Материалдар / Еркін күрес тарихы және адам ағзасына әсері

Еркін күрес тарихы және адам ағзасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Еркін күрестің тарихы және адам ағзасына әсері. Жоспар:  Кіріспе  Еркін күрестің шығу тарихы  Еркін күрестің Қазақстандағы дамуы  Еркін күрестің бұлшықет жүйесіне әсері  Еркін күреске қалай келдім?  Қорытынды 1.Кіріспе
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Педагогикалық факультеті









Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы





Тақырыбы: Еркін күрес тарихы және адам ағзасына әсері















Орындаған: 311 тобы Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының студенті Болатов Мақсат Маратұлы

Жетекші: оқытушы Мендигалиев.Б.С











Орал қаласы









Еркін күрестің тарихы және адам ағзасына әсері.

Жоспар:

  • Кіріспе

  • Еркін күрестің шығу тарихы

  • Еркін күрестің Қазақстандағы дамуы

  • Еркін күрестің бұлшықет жүйесіне әсері

  • Еркін күреске қалай келдім?

  • Қорытынды

1.Кіріспе

Күрес деген мән-мағынасы тереңде тұрған киелі сөз.Дәрежелі спортшыларды дайындауға мүмкіндікке толы тәжірибе жинақтаған спорт түрі.Дәрежелі жарыста сәтті орындау көбіне жарыс жекпе жегінде, әр түрлі техника – тактикалық әрекеттерге байланысты біріктірілген таныту шарты.Күресу мәнеріне ие әрекет кірістілігі мен әдіс тәсілді өзіндік үлгіде құра білетін күресшілер өзіңдік басымдылықтарын таныта және дәл сол уақытта қарсыласқа қажетті қақтығыстан жол тауып шығуына жағдай жасады.Күесшілердің техника тактикалық физикалық дайындықтары олардың алдың ала оқу және көбіне олардың оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламасы бойынша жаттықтырушының қолданылу әдісіне негізделеді[3.2б]

2. Еркін күрестің шығу тарихы.

Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы көне замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың құрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап өтіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, еркін күрес Қазақстанға ХХ ғасырдың бел ортасында келген екен. Тұңғыш республика біріншілігі 1951 жылы ұйымдастырылыпты. Содан бері табаны күректей жетпіс жылға жуық уақыт өтсе де, күні бүгінге дейін осы спорт түрін серік еткен бірде-бір отандасымызға Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында алтын тұғырға көтерілу бақыты бұйырмай келеді. [1]

3. Еркін күрестің Қазақстандағы дамуы.

Тәуелсіздікке дейін Қазақ­станның намысын қорғаған балуандардың жетеуі ғана КСРО чемпионы деген мәртебелі атаққа қол жеткізді. Олар – Аманкелді Ғабсаттаров (1962 жыл), Әбілсейіт Айқанов (1963 жыл), Петр Суриков (1971 жыл), Аманжол Бұғыбаев (1973 жыл), Федор Баумбах (1974 жыл), Александр Иванов (1974 және 1976 жылдары) және Мұсан Абдул-Мүсілімов (1979 жылы). Тағы 20-дан аса жерлесіміз айтулы жарыста жүлдегерлер санатына қосылды. Егер 1945-1991 жылдар аралығында Одақ біріншілігінің жалауы 47 мәрте желбірегенін ескерсек, бұл көрсеткіш көңілімізді марқайтты деп еш айта алмаймыз. Жарайды, ол тұста Кеңес Одағы бапкерлерінің іштарлығы мен солақай саясатының салдарынан еліміздің еркін күрес шеберлерінің басым бөлігінің жолы бөгелді дейік. Осы орайда мәскеулік мамандар тарапынан қазақтарға көп қиянат жасалғанын да жоққа шығармаймыз. Ол кезде заман солай болды деп ақталсақ та, ешкім айыпқа бұйырмас.КСРО құрдымға кетіп, Қа­зақ­стан тәуелсіздік алғаннан кейін барлық спорт түрлерінен өз қалауымыз бойынша дербес команда жасақтауға жол ашыл­ды. Еркін күрестің де ең­сесін көтеруге тамаша мүм­кін­дік туды. Сөз жоқ, қазір елі­мізде Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарының жүл­де­герлері, Азия чемпиондары, басқа да ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары шығып жатыр. Әрине, оған қуанамыз. Бі­рақ «әттеген-ай!» дейтін де жағ­дай жоқ емес. Ең өкініштісі, біз­дің мамандардың дені өз өрендерімізді тәрбиелеудің орнына легионерлердің көмегіне жүгінуді құп көреді. Сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегі деректерді алға тартайық.

Қазақстанның еркін күрес шеберлері 1996-2016 жылдар аралығында 6 рет Олимпия ойындарына қатысып, 5 жүл­де (2 күміс+3 қола) олжалады. Тарқатып айтсақ, 2000 жы­лы Ислам Байрамуков пен 2004 жылы Геннадий Лалиев кү­міс алса, 1996 жылы Мәулен Ма­мыров, 2008 жылы Марид Мута­лимов және 2012 жылы Ақжүрек Таңатаров қола медальді қанағат тұтты. Осы бес жігіттің үшеуі өз өрендеріміз. Олар – Мәулен, Ислам және Ақжүрек. Ал Ген­надий мен Марид Қап тауы бөк­терінен келген. Сондай-ақ 2008 жылы Бейжіңде Таймұраз Тигиев екінші орынды иеленген болатын. Алайда уақыт оза «допинг қолданған» деген айыппен ол Олимпиада жүлдесінен қағылып, үлкен спорттан шеттетілді.

1993-2016 жылдар ара­лығында Қазақстанның ұлттық құрама командасы 20 рет әлем чемпионатында күш сынасты. Сол жарыстардың қорытындысы бойынша 10 жүлдені (2 күміс+8 қола) еншіледі. Елмәди Жабырайылов (1995 жылы) пен Нұрлан Бекжанов (2016) финалда ғана жеңілсе, Мәулен Мамыров (1997), Геннадий Лалиев (2003), Магомед Круглиев (2005), Леонид Спиридонов (2009), Әбілхакім Шәпиев (2010), Дәулет Ниязбеков пен Дәурен Жұмағазиев (2011) және Ақжүрек Таңатаров (2017) үшінші тұғырға табан тіреді. Осы 10 спортшының тең жартысы сырттан келген. Мәселен, Жабырайылов – чешен, Лалиев – осетин, Круглиев – лезгин, Спиридонов – якут және Әбілхакім Шәпиев – авар.

Отандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында 15 мәрте бас жүлдені олжалады. Атап айтсақ, бұл белесті Марид Муталимов (2005, 2006, 2010) пен Дәулет Ниязбеков (2015, 2016, 2017) үш мәрте бағындырды. Елмәди Жабырайылов (1995), Мәулен Мамыров (1999), Ислам Байрамуков (2000), Леонид Спиридонов (2006), Нұржан Қатаев (2006), Дәурен Жұмағазиев (2011), Расул Қалиев (2014), Ақжүрек Таңатаров (2017) және Нұрислам Санаев (2018) сынды саңлақтар бір-бір реттен топ жарды. Сол алтындардың алтауы легионерлердің еншісінде.

Осылай тізбектей берсек, тәуелсіздік алғалы бері еркін күрес шеберлерінің байрақты бәсе­келерде олжалаған жүлде­лерінің жартысына жуығын сырттан келген спортшылар әкелгенін аңғару қиын емес. Әрине, егер олар маңызы зор, мәртебесі биік жарыстарда Қа­зақстанның туын үнемі биікте желбіретіп жатса, біз қуанамыз. Бірақ үнемі легионерлерге арқа сүйеп, жайбарақат отыра беруге болмайды ғой. Арзан абыройға кенелу мақсатында жеңіл жолмен келген ондай табыстың қазақ жанкүйерлері үшін құны көк тиын. Жасыратыны жоқ, осы бір жаман үрдістің жалғаса бергенін жанымыз қаламайды. Біздің мамандар өз өрендерімізді тәрбиелеп, соларды биікке жетелеуі қажет. Тек сонда ғана әлемдік қоғамдастық алдында еліміздің елдігі мен ұлтымыздың тектілігін паш етіп, балуандық өнерде бай дәстүріміздің бар екенін мойындата аламыз.

Осы күнге дейін Қазақстан­ның еркін күрес шеберлері ара­сынан не Олимпия ойын­дарының жеңімпазы, не әлем чемпионы шықпағаны жайында біз жоғарыда айттық. Бұл осы саланы басқаратын азаматтар мен күрес федерациясының басшыларынан бастап, майталман мамандар мен қатардағы қара­пайым бапкерлерге дейін ой салуға тиіс. Байыптап қара­саңыздар, елімізде осы спорт түрінің дамуына барынша жағ­дай жасалып, мемлекет мол көлемде қаржы бөліп, ұлттық ком­паниялар демеушілік көмегін көрсетіп жатыр. Респуб­ликамыздың әр ауданы тұр­мақ, ауылды жерлердің өзінде күрес үйірмелері бар. Соған қа­рамастан нәтиже мәз емес. Жасөспірімдер мен жастар буы­ны арасындағы жарыстарда жасындай жарқыраған балғын балуандардың ересектер дуы­на қосылғанда құмға сіңген су­дай жоқ болып кететіні қын­жыл­тады.

Олимпиада мен әлем чемпионаты дейміз-ау, Азия ойын­дарының өзінде отандық балуандар бір мәрте ғана бас жүл­дені олжалағаны жанға батады. Сонау 1994 жылы Хиросимада Қазақ елінің Әнұраны шыр­қал­ғанын естігенбіз. Содан бері ши­рек ғасырға жуық уақыт өтсе де, алтын асықтай ұлымыз Мәу­лен Мамыровтың ерлігін қай­талауға бірде-бір өреніміздің қарым-қабілеті жететін емес. Жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен облыстың аға жаттықтырушысы Ринат Айжарықовтың айтуынша, облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебінің спорт залында өтетін Амангелді Зұлқашев пен Өтеп Молдабековті еске алуға арналған жарысқа еліміздің бірнеше аймақтарынан және Ресей Федерациясының командалары қатысуда. Күрестің бұл түрінің дамуына келер болсақ, облыс бойынша онымен 2181 (оның 1014-і ауылдық жерде) жасөспірім шұғылдануда. БЖСМ-да 808, жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде 172, жоғары спорттық шеберлігі мектебінде алты, спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатында 26 адам еркін күрес түрімен шұғылданады. Облыс бойынша 57 жаттықтырушы жастарға тәлім-тәрбие беруде. Олардың ішінде Алексей Ларионов, Асқар Сәукелин, Амангелді Мұсабековтер «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие. Олимпиада ойындары мен әлем біріншіліктерінде олжа салып, еліміздің мақтаныштарына айналған Таймураз Тигиев, Ольга Жәнібекова, Абдулхаким Шапиев, Екатерина Ларионова, Нұрлан Бекжановтарды атап кетуге болады.

Еркін күрестен Батыс Қазақстан облысының дамуы өте жоғары,соның ішінде атап өтсек Е.Ларионова Рио олимпиадасының Қола жүлдегері және Нұрлан Бекжанов Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сайлау Мұқашев атамыз Қазақстан Республикасының 16 дүркін жеңімпазы атанған КСРО спорт шебері. .[2.12б]

4.Еркін күрестің бұлшықет жүйесіне әсері.

Баланың тірек-қимыл жүйесі. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүей ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек ет жүйесіне, яғни тірек қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттер жатады. Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның,мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады,яғни жұмсақ мүшелерді соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Еттердің негізгі қызметі сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді . Ғалымдардың зерттеуінше спортпен айналысқан адаммен, айналыспаған адамның өкпе пішіні үш есеге үлкен болады екен. Спорт пен физиологияның байланысы өте тереде жатыр. Жаттығулар адамды кемелдендіру үшін физикалық қабілетін арттыру. Жаттығудың эффектісінің биологиялық негізі жаттығу барысында физикалық күшке морфологиялық және физиологиялық өзгерістер алып келеді. Анализаторлар функциясы кемелденіп, күш көбейіп,әрі қозғалысқа әсері зор. Спортшының дене буындары ,қан тамырлары мен лимфа жүйесі мықты әрі иілімді болмаса оның жеңіске жетуі екіталай.Спортшының дем алу жүйесі мен шындамдылығы алыс қашықтыққа жүгіру мен секіру. Мысалы га жамбас әдісі жамбас әдісінде барлық бұлшық еттер жұмыс істейді.Тағы да аяққа өтту әдісі ол қол ,аяқ, бел , бұлшық еттері жұмыс істейді.[145б]

5. Еркін күреске қалай келдім?

Мен Болатов Мақсат Маратұлы 2000 жылы 21 мамырда Батыс Қазақстан облысы,Ақжайық ауданы,Алғабас ауылында дүниеге келдім. Алғабас Жалпы білім беретін мектептің табалдырығын аттадым. 2006 жылдан бастап еркін күрес үйірмесіне қатыса бастадым.

2013 оқу жылында Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп интернатына оқыға түстім.Менің жетістікке жетуге жетелеген бапкерлерім: Дулат Самиев,Мұсабек Наригиев. Еркін күреспен 11 жыл айналыстым.Спорт шеберіне үміткермін . Халықаралық,Республикалық жарыстардың жеңімпазымын.Спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернат түлегімін.А.Зұлқашев,С.Мұқашев,Е.Қожақметов атындағы облыстық,республикалық және халықаралық жарыстардың әртүрлі дәрежедегі чемпионымын.

6.Қорытынды.

Еркін күрес тактикасы мен техникасы егер бұл жоғарыдағы күрес өнеріне тән ерекшеліктерді балуандар арнайы жаттығу барысында, дұрыс меңгерген болса, кілем үстінде өткізілетін жекпе жек бәсекелерде балуанның мерейінің үстем боларына күмән жоқ.Мысалға қарсыластың еркін қимыл жасауына кедергі келтіру үшін оған санрет тәсіл қолдануы ниет.Күрес өңіріндегі тактикалық шеберлік балуанның ерік жігерінің жоғарылығына да тәуелді.Оған батылдық, табандылық, тәуекелшілдік және парасатты ақыл ойды жатқызуға болады.Еркін күрес спорт түрі екінің бірінің қолынан келмейтін қайталанбас өнер болып табылады. Ал бапкерлеріміз бен оқытушыларымыз біздің қанатымызды жалғаушы,толықтырушы,самғатушы іспетте.



7.Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Еркін күрестің шығу тарихы: «Қазақстан.Ұлттық энциклопедиясы» 1998-2007ж

2.Еркін күрестің Қазақстандағы дамуы: Ғалым Сүлеймен «Егемен Қазақстан» 6 бет

3.Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Дүйсемин.Қ мен Алиакбарова оқулы -1 Алматқы 2003, 400 бет

4. П.Ф. Матущак 100 уроков вольной борьбы. Алматы: Казахстан 1990г301– 304 стр



(2011) (2018) (2017)

(2017) (2018) (2021)





ЖИ арқылы жасау
04 Қараша 2021
1905
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі