Фразеологизмдердің синонимдік-антонимдік матрицасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фразеологизмдердің синонимдік-антонимдік матрицасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Обсуждаемая тема – «антонимно-синонимическая матрица фразеологии». Этот вопрос еще не до конца рассмотрен в области лексикологии и требует всестороннего и глубокого анализа. В нашем языке очень важна матрица фразеологических антонимов и синонимов. Глубоко изучая фразеологию, мы узнаем свою историю, обычаи, традиции и национальную самобытность. Фразеологические фразеологизмы, являющиеся первым показателем нашего языкового богатства, нуждаются в полном изучении уже сейчас, особенно следует изучить синонимно-антонимическую матрицу фразеологических фразеологизмов. Разделение их на периоды и тематические группы станет разгадкой многих загадок. Несмотря на то, что наш язык богат, он требует изучения и признания.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ



Фразеологизмдердің синонимдік-антонимдік матрицасы

Курмангалиева.Г.,

6B01701-Қазақ тілі мен Әдебиеті

Мамандығы бойынша Кял-22-3 оқу тобының студенті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

(Қызылорда қаласы)



Резюме

Обсуждаемая тема – «антонимно-синонимическая матрица фразеологии». Этот вопрос еще не до конца рассмотрен в области лексикологии и требует всестороннего и глубокого анализа. В нашем языке очень важна матрица фразеологических антонимов и синонимов.

Глубоко изучая фразеологию, мы узнаем свою историю, обычаи, традиции и национальную самобытность.

Фразеологические фразеологизмы, являющиеся первым показателем нашего языкового богатства, нуждаются в полном изучении уже сейчас, особенно следует изучить синонимно-антонимическую матрицу фразеологических фразеологизмов. Разделение их на периоды и тематические группы станет разгадкой многих загадок. Несмотря на то, что наш язык богат, он требует изучения и признания.

Abstract

The topic under discussion is "antonymous-synonymous matrix of phraseology". This issue has not yet been fully considered in the field of lexicology, and it requires comprehensive and in-depth analysis. The matrix of phraseological antonyms and synonyms is very important in our language.

By looking deeply into phraseology, we get to know our history, customs, traditions, and national identity.

Phraseological idioms, which are the first indicator of our language wealth, need to be fully studied even now, especially the synonym-antonym matrix of phraseological idioms should be studied. Dividing them into periods and thematic groups will be a solution to many mysteries. As much as our language is rich, it demands to be studied and recognized.

Сөз, мағына, ұғым бірі-бірімен тығыз байланысты категориялар. Олай болса, адамның санасында түрлі заттар мен құбылыстарды қатар қоя отырып, ұқсастықтары мен қарама-қарсы жақтарын анықтау процесі жүреді. Нәтижесінде санада мағыналас ұғымдар, қарсы ұғымдар қалыптасады. Сөйтіп, сөздің семантикалық сипаты негізінде мәндес сөздерді, мағыналары қарама-қарсы сөздерді анықтау мүмкіншілігі туындайды. Бірі мағына жуықтығына, бірі мағына қарама-қарсылығына негізделсе де антонимдер мен синонимдер бір-бірімен қат-қабат байланыста болып келеді. Фразеологизмдер тілдік бірлік негізінде антонимдік-синонимдік қарым-қатынаста дамиды.

Жалпы тіл білімінде лексикалық антонимдер мен синонимдердің байланысы зерттеу еңбектері мен лексикологияға қатысты оқулықтарда кеңінен қарастырылған, бұл тақырыпқа қатысты ғылыми пікірлер мен тұжырымдар да баршылық. Осы мәселеге қатысты тіл білімінде Л.А. Новиков (1973), Л.А. Введенская (1982), В.А. Иванова (1982), Е.Н. Миллер (1990), қазақ тіліне қатысты Ж. Мусин, А. Жүсіпов сияқты ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан дәйекті ой-пікірлер айтылған. Лексикалық бірліктерге тән антонимдік-синонимдік парадигмалар мәселесіне қатысты ой-пікірлер бір бағытта айтылғандығын аңғардық. Десек те, аталған тақырыпты егжей-тегжейлі зерттеген ғалым Л.А. Введенская: «Антонимдер мен синонимдердің байланысы негізінде ерекше тілдік қағидалар қалыптасумен қатар, оларды анықтауда қиындықтар да туындайды», 25, 21 б. деп баса айтқан болатын.

Зерттеуші М.И. Сидоренко парадигмалық көзқарас негізінде фразеологиялық антонимдер мен синонимдердің байланысын екі мүшелі және көп мүшелі деп жіктеген. Мұнда екі мүшелі фразеологиялық антонимдік-синонимдік парадигмалар: 1) синонимі жоқ фразеологизм екінші синонимдік қатардағы фразеологизмдердің әрқайсысына антоним болғанда; 2) синонимдік қатардағы бір фразеологизм екінші фразеологиялық қатардағы фразеологизмдердің біреуіне ғана антоним болған жағдайда туындайды.

Автордың тұжырымы бойынша, көп мүшелі фразеологиялық антонимдік-синонимдік байланыс негізінде фразеологиялық бірліктер тобы түгелдей бір-бірімен антонимдік-синонимдік жұп құра алады. Антонимдік-синонимдік парадигмаларды осылай топтастыра келе, М.И. Сидоренко антоним фразеологизмдер синонимдермен байланысу нәтижесінде фразеологизмдердің антонимдік жұптарының саны да көбейетіндігін тілге тиек етеді.

Фразеологиялық синонимдер ұғымы жағынан бірінен-бірі сатылап өсіп, күшейіп отырады, яғни алдыңғы фразеологизмдерден соңғыларының қарқыны басым болып келеді 46, 111 б.. Мағыналас фразеологизмдерге тән мұндай ерекшелік антонимдік жұптарды таңдауда да ықпал етеді. Мәселен, көз іліндіру (ұйқыға кетті, ұйқтап кетті) ↔ көз (кірпік) ілмеу (ұйқы көрмеді, ұйқтамады) деген антоним фразеологизмдердің әр қайсысының синонимдік қатары мағыналық жағынан қарқынды түрде өзгере келе, бірнеше антонимдік жұп құру қасиетін игереді.

Shape1 көрер таңды

көзімен атыру

Shape2 Shape4 Shape3 түн баласына

көз шырымын кірпік қақпау

Shape6 Shape5 алмау

Shape9 Shape8 Shape7

кShape10 өз (кірпік) тұяқ серіппей ұйықтау

ілмеу

Shape12 Shape11 мызғып

Shape13 алу

көзі

Shape14 ұйқыға

кету

көз іліндіру

1)тұяқ серіппей:Өздеріңдей өзге майдандардың да тұяқ серіппей ,жым-жырт жатқанына батарея зеңбірекшілері ренжіп ыза болған жоқ(Ә.Нұрейісов)

2)кірпік қақпау

Лейтенант та ертек тыңдаған баладай кірпік қақпай ұйып қалды(Т.Ахтанов)

Синоним фразеологизмдер мағына жағынан бір-біріне жақын болғанымен, үнемі бірінің орына бірі қолданыла бермейтінін ескерген жөн. Ой жүгіртіп қарасаңыз әр синонимдік фразеологизмнің аздап болса да өз бояуы-сыры бар. Синонимдердің көпшілігі бір-біріне мағыналық жағынан сай келе бермейтіндігін, аздап болса да олардың арасында семантикалық айырмашылық болатындығын профессор І. Кеңесбаев та айтып өткен болатын 1, 609 б..

Олай болса, бір қатардағы фразеологиялық синонимдер екінші қатарға енген фразеологизмдердің кез келгенімен антоним бола бермейді. Яғни, антонимдік жұп құруда фразеологизмдер синонимдік қатардағы фразеологиялық бірліктермен таңдап, талғап антонимдік байланыс түзеді. Сонымен, фразеологизмдердің антонимдік-синонимдік парадигмалары негізінде түрлі тілдік өзгешеліктер көрініс табады. Мәселен, бір қатарлы синонимдік фразеологизмдердің әрқайсысы бір ғана фразеологизмге антоним болуы мүмкін. Немесе екі қатарлы синонимдік фразеологизмдер өзара бір-біріне қарсы мәнде жұмсалып, антонимдік жұп құру қасиетіне ие. Алайда, тілімізде мәндес мағынада тұрған фразеологизмдер келесі синонимдік қатардағы фразеологиялық бірліктердің барлығымен антонимдік байланысқа түспей, таңдап-талғап антоним болу қасиетін иеленеді.

Қорытындылай келе, фразеология саласында синонимдік антонимдік матрицаны зерттеу мен қолдану күрделі де пайдалы іс болып табылады. Фразеология - сөйлеу немесе жазуда сөздердің біріктірілуінің әдеттегі және идиомалық тәсілдері, тілдік құзыреттің маңызды аспектісі.

Синонимдік антонимдік матрицаның тұжырымдамасы сөз тіркестері мен олардың синонимдері мен антонимдері жүйелі түрде ұйымдастырылған тор немесе кесте құруды қамтиды. Бұл матрица тіл үйренушілерге, жазушыларға, аудармашыларға және лингвистерге құнды құрал болып табылады.Синонимдер мен антонимдер арқылы талдап, адам мағынадағы түсініктер мен нәзік айырмашылықтарды терең түсінуге болады, олар көбінесе ана тілі емес сөйлеушілерге ұшырайды немесе екіталайлыққа және қате түсіндірілуге әкелуі мүмкін.

Фразеологизмдер бір қатарлы және екі қатарлы синонимдік-антонимдік топтар құрай алады. Фразеологизмдердің синонимдік қатарының қарқындылығына орай олардың антонимдік деңгейі анықталады. Бір синонимдік қатардағы фразеологизмдер екінші қатардағы фразеологизмдермен таңдап-талғап антонимдік жұп құрайды.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б.

Смағұлова.Г.Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. –Алматы:Сөздік-Словарь,2002. –17б.

Қожахметова Х.Қ., Жайсақова Р.Е., Қожахметова Ш.О. Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік. – Алматы, 1988. – 219 б.

Сатенова С.К. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты. – Алматы, 1997. – 183 б























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.07.2025
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі