Эстафеталық ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эстафеталық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру сабақтарында бастауыш сыныптарға арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 сыныбындағы дене тәрбиесі сабағының сабақ жоспары

Тақырыбы:Эстафеталық ойындар.

Мақсаты:Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру.Эстетикалық және этикалық тәрбиеге үйрету.Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.

Сынып: 3

Сабаққа керекті құрал – жабдықтар:таяқша, баскетбол добы, секіртпе , ысқырық гимнастикалық төсеніш.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

- Сәлемдесу

-Оқушыларды түгендеу

-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Бой жазу жаттығулары:

1)5 минут жүру және жүгіру

2)Қол жаттығулары

3)Бел жаттығулары

4)Аяқ жаттығулары. Т.б

Негізгі бөлім.

Сыныпты екі топқа бөлу.Екі топтың топ басшыларын сайлау.

1.Қызықты эстафета.

Әр топтан бір-бір оқушы ортаға шығады.Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойнынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сыңар аяқтап секіріп барып,қайта келгенде

жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңынатұрады,келесі бала ойынды жалғастырады, қай топ бірінші келсе сол топқа бір ұпай жазылады.

Доппен жарыс.

Топ бастаушысы екі баскетбол добын қолтығына қысып алып межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып,екінші допты келесі ойыншыға әкеліп береді.Келесі ойыншы бір доппен барып ,екі доппен кейін қайтады.Ойын осылай жалғаса береді.

Әтештер сайысы.

Екі топтан бір – бір ойыншыдан шығып, бір аяқтарын көтеріп шеңберден иықпен қағып жығару,ойын осылай жалғаса береді, қай топ көп шығарса сол топ жеңеді.

Таяқша және секіртпемен секіру.

Топ бастаушысы қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан секіртпеге дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойып, секіртпемен секіріп межені айналып өтіп таяқша жатқан жерге келіп,секірпені қойып , таяқшаны алып жарыса жүгіріп тобындағы келесі ойыншыға береді.Ойын осылай жалғаса береді.

Бір – бірінің үстінен секіру ойыны.

Сапта тұрған оқушылардың барлығы еңкейіп отырадыда, соңғы тұрған оқушы олардың үстінен аттап секіріп ,саптың алдына келіп отыра қалады.Қалған ойыншылар да осылай жалғастырады.Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңіске жетеді.

Секірде де домала.

Топ бастаушысы орнынан секіргішпен 5 рет секіріп, секіргішті сол жерге тастап, әрі қарай жүгіріп, гимнастикалық төсеніштен жинақталып тоңқалаң асып белгіленген жерден айналып кейін қарай жүгіріп келеді.Ойын осылай жалғаса береді.

Қортынды бөлім.

Сапқа тұрғызу.Денені қалыпқа келтіретін жаттығулар.Сабақты қортындылау.Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма беру.Спортзалдан саппен шығу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
649
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі