Дене шынықтыру сабағындағы менің зерттеуім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене шынықтыру сабағындағы менің зерттеуім

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретіндегі кәсіби даму мақсатым–«Дене шынықтыру сабағында оқушылардың идеяларды дәлелдеу және аргументтеу дағдыларын дамыту».
Материалдың қысқаша нұсқасы

А лишов Мырзағали

Нұрділләұлы


Нұр-Сұлтан қаласындағы

Халықаралық мектептің дене шынықтыру және денсаулық пәнінің мұғалімі

Дене шынықтыру сабағындағы менің зерттеуім


Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретіндегі кәсіби даму мақсатым–«Дене шынықтыру сабағында оқушылардың идеяларды дәлелдеу және аргументтеу дағдыларын дамыту». Бұл тақырыпты таңдауыма не негіз болды?

Дене шынықтыру сабағының барысын зерделеу кезінде оқушыларға берілетін тапсырмаларды балалардың физикалық мүмкіншіліктері мен жекелеген қабілеттерін егжей-тегжейлі ескеру керектігін түсіндім. Гандбол ойыны кезінде балалардың допты алып жүру тапсырмасын орындау барысында кей оқушылардың қозғалыс координациясының дұрыс қалыптаспағандығын, физикалық тұрғыдан әлсіздігін, ептілік жетіспейтінін алдыңғы сабақтарда тапсырмаларды орындаудан байқадым. Осындай оқушылардың назардан тыс қалмауын ескере отырып, дене шынықтыру сабағында оқушылардың идеяларды дәлелдеу және аргументтеу дағдыларын дамытуды кәсіби даму мақсатым ретінде негізге алдым, яғни оқушылар өздерінің физикалық мүмкіншіліктерін есепке ала отырып өздеріне қолайлы әдіс-тәсілдерді ойлап тауып, ұсыныстар мен идеяларды айтады. Оқушыларға мүмкіндік беру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға болатындығын да ескердім, дене шынықтыру сабағында оқушылардың физикалық мүмкіндіктеріне назар аудару өте маңызды.

«Гандбол ойыны» юнитының сабақтарын жоспарлауда оқушылар дене шынықтыру сабағы арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруды қаншалықты саналы түрде түсінгендігін, оқушылардың өз еріктерімен белсенді жұмыс істеу қабілеттерінің қаншалықты ашылғандығын байқауды жоспарладым. Осының алдындағы юнитымның тақырыбы «Денсаулық және спорт ғылымына» негізделген. Оқушылардың бойында СӨС-ын қалыптастыруды жүзеге асыру үшін зерттеу тақырыбымен жұмыс жасадым.

Сабақты кәсіби даму мақсатыма сай жоспарлап, сабақ мақсатын, тапсырмаларды соған сәйкес құрылуын назарда ұстадым. Кез келген сұрақ адамды ойға, ойлануға, ұтқыр жауап беруге жетелейтін ойдың ерекше формасы болса, сабақ барысында жүзеге асатын зерттеу сұрақтары оқушылардың сыни және шығармашыл ойлау дағдыларын дамытуға, тиімді шешім қабылдай алуға, іс әрекетіне баға беруге, тұжырымды пікір айтуға үлкен ықпал ететінін сабақтарымда жиі байқалатын. Кәсіби даму мақсатымды сабақ тақырыбын жоспарлаумен сабақтастыру барысында оқушы үшін СӨС ұстанудың ешкімнің мәжбірлеуінсіз қаншалықты жүзеге асыруға болатындығының өзектілігін және тәжірибеде қалай іске асыра алатындығымды анықтағым келді.

Жоспарлауда сабақтың әр кезеңінде оқу бағдарламасындағы физика, биология, қазақ тілі, тарих пәндерімен пәнаралық байланыс орнатуды ескердім. Биология пәнімен байланыс денені шынықтыру барысындағы оқушылардың ағзасына тигізетін әсері, қазақ тілі сабағы постер қорғау кезіндегі сөз саптауларынан, рефлексия жасау, кері байланыс беру кезіндегі оқушылардың ойларын жүйелі жеткізуі, физика пәнімен байланыс допты лақтыру барысында қанша күш жұмсалатындығы, қандай жылдамдықпен жүгіру керектігі, тарих пәнімен байланысы ойынның шығу тарихы, дамуы туралы айту барысында көрінеді.

Дене шынықтыру пәнін концептуалды оқыту әр сабақта жүзеге асады. Гандбол юнитінің пәндік концепциясы «Өзара іс-әрекет» ал негізгі концепция «Коммуникация» жаһандық мән-мәтіні «Әділеттілік және өркендеу», дене шынықтыру сабағында тек қана физикалық тұрғыдан даму ғана емес, сондай-ақ оқушылардың бойында әділдік пен адами құндылықтарды да дамытуға болады. Командалық ойындағы ережені бұзбай бірлесе жұмыс жасау, команда мүшелеренің бір-біріне қамқорлығы, қарсы командаға құрмет, ойында әділ болуы, осының барлығы адами құндылықтардың тәрбиесі. Пән мұғалімі ретінде сабағықта адами құндылықтар, жаһандық мәселелер қамтылатынын жоспарлауда үнемі назарда ұстаймын. Әлемде спорт арқылы үлкен жетістіктерге жеткен адамдар аз емес (Никлас, Миккель, Рональдо, Салах, т.б.). Бұл тұлғалар спорттағы жетістіктері мен қоса кедей-кепшіктерге, жетімдер үйіне, ауру балаларға, жасөспірімдердің арасында спорттың дамуына көмектесіп қайырымдылық жасау арқылы әлем халықтарының сүйіспеншілігіне бөленген. Солардың өмір жолдарын үлгі ету арқылы оқушыларды дене шынықтыру сабағына қызықтыруға болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.06.2022
881
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі