"Есірткісіз өмір ғажайып"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Есірткісіз өмір ғажайып"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала "Есірткісіз өмір ғажайып" Есірткі дегеніміз – БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық зат. Есірткіні бір рет тұтынған адам екінші рет тұтынып, оған тәуелді бола бастайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан

жарияланған байқауға »





Есірткісіз өмір ғажайып

Қазіргі уақыттағы ең маңызды өзекті мәселелердің бірі – нашақорлық. Яғни, есірткі қолдану. Бүгінгі таңдағы жастардың есірткіні қолданып, оны пайдалануы үлкен дерт болып бара жатыр.

Есірткі дегеніміз – БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық зат. Есірткіні бір рет тұтынған адам екінші рет тұтынып, оған тәуелді бола бастайды.

Қоғамда зорлық-зомбылық, кісі тонау, кісі өлтіру деректері бойынша көптеген мәселелер бар екенінін білеміз. Есірткіден адам ешқашан пайда тапқан емес-ті. Адам өз-өзін жоғалтып, өмірге деген талпынысы, алдыға қарай өрлеуі төмендеп, адамдарға, туған бауырларына да сенбей осы бір есірткінің кесірінен араласпай кетіп жатыр.

Есірткінің мақсаты – мемлекеттің ұлттық санасын айырып, осы нәрсеге тәуелді ету. Жаңағы айта кеткендей есірткінің әсерінен өз елімізді, жерімізді құртуға дайын тұрып, қылмыстар жасауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл өз өміріне балта шапқанмен бірдей іспет-ті.

Қазіргі уақытта есірткі айналымына барлық елдерде қатаң қатаң шектеу қойылған. Сонымен бірге біздің елімізде де қатаң түрде тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 9-наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Үкіметіміз есірткіге қарсы заң аясында тыйым салғанын ескеретін болсақ, бізде яғни еліміздің жас жеткіншектері де осы заңның елімізде жүзеге асуына өз септігімізді тигізуіміз қажет.

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша айқындап өткендей, денсаулығымызды сақтаудың ең дұрыс жол есірткіден аулақ болып, жарқын өмірге қадам басу. Есірткі қолдануды ғажап көріп жүрген жастарымызға, есірткісіз өмірдің ғажап екенін ұғындыру білімді, саналы ұрпағымыздың міндеті деп білемін.

Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында жалпы адамзат өмірінде саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұламатқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Мен есірткі қолданушыларға қарсымын. Басқа жандарға да айтарым есірткіге жоламау керектігін, одан барынша аулақ жүруді насихаттаймын.

Елімізде есірткі қолданушылары жойылған уақытта ғана біз ғажайып болашаққа нық қадам жасай аламыз.

Жақсылық жаса адамға,

Гүл бітсін басқан қадамға.

Есірткісіз өмір ғажайып,

Ермиік біздер жаманға.

Адалдап өмір сүрейік,

Осынау қилы заманда.

Есірткіге қаржы жұмсамай,

Қымбат қой қазір бағаңда

Пейілі ақ ата-анаңды,

Меккеге апар оданда.


Бүгінгі Қазақстандық жастардың сенімі мен жауапкершілігін айта кетіп, жастар қоғам белсенділігінің негізгі құраушысы екендігін ескеріп, салауатты қоғам болу үшін өз құқықтары мен бостандықтарын Қазақстан Республикасының Конституциясында белгілегендей пайдалануға және де Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын толық жүзеге асыру үшін атсалысу керек.



#есірткігеқарсыбайқауы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2021
704
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі