Филология пәндерінің
сабақтарында тәрбие мен оқытудың ұлттық және әлемдік мәдени
құндылық бағдарлары
Жұмағалиева
А.
Амангелді орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бүгінгі білім мазмұнын жаңарту
жағдайында тіл мен әдебиет пәнін оқыту жүйесі түбегейлі
өзгерістерге ұшырайтын болады.Бұл өзгерістер уақыт талабынан келіп
туындаған,жылдар бойы қалыптасқан жүйені қоғамның қарыштап даму
талаптарына сәйкес бейімделген үдеріс болып табылады.Бүгінгі
мектепте оқушы ақпаратты өте көп біліп, меңгергенімен, оны
қолдану,өз қажетіне жарату жағдайында қиындықтарға кездесетіні
ешкімге жасырын емес.Мектеп мұғалімдері оқушылардың сауаттылығымен
жылдар бойы жұмыс істегенімен, өкінішке орай сол қателердағдыға
айналып қалып қояды,түбегейлі жойылмайды.Бұл білімнің
болғанымен,қолданылуының төмен деңгейде екенін көрсетеді.Сол
себепті білім мазмұнын жаңарту-уақыт күтпейтін талап.Жаңа
бағдарламаның мақсаты коммуникативтік арқылы оқушының тіл
туралы,ұлттық және жаһандық мәдени маңызы туралы түсінігін кеңейте
отырып,қазақ тілі табысты үйретуді
көздейді.
Әдебиет қай кезде де өмір
оқулығы саналған. Әдебиет арқылы өмірді,қоршаған орта мен адамды
танып-біледі,шығармашылықпен жұмыс істеуге дағды алады.Әдебиетті
мектепте оқыту әдістемесінің алдына қойған мақсаты-әдебиетті
өмірмен байланыстыра оқыту, әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін тиімді
пайдалынып, оқушылардың алуан түрлі тарихи және осы заманғы
деректерді,құжаттарды жан-жақты,сын тұрғысынан талдай
білуіне,қазіргі уақыттағы қоғамдық даму мәселесіне өз бетінше
қорытынды жасай алуына және шығармашылықпен ұғына білуіне
бағдарлау.Осы орайда өзге елдердің тәжірибесіне сүйену артық
болмайды.Экономикалық өркендеу мен жаңа технологияларды игеруде
ғажайып жетістіктерге жетіп отырған Жапония елінің білім жүйесінің
дамуын зерделесе,оның басты ерешелігі-ұлттық құндылықтар негізінде
тәрбие беруді әрқашан да басты орынға қоятындығы.Жер көлеммі
шағын,табиғи қазба байлықтары жоқ,мұхит арасындағы аралда
орналасқан бұл елдің басты байлығы-адам капиталы, өз елі мен жерін
шынайы және шексіз қадірлейтін азаматы болуды бағдарлайды,ал
жаһандану үрдісінің өрістеуін алдын ала болжасған Қытай елінде жаңа
азаматты қалыптастыру мақсаты қойылып, білім беру парадигмасын
технократтық көзқарастан гуманитарлық көзқарасқа ауыстыра
отырып,ұлттық рухани құндылықтарға ,қытай ұлтының озық мәдени
дәстүрлеріне ,ізгілік пен рухани адамгершілікке негізделген
иеялогиялық ,патриоттық тәрбиеге басты мән беретін парадигмаға өту
жүзеге асырылуда.Оқушыларды парасатты да білікті, мәдениетті де
білімді етіп тәрбиелеп,рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық
жеңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар
ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ
тәрбиелеуге,соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге
бағыттауымыз керек.Ұлттық құндылықтар әлемдік деңгейге шығаруға
қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін :
-жас ұрпақ санасына туған
халқына деген құрмет,сүйіспеншілік,мақтаныш сезімдерін
ұялату,ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін,оның
тарихын,мәдениетін,өнерін,салт-дәстүрін, рухани мәдени мұраларын
қастерлеу;
-жас ұрпақ бойында жанашырлық,
сенімж\ділік,намысшылдық тәріздес ұлттық мінездерді
қалыптастыру.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде
орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тлін, ел тарихын,ұлттық
салт-дәстүрін білмейтін жастар,жетім баллар, «қиын» балалар,
қарттар үйлеріндегі аталар мен әжелер,нашақорлыққа салынған жастар
,тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын
алып,болдырмаудың негізгі жолы.жаңартылған білім білім мазмұны
әлемдік мәдениет пен ұлттық құндылықтарды тиімді сабақтастыруды
көздейді.7-сыныптың әдебиет пәнінде 4 бөлім берілген.І бөлім « Көне
күндерден жеткен жәдігерлее», І бөлім «Толғауы тоқсан қызыл тілл»,
ІІІ бөлім «Балалар мен үлкендер», ІV бөлім «Ұрпақ тәрбиесі» деп
берілген.Әр бөлімге сәйкес берілген тапсырмалар жүйесі негізінде
тиімді жұмыстар ұйымдастырылса,жоғарыда аталған кемшіліктерді
біртіндеп жоюға болатыны сөзсіз деп есептеймін.Осы бөлімдерге
сәйкес адамгершілікке баулитын әрі сыни ойлауға
жетелейтін «Егер, сен оның орнында
болсаң қалай жауап берер едің?..» айдары негізінде С.Сарғасқаевтың
«Тәмпіш қара» повесі бойынша төмендегі
«Жомарт»
(Ә.Дайыр,т.б.Әдебиет:Алматы,Атамұра,2010) атты мәтінді бағытталған
оқу әдісі бойынша берсек тиімді болар еді.
Мысалы:Атымтай Жомарт өзі есепсіз
бай бола тұрып,күн сайын бір мезгіл ескі- құсқы киім киіп,отын
кесіп,шөп тасып,жұмыс қылады екен.Бір күні өзінің жақын таныстары
сұрады дейді:
-Жолмарт,Құдай берген
дәулетіңіз бар: ақша, тамақ,жалаңашқа киім,үйсіздерге үй
болдыңыз;сөйтіп тұрып,өз басыңызды кемшілікке салып,жете алмаған
жарлыша отын кесіп,шөп тасығаныңыздың мәнісі не?-
деп.
Атымтай Жомарт сонда төрт
түрлі себепті атап көрсеткен екен.Сол төрт себепті тауып
көріңіздер.
Бұл тапсырма өзіндік қорытынды
жасауға, нәтижегі бағытталған сыни ойлауға
баулиды.