Сіз қалай тамақтанып жүрсіз?
Толқын АЙМАХАНОВА,
«Тараз-Болашақ» жоғары медицина колледжінің оқытушысы,
Тараз қаласы

Халық денсаулығына қамқорлық – мемлекетіміздің басым міндеттерінің бірі, оның ішінде жастар саулығы – еліміздің демографиялық, әлеуметтік әлеуетінің белгісі. Адамның жеке тұлғасы қалыптасатын жастық шақта денсаулықтың да негізі қаланады. Өмір қарқыны жеделдеп, түрлі өнімдер көбейген қазіргі уақытта жастардың тамақтану үрдісі өзгерді. Сондықтан да ел болашағы – өскелең ұрпақтың дұрыс тамақтануы назар аударуды қажет етеді.
Денсаулықты сақтау, саламатты өмір салтын ұстану – толыққанды өмір
сүрудің басты шарты, еңбекке қабілеттілік, шығармашылық пен бақыт
ұғымдары да денсаулыққа тәуелді. Адам денсаулығына әсер ететін
маңызды фактордың бірі – өмір салты, оның ішінде толыққанды
тамақтану. Әсіресе балалық шақ пен жасөспірім кезеңде адам ағзасы
қарқынды өсу үстінде болады және соған байланысты сапалы әрі
құнарлы тамақтану қажет. Алуан түрлі, дәмді, жан-жақты тағам мәзірі
баланың ағзасына керекті заттардың дұрыс түсуін қамтамасыз етеді.
Сол себепті қазіргі балалар мен жастар қалай тамақтанып жүр деген
сұрақ алаңдатуы заңды. Айнала үлкенді-кішілі дүкен толы түрлі
өнімдер, оның арасында денсаулыққа зиянды газды сусындар, тәттілер
көп. Бала атаулы мұндай нәрселерге құмар болатыны белгілі, оны
ересектер тарапынан қадағалап отыру қажет-ақ.
Міне, кезекті оқу жылы да келіп қалды. Білім ошақтары мектеп
табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерден бастап, оңы-солын танып
қалған жеткіншектерді қабылдауға дайын. Күнделікті уақыттың біршама
бөлігі өтетін болғандықтан, балалар үзілісте міндетті түрде тамақ
жейді. Көптеген жылдан бері Алматы қаласында бастауыш сынып
оқушыларына тегін тамақ беріледі. Бұл да балаларға қамқорлықтың бір
түрі. Оқушыларға берілетін ас мәзірі сапалы, пайдалы болуға тиіс.
Жас ағзаға қажетті дәрумендер, жеміс-жидек, көкөніс өнімдері болса
нұр үстіне нұр.
Шетел тәжірибесіне зер салсақ, мектеп асханасындағы тамақтануға
баса көңіл бөлінеді. Мәселен, Финляндияда барлық оқушыға тегін
түскі ас беріледі. Мәзірді диетологтар жасайды: көкөніс, балық, сүт
өнімдері міндетті түрде кіреді. Жапонияда мектеп тамағы оқу
бағдарламасының бір бөлігіне айналған. Оқушылар тамақтың пайдасы,
әр өнімнің калориясы, дәрумендер туралы сабақ кезінде үйренеді.
Еуропа елдерінде де бала денсаулығына қатаң мән беріледі: тәтті
сусын, қытырлақ картоп, тез даярланатын тағамдар мектеп асханасында
мүлдем болмайды. Күнделікті жеміс-көкөніс тұтыну әдетке айналған.
Ұлыбританияда мектеп асханаларында май, тұз, қант мөлшері заңмен
шектелген. Швеция, Норвегия елдерінде балаларға арналған фастфудқа
(ағылшынша fast – жылдам және food – тағам деген сөз) жарнама
жасауға тыйым салынған.
Қазақстан мектептерінде де газдалған сусындар мен фастфуд мектеп
ішінде сатылмауға тиіс деген ереже бар. Мемлекеттік мектептерде
бастауыш сынып оқушылары (1–4 сынып) тегін тамақтанады, бірақ мәзір
әр өңірде әртүрлі және барлық жерде сапасы бірдей емес.
Алайда күнделікті өмірде біздің балалар мен жастардың фастфудқа,
тәтті сусындарға әуестігі тым жоғары. Ата-аналардың басым бөлігі
мұндай өнімдердің зиянын елеп-ескере бермейді. Қоғамдық денсаулық
сақтау ұлттық орталығының мәліметтеріне сәйкес, елімізде балалардың
84%-ы фастфуд және газды сусындарды жиі тұтынады. Мәселен, тағам
рационындағы қанттың тәуліктік нормасы 25 грамм, тұздың нормасы 2-5
грамм болуға тиіс. Ал біздің жасөспірімдер күніне 150-160 грамм
қант тұтынады дейді мамандар. Көптеген адамдар 0,5 литрлік тәтті
газды сусында 55 грамм қант бар екенін білмейді, бұл кәдімгі 11
түйір қантпен тең. Мектеп жасындағы балалардың көбі осындай
сусындарды күнде ішетіні рас. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, тұз, қант, трансмайларды көп тұтыну
жүрек-қан тамыр ауруларына, семіздікке, диабетке және басқа
ауруларға әкеп соғады (трансмай – қанықпаған май қышқылдары, олар
табиғи өнімде де, өнеркәсіп өнімдерінде де кездеседі. Бірақ сұйық
өсімдік майларынан алынатын өнеркәсіптік өнімдер ұзақ сақталуы үшін
гидрогенизациядан (сутегі қосу) өтеді, сол себепті жиі тұтыну
зиянды). Соңғы жылдары елімізде диабеттің жасаруы соның белгісі.
Бұндай жағдайға көшенің әр бұрышында жауыннан кейінгі
саңырауқұлақтай қаптап ашылып жатқан жылдам тамақ асханалары мен
дүңгіршектер көп үлес қосып жатыр. Олардың алды әрдайым жастарға
толы. Әсіресе, көшелер мен телеарналарда, әлеуметтік желіде түрлі
фастфуд өнімдерінің кеңінен жарнамалануы алаңдатады. Балалардың
әсершіл екенін ескерсек, танымал адамдардың мұндай өнімдерді алуға
шақыруы да оларға ықпал етеді. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық
орталығының мәліметі бойынша, Қазақстанда жарналаманатын тағам
өнімдерінің 79%-ы ДДҰ тағамдық заттар профилі моделіне (стандартқа)
сай келмейді екен. Бұның бәрі өскелең ұрпақтың денсаулығына тікелей
әсер ететіні белгілі.

Дұрыс тамақтану туралы сөз қозғағанда түрлі тағамдық қоспалардың
денсаулыққа әсері бір бөлек тақырып. Қазір өндірістегі тағам
өнімдерінің барлығына дерлік қоспа қосылады, олар сүт, ет өнімдері,
тез дайындалатын ботқалар, ұзақ сақталатын печеньелер, тәттілер,
т.б. Мамандардың айтуынша, жаңа тағамдық қоспа өндіріске енгізілер
алдында улылық, мутагенділік, канцерогенділік және басқа
зерттеулерден өтуге тиіс. Тағам қоспаларының құрамына қойылатын
талаптар Кедендік одақтың «Тағам қоспалары, хошиістендіргіштер және
басқа технологиялық көмекші құралдардың қауіпсіздігі талаптары»
деген техникалық регламентпен реттеледі. Алайда Қазақстанда тағам
қоспаларының адам ағзасына ықпалы туралы зертеулер жүргізілмейді
дейді мамандар. Соның ішінде Е әрпімен белгіленетін қоспалар
арасында консерванттар, антиоксиданттар, тұрақтандырғыштар,
эмульгаторлар, дәм күшейткіштер, хошиістендіргіштер, антибиотиктер
және басқа қосымша заттар бар. Олардың барлығы тағам өнімдеріне
қосылады. Мәселен, Е-128 бояуы шұжық, ет өнімдері, конфеттер мен
сусын өндірісінде қолданылады. Осы тағам бояуының ағзаға әсерін
еуропалық ғалымдар жануарларға сынақ жасап зерттеген. Бұл тағам
бояуының құрамындағы анилин деген зат адам ағзасының гендік
жүйесіне зиян екені, сүйектің әлсіздігі, ерте қартаю сияқты
дерттерге әкеп соғатыны анықталған. Сондықтан да тағам өнімін сатып
алар кезде оның құрамына назар аудару керек. Қатты өңделетін, тез
даярланатын өнімдерді көп тұтыну аллергия, астма, бүйрек, бауыр,
қалқанша без, тері, ішек, ас қорыту және басқа ауруы бар адамдарға
өте зиян. Ал мұндай заттардың кішкентай сәбилерге тіпті қауіпті
екені сөзсіз. Құрамында осындай қоспалар бар кейбір тағам өнімдерін
(Е249, Е262, Е310 – Е312, Е320, Е514, Е623, Е626 – Е635) сәбилер
мен балаларға беруге тыйым салынған. Өкінішке қарай, бұл жөнінде
көпшілік біле бермейді.
Балалар мен жастардың денсаулығына селқос қарауы, дұрыс
тамақтанбауы – салдары ауыр құбылыс. Ол қазір байқалмағанмен, ерте
жастан түрлі ауруға душар болуға, өмір ұзақтығының қысқаруына себеп
болады. Денсаулығына мән бермеген жастар тез шаршайды, оқу мен
жұмыста өнімділік болмайды. Еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі елдің
экономикалық дамуына тікелей әсер етеді, жұмысқа қабілетті адамдар
азаяды. Елдің болашағы – бүгінгі балалардың денсаулығы нашар болса,
олардан кейінгі ұрпақтың да әлсіз болуы ықтимал. Сондықтан,
үлкен-кішіге дұрыс тамақтану туралы ақпарат беру, түрлі арналар,
әлеуметтік желілер арқылы саламатты өмір салтын насихаттау,
жарнамалау, тағам өнімдерінің пайдасы мен зияны туралы балалар мен
жастарға көп айту керек.
Дұрыс тамақтануға, тағамды дұрыс таңдауға ұмтылу – ертеңгі күннің
кірпішін қалайтын қадамдар. «Қазақстандықтардың 60%-дан астамы
артық салмаққа ие, әрбір үшінші адам семіздіктен зардап шегіп жүр.
Бұл сырт келбет қана емес, бұл 30 жаста диабет пен инфаркт
ауруларына шалдығу, гормондық бұзылыстар, күйзеліс пен бедеулік.
Тіпті балалар да артық салмақ пен метаболизм проблемаларына душар
болуда» дейді медицина ғылымдарының докторы, Тағамтану ұлттық
орталығының президенті, қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі
халықаралық сарапшы Алмаз Шарман.
Алмаз Төрегелдіұлының айтуынша, тағы бір қауіпті өнім – аса
өңделген тағамдар. Оған шұжықтар, дәмі бар йогурттар, тәтті газды
сусын, пицца, гамбургер, картоп қытырлақтары, тәттілер жатады. «Бұл
өнімдер тойыну сезіміне нұқсан келтіреді, артық жеуге итермелейді.
Бұл тағамдар денсаулыққа жасуша деңгейінде зиян келтіреді» дейді
А.Шарман.
Тіпті ішімдік пен шылым шегуден бас тартқанның өзінде дұрыс
тамақтанбаған жағдайда денсаулықты сақтау мүмкін емес. Физикалық
белсенділіктің төмендігі, тәтті сусындар мен ұйқының қанбауы –
диабет, гипертония, жүрек ауруларына апарып соқтырады.
«Балалар мен жастардың денсаулығын сақтау үшін:
Мектептерде денсаулық және тамақтану сабақтары өтуге тиіс;
Жаяу жүргіншілерге ыңғайлы көшелер;
Пайдалы өнімдердің қолжетімділігі;
Емханаларда жаппай скринингтен өткізу;
Адал ақпараттық науқандар жүргізу қажет», – дейді А.Шарман. Осы
бағытта жүйелі жұмыс жүргізілмесе, зиянды тағамдар ұлт саулығына
қатер төндіреді.
Қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің (IARC)
баяндамасында қатты өңделген ет өнімдері – шұжық сияқты жартылай
дайын өнімдер, хот-дог, ветчина тағамдары 1 топтағы канцерогендерге
жататыны көрсетілген. Мәселен, күн сайын бар болғаны 50 грамм шұжық
(2 тілім) немесе бір сосиска жеу ішек қатерлі ісігінің пайда болу
қаупін 18 пайызға арттырады екен. Сол себепті мамандар күнделікті
рациондағы жартылай ет өнімдерін азайтуды ұсынады. Бүгінгі күні
дамыған елдер мұндай тағамдардан бас тартты. Біз де балалар сау
болып өссін десек, жартылай дайын тағамдарды тұтынуды шектеуіміз
керек.
Білім алу, жақсы кәсіп таңдап, онымен айналысу, еңбек ету, отбасын
құру, бала өсіру – бәрі денсаулықтың арқасында жүзеге асады.
Денсаулық – жаратылыс берген үлкен байлық, сондықтан оны сақтау,
аялау, жақсарту және нығайтуға әрдайым мән беру керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дұрыс тамақтану

шағым қалдыра аласыз