Девиантты мінез -құлықты жасөспірімдер тәрбиелеу тәжірибесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Девиантты мінез -құлықты жасөспірімдер тәрбиелеу тәжірибесі

Материал туралы қысқаша түсінік
девиантты балалар, мұғалім, қиын балалармен жұмыс, әлеумет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді тәрбиелеу тәжірибесі

Казтаева Нургуль Канатовна

"№11 арнаулы мектеп- интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Қоғамда біте қайнасып жатқан тіршілікте, қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Өкінішке орай, барлығы бірдей жақсы өмір сүрмейді. Әлеуметтік теңсіздік, саяси тұрақсыздық, зорлық – зомбылық көрініс тауып, бұл балалардың мінез -құлқының өзгеруіне алып келеді. Агрессия, күш көрсету, қатыгездік, зиянды әрекеттердің куәсі болған бүлдіршіндер, өздерін қорғау мақсатында, қоғамға қарсы шығып, ережелерге бағынудан бас тартады. Бұзақылық әрекеттерге бой алдырып, нашар қылықты көрсетуге бейім келеді. Мұндай әрекеттерді біз девиантты мінез – құлық деп атаймыз.

Біздің мектеп – интернаттың жұмысы қиын балалармен тығыз байланысты болғандықтан, девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі ең өзекті болып отыр. Тәрбиеленушілеріміздің басым көпшілігі үйлерінен қашып кетіп, далада қаңғып жүрген, теплотрассалар мен падволдарда мекен ететін балалар болғандықтан, оларды жаңа өмірге бейімдеу, педагогикалық -психологиялық бағыт – бағдар беру біздің басты мақсатымыз. Оған қоса, біз заң қызметкерлерімен тығыз қарым -қатынаста, бірлесе отыра жұмыс жасаймыз. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық соттың шешімімен интернатқа келетін балалардың одан әрі тәртібі, іс – қимылы үнемі бақылауда болып, қадағаланып отырады.

Девиантты мінез – құлығы байқалатын бүлдіршіндер көбіне отбасы жылулығын сезінбеген, қоршаған ортадан қолдау таппаған, қысым көргендіктен өз үйінен тезірек бойын аулақ салғысы келеді. Көше кезіп жүрген жанда қандай күтім болсын, гигиеналық тазалық, мәдени мінез -құлық қалыптаспаған балаларды жуындыруға, өз заттарына ұқыпты қарауға, тамақтану барысында өздерін тиісті деңдейде ұстау қағидаларын қайта қалыптастырамыз. Бұл бір ғана педагогтың атқаратын жұмысы емес, біз бәріміз бүкіл ұжыммен тәрбиелейміз. Интернатта қызмет ететін ұстаздар, педагог -психолог, медбике, күзетші, еден жуушылар барлығы балаларды жақсы өмірге бейімдеу үшін жан -жақты ат салысады. Мектепке алғаш келгенде тіпті қарпайым жуынуды білмейтін, дұрыс киіне алмайтын, қолдарына қалам ұстап көрмеген, әріп танымайтын балалар да болған. Сауатсыздық 17-18 жастағы жасөспірімдердің өзінде байқалады. Педагогтар әрине, олар өздерінен кіші балалардан қысылып – қымтырылмауы үшін, жекелей түрде дәрістер өткізіп, оқу үрдісін жүргізеді. Жалпы, мінез -құлығы бұзушылыққа ұшыраған балаларды тәбелеу барысында арнайы әдіс -тәсілдерге сүйенгеніміз абзал:

-жеткіншектердің бос уақытын тиімді жоспарлау;

-оқушылардың тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру;

-әлеуметік және психологиялық қорғалуы;

-тәрбиеленушілерді саяси сауаттандыру, өз құқықтарын білуге баулу.

Балалардың уақытын тиімді жоспарлау ең маңызды элемент. Күн тәртібін ойластыру, арнайы ережеге бой ұсынуды үйрету арқылы олардың мезгіл – мезгілімен тамақтануы, ұйықтауы, сабақты орындауы секілді дағдыларды қалыптастыра аламыз. Уақыт өте келе ол үйреншікті жағдайға айналып, балалар автоматты түрде бұл тәртіпті орындайтын болады.

Жалпы, девиантты мінез – құлықты балалармен жұмыс жасау барысында аса мұқияттылық керек. Олардың жат қылықтарына қаталдықпен жауап бермеу қажет.

- оқушылардың өткеніне құрметпен қарап, оны түсінуге тырысу, жеке таңдауын құрметтеу;

- өз ойын бүкпесіз жеткізе алатын қауіпсіз орта қалыптастыру;

- балалардың пікірімен санасып, өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік беру;

- ересектер мен оқушылар арасында сенімділік, қолдау сезімдерін қалыптастырып, сыр бөлісуге шақыру;

- эмоцияға байыппен жауап қайтарып, дұрыс бағытқа жайлап түсіндіру;

- дөңгелек столдар, байқаулар, концеттік бағдарламалар, жарыстар жиі ұйымдастыру;

- жетістікке жетсе мақтау, қолпаштау, демеу көрсету;

Жоғарыда көрсетілген әдіс – тәсілдерді атқару барысында біздің ұжым бірлесе отыра жұмыс жасайтынын айтқан болатынмын. Себебі, қыз балалар кейде, ұстазына айта алмаған сырын, еден жуушы не күзетшіге жеткізуі мүмкін. Әр бала өзіне жақын, тілдесе алатын адаммен диалог орнатып, сұқбаттасатын болғандықтан, барлығымыз жан – жақтан тиісті көмек көрсетуге тырысамыз.

Оған қоса, біздің интернатта жеткіншектерді тәрбиелеудің тағы бір ұтымды тәсілі бар. Жоғары сынып оқушылары арасында балаларды кәсіптік дағдыларға үйрету. Яғни, біз оларды аспаздық өнерге, ауылшаруашылық техникасын меңгерту, тігін тігу, секілді салаларда білімдерін толықтырып, арнайы оқытатын боламыз. Және курсты тәмамадаған соң арнайы сертификат беріліп, бұның көмегімен өмірге қанаттары қатайып ұшқан сәтте жұмысқа орналасуларына болады. Бұл әрине, интернат қабырғасынан ұзап, өмірге өз бетімен бейімделу барысында көп көмегін тигізеді. Себебі, мектепте мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған болса, ер жетіп өз күнін өзі көру қажетті туындаған сәтте қиналып қалуы мүмкін. Көбісі жұмыссыздық салдарынан қайта ұрлық – қарлыққа барып, адамға қастандық жасап, қоғамға қарсы шығып, психологиялық төңкеріске ұшырауы мүмкін. Сол себепті сертификаты бар балалар жұмысқа орналасу жағынан оң шешім тауып, бірден жаңа өмірге бейімделіп кетеді. Біздің мектеп – интернаттан бірнеше жылдар бұрын тәлім алған оқушыларымыз, әлі күнге хабарласып, өз алғыстарын жаудырып жатады. Бұл әрине біз үшін үлкен қуаныш. Әр баланың болашағының жарқын болуы үшін барынша ат салысуды жалғастыра бермекпіз. Себебі, қоғамдағы әр адам - жеке тұлға, оның үзілмес бөлшегі. Балалардың болашағы – ел болашағы. Сондықтан да ұлт мерейін асқақтату үшін жасөспірімдерге жіті көңіл бөлгеніміз абзал! Көңілдерінде қуаныштың оты маздаған, өмірге құштар, айналасына пайдасын тигізетін жалынды жастарымыз көп болсын!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2021
367
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі