. Көркемдік әрекет.

  5. Қатынас және белсенділік.

  6. Қозғалғыштық.

Адам жан – жақты даму мен өздігінен жетілу (өзінің жақсы қасиеттерін, қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіру) үшін басқа адамдармен араласу керек. Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық,әлеуметтік жағдайларына баса назар аудару керек.

Дарынды баланың бірден көзге түсетін ерекшеліктері: оның шектен тыс белсенділіктері, аз ұйықтауы, танып білуге деген құштарлығы, қолына түскен заттарды реттеп жүйелеу, қайта құру әрекеттерін ұнатуы, ерте сөйлеуі, естігенін сөзбе сөз қайталауы т.с.с

Ғалымдар бала дарындылығын тағы бір аспектіде қарастыруға ұсынады. Дарындылық бала қызметіне анық және айқын көрінетін болса, онда олар оны анық деп атайды, қарама-қарсы көрінбейтін формада болса оны жасырын дарындылық деп атайды. Осы формаға өте жақын актуальді және потенциялды дарындылық бар. Көрінген, шамаланған дарындылықты яғни, психологтармен, педагогтармен, ата – аналармен байқалған дарындылық «Актуальді» деп аталады. Дарындылықтың берілген түрін көрсеткен балалар, әдеттегідей дарынды емес, талантты балалар деп аталады. Керісінше, жоғарғы жетістіктерге жету үшін нақты психикалық мүмкіндіктерді көрсететін дарындылық, бірақ функционалды жетіспеушіліктердің берілген кезде анық болмауы «Потенциялды» деп аталады. Бұл психологиялық көзқарас үшін өте қызықты және қажетті олжа болып келеді. Ілгері уақытта бұл ойлар әртүрлі ғалымдардың зерттеулерінде айтылған (К.Юнг,Н.С.Лейтес және т.б.),бірақ ең алғаш рет нақты айтылып отыр.

Дарындылықты уақыт ағымына қарай ерте және кеш кездегі дарындылық деп айтуға болады.

Көптеген атақты ғалымдар,музыканттар ,суретшілер және ақындар өзінің қажеттіліктерін ерте жас кезінде көрсете білді.А.Моцарттың жарқын шығармашылық жетістіктері барлығына белгілі,балалалық шақтарындағы Ф.Гальтонның,И.И.Мечниковтың,К.Гауссаның,Н.Винердің,Г.В.Лейбництің,В.Гюганың,Ф.Шуберттің,Н.А.Римский-Карсаковтың,М.Мусорскийдің көрнекті жетістіктері бар,бұл тізімнің аяғы жоқ..Дарынды балалар айтылып кеткендей үлкен кезінде атақты болады,бірақ әрқашан емес,ол ешкімге құпия емес.Жас балалық кезінде өзін - өзі көрсетпеген адамдар,есейген кезінде көрнекті нәтижелерге жеткен.Мысалы,Н.Коперник дарынды балалар арасында да болған жоқ және ғалым астрономдар қатарына да қосылмаған.

Дарынды деп үш негізгі параметрге сәйкес жағдайда ғана айтуға болады. Яғни, бірінші әлеуметтік даму, екінші интеллектуалды қабілеттілік, үшінші шығармашылыққа қабілеттілік. Егер параметрлерінің біреуіне сәйкес келмесе, онда біз дарынды баламен емес, ол бір маңызды бірақ ерекше психологиялық құбылысты іс болып табылады. Көптеген зерттеушілер идентификация кезінде дарында балалар «демократиялық көріністерден көрінеді» мысалы Д.Ж.Рензулли былай айтады: «Егер бала белгіленген параметрлерге сәйкес ең болмаса бір қабілеттілік жоғарғы деңгейде болса, онда оны дарынды деп дарынды деп квалификациялауға болады. Бұл жағдайдың кейбір шарттарын теория көзқарасынан белгілейтін онда педагогикалық қатынастан берілген әдіс өту продуктивті болады.»

Даму жалпы және жеке болып ерекшеленеді. Әрбір дарынды бала қайталанбайды, бірақ өзінің жеке бала дарындылығында көптеген өзінің ерекшеліктері болады. Олардың құндылығын тәжірибелі психологтар, бала бақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері, ата-аналар үнемі байқайды. Қызметтің пәндік мазмұнына қарамай-ақ (суреттік, техникалық, комуникативті және т.б) бала дарындылығының дамуы білім бағдарламасын дамытуда, белгілібір нәтижеде жалпы көзқарастарды қарастыру керек. Олар негізгі ориентир «даму контуры» болып қарастырылуы мүмкін. Олар нақты қызметтің ерекшеліктері мен байланысты ұқсас емес арнайы психикалықжаңа білім және де дәстүрлі түрде педагогикадағы арнайы білімімен белгіленеді.

Дарынды балалар арасында ерекшелентіндерді американдық ғалым Л.Холлитнгуорт былай белгіледі: мектепті жек көрушілік, ойын қызықтарына ерекше бағытталуы; философиялық мәселелерге жүктелу; физика арасындағы интеллектуалды және әлеуметтік даму сәйкессіздігі, Ю.З.Гильбух ең негізгі ең негізгі дарынды балалар ерекшелігіне ертежоғарғы білім белсенділігі және білімге құмарлық; жылдамдықжәне ми операцияларының нақты орындауы; логикалық ойдың әдетін қалыптастыру; белсенді сөздіктің байлыңы; жылдам және вербальді ассоциациялардың тазалығы ; шығармашылық ойдың дамуы және көз алдына елестету, негізгі оқи білу компоненттеріне ие болу.

Атақты неміс маманы К.А.Хеллер дарынды балаларды оқытуда, төмендегідей олардың тұлғалық сипаттамаларын белгілейді:

  • жоғарғы интеллектуалды қабілеттілік;

  • белсенді шығармашылыққабілеттілік;

  • атақты жады және тезқабылдау қабілеттілігі;

  • интеллектуалды қызығу және білімге деген талпыныс;

  • жоғарғы тұлғалық жауапкершілік;

  • өзіндік эффективтілігіне көзжеткізу және өзіндік ой талғысы;

Көптеген ресей зерттеушілер жұмыстарында бір топ сипаттамалар белгіленген және айтылған. (Д.Б.Богоявленская, О.М.Дьяченко, В.А.Петровский т.б) Төменде қарастырылатын дарынды балалардың психикалық даму ерекшеліктері әртүрлі контент – талдау әдістерінің қайнар көздерінен алынған және де автордың өзінің эмперикалық зерттеулері нәтижелерінен анықталған. Білу сферасындағы даму ерекшеліктері: қызық құмарлық, білу қажеттілігі, яғни білім шыңына алып бару үшін, бұл түсініктер мен әр мұғалімге анық «саты» белгіленеді. Оның бірінші сатысында барлық балалар болады, яғни дарынды және дарынды еместер. Қызық құмарлық жаңа нәрсені білу құмарлығы, интеллектуалды стимульяция, ресейлік психологияда анықталатын және ми пікірлерінің қажеттіліктері әрбір дені сау балаға сипатталынған (Л.И.Божович, Л.А.Венгер, А.В.Запорожец, Н.С.Лейтес т.б)

И.П.Павлов өзінің жұмыстарында оның шығу және анықталу механизмін де ашты. Ол мынадай шартсыз рефлекс қатарында бұл азықтық, қорғану және де зерттеу рефлексі де бар деп сызып көрсетті. Бұл рефлекс адамда және еңжоғарғы маймылдарды ерекше күшке жетеді. И.П.Павлов былай жазған : «Пайдакүнемсіздік білім құмарлығы» өзіндік түсінікке ие.

Бұл қажеттілік мидың әсерлерінен жай- жай білім құмарлыққа ауысады, яғни оны білу қажеттілігінің екі деңгейі сияқты қарастыруға болады.

Білім беруді дамытудың 2005-2010 ж.ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйелерінде дарынды балаларға жете көңіл бөлуді қажеттіліктерімен тығыз бірлікте қарастырады.

Қазіргі заманғы мектептің негізгі проблемаларының бірі – оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту проблемасы.Шығармашылққа деген қажеттілк пен өз ойын білдіруге деген қасиет адам бойында туғаннан қалыптасқан.Кейбіреулер шығармашылыққа үйрету мүмкін емес дейді, бірақ оның адам бойында өшіп қалмауы үшін оны мақсатты да,саналы түрде дамыту керек.Бұл мен үшін тәрбие мен оқытудың маңызды міндеті.

«Қазақстан - 2030» стратегиясы анықтап берген және республикасының ғылым мен білім жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі – мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне,егеменді еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосар білімді мәдениетті жастардың шығармашылық қабілетін анықтау.Осы жолдауда айтылғандай ХХІ ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар,олардың еркі,жігері,табандылығы,білімі».Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл – ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет,дарынды балаларды анықтаумен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет.

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына адамзаттық құндылықтар,ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан,тәні және жаны сұлу,өзіне - өзі сенімді,ғылыми – теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік,өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтау өте күрделі,жан – жақты мәселе.Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар.Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытынды нақты қабілетін анықтап дамыту керек.Ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан дарынды балаларды іздеу алтынның түйірін тапқанмен бірдей.Бұл көзқарастар тұқымқуалаушылық пен тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы.

Әрбір баланың еркін дамып,оның ішкі даралық және даралық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтердің шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамассыз еті үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.

Дарындылыққа баратын міндеттерді төмендегідей анықтауға болады:

Дербестік - оқушының алдына нақты мақсат қойып,оған жету жолын өздігінен таба білу көрсеткіші.

Білімділік - әрбір істі нақты орындайтын,ақылы орамды,ойы кең, ұшқыр сана көрсеткіші.

Батылдық - өзіне тапсырылған жұмысты орындау барысындағы кездескен қиындық,қорқынышты жою жолындағы еңбек көрсеткіші.

Өнерлілік - тынымсыз, ізденгіш, ширақ, қиялы бай, алғыр жан- жақтылық көрсеткіші.

Елгезектік - тапсырылған жұмысты мерзімінен бұрын орындау, жауапкершілік көрсеткіші.

Шешендік - атқарған ісін көркем тілмен, әсем үнмен,әртүрлі ортада өзін жан – жақты көрсетіп,маңайын айтқанына елітіп, көрсететін иландыру көрсеткіші.

Шыдамдылық - әр жұмыстың қиындығына қарамай, жан – тәнімен атқарып,ерік – жігерін шыңдау көрсеткіші.

Білімге құмарлық немесе ми белсенділігі, жалпы түрде ми қабілеттілігінің конгломераты және мотивациялық факторлар сияқты ұсынылады . Білімге құмарлықтың тұруы тағы да бір маңызды ерекшелікке байланысты,зерттеулер қатарында белгіленген. Сөз эмоция туралы болып жатыр.


1.2.Дарынды балалалардың негізгі категориялары


Тарихта көптеген болашақ данышпандардың балалық кезіндегі қызыққұмарлық және білім құмарлық білімқұмарлық туралы оқиғалар сақталды. Атақты астроном Кеплердің естеліктері ерте кезден ол әртүрлі сұрақтар туралы ойлады. «Аспан жан , рух, от табиғаты, бұлақтардың пайда болуы».

Бәрімізге таныс,кішкентай А.пушкин лицейге түспей тұрып, әкесінің кітапханасын пайцдалана отырып, өзі французша оқып үйренді.Ол сондай жақсы білді, сол себепті жолдастары лицейде француз деп атады.

Мәселені көру қабілеттілігі, сезу - маңызды сапаның бірі (Д.Гильфорд, В.Лоэнфельд, А.Н.Лук,А.М.Матюшкин, К.Осборн және т.б.).Дарынды балаға дарыған сапаның арасында мәселелердісезу дәстүрлі орын алады.Мәселелерді сезу кез – келген шығармашылық қызметте қажет.Бірақ, дарынды бала мен жасаушы арасындағы еріктілік табиғаты әр түрлі.Көптеген зерттеушілер сезіну мәселесінің дамуын ең бірінші оқытумен сипатталады деп тұжырымдайды (К.Дункер, З.И.Калмыкова, А.М.Матюшкин, Л.Секей және т.б.) баланың өзіндік зерттеу жұмысына көңіл аудару қиынырақ болады,оқыту бұл қабілеттілікті де, басқа да шығармашылық сапаларды да дамытады.Бұл ой, көбірек теориялы және эксперимент түрінде де дәлелденген,атақтылар санына жатқанмен,бірақ педагогикалық тәжірибеде жалпы алынған санына жатпайды.

Д.Б.Богоявленскаяның зерттеулерінеде бұл мәселенің басқа маңызды аспектісі ашылды.Бұл мынандай түсінік «білу,әуесқойлық» және «дарындылықты анықтайды» деп белгілеп бекітеді.Дарындыға мәселенің шешілуі жұмыстың аяқталуы болып саналмайды.Жаңа жұмыстың басы болып табылады.

«Дивергенттік ойлау» және «дивергенттік міндеттер» терминдерін Дж.Гильфорд ұсынған.Бұл міндеттердің ең негізгі ерекшелігі бұл көптеген дұрыс жауаптарға рұқсат береді.Осындай міндеттермен,бірнеше жауаптар тауып және олардың арасынан ең жақсысын (нақты,эффтивті және т.б.) таңдап алу керек.Үлкен адамдармен өмірде шешілетін сұрақ – міндеттер – дивергентті түрге жатады.Мысалы: қандай мамандық таңдап алу? Қайда тұру керек ?Айналадағы адамдармен қалай сөйлесу керек? Қандай дүкеннен азық – түлік сатып алу керек? Және т.б.Шығармашылық қызметте:ғылыми ізденісте,өнер шығармашылығын құру,басшы жұмысы – бұл мәселелердің бір емес бірнеше шешу тәсілдері бар.

Бірақ, ерекше отандық білім дәстүрінде,дивергенттік үлгінің сұрақ – міндетін оқыту үлкен сирек кездесетін құбылыс.Қарама – қарсы,барлық дәстүрлі оқытуда қолданылатын сұрақ – міндеттер конвергентті қатарына жатады.Дарынды балалар дивергентті сұрақ – міндеттерге қызығушылығы жоғары, өзімен жасты балалардан айырмашылығы бар болып келеді.

Бала дамуының нерв-психикалық қалыптасуына сполртсмен тобын аламыз (велосипедтер немесе жүргізушілер) ұзын дистанцияны өткендер.Бір спротсменнің фүнкционалды жүйесін көрсек.Стартта олар бір белгі топ болып,бірақ сосын дистанцияда созылып тарап кетеді.Біреулер лидер болса,біреулері екінші және үшінші орын алады,ал біреулеріне аутсайдер ролін алады.Трассаны өткен кезде олардың орын ауыстырулары көбінесе өзгеріп отырады.Осы спортсмендерге қарап олардың ми функциялар белсенді және қалыптасқанболса,келесілер екінші орында болады.

Ересек баланы шет тіліне үйрету өте қиын есеп.Баланың миы бұл жаста шет тілін ана тілін үйренген сияқты бірдей болады.

Пікірлердің гендік жеңілдігі – бұл сапаны кейде «жылдам ойлау» деп атайды.Әдетте, қабілеттілік ретінде қарастырылады.Бұл сапа алдындағыға өте жақын, бірақ дарындылықтың басқа түрін сипаттайды.Пікір көп болса,онда олардың таңдап алу мүмкіндігінің оптималды, дамуы және т.б.болады.пікірлердің көптігі бір жағынан негіз болып саналады,екіншіден шығармашылықтың керектігі.Дарынды балаға көп пікірлер арқылы сипаттама беруге болады.берілген жағдайда жаңа пікір - жай ғана ассоциативті пікірлер мен түсініктер.

Бұл пікірлермен түсініктердің қосылуы мазмұнды түрде дәлелденуі керек,ал бұл берілген түсініктердің обьективті құбылыс және қатынастың көрінісіндегі жағдайда ғана болып отыр.

Дарынды балаларға белгілі бір үлкен дәрежеде болжауға деген қабілеттілігі сәйкес келеді (А.Н.Матюшкин,Д.Сиск,П.Торренс т.б.)

Психологияда берілген құбылыс бірнеше мағыналық аспектіде қарастырылады:

  • мәселені нақты шешудің алдында, оны қалай шешу керек әдісін ойлап қарастыру қабілеттілігі;

  • интуиция (Ф.Бартлет, К.Дункер,О.Зельц және т.б.)

  • мүмкін болатын нәтижені елестету қабілеттілігі (В.Вундт)

  • белгілі бір жағдайдың болуына себеп ағзаның дайындалу қабілеттілігі

  • «озып кету шағылысы» (П.К.Анохин,Н.А.Бернштейн және т.б.)

Болжау қабілеттілігі тек дарынды балаларға ғана емес,сонымен қатар барлық балаларға сәйкес.Белгілі психолог А.В.Брушлинский былай жазған: «Адам ойлау міндетін шешесе, онда ол минимальді дәрежеде болашақ шешімді болжайды».Дарынды балаларда бұл қасиет сондай айқын,олардың қабілеттіліктері тек оқу міндеттерін шешу процесіне ғана емес, сонымен қатар нақты өмірдің анықталуына: салдарларды болжаудан уақытты шектеусіз пайдалана отырып, элементарлы жағдайлардан әлеуметтік құбылыстардың даму мүмкіндіктерін болжауға дейін анық.болжаудың түпкі феномені негізінде алдағы интеллектуалды – шығармашылық сипаттамалардың арқасында үлкен сан жалпы диагностикалық және анайы методикалар құралған.

Болжау қабілеттілігі белгілі деңгейде дарынды балалардың жоғарыда көрсетілген сипаттамалардың дамуына байланысты: алдын – ала дивергентті типті есептерге деген ыңғайы, ойлау иілгіштігі пікірлерді генерирлеу жеңілдігі,ассоцирлеу жеңілдігі.Берілген тұлғаның қасиетті интегралды мінезі,кейбір зерттеушілер пікірі бойынша (П.Торренс және т.б.) Дарындылықты анықтау кезінде осы ны ең негізгі деп санауға мүмкіндік береді.

Дарынды бала үшін жоғарғы назар аудару сипатталынған (К.Тэкекс және т.б). Ең біріншіден, жоғарғы дәрежеде есеп – міндетке ену,екіншіден кедергілерсіз мәліметтерді қабылдау мүмкіндігі.

Қиын және сәйкес ұзақ мерзімді есеп – міндеттерге биімділігі арқылы дарынды бала ерекшеленеді.

Эгоцентризм.

Дарынды балалар жай балалар сияқты қоршағандардан ойымен, ісімен, ықыласымен ерекшеленетінін түсінбейді. Бұл үлкен адамдарға да сәйкес, бірақ үлкен адамның эгоцентризмі едәуір шамадан – эгоизмнің туындысы болып табылады (Ж.Пиаже).

Ж.Пиаженің шәкірті М.Доналдсон бала эгоцентризмнің шығу тегін басқаша түсіндіреді: «децентрация» қиындығы баланың ойлау қабілетінің ерекшеліктерімен байланысты. Осы ерекшеліктер өзінің эгоцентризмнің қабілетсіз жеңіп шығуы арқылы анықталады.

Көптеген зерттеушілер дарынды балалардағы жоғарғы дәрежелі эгоцентризмді белгілейді (К.Тэкэкс, К.Абромс және т.б.). Мысалы, М.Доналдсон түсіндіргендей: бір нәрсені жақсы білсек сол кезде өзіңді эгоцентрикалы ұстауға көп мүмкіндік бар.

Эгоцентризмге басқа да қиын тұлғалық сапа сияқты жай бір қалыпты қарауға болмайды.

Дарынды бала үшін басшылық, жетекшілік, көсемдік, озаттық іс секілді қасиеттер үлкен роль атқарады. Дарынды бала өзімен жасты балалармен көбінесе топтағы жетекші және ұйымдастырушы ролін өзіне алады. Осындай байқауға негізделе отырып, көптеген зерттеушілердің көзқарасы бойынша дарынды балаларды басқа балалар үстінен басшылық ету бейімділіг бар деуге болады.

Дарынды балалардың ұйымдастырушылық қабілеттілігі көп жағдайда басқаша, үлкен адамдарға қарағанда, тәжірибелік жұмыстарды байқау барысында нәтиже жасауға жақын тұрады. Бұл жағдайда біз дарынды балалармен емес, ал дарындылықтың арнайы түрі - «лидерлік дарындылықты» сөз етіп отырмыз.

Дарынды баланың басқа балалардың үстінен басшылық ету бейімділігінің негізгі себебі – оның олардың үстінен интеллектуалды басымдығы,иілгіштігі және оның ойлау қабілеттілігінің жылдамдығы.ол басқалардан ойын тәртібін күшті сипаттап елестетеді және болатын қателерді,қатысушылардың ойын тәртібінің сәйкессіздігін болжайды,сосын өзіне лидер рөлінің жауапкершілігін алады.Бұл үлкен мектеп жасында белгіленеді.бастауыш мектеп оқушыларында бұл жағдай басқаша өзгереді.дарынды балалардың жартысы топтағы ойындармен қызығушылығын тоқтатып,басқа жеке ойынмен қызметті таңдайды.Негізгі себептер: ертеде өзімен жастылармен қарым – қатынаста алынған тәжірибе; мінез ерекшеліктері (темперамент) .

Дарынды балалардың адалдық сезімі күшті жетіледі, әрі өте ерте байқалады. Қоғамдағы теңсіздікті бірден сезінеді. Өзіне - өзін қоршаған адамдарға талабы зор. Шындықты, турашылдықты бірден қостайды. Теледидардан көрген түрлі теңсіздіктерге уайымдап, шындық пен фантазияны нақты ажырата алмайды. Бұл дарынды балаларда ерекше байқалады. Өз фантазиясына сөзімен өң беріп, онымен бірігіп кетеді. Бұл қиял кейде жоқ заттарды ойдан шығарып, өзі қажет ететін мәселелерді қиялында жасайды.

Қиялы бай әрі ашық келеді. Осы жағдай өмірде ойын элементтерін сақтауға, тапқырлыққа, іскерлікке негіз болады. Дарынды балалар өзінің ішкі тепе – теңдігін жақсы сақтайды. Талантты адамдар іс - әрекеттегі, сөздегі ойланбаған жағдайларды тез байқайды. Дарынды балалардың шамалары жетпейтін мәселелерді шеуге талпынуы олардың дамуы тұрғысынан пайдалы. Дарынды балалар кейбір мәселелерді шешуге өз құрдастары жете алмайтын жетістіктерге жетеді де, кез – келген жағдайда да «жеңіл жетістіктерге жетуім керек» деп ойлайды.

Дарынды балалар шыдамсыз, бірақ эмоциясы ересектерге тәуелді. Зерттеулерге қарағанда кішкене балалардың қорқынышы шынайы болмайды. Қалада өскен ата – ана баласының арыстан және жолбарыстан қорқатынын, ал шынайы түрде одан автомобильдің қауіпті екенін түсінуі қиын. Дарынды балалар қорқынышты әсірелеп жібереді, себебі оның қауіптілігін қиялдайды. Мектепке дейінгі кезеңде дарынды балалар - жағдайлар, құбылыстарды «менің түсінігім ғана» деп танитын эгоцентристер. Бала қандай ақылды болса да, оның мұндай әрекеті қалыпты жағдай болып саналады. Даму деңгейіне қарай бала мәліметтерді түсініп, ойлауға қабілетті. Ғалымдар мұны – матетаным деп атайды. Ол өзінің заттар мен құбылыстарды қабылдауын басқалардың қабылдауына ұқсас деп түсінеді. Басқалардың әлемді қабылдауы өзінен өзгеше екенін бала әлі түсіне алмайды. Сондықтан құрдастарымен тіл табысуы қиындайды.


1.3.Дарындылық түрлері

Дарынды балалардың қабілеттілігіне ортаның тигізетін әсері жан – жақты. Бала өз талантын түрліше сезінеді. Отбасында іні, бауырларымен ойнағанда өз ерекшелігін сезінсе, енді бірі мектепте құрдастарымен өзін салыстыру арқылы байқайды. Мұны сезіну мен ақылмен түсіну екі түрлі іс. Өзін дұрыс бағалай білу үшін басқа адамдармен де тығыз байланыста болып, ортақшылығының аз ғана екенін мойындау керек. Баланың таным процестері қабылдауымен тәжірибесіне байланысты.

Сондықтан тек сөзіне ғана қарап, талантты деу дұрыс бола бермейді. Бала қоршаған ортаны зерттеу барысында, нақты неге күйге келіп, нені істей алмайтынын біледі. Ал қоршаған ортадағы адамдар оның істеген ісін түрлі жолмен бағалайды.Әрі ол өзін қоршаған адамдардың, ата – анасының өзіне көңіл аударғанын ұнатады. Ата – ана үшін өз баласының әрекетін бақылап, бағыттап, оқыту көп қиындық жасамайды. Ең қиыны бағалау мен мейірімін реттеу. Дарынды бала тәрбиелейтін ата – ана өзінің мінезін бағалағаны жөн. Шектен тыс әсірелеу, талантты балаға кері әсер етеді.

Баланың өзін - өзі бағалап, кім екенін түсінуі ата- ананың бағалауына байланысты. «Әке балаға сыншы» деп халық бекер айтпаған. Ата – ананың «мен баламнан нені көремін, несін қадірлеймін, ұнатамын, оны балама қалай білдіремін?» деген сұрақтарға өзінен жауап іздегені абзал. Сонда ғана ата – ана оның көп қырлы талантын дәл әрі толығырақ ашуға көмектеседі. Отбасында дарынды бала тапсырмаларды басқаларға қарағанда шапшаң, нәтижелі істейді.Сондықтан оларға түрлі затты әр адам әр түрлі деңгейде меңгеретінін түсіндіру керек. Оның бұл салада қабілетінің басым екенін айту мен бірге мейірімділік пен сүйіспеншілік, төзімділік пен басқа адамға көмектесу керектігін бойына сіңірген абзал. Ақылды, дарынды бала көбіне құрдастарына нұсқау бергенді ұнатады. Әйтпесе ол зерігеді. Мұндайда ең тиімді әдіс балаға шешімі күрделірек тапсырма беріп, оның уақытын тиімді пайдалануға жағдайды қалыптастыру.

Дарынды балалармен жұмыс істеуде психолог мамандардың атқаратын орны бір бөлек. Жек адамның қалыптасу заңдылығын білу мұғалім үшін объективті түрде педагогикалық мақсаттар қоюға және де оқу – тәрбие жұмыстарын нәтижелі түрде жүргізуге өз жәрдемін тигізеді. Дарынды оқушыны зерттеу үшін психологиялық тұрғыда бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болады. Оның құрылымындағы ең басты бөлік – оның бағыты. (Өмірлік позициясы, сенімі, талғамы, қызығуы). Екінші бөлік – жеке адамның танымдық – психикалық қасиеттері (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял). Үшінші бөлік – адамның сезімі және серігі. Төртінші бөлік – жеке адамның темпераменті (мінез – құлқының табиғи ерекшелігі). Бесінші бөлік – жеке адамның мінезі (психикалық сипаты). Алтыншы бөлік – жеке адамның қабілеті (іс - әрекет мүмкіншілігі).

Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің, бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.

Дарындылық - адам бойындағы қабiлеттiлiктiң жоғары деңгейде дамуы, iс-әрекет барысында ерекше жетiстiкке жетуi.

Дарындылық” ұғымы “сый” (“дар”) деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғы шарттарын білдіреді.

Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40-50 жылдарында психолог Б.Тепловтың еңбектерінде толығырақ зерттелді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс - әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады. Белгілі бір іс-әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық дейді ғалым.

Дарындылық төмендегі ұғымдармен байланысты:

Шығармашылық – өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекше-ленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабiлетiліктiң, бiлiм мен біліктіліктің, түрткінің болуы.

Талант – қабiлеттiлiктiң жоғары деңгейi.Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түпнұсқалылығымен ерекшеленетін еңбектерінің болумен сипатталады.

Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи маңызы бар , шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғарғы деңгейi.

Қабiлеттiлiк – адамның өз бейiмдiлiгi арқылы, шығармашылықпен жұмыс iстеу арқылы қалыптасқан қасиет.

Дарынды бала бұл, iс-әрекет барысында асқан талантымен, ерекше қабiлетiмен танылған, жоғары жетiстiкке жетуге талпынушы.

Белгiлi психолог Н.С.Лейтес дарынды баланың негiзгi қасиеттерi мыналар деп атап көрсетедi:

  • ұқыптылық, жинақтылық, зейiннiң тұрақтылығы, еңбек ету қабiлетiнiң жоғарылығы;

  • ақыл-ой, логикалық ойлауының тездiгi, кез-келген жағдайды талдап салыстыра бiлуi;

  • барлық күш-қуатын сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуi;

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған.

Ертедегі Қытайда дарынды балаларды “Шэнь тон”, яғни киелі бала деп атаған. Батыс хан патшалығында жалпы дарындыларды іріктеп тәрбиелейтін әдістемелік “Тоңцзыкэ” деп аталатын арнайы ереже болған және ол арнайы бөлімнің қызметін атқарған.

Әлем және қазақ тарихынан біз, Моцарт, Рафаэль, Пушкин, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов сынды дарынды адамдар өткенін білеміз. Қазіргі кезеңде де талай талант иелерінің қасиеттері туралы материалдарда жарыққа шығып жатыр.

Қазіргі таңда алдыңғы елдердің қатарынан көрінуіміз үшін дарынды балалардың қабілетін ашу, оны танытуда педагогика саласының атқаратын қызметі ерекше. Қарыштап дамып бара жатқан заманда мектеп қабырғасынан бастап дарын иелерінің қабілеттерін ашу ұстаздардың бірден – бір міндеті болып саналады. Өйткені адам қабілетінің ашылуы қоршаған ортаға, қоғамға байланысты. Сондықтан да ұстаз талантты тауып, танып, таныта білуі керек.

Сынып жетекшісі баланы тәрбиелеп ғана қоймай, оның жеке қасиетін ашушы, танушы, танытушы тұлға болып саналады.

Дарындылық белгiлерi - дарынды бала бойындағы ерекшелiк, ол шынайы iс-әрекет пен бақылаудың бағалау жолдарымен пайда болатын iс-қимыл.

Балалар дарындылығын шешуде бiр-бiрiмен тығыз байланысқан үш параметрге назар аударылады: таным қасиетiнiң дамуы, психикалық дамуы, дене қабiлетiнiң дамуы.

Дарынды баланың ерекше белгiсi:

  • ешкiмге ұқсамайтын өзгешелiгi;

  • танымдық қызығушылық қабілеті жоғарылығы;

  • есте сақтау зейін, елестету ой-өрісінің жоғары болуы;

  • ойлау қабiлетiнiң дәлдiгi;

  • шешiмдер қабылдаудағы ерекшелiгi;

Оқушылардың жеке қабілеттеріне байланысты мынадай топқа бөлінеді:

Орта – жетілуі мен дамуы, тәрбие қызығушылығы, қабілеті әр түрлі жеке пәндерден жетістікке жетеді. Психологиялық кедергілерге байланысты өз қабілеттерін көрсете алмайды. (спортта,өнерде) эксперимент негізінде 50% сәйкес келуі мүмкін.

Дарынды – бұл топтағы балалар ой-өрістік және арнайы қабілеттерімен дараланады. Ақпарат құралдарымен жақсы жұмыс істей алады. Ғылым мен мәдениетінің дамуын жақсы біліп, туындап отырған мәселені түсінеді, өз қабілетін дамытып, жоғары білім алуға талпынады, өзінің болашақ біліктілігін белгілі бір қызмет саласына жұмсауға тырысады. Алайда мұндай оқушылардың қүндылықтарының арасында жек мүдделер артық тұрады. Дарындылық деңгей көрсеткіші 80-90% сәйкес келеді. Мұғалімнің жетекшілігімен аудандықтан республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысуға ұмтылады.

Аса дарынды - бұл балалар үшін мектеп оқу бағдарламасының көлемі тарлық етеді. Өз бастамалары бойынша білімдерін жетілдіріп, жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізе отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Мұғалім мен ата-ананың бақылауы мен бағалауын қажетсінбеді өз бойында өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасады. Осы дарындылық көрсеткіштері 90-100% сәйкес келуі мүмкін. Оларға бәсекелестік пен көшбасшылық сияқты қасиеттер тән, сондықтан түрлі байқауларда жүлделі орынға ие болады


Дарынды балада кездесетiн қиындықтар


  • өзi қатарлас балалардың шешуi қиын ойындарды игере алмауынан жалығу;

  • өзiнен интеллектiсi төмен балаларға шыдамдылық танытпауынан;

  • өз дәрежесiнен артық философиялық ой толғау;

  • дене қызметi, интеллектуалдық және әлеуметтiк дамудың сәйкес келмеуi;

  • өз уақытынан ерте iшкi қажеттiлiкке ұмтылудан;

  • дарынды балалар алдарына жоғары, жету мүмкiн емес, бұрын-соңды кездеспеген мақсаттар қоюы;

  • жетiстiгiне қанағаттанбаудан, өзiн-өзi төмен бағалаудан;

  • барлық жағынан биiкке ұмтылушылық;

  • мектепке үйренбеу, оқу жоспарының бала қабiлетiне сәйкес келмеуiнен;

  • дарынды балаларға қарап үлкендердiң көп талап қоюы және оның, айналасындағы басқа балаларға керi әсерiн тигiзуi;

Жоғарыда аталған кретилерді басшылыққа ала отырып, интернат тәрбиеленушілерінің өзіндік ерекшелігіне байланысты өзімнің тәрбие саласындағы жеке, жетекшілік жұмыс жүйемді құрдым.

Оқушылардың дарындылығын ашудағы мақсатым – бүкіл адамзаттың құндылық тұғырнамасында қалыптасқан тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Интернаттағы оқушылардың жеке қабілетін ашудағы негізгі ұстаным талантты табу, тану, таныту.

Бала тәрбиесіндегі жетекшісі ретіндегі жұмыс жүйемнің негізгі міндеттері мыналар:

  • Оқушылардың табиғи интеллектуалдық қабілетін дамыту.

  • Оқушыларға ғылым негіздерін игерту арқылы тұрақты дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

  • Жеке тұлға дарындылығын дамытудың әдістерін жан – жақты байыту.

  • Тәрбиеленушілердің жалпы интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру.

Жоғарыда аталған мақсат – міндеттерді орындауды жүзеге асырудың бағыттары төмендегідей:

  • Оқушының денсаулығын анықтау;

Мектеп психологы арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін ашу;

    • Баланың бас ұстазы болған ата-аналар тегін зерттеу;

Тұлғалық әрекет, белсенділікке ұмтылдыратын интернатта тәрбиеленушілердің өзін-өзі басқаруына ықпал ету;

    • Мектепішілік халықаралық деңгейге дейінгі білімділік, өнер, спорт, тәрбиелік және т.б. жарыстарға қатыстыру;










ІІ тарау. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтаудың және дамыту жолдарының әдістерімен міндеттері


2.1.Дарындылықты диагностикалаудың тесттік әдістері


Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтау мақсатындағы зерттеу жұмыстарына 8 «А»,8 «Б» сынып оқушылары, яғни барлығы 40 оқушы қатысты.

Зерттеу жұмысымызда дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтау мақсатымен «Ата-аналардан алынатын сауалнама», «Дарындылық картасы» әдістемесі, Поль Торренстің «Дополнение рисунков» әдістемесі, дарынды оқушыны іріктеудегі жүргізілетін жұмыстар,арнайы психо – диагностикалық тренингтер жүргізілді.

Бұл әдістемелер дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтауға, дарындылық белгісін, ата – анасының баласына көзқарасын анықтау мақсатында қолданып, алынған нәтижелер дарынды балалардың шығармашылық қабілетінің деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

«Дарындылық картасы» әдістемесі. Бұл әдістеменің автор (А.И.Савенков) Хаан мен Кафф әдістемелерінің негізінде жасаған. Бұл әдістемені таңдаған себебіміз аталған әдістеменің ерекшелігі – нәтижелерді өңдеуде дарынды балалардың шығармашылығын анықтауда, алынған ақпараттарды салыстырмалы түрде жүйелендіруге мүмкіндік береді.Қазіргі таңда дарынды балалардың көзге көрінбей, сахнадан тыс қалуының бір себебі осы ата – аналарына байланысты болып келеді. Ата-аналардан алынатын сауалнамада балаларды шығармашылығын анықтауға септігін тигізді.

Поль Торренстің «Дополнение рисунков» әдістемесі балаларды шығармашылық қабілетін диагностикалауға өнерге қызығушылығын, шығармашылық ойлауын бағалауға мүмкіндік береді.Бұл әдістеме арқылы балалардың кемшіліктерді қабылдауы,жетіспеген элементтерді өз ойымен қиялымен жеткізуін қамтамассыз етеді.

Дарынды оқушыны іріктеудегі жүргізілетін жұмыстар арнай жасалған параметрлерге сүйене отырып, шығарамашылығын анықтауға, психо – диагностикалық тренингтер оқушылардың өз сыныптастарының арасында ұстай білуге және дарындылығын жасырмай белсенділігін көтеруге арналып жүргізілді.

Жұмыс жүргізу жүйені жүзеге асырудағы қолданған әдістер:

    • Баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата – аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары);

Ата-аналардан алынатын сауалнама түрі

1. Оқушының аты-жөні…………………………………………………

Ата-анасы

аты-жөні

мамандығы

туған күні

Әкесінің




Шешесінің




Баланың ең жақсы көретін туысқанының ерекше қасиеті




2.



3. Жанұяңызда неше адам бар? Мектепте оқитын басқа балаларыңыз бар ма?

4. Денсаулық жағдайы қандай? Кішкентай кезінде қауіпті аурумен ауырды ма? Психикасына байланысты проблемалары бар ма?

5. Балаңыз үлкендерден қайсысына жақын?

6. Балаңыздың мінез-құлқы туралы не айта аласыз? (өзіне идеал қылып таңдап алған адамға еліктеуі, тұқым қуалаушылық ерекшелік т.б)?

7. Балаңыздың үлкендермен қарым-қатынас құруы қандай?

8. Ұлыңыздың (қызыңыздың) мінез-құлқы және сабақтарындағы үлгерімі мазаңызды алады ма?

9. Балаңыз үлкендердің айтуынсыз өздігінен қызықты істермен шұғылдана алады ма? Бос уақыттарын қалай өткізеді?Балаңызды мақтау және насихат айту оған қалай әсер етеді?

10. Балаңыздың күнделікті істер кестесі бар ма ? Оны уақытында және дұрыс орындай ма?

11.Балаңыздың достары туралы не айта аласыз?

12.Балаңыздың мектепке көзқарасы қандай?

13.Өзінің мақсаттары туралы айтады ма?

14.Балаңыз туралы басқа қандай қосымша мағлұмат бергіңіз келеді (мінез-құлқы,іс-әрекеттері, қабілеттері, достары, шағымдары т.б.)?

15.Балаңыздың мамандық таңдауына қатысты ойыңыз қандай?

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында мынадай жұмыстар жүргіземіз.

    • Арнайы психо – диагностикалық тренингтер;


Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы

1.Қалампыр сөзі беріледі.Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет (уақыты 3 минут).Сөз құрауда бір әріпті екі рет қайталауға болмайды.Тапсырма бөлек парақпен беріледі және оған оқушы өз сөздерін жазады.Қабілеттің жоғарғы деңгейде дамуы – 9 және одан көп сөз.орташа деңгейі – 7,8 сөз.Төменгі деңгей – 6 және одан аз сөз.

2.Балаларға төмендегі әріптерден басталған бес сөзі бар,мүмкіндігінше көп сөйлем құру тапсырылады.

Қ- Б - С - А – Т

Сөйлемдерді құрылымдау икемділігін бағалау үшін дұрыс құрылған сөйлемдердің саны есептеледі.Сөйлемнің мазмұны болуы тиіс,сөйлемдегі сөздер септік, жақ, сөйлем мүшелері бойынша дұрыс жазылуы тиіс.басқа сөздер қосуға болмайды.Толтыру уақыты 5 минут.

Тапсырма нәтижелерін бағалау экраны.


Балалар жасы

Деңгейлер


11 жас 12 жас 13 жас

жоғары

орта

төмен

4 және одан да көп,6 және көп

3,4,5

0-2,0-3,0-4


3.Мына үш жаңылтпаштан біреуін таңдап, жылдам айтып шығу керек (ауызша)

1.Қарға,қарға,қарғалар.Қар үстінде жорғалар.

2.Көк базарда бәрі бар.Барып бәрің бәрін ал.

3.Шалғышы шалғы алды.Шаңғышы шаңғы алды.

Жылдам,қатесіз – 2 ұпай.Қателерімен – 1 ұпай

Диагностика нәтижесі төмендегіше бағаланады:

А.Орындалған тапсырмалардың 2/3 бөлігі 2 ұпайменбағаланған (жоғары шығармашылық деңгей).

Ә.Орындалған тапсырмалардың 0,5 – тен көп бөлігі 2 ұпаймен бағаланған (орташа шығармашылық деңгей)

Б.0,5 – тен төмен – төменгі шығармашылық деңгей.


«Дарындылық картасы» әдістемесі

Зерттеу барысы: «Дарындылық картасы» әдістемесін жүргізу.

Зерттеу мақсаты: дарынды балалардың шығармашылық қабілетін ата – аналарына сүйене отырып анықтау.

Нұсқау: (+ +) – егер тұлғаның бағаланып отырған белгісі жақсы дамып, анық байқалып, жиі көрінетін болса;

(+) – белгі анық көрінгенімен, тұрақты байқалмаса;

  1. бағаланып отырған және оған қарама-қарсы белгі, анық көрінбеген, сирек байқалады, мінез-құлық пен іс-әрекет барысында бір-бірін теңестіріп отырады;

(-) – бағаланып отырған белгіге қарама-қарсы белгі анық және жиі байқалады.

Құрал-жабдықтар: тест мәтіні және жауап парағын белгілейтін бланкалар.

Зерттеуші: Байзақова Ш.Ү.

Зерттелуші: Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның 8 «А»,8 «Б» сынып оқушылары.

Зерттеу уақыты: шектелмеген.

Нәтижені өңдеу:

Кесте-1

Р/с

Дарындылық түрлері

8 «А» сынып

8 «Б» сынып

Жалпы көрсеткіш

1

танымдық;

3

2

5

2

шығармашылық;

5

1

6

3

академиялық (ғылыми);

2

1

3

4

көркем – бейнелеу;

2

2

4

5

музыкалық;

1

3

4

6

әдеби;

2

1

3

7

әртістік;

1

1

2

8

психологиялық;

1

5

6

9

көшбасшылық

2

1

3

10

спорттық;

1

3

4


Барлығы:

20 оқушы

20 оқушы


Интерпретация: әдістеме қорытындысы бойынша, оқушылар арасында шығармашылық және психологиялық типті дарындылық басымдық көрсетті.


2.1.2. «Дополнение рисунков » жобалау әдістемесі.

«Дополнение рисунков» жобалау әдістемесі балалалардың шығармашылық қабілетін анықтауға,жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзіндік бағасын, жасырын қызығушылықтарын, жалпы өзіндік қабылдауын, өзгелермен қарым-қатынасын, ойлау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысы: «Дополнение рисунков» әдістемесін жүргізу.

Зерттеу мақсаты: балалардың шығармашылық қабілетін зерттеу .

Нұсқау: арнайы бланкаға салынған аяқталмаған штрихталған сурет ұсынылады, ол суретті өз қиялымен толықтырып, аятауы қажет.

Құрал-жабдықтар: бланка, түрлі – түсті карандаш және өшіргіш.

Зерттеуші: Байзақова Ш.Ү.

Зерттелуші: Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның 8 «А»,8 «Б» сынып оқушылары.


Зерттеу уақыты: 10 минут

Нәтижені өңдеу:

Кесте-2

Р/с

Көрсеткіштері

8«А»сынып

8«Б»сынып

Жалпы көрсеткіш

1

Беглость




2


Гибкость




3





4





Интерпретация: бұл әдістеменің қорытындысы бойынша, оқушылардың шығармашылық қабілеті нің басымдылық ерекшеліктері басым көрінді.


2.1.3. Ата – аналардан алынған сауалнама сұрақтарының қорытындысы.


Сауалнама сұрақтары ата – анасының баласына көзқарасын, ерекше қасиетін ,тұқымқуалаушылық, денсаулық, бос уақыттарын өткізу ерекшеліктерін, мамандық таңдауына қатысты анықтау мақсатында жүргізілді.

Сауалнама 13сұрақтардан тұрады.



Нәтижені өңдеу:


Кесте-3

Р/с

Ата - аналар пікірі

8«А»сынып

ата - аналары

8«Б»сынып

ата - аналары

1

Баланың ең жақсы көретін туысқаны бар ма?

Бар – 100%

Бар - 95%

2

Балаңыз туралы басқа қандай қосымша мағлұмат бергіңіз келеді (мінез-құлқы,іс-әрекеттері, қабілеттері, достары, шағымдары т.б.)?

100%

98%

3

Өзінің мақсаттары туралы айтады ма?

100%

85%

4

Жанұяңызда неше адам бар? Мектепте оқитын басқа балаларыңыз бар ма?

100%

100%

5

Денсаулық жағдайы қандай? Кішкентай кезінде қауіпті аурумен ауырды ма? Психикасына байланысты проблемалары бар ма?


98%

6

Балаңыз үлкендерден қайсысына жақын?

85,5%

87,5%

7

Балаңыздың мінез-құлқы туралы не айта аласыз? (өзіне идеал қылып таңдап алған адамға еліктеуі, тұқым қуалаушылық ерекшелік т.б)?

94,6%

95%

8

Балаңыздың үлкендермен қарым-қатынас құруы қандай?



9

Ұлыңыздың (қызыңыздың) мінез-құлқы және сабақтарындағы үлгерімі мазаңызды алады ма?



10

Балаңыз үлкендердің айтуынсыз өздігінен қызықты істермен шұғылдана алады ма? Бос уақыттарын қалай өткізеді?Балаңызды мақтау және насихат айту оған қалай әсер етеді?



11

Балаңыздың күнделікті істер кестесі бар ма ? Оны уақытында және дұрыс орындай ма?



12

Балаңыздың достары туралы не айта аласыз?



13

Балаңыздың мектепке көзқарасы қандай?




Қорытынды: сауалнама қорытындысы бойынша 8 «А» сынып оқушыларына ата – анасының ықпалы жоғары екені анықталды.


2.2.Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтаудағы және дамытудағы алынған нәтижелерді өңдеу


Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында топтық-тренинг жаттығулары жүргізілді. Топтық –тренингке зерттеу жұмыстары қорытыныдысы бойынша өзіндік бағасы төмен, төменгі көрсеткіш көрсеткен 8 «Б» сынып оқушылары қатысты. Жаттығулар 4 сабаққа бөліп өткізіліп, әр сабақ уақыты 2-2,5 сағат жүргізілді. Топтық –жаттығулардың негізгі мақсаты: ұйымшылдық, сенімділік, өзіндік бағаны көтеру т.б. шығармашылық қабілетін дамыту болды.

Сабақ жоспары 3 негізгі бөліктен құралды: кіріспе, жұмыс уақыты, диаграмма, талқылау. Кіріспеде топ мүшелерін жұмысқа қосуға жағдай жасалады, шығармашылдық деңгейін дамыту үшін логикалық тапсырмалар берілді,топта жайлылық пен жағымды байланыс орнайды; жұмыс уақытында әртүрлі жаттығулар орындалды; талқылауда әр қатысушы сабақ соңында өзінің алған әсерін, пікірін білдіреді, әр сабақтың соңынан үй тапсырмасы беріліп отырды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін,дарындылық қасиетін дамытуға ата-аналар мен мұғалімдерге «Дарынды бала өсіргіңіз келе ме?»атты дәріс, ата – аналарға кеңестер берілді.

Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жүргізілген топтық - тренинг жұмыстарынан кейінгі зерттеу нәтижесі көрсеткіші:

Диаграмма - 1

Жалпы сипаттама

Бұл әдістемені автор (А.И.Савенков) Хаан мен Кафф әдістемелерінің негізінде жасаған. Бұл әдістеменің аталған әдістемеден ерекшелігі – нәтижелерді өңдеу әдістемесін жеңілдету үшін әрбір бөлімнен бірнеше сұрақтар алынып, қысқартылды, сондай-ақ қортындылу жұмыстарын жеңілдету үшін «сұрақнама» енгізіліп, ол алынған ақпараттарды салыстырмалы түрде жүйелендіруге мүмкіндік береді.Әдістеме ата-аналарға арналған және мұғалімдер де пайдаланса болады. Әдістеменің жас ерекшелігі 5-тен 10 жасқа дейінгі аралық.Ол екі қызметті орындауға есептелген.Бірінші және негізгі қызметі –диагностикалау.Осы әдістеме арқылы сіз баланың бойындағы түрлі қабілеттермен дарындардың байқалу деңгейін және де қазіргі қай түрі басымырақ болып тұрғанын сандық сипатта бағалай аласыз. Алынған оң бағаны сәйкестендіру арқылы тек сіздің балаңызға тән,оның жеке дарындылығының даму «портретін» көре аласыз.Екінші қызметі-дамытушылық. Баланы бағалауға арналған тұжырымдарды оның келешек даму бағдарламасы деп қарастыруға болады.Сіз өзіңіз бұрын байқамаған нәрселерге көңіл бөліп, неғұрлым құнды деген тұстарға зейін қою мүмкіндігіне ие боласыз. Әрине бұл әдістеме бала дарынының көрінетін тұстарының бәрін дерлік қамтымайды. Дегенмен ол бірегей әдістеме рөліне таласпайды да. Бұл әдістемені бала дарындылығы диагностикасы әдістемелері кешенінің құрамдас бөлігінің бірі деп қарастыру қажет.

Нұсқау

Сіздерге бала іс-әрекеті мен мінез – құлқының өзіндік он саласын қамтитын жүйелендірілген 80сұрақ ұсынылып отыр. Оларды зейін қойып зерделеп, келесі шкаланы пайдалана отырып, әрбір көрсеткіш бойынша балаңызға баға беріңіз:

(+ +) – егер тұлғаның бағаланып отырған белгісі жақсы дамып, анық байқалып, жиі көрінетін болса;

(+) – белгі анық көрінгенімен, тұрақты байқалмаса;

  1. бағаланып отырған және оған қарама-қарсы белгі, анық көрінбеген, сирек

байқалады, мінез-құлық пен іс-әрекет барысында бір-бірін теңестіріп отырады;

(-) – бағаланып отырған белгіге қарама-қарсы белгі анық және жиі байқалады.

Бағаны жауап парағына қойыңыздар. Бірінші тұжырым бойынша бағаны жауап парағының бірінші ұяшығына, ал екіншісінікін екіншісіне және т.б. қоясыз.

Толтыру уақыты 10-15 минут.

Егер сіз бағалау үшін қажетті мағлұматты білмесеңіз,сәйкес ұяшықты бос қалдырыңыз. Баланың осы тұсын бақылауға алуға тырысыңыз. Ал әзірге ата-ана мектебінде осы көрсеткіш үшін «екі» алдым деп есептей беріңіз.

Осы әдістеме бойынша баланы жақсы білетін, басқа да үлкендерден, мысалы әжесімен атасынан өз бағасын беруін сұраңыз.Содан кейін орташа көрсеткіштерді оңай есептеуге болады, ол өз кезегінде нәтижелердің шынайы болуын қамтамасыз етеді.

Жауап парағы

    1. Логикалық тұжырым жасауға бейім, абстрактілі түсініктерді пайдалануға қабілетті.

    2. Қалыптан тыс ойланып, көп жағдайда тосын, қайталанбас шешімдерді ұсынады.

    3. Жаңа білімдерді оңай игереді.

    4. Салған сүретінде ұқсастық жоқ. Сюжет таңдауда ерекшелік танытады.Әдетте көптеген зат, адам және түрлі жағдаяттарды бейнелейді.

    5. Музыкалық сабақтарға үлкен қызығушылық танытады.

    6. Әңгімелер мен өлеңдерді құрастырып жазғанды ұнатады.

    7. Түрлі кейіпке: адам, жануар және т.б. оңай енеді.

    8. Механизмдер мен машиналарға қызығады.

    9. Құрбылармен қарым-қатынас жасауда бастама танытады.

    10. Қуатты, көп қозғалысты қажет ететін бала деген әсер қалдырады.

    11. Жіктеп, даралауға үлкен қызығушылық пен асқан қабілет танытады.

    12. Жаңа талпыныстардан қорықпайды, әрдайым жаңа ойды сынақтан өткізуге ұмтылады.

    13. Естігенін және оқығанын қайталамай-ақ жылдам есте сақтайды, есте сақтауы тнәрсеге көп уақыт жұмсамайды.

    14. Жақсы кино көргенде, музыка тыңдағанда, таңғажайып мүсін, әдемі мүсін көргенде ойлы және ақылды кейіп танытады.

    15. Музыка ырғағы мен сипатына сезімталдықпен көңіл бөледі.

    16. Сюжет құрудан, дау-дамайды шешуге дейінгі көлемде әңгімені оңай құрастыра алады.

    17. Әртістік ойынға қызығушылық танытады.

    18. Бұзылған құралдарды оңай жөндеп, жаңа ойыншық, құрал жасау үшін ескі детальдарды пайдалана алады.

    19. Бейтаныс адамдардың арасында өзіне сенімділігін жоғалтпайды.

    20. Спорт ойындары мен жарыстарына қатысқанды ұнатады.

    21. Өз ойын оңай жеткізеді,сөздік қоры мол.

    22. Түрлі заттарды таңдау мен пайдалануда шығармашыл (мысалы, ойыншық ретінде үй тұрмысындағы заттарды пайдалана алады).

    23. Өз қатарларынан жаңалықтар мен оқиғалар туралы ерте хабардар болады.

    24. Гүл,сурет,тас,марка және т.б. ерекше композиция жасауға бейім.

    25. Әнді жақсы орындайды.

    26. Әңгіме айтқанда сюжетті жақсы ұстанып, негізгі ойынан адаспайды.

    27. Басқа адамның кейпіне енгенде дауыс ырғағын икемдеп, өзгертеді.

    28. Механизмнің бұзылу себебін анықтауды, сынықты жөндеу жолдарын іздеуді ұнатады.

    29. Балалармен және үлкендермен тез тіл табыса алады.

    30. Құрбылары арасындағы түрлі спорт ойындарында жиі жеңіске жетеді.

    31. Екі оқиға мен себеп-салдар арасындағы байланысты оңай табады.

    32. Өзі қызыққан нәрсеге бар болмысымен бойлауға бейім.

    33. Өз қатарларын оқудан бір немесе екі жыл алға басып озады, яғни қазіргі оқып жатқан сыныбынан да жоғары сыныпта оқуға лайық.

    34. Ойыншық, коллаж, сурет, ойын алаңында балалар үйшіктерінің құрылысында жаңа материалды пайдаланғанды ұнатады.

    35. Музыка аспабында ойнауға, билеу мен ән салуда бар күші мен сезімін салады.

    36. Оқиға туралы сөйлескенде тек қажетті детальдарды, басты сипаттарын ғана ұстанып,қажетсізін қалдырып кетеді.

    37. Драмалық сипаттағы дау-дамайды түсіну мен салуда өз қабілетін танытады.

    38. Механизмдер сызбалары мен нобайын жасауды ұнатады.

    39. Басқа адамдардың іс-әрекетінің себеп-салдарын түсінеді. Аяқталмаған ойды тез түсінеді.

    40. Балабақша мен сыныпта бәрінен жылдам жүгіреді.

    41. Ақыл- ойды көп қажет ететін күрделі мәселелерді шешуді ұнатады.

    42. Бір мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыра алады.

    43. Танымы жан-жақты, айқын.

    44. Бос уақытында ата-анасының нұсқауынсыз көркемдік қажеттілікке ие (үйді,киімді әсемдеу және т.б.) суреттерді,мүсіндерді,композицияларды қуана-қуана салады әрі жасайды.

    45. Музыкалық жазбаларды ұнатады.Концерт немесе музыка тыңдауға болатын жерге барғанды ұнатады.

    46. Кейіпкерлердің эмоциялық жағдайын, сезімдері мен тебіреністерін жеткізе алатын сөздерді әңгімелеу барысында қолдана біледі.

    47. Сезімдерін ыммен, қозғалыспен жеткізуге бейім.

    48. Жаңадан жасалған машина, механизм,құралдар туралы журналдар мен мақалаларды оқығанды ( біреу оқыса тыңдағанды) ұнатады.

    49. Басқа балалар ойыны мен жұмыстарына жиі басшылық жасайды.

    50. Жеңіл қозғалады.Қозғалыс үйлесімділігі жақсы.

    51. Байқампаз,құбылыстар мен оқиғаларды талдағанды ұнатады.

    52. Өз ойын ұсынып қоймай, басқалардікін де, өзінікін де өңдей алады.

    53. Өз құрбыларын бір немесе екі жыл бұрын кітаптар, мақалалар, ғылыми басылымдарды оқиды.

    54. Өз сезімі мен көңіл күйін білдіру үшін сурет салып, мүсін жасауға көп бой ұрады.

    55. Қандайда бір музыкалық аспапта жақсы ойнайды.

    56. Оқиғаны түсінуде маңызды деталльдарды әңгімелеу барысында жеткізе алады (өз құрбылары жеткізе алмайды), сондай –ақ әңгімелеп отырған оқиға желісінен адаспайды.

    57. Басқа адамдардың эмоциялық қобалжуын бір нәрсені асыра әңгімелегенде оятуға тырысады.

    58. Ғылыми оқиғалар, жаңалықтар туралы әңгімелегенді ұнатады және көп ой толғатады.

    59. Өз жасына лайық жауапкершілікті мойнына алуға бейім.

    60. Жорыққа шыққанды,ашық спорт алаңдарында ойнағанды ұнатады.

    61. Символдар,әріптер мен сөздерді есінде ұзақ сақтай алады.

    62. Өмірлік мәселелерді шешуде дәстүрден тыс жаңа шешімдерді сынап көруге қабілетті.

    63. Қортынды мен жинақтаулар жасай алады.

    64. Ән айту мен музыкада өз сезімі мен көңіл күйін білдіруге ұмтылады.

    65. Көпшілікке белгілі нәрсе туралы әңгімелегенде жаңа, ерекше өзгертулер қосып,қиялдауға бейім.

    66. Көлемді бейнелеу жасауда саз, ермексаз, қағазбен және желіммен жұмыс істегенді ұнатады.

    67. Оңай әсірелеп,эмоциялық қобалжулары мен сезімдерін оңай жеткізеді.

    68. Өз «жобаларын» нобайлауға және жүзеге асыруға көп уақыт бөледі (ұшу аппараттары,автомашина,кеме модельдері).

    69. Басқа балалар ойын ойнағанда және тапсырмалар орындағанда әріптес болғанын қалайды.

    70. Бос уақытын қозғалмалы ойынға (хоккей,баскетбол,футбол және т.б.)

    71. Қызығушылық аясы кең, заттың шығу тегі мен қызметі туралы сұрақтарды көп қояды.

    72. Немен айналысса өнімшіл (сурет салу, оқиға құрастыру, нобайлау және т.б.), түрлі ойлар мен шешімдер ұсынуға қабілетті.

    73. Бос уақытында көркем әдебиеттерді оқымай (ертегі, детектив және т.б.), ғылыми- танымал басылымдарды (балалар энциклопедиясы мен анықтамалар) оқығанды ұнатады.

    74. Өнер шығармаларына өз бағасын бере алады, сурет,ойыншық,мүсіндерінде өзіне ұнаған нәрсені бейнелеуге тырысады.

    75. Өзіндік,ерекше әуендер ойлап табады.

    76. Өз әңгімелерінде кейіпкерлерін тірілте отырып, олардың мінезін, сезімдері мен көңіл күйлерін жеткізе алады.

    77. Ойын әсірелеуді ұнатады.

    78. Компьютерді оңай әрі тез үйренеді.

    79. Нандыру қасиетіне ие,өз ойына басқаларды сендіре алу қабілеті бар.

    80. Құрдастарына қарағанда дене бітімі жағынан төзімді.


Нәтижелерді өңдеу


Тігінен қосу және алу таңбаларын санап шығыңыз (олар өзара қысқарады). Санақ нәтижесін бағана соңына жазыңыз.Алынған ұпай жиынтығы сіздің бала бойындағы мынадай дарындардың даму деңгейіне берген бағаңызды сипаттайды:

  1. танымдық;

  2. шығармашылық;

  3. академиялық (ғылыми);

  4. көркем – бейнелеу;

  5. музыкалық;

  6. әдеби;

  7. әртістік;

  8. психологиялық;

  9. көшбасшылық

  10. спорттық;





2.2.Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтаудағы және дамытудағы алынған нәтижелерді өңдеу

Оқушылардың жауабының нәтижесі

Танымдық





ық

Шығармашылық


Академиялық (ғылыми)

Көркем –бейнелеу


Музыкалық


Әдеби


Әртістік


Психологиялық


Көшбасшылық

Спорт тық


3

3

3

3

2

2

1

-

1

2

    • Баланың іс – әрекетін мұғалімдер, ата – аналар тарапынан экспертті бағалау;


Дарынды оқушыны іріктеудегі жүргізілетін жұмыстар


Дарынды оқушы туралы мәлімет.

Аты,жөні_______________________________________

Туған күні______________________________________

1.Отбасы жағдайы туралы мәлімет.

2.Жетекші мұғалімнің аты-жөні.

3.Оқушымен жүргізілген мәліметтер.

4. Денсаулығы жағдайы жөнінде мәлімет.

5. Диагностикалық жұмыс мәліметтері(қолданылған әдістер, нәтижелер)

6. Мұғалімдермен бірлесіп жүргізілген жұмыс мәліметтері (жүргізілген жұмыс мазмұны, балаға берген мінездемелері, психологтың ұсынысы, бірлесіп қабылдаған шешімдер.

7. Ата-анамен бірлескен жұмыс мәліметтері.


    • Ұжымдық шығармашылық іс – шараларды жүргізуде балаларды қатыстыру;

    • Түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар ұйымдастыру;

    • Балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;


Күтілетін нәтиже

Өз “менін” және жан дүниесін басқара алатын, жетекші құбылыстарға мән беретін, кездескен кедергіні жеңе білетін, өзіндік ой-толғанысы бар, әр түрлі категориядағы адамдармен тіл табыса алатын, мұраты-айқын, мақсаты - нақты, құнды нәрселерді көздей алатын дарынды тұлға қалыптастыру.

Міне осындай жұмыстарды атқару барысында өзім жетекшілік ететін дарынды балалар интернаты оқушылары төмендегідей нәтижеге қол жеткізді:


Интернат тәрбиеленушілерінің түрлі сайыстарға қатысуы


Оқу жылы

Олимпиада

Түрлі шаралар


Аудандық



Облыстық





Республикалық



Кенгуру

Зубренок

Русский медвеженок

Алтын Руно


«Хабар»агенттігі ұйымдастырған суретшілер байқауы

Ақбота

Спорт

Қазақ –түрік лицейі

Ғылыми жобалар байқауы

АКСЕЛС

2002-2003





 

 


 




1

1


2003-2004




2

 

 


 


12

4


  2


2004-2005

11

3

2

4

1

2



9

2


2


1

2005-2006

10

3

1

10


1

6


8

1


2

2


2006-2007

6

1

1

11

-


12


3

5

2


6








DrawObject1




DrawObject2 DrawObject3

Дарын иелері - 20


Туа біткен дарын иелері - 7

Өнер - 2

Білім - 20

Спорт - 2

Шығармашылық - 7


Политехникалық -13

DrawObject4 DrawObject5 DrawObject6 DrawObject7 DrawObject8 DrawObject9


Аса

дарынды - 7


Орта - 3


Дарынды - 10

DrawObject10 DrawObject11 DrawObject12

Тәрбиелеу, оқыту барысында келе пайда болған дарын иелері - 13

DrawObject13













































Дарынды тұлғаны дамыту жолы

DrawObject14 DrawObject15

Кіші олимпиадашылар мектебі

Математика - информатика

Химия

Физика

География

Биология

«Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамы

«Өлкетану» үйірмесі

«Шебер қолдар» үйірмесі

«Дебат» клубы

«Жас заңгер» клубы

«Глоуб» экоклубы

«Жас тұлпар» спорт клубы

«Балауса» клубы

DrawObject16

Білім орталықтарымен байланыс


Дарын РҒПО

Республикалық «Физика-математика» мектебі


Кіші ғылым Академиясы

Ресейлік «Авангард» сырттай физика-математика мектебі


Қазақ-түрік лицейі

Жоғары оқу орындарымен байланыс

DrawObject17 DrawObject18 DrawObject19 DrawObject20 DrawObject21 DrawObject22 DrawObject23 DrawObject24













































Қорытынды


Қазіргі таңда бәсекеге төтеп беретін жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл тұлға қажет. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында болашақ жастарға ерекше мән беріп, талаптарға сәйкес жан-жақты жетілген, үйлесімді, шығармашыл болуды міндет етеді. Ал, оның негізі – білім ордасы. Оларға тәлім-тәрбие берудің алғы шарты – дарын иелерін жастайынан таңдай білу, оларды ерекше жетілдіру мен жөн көрсету, олардың құқығы мен мұқтаждарын қорғау.

Егемен еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған. «Дарындылық – даналығымен даралану, ойлылығымен ерекшелену» десек, ақыл,қайрат,жүрек туралы Абайға, оның «Он жетінші қара сөзіне» жүгінеміз.Яғни дарындылық жүрекке қызмет етуі керек.Бұл – жүректің таза болуы төңірегіндегі әңгіме.Жүрек біткен таза, пәк болуы – адами құндылық.Сондықтан жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуде олардың жеке қабілеті мен бейімділіктерін,олардың шығармашылық дарындылығын ескеру маңыздылығы күннен күнге арта түсуде.бұл мәселеге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстардың өз жалғасын одан әрі табатынына сенімім мол.

Психологиялық зерттеулердегі интеллектілі дарындылықты алатын болсақ, онда бұл сұрақ әдеттегідей көп терминнің мәнділігіне және тиісінше, қандай да бір адам соның негізінде «интеллектілі дарынды» ретінде көрінетін әр түрлі белгілердің болуына келіп тіреледі. Осы сәтте интеллектілі мінез-құлықтың әр түрлі зерттеулік бағыттар шеңберінде интеллектілі дарындылық байқалуымен арақатынаста болатын кем дегенде алты типін атап көрсетуге болады:

  1. «жалпы интеллект» дамуының ІQ>135-140 бірлік жоғары деңгейі, көрсеткіші бар тұлғалар; олар интеллектінің психометрлік тестілерінің көмегімен анықталады («ойлампаздар»);

  2. оқу жетістіктерінің көрсеткіші ретінде академиялық табыстылықтың жоғары деңгейі бар тұлғалар; олар белгілік-бағдарлық тестілерді қолдана отырып анықталады («керемет оқушылар»);

  3. туындайтын идеялардың ұшқырлық және оригиналдық ерекшеліктері түріндегі дивергенттің қабілеттер дамуының жоғары деңгейі бар тұлғалар; олар креативтілік тестілер негізіндеанықталады («креативтер»);

  4. іс-әрекеттің белгілі бір нақты түрін орындауда жоғары табыстылығы, пәндік-ерекшелік білімдердің ауқымды көлемі, сондай-ақ тиісті пәндік саладағы жұмыстың едәуір практикалық тәжірибесі бар тұлғалар («біліктілер»);

  5. экстраординарлы интеллектілік жетістіктері бар, нақты, обьективті жаңа, белгілі бір жалпы танылған формаларды қолданыс тапқан тұлғалар («таланттылар»);

  6. адамдардың күнделікті өмірдегі оқиғаларды талдаумен, бағалаумен және болжау айтумен байланысты интеллектілі мүмкіндіктердің жоғары деңгейі бар тұлғалар («даналар»);

Сонымен, интеллектілі дарындылық, бір қарағанда, әрқашан интеллектілік іс-әрекеттің аса жоғары көрсеткіштерінде байқалады.

Оқушының танымдық белсенділігінің қалыптасуы, жоғары деңгейде дамуы оны шығармашылық әрекетке әкеп тірейді. Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Сонымен қатар оқушының шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс. Мұндағы өнімді әрекет мақсаты – оқушының оқу үрдісіндегі мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау. Басты міндет – дамып отыратын өмірге, қоршаған ортаға сәйкес келетін көзқарасты, қарым-қатынасты қалыптастыру.

Шығармашылық тұлғаның танымдық қызметін бақылауда әр түрлі деңгейлік тапсырмалардың маңызы зор. Қабілетті оқушылар сабақтан тыс уақытта жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды өз бетімен оқып жетілдіруге негізделіп құрылған оқу бағдарламасымен оқытылады. Сонымен қатар ұстаздың жүйелі түрде бақылауының нәтижесінде оқушыда мынадай қасиеттер қалыптасады

  • өз жетістігін және кемшілігін білу;

  • өз жұмысына жан-жақты талдау жасай білу;

  • жұмыс жасау қабілеті жоғары болу;

  • табандылық;

  • ойлылық;

  • тапқырлық;

«Таланттар аз, оларды сақтап,қорғап ұлт болашағының нағыз күшіне айналдыру керек» деп айтқан В.И.Вернадский

ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. «Ұлттық бәсекелестік қабілеті оның білімділігімен өлшенетінін» басты назарда ұстайтын Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында да «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті.

Қорыта келгенде егеменді еліміздің келешегі мен кемелі білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Дарындыларды ертерек табу олардың игілігін көру бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі. Олай болатын болса қоғам қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандыратын өмір сүру қағидаларын меңгеруге кең көлемде білім алған, жоғары деңгейде түсіну қабілеті бар дарынды оқушыларды тауып, танып, танытып, тәрбиелеу біздің, педагог – ұстаздардың негізгі міндеті деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

        1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.Астана,2000 ж.

        2. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті.Алматы., 1998.

        3. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы:проблемалар және оларды шешудің жолдары.Алматы., Қазақстан. , 1998 .

        4. .Фролова И.Т. Философский словарь. Под. Ред.Москва., Политиздат., 1986.

        5. .Сарыбаева Ш.Ш. Краткий русско – казахский словарь.Алматы.,1993.

        6. Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарынды балалар проблемалары,халықаралық ғылыми – педагогикалық конференция материалдары 8-9 қараша. Алматы.,2000.

        7. Вопросы психологии .2004. №2 (119- 127б.б.)

        8. Бурлинский Г.В, Слуцкий В.М. Одаренные дети.Прогресс.,1991 – 376б.

        9. Денисов А.Ф. Интеллектуальный тест Р.Кеттела.Инатон., 2004

        10. Немов Р.С. Психология. 3 –х изд,4 –е изд М.Владос.,

        11. Айзенк Г.И. Как измерить свой интеллект , IQ 2 – е изд. Д.Северо – Запад,Феникс 2005-224с

        12. Лейтес Н.С. Возрастная одаренность школьников ,М.Академия,2000ж. 320б.

        13. Психология одаренности детей и подростков: 2 –е изд.М.Академия, 2000 – 336б.

        14. МазепинТ.Б. а «Тесты для маленких умников и умниц»; Ростов – на – Дону; Феникс 2005,288б.

        15. Милле А. «Драма одаренного ребенка поиск собственного Я»,Академический проект, М,2003 16,17 б . б

        16. Штерн В. «Умственная одаренность» Санкт - Петербург 1997

        17. «Одаренность детей и подростков и методы ее исследования» М,1926

        18. Дьяченко О.М. «Одаренный ребенок» М,1997

        19. ЮркевиВ.С. ч «Одаренный ребенок : иллюзия и реальность» М;1996

        20. Экземплярский В.М. «Проблема школ для одаренных» М,1927

        21. Савенков А.И. «Детская одаренность:Теоретическиеосновы развития»М.1996

        22. Матюшкин А.М. «Загадки одаренности» М.1995

        23. Голубева Э.А. «Способности и индивидуальность» М.1993

        24. Гильбух «Ю.З. Внимание: одаренные дети» М,1991

        25. Волков И.П. «Много ли школе талантов» М,1989

        26. ЖексенбаевУ.В. а, Сатова А.К. «Педагогика и психология одаренности школьников» А.2002ж.

        27. Соловейчик С.Л. «От интересов к способностям» М,1968

        28. Лейтес «Н.С. Способности и одаренность в детские годы» М.1984

        29. «Об умственной одаренности психология характерестики некоторых типов школьников»; М. 1960

        30. Волкова М.Г. «Развитие способностей у детей-основа жизненного успеха» М,1989 27 бет

        31. Дружинин В.Н. «Психологическая способностей теоретические основы» Саратов 1990г.

        32. Платова Г.А. «Творческое одаренность личности» Екатеренбург 1992

        33. Намазбаева.Ж.Ы. , Сангилбаев О.С. «Орысша - қазақша психологиялық сөздік»,Алматы 2005ж.

        34. Дж.Равен, Дж.К.Равен , Дж. Корт «Стандартные прогрессивные матрицы »,Когито – Центр 2002 Москва

        35. Лейтес Н.С. «Психология одаренности детей и подростков»,Москва «Асадема» 2000 2-е изд.

        36. С.Д.Смирнов «Педагогика и психология высшего образования» от деятельности к личности. 2- е изд. Москва Асадема 2005г. (346-347б.б.)

        37. Б.И.Иманбекова. Мектептегі ғылыми - әдістемелік жұмыс. Алматы, 2003 ж.

        38. Ү.Б.Жексенбаева . Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.Алматы, 2006ж.

        39. Б.Зельцерман «Учис! Твори! Развивайся!» Рига ПЦ «Эксперимент »,1997г.

        40. Ю.Д.Бабаева, Н.С.Лейтес «Психология одаренности детей и подростков»; Москва, Издательский центр «Академия»,1996

        41. В.А.Борзова, А.А.Борзов «Развитие творческих способностей у детей» Самара,1994

        42. Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко,Е.Л.Агаева «Программа одаренный ребенок»;Основные положения – Москва Новая Школа, 1995.

        43. Л.С. Выготский «Воображение и творчество в детском возрасте» М,1991

        44. Н.С.Лейтес «Об умственной одаренности» Москва,1960

        45. А.М.Матюшкин «Концепция творческой одаренности» .Вопросы психологии. – 1989 №6

        46. А.М.Матюшкин, Д.А.Сиск «Одаренные и талантливые дети»\\ Вопросы психологии – 1988 №4

        47. В.Штерн «Одаренность детей и подростков и методы ее исследования»,Москва Просвещение 1926

        48. Б.Әшімбаева «Дарынды баламен жұмыс бағыттары», «Қазақстан тарихы» журналы, №5 2007ж.

        49. С.И.Ожегов «Словарь русского языка»,Москва, 1990, 440б.

        50. В.С.Юркевич «Одаренные ребенок – иллюзии и реальность» М: Просвещение, 1996;

        51. «Шығармашылық дарындылықты дамыту бағдарламасы » Алматы; «Рауан» 1997ж.

        52. Е.С.Белова «Одаренность малыша: раскрыть, понять, поддержать» 1998г.

        53. А.В.Хуторский «Развитие одаренностью школьников»; Методика продуктивного обучения. – Москва 2000г.

        54. Ю.Д.Бабаева, А.Е.Войскунский «одаренный ребенок за компютером» ,М: Сканрус, 2003

        55. Ю.Д.Бабаева «Психологический тренинг для выявления одаренности» ,М: 1998г.

        56. К.А.Хеллер «Диагностика и развитие одаренных детей иподростков» \\ Основные современные концепции творчества и одаренности. М; 1997 с 243-264

        57. Э.Ландау «Одаренность требует мужества», психологическое сопровождение одаренного ребенка Москва ,Академия,2002

        58. Бабаева Ю.Д. «Динамическая теория одаренности \\ Оснавные современные концепции творчества и одаренности » Москва,1997,с 275-294

        59. Babaeva J. D. A Dynamic Approach to Giftedness: theory and practice. \\ High Ability Studies, Vol .10,N.1, 1999, pp .51-68

        60. Лейтес Н.С. «Ранние проявления одаренности»,2000г.

        61. Панов В.И. «Одаренность и одаренные дети: обучение и развитие »– Астана , «Дарын»,2006 – 164 б

        62. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030: Послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы: Білім, 1997ж.

        63. Битуова Т.Р.Методические рекомендации по организации научных обществ учащихся и проведению республиканских соревнаваний школьников.РНПЦ «Дарын», Астана -2005
























Қосымша


Зерттелуші: 8 «ә» сынып оқушылары

  1. Табынбай Жаңбырбай

  2. Аманша Ақмарал

  3. Бақытжан Ақмарал

  4. Сарман Айнұр

  5. Әбішева Ұлболсын

  6. Байғабыл Жансая

  7. Әбдеш Қанизат

  8. Нұрылла Жадыра

  9. Үснадин Жаңагүл

  10. Тілеужан Ғ

  11. Сражадин Гүлнұр

  12. Сембиев Рақымжан

  13. Құлпыбай Қоңырбай

  14. Нұрмағанбет Айдана

  15. Әбжали Жақсылық

  16. Бақберген Ерлан

  17. Кемалова Анар

  18. Тілегенова Ақбота

  19. Жәмеш Шәкен

  20. Төлегенова Жадыра



Зерттелуші: 8 «б» сыныбы

Зерттелуші саны: барлығы –

қатысқаны

  1. Зейнуллаева Айсауле

  2. Ақшатауов Ғабит

  3. Ерболатов Қуандық

  4. Қаниев Ғалымжан

  5. Бегалиева Айдана

  6. Амангелді Ақбота

  7. Төремұрат Самат

  8. Күнбергенқызы Еңлік

  9. Нағи Бағдат

  10. Өтегенов Нұрлан

  11. Тәңірбергенова Меруерт

  12. Қадірбай Нұрдаулет

  13. Күзембай Эльмира

  14. Қолқанат Ертуған

  15. Өтепберген Бақытжан

  16. Қалияш Қабақ

  17. Аязбаева Нұрсауле

  18. Сарқытұлы Жанболат

  19. Жаңаберген Қанат

  20. Елмұратқызы Мерей

























DrawObject25

Ғылыми негіздердің зертханалық жұмыстармен байланыстылығы

Оқушы білімінің өмірмен,ғылыми жаңалықтармен байланыстылығы

Ғылыми жоба шығармашылық тақырыбын таңдап алу

Теория мен сарамандық әдістердің байланыста болуы

Өзіндік жұмыстарды ғылыми тұрғыда орындауы

Тірек сызба нұсқалар құрастыру

Ғылыми әдістемелік,анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеп үйренуі

DrawObject26 DrawObject27 DrawObject28 DrawObject29 DrawObject30 DrawObject31 DrawObject32


















DrawObject33



Зерттеу күнделігін жүргізу




















44


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.01.2019
1597
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі