Материалдар / Дене тәрбиесі сабағын талдау. Сабақта жіберілетін қателіктер, оны түзету жолдары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене тәрбиесі сабағын талдау. Сабақта жіберілетін қателіктер, оны түзету жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына әдістемелік көмек құралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2019
27550
77 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі

1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық - педагогтік колледжі

Күні: 11.12. 2019ж

Оқытушы: Онгарова Б.К

Топ: 21бш, 22 бш

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Дене тәрбиесі сабағын талдау. Сабақта жіберілетін қателіктер, оны түзету жолдары.

Сабақтың негізделген оқу мақсаты:

Дене тәрбиесі сабағында жіберілетін қателіктерді анықтау, оны түзету жолдарын көрсету. Дене тәрбиесі сабағын талдау сұрақтарымен таныстыру, сабақты талдауға үйрету;

Күтілетін нәтижелер:

(Бағалау критерийлері)

1. Дене шынықтыру пәнінен практикалық сабақтарда алған білімдерін толықтырады.

2. Дене тәрбиесінен өтілген практикалық сабақтарына шолу жасап, талдайды.

3. Практиккалық сабақтарда жіберілген қателіктерді анықтайды, талдайды.

4. Дене шынықтыру сабағын талдау сұрақтарымен танысады, талдайды.

5. Сабақта жіберілген қателерді түзету жолдарын анықтайды.

6. Болашаққа ұсыныстар бере алады.

Құндылық:

Ынтымақтастық, өзін-өзі тәрбиелеу, өзара көмек;

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау;

Пәнаралық байланыс:

Анатомия, физиология және балалар гигиенасы, педагогика, психология.

Алдыңғы оқу

Секіру, лақтыру тақырыптары бойынша сабақ жоспарын құрастыру. Машықтық сабақ өту.

Жоспар


Уақыты

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар

Басталуы

5 мин





20 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу.

- Білім алушыларды түгендеу

- Жағымды ахуал қалыптастыру жаттығуы: "Менің көршім"

- Топқа бөліну " Капитан" ойыны арқылы 4 топқа бөлінеді.


II. Өткен сабақты пысықтау:

"Ұлттық ойындар","Қимыл-қозғалыс ойындары", "Жүгіру, жүру", " Секіру, лақтыру" тақырыптары бойынша өтілген практикалық сабақтарды талдау, қорытындылау;

Әр топқа өз тақырыптары бойынша кезеңдер бөлінген сұрақтар беріледі. Топпен бірлесіп, нақты жауап беруі қажет.

Сұрақтар:

- Сабақтың тақырыбына қарай сабақтың оқу мақсатының анықталуы, сабақтың оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерінің анықталуы.

- Сабақтың кіріспе бөліміне қойылатын талаптар, кіріспе бөлімінің өтілуі, жетістіктері, жіберілген қателіктер, мұғалімнің іс-әрекеті (Сабақтың кіріспе бөлімінің ұйымдастырылуы, әрбір кезеінің талапқа сай өтілуі: сәлемдесу, мәлімдеме қабылдау, саптық жаттығулар, жүру және жүру бағытындағы жаттығулар, жүгіру және жүгіру бағытындағы жаттығулар, тынысты қалыпқа келтіру жаттығулары)

- Сабақтың негізгі бөліміне қойылатын талаптар, негізгі бөлімінің өтілуі, жетістіктері, жіберілген қателіктер, мұғалімнің іс-әрекеті (Қайта сапқа тұру, жаңа сабақты хабарлау, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру, жаңа сабақты түсіндіру, техникасын көрсету, оқушылармен бірге жасау, белсенді қозғалмалы ойын ойнату)

- Сабақтың қорытынды бөліміне қойылатын талаптар, қорытынды бөлімінің өтіліуі, жетістіктері, жіберілген қателіктер, ұсыныстар;

1-топ: Қимыл-қозғалыс ойындары 1-сынып

2- топ: Ұлттық ойындар 2-сынып

3- топ: Жүру және жүгіру 3 сынып

4- топ: Секіру және лақтыру 4-сынып

- Қорытындылау.

Тренинг: ""Менің қөршім"





" Топқа бөліну "Капитан ойыны"





"Әткеншек" әдісі

Ортасы

5 мин






15 мин














15 мин
























15 мин

III. Сергіту жаттығуы "Арыстын, жігіт, бикеш"ойыны

IV. Жана сабақ

Жоспары:

1. Дене шынықтыру сабағын талдаау.

2. Дене шынықтыру сабағын талдаау сұрақтары.

3. Дене шынықтыру сабағында жіберілетін қателіктер.

4. Қатемен жұмыс және оларды түзету жолдары.

Презентация:

  • Қысқа мерзімді жоспардың құрылымдалуы.

  • Жоспарланған құралдардың алға қойған міндеттермен сәйкестігі, сабақ өткізу барысындағы жағдайы.

  • Оқушылардың және керекті құрал-саймандардың орналасуының суреттелуі .

  • Сабақтың нәтижелі өтуіне жағдай жасауы.

  • Сабақтың жетістіктері.

  • Сабақта жіберілетін қателіктер.

  • Қатемен жұмыс, түзету жолдары.

  • Дене тәрбиесі сабағын талдау. Талдау сұрақтары.

  • Болашақта ескерілетін мәселелер.


V. Сабақты бекіту

1) 4 топқа дене шынықтыру сабағынан тапсырмалар және жағдаяттар беріледі, әр топ өз жағдаятының шешімін постерге түсіреді.

Әр топ бірлесіп, өзіне берілген жағжаят бойынша шешім қабылдпйды. Постерге түсіреді. Әрбір бекетке топпен бірге барып, шешілген жадаяттарды оқып, саралайды, пікір, ұсыныстар жазылған стикерлерді жапсырады.

1- топ: Бүгін дене шынықтыру сабағында Мирастың мұрнынан қан ақты, ал Аружанның тізесі жарақаттанды. Не істеу керек ?

2- топ: Жаттығу кезінде Алмастың беті бозарып, терлеп, жүрегі айныды. Не істеу керек? Денеге түскен жүктеме мөлшерін қалай анықтауға болады ?

3- топ: Дене шынықтыру сабағы, тақырып "Акробатикалық жаттығулар: домалау түрлері" Сіз алға, артқа домалау түрлерін түсіндіріп, көрсетіп жатқан кезде, Әли сізді бөліп, өзінің акробатикалық жаттығуларды тамаша орындайтынын айтып, бірнеше түрлерін көрсете бастады (қол көмегімен бәрнеше рет айналып түсу, шпагатқа отыру т.б). Сіздің шешіміңіз ?

4- топ: Сабақта белсенді қозғалыс ойынын ойнату керек, екі ойынды ұсындыныңыз, балалар ойнағысы келмеді, қызықсыз екенін мәлімдеді. Сіздің шешімініз ?Балалардың ойынға деген қызығушылығын қалай тудырыуға болады?

2) "Айналмалы бекеттер" әдісі арқылы әр топтың жағдаятты шешімін, жауаптарын талдап, стикерлерге дұрыс, бұрыстығын, өз ұсынымызды жазу.

3) Әр топ өз орындарына оралып, топпен бірлесіп, басқа топтардың сындарын, ұсыныстарын оқып, талдау, қарсы пікірлер білдіру, өз пікірлерін қорғау.

Сергіту жаттығуы "Арыстын, жігіт, бикеш"ойыны




"Дене тәрбиесі сабағын талдаау" презентация










Флипчарт, маркерлер, стикерлер.


"Айналмалы бекеттер" әдісі






























Аяқталуы

10 мин





5 мин

VI. Сабақты қорытындылау

1)" Баланс шеңбері" әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

1. Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері.

2. Жаттығулардың ерекшелігі, қайталау саны, дұрыс орындалуы.

3. Сабақтың әрбір кезеңінде уақыттың дұрыс, тиімді бөлінуі.

4.Сабақтың кіріспе бөлімі.

5. Сабақтың негізгі бөлімі.

6. Сабақтың қорытынды бөлімі.

7. Сабақтың нәтижелі өтуіне жағдайлар жасалуы.

8. Талдау сұрақтарын түсінуі.


2) Ауызша кнрі байланыс

1.Сабақта сәтті өткен екі нәрсені көрсетіңіз.

2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді?

VII. Үйге тапсырма.

1. Дене шынықтыру сабағынан талдау сұрақтарын оқып, талдау.

2. Топ бойынша дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелерін құрастыру:

1-топ: Белсенді қимыл-қозғалс ойындары кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

2- топ: Гимнастикалық жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

3- топ: Акробатикалық жаттығулар жасаудағы қауіпсіздікті сақтау ережелері.

4- топ: Жеңіл атлетика ( жүру, жүгіру, лақтыру, секіру ) жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік жаттығулары.

VIII. Бағалау




















Сабақты талдау, бақылау жоспары

I. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

  1. Сабақ жоспарының жағдайы.

А) Сабақтың жалпы және жеке міндеттерінің сауатты қойылуы, кезеңдерінің нақтылығы. Өткен сабақпен және оқу тоқсанның жоспары сәйкестілігі. Алға қойған міндеттердің оқушылардың білім алуына тиімділігі (дайындық деңгейін есепке алу, жұмыс жағдайы, шектелген сабақ уақыты)

Б) Жоспарланған құралдардың алға қойған міндеттермен сәйкестігі, сабақ өткізу барысындағы жағдай, балалардың жас ерекшелігінің ескерілуі. Жаттығулардың ерекшелігі, саны. Денеге түсетін салмақ динамикасы талаптарына қарай жаттығуларды бөлу.Әдіс және әдіс – тәсілдердің алға қойған мақсатпен сәйкестігі (сөздік, көрнекілік, практикалық) дұрыс жазылуы. Айналысушының үлгерімін анықтау әдісі. Жаттығуды орындау барысындағы нәтиженің талап бойынша қойылған критериге сәйкес келуі.

В) Оқушылардың және керекті құрал-саймандардың орналасуының суреттелуі және жазылуы. Жалпы және топтың тапсырмалардың берілу әдісі. Арнайы топ оқушыларына арналған және сабақтан босатылған оқушыларды пайдалану жоспары.

Г) Белгіленген талапқа сабақ жоспарының сәйкестігі. Барлық және терминологиялық нақтылығы, сауаттылығы және ұқыптылығы. Сабақтың құрылуының сабақ құрылысының әдістемелік нұсқауы, теориялық сақталуы. Оқу құру барысында сабақтарын теориялық және әдістемелік нұсқаулардың сақталуы, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде ретшіілкьің сақталуы.

2. Сабақтың нәтижелі өтуіне жағдай жасау.

Сабақ өткізілетін орын, керекті құрал-саймандар, оқу құралдарын дайындау. Дәстүрден тыс құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын пайдалануы. Сабақ өткізілетін орынның тазалығы. Оқушылардың сабаққа дайындығын көмекшілерге нұсқау беру, өзінің сырт бейнесін тексеру және т.б. алдын ала тексеру.

ІІ Сабақтың өткізілуі.

1. Сабақтың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

а) Сабақтың уақытында басталуы және аяқталуы;

ә) Сыныптағы барлық оқушылардың құрал-саймандарды орналастыруынша жинауына, таратылуында қатысуы. Бұйрық берудің нақтылығы мен дұрыстылығы;

б) Оқушыларды формальды, топтық, жеке әрекеттерге ұйымдастыру;

в) Оқу тапсырмаларының мазмұнда түсіндірілуі.

Арнайы топ оқушыларын және белсенді қимыл әрекетінен босатылған оқушыларды жұмыспен қамтамасыз ету.

г) Оқушылапрдың алдында мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, қарым-қатынас тактінің сақталуы, оқушылардың жұмысына және тәртібіне талап қоя білуі.



2. Педагогтің оқу-тәрбие жұмысы.

а) мұғалімнің оқу міндеттерін нақтылауы және түсіндіре білу, оқушылардың тапсырмаға саналы келуін және шығармашылық белсенділігін ояту;

ә) Оқытуда диалогтикалық, дамытушылық және тәрбиелік қағидаларды сақтау.

Дене шынықтырудың міндеттерін шешуде адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен байланыстылығын қамтамасыз ету;

б) Сөздік және көрнекілік әдістерді қолдану жаттығуды орындау, денеге түсетін салмақты алықтай білу іскерлігі пән аралық байланысты қолдану.

Оқу тәрбие міндеттерінде жеке әдіс-тәсілдердің сәйкес келуі, айналысушылардың дене жаттығулардың орындай білу қажеттілігі. Оқушылардың зейінін басқару іскерлігі, қауіпсіздікпен және алғашқы көмек көрсетуді қамтамасыз ету, тапсырманы орындауын бағалау және тексеру. Тәртіп пен үлгерімнің дұрыс бағалануы;

в) Инструктрлық дағдысын қалыптастырылуы.

3. Оқушылардың сабақтағы әрекеті.

а) Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы, жұмысқа деген сана деңгейі және жауапкершілігі.

ә) Оқушылардың мұғалімге және өзара қарым-қатынасы. Оқушылардың сырт бейнесі және тәртіптілігі;

б) Оқу міндетерін өз бетімен шешудегі қабілеттілігі. өз әрекетіне бақылау жасай білуі, көңіл-күйі, ой-өрісі және өзінің оқу-жұмысын бағалай білуі;

в) Өзара бағалау және көмек көрсету. Мұғалімнің және оқушылардың және сабақтан уақытша белсенді қимылдан босатылған оқушылардың жұмыс сипаты және тиімділігі.

4. Сабақты қорытындылау.

1. жалпы сынып және жеке оқушылардың сабақ бойынша қойылған міндеттердің шешілуі.

2. ең тиімді ерекше әдіс-тәсілдерді оқытуда ұйымдастыруда, тәрбиелеуде пайдалану. Оқушыларды тәрбиелеу және оқыту барысында қимылды саналы орын. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу барысындағы негізгі жіберілген қателіктерін ескеру, қимылды сапалы орындай білу іскерліктерін арттыруды ескерілуі.

3. Мұғалімнің кәсіби – педагогтік деңгейі (теориялық, әдістемелік, сөйлеу мәдениет, қимыл әрекетінің дайындығы)

4. Жіберілген қателіктерді жоятын ұсыныстар.

5. Сабақтың жалпы бағасы.



Дене тәрбиесін оқыту әдістемесінен талдау сұрақтары

  1. Пәні, студенттің аты – жөні, сыныбы.

  2. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, типі, құрылысы.

  3. Сабақтың ұйымдастырылуы.

  4. Сабақтың әрбір кезеңінде уақыттың дұрыс, тиімді бөлінуі.

  5. Сабақтың әрбір кезеңдерінің өзара байланысының болуы.

  6. Сабақ өткізу барысындағы жағдай, балалардың жас және жыныс ерекшелігінің ескерілуі.

  7. Жаттығулардың ерекшелігі, қайталау саны, дұрыс орындалуы.

  8. Жаттығуды орындау барысындағы нәтиженің критерийге сәйкес келуі.

  9. Денеге түсетін салмақ динамикасы талаптарына қарай жаттығуларды бөлуі.

  10. Сыныптағы барлық оқушылардың құрал-саймандарды орналастыруынша жинауына, таратылуына қатысуы.

  11. Бұйрық берудің нақтылығы мен дұрыстылығы.

  12. Оқу тапсырмаларының мазмұнды түсіндірілуі, көрсетілуі.

  13. Оқу тәрбие міндеттерінде жеке әдіс-тәсілдердің сәйкес келуі.

  14. Оқу материалының мазмұны, дидактикалық принциптердің жүзеге асырылуы.

  15. Оқу материалының тәрбиелік мәні.

  16. Сабақтың басқа пәндермен байланысының көрінісі.

  17. Студенттің сөйлеу дикциясы, жүріс – тұрысы.

  18. Студенттің жұмыс стилі, мақсатқа жетудегі табандылығы, оқушымен қарым – қатынасы, оларға талап қоя білуі, педагогикалық шеберлігі.

  19. Оқушылардың зейінін басқару іскерлігі, қауіпсіздікпен және алғашқы көмек көрсетуді қамтамасыз етуі.

  20. Сабақ барысында кері байланыстың жүргізілуі.

  21. Сабаққа оқушылардың қызығушылығы мен олардың белсенділігі.

  22. Сабақта қолданылған ресурстар.

  23. Сабақтың жетістігі.

  24. Сабақтың кемшіліктері.

  25. Студенттің алға қойған мақсатына жетуі.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!