Гендерлік теңдік - біздің қоғамда

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гендерлік теңдік - біздің қоғамда

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда гендірлік теңсіздіктің қазіргі қоғамдағы көрінісі туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Гендерлік теңдік - біздің қоғамда

Еліміздің жаһандық қозғалысқа еріп келе жатқанының айқын дəлелі - əлем халықтарымен байланысатын ортақ мəселелерінің болуы. Оған көптеген əлеуметтік проблемаларды қарастыра аламыз, мəселен иммигранттар, əйел құқығы, гендерлік теңдік, экология мəселелері. Соның ішінде елімізде өзекті болып тұрған жағдай - гендерлік теңсіздік.

Гендерлік теңдік – адамзат қоғамын гендерлік сипатына қарай бөліп- жармау, теңдікті қамтамасыз ету, бірдей мүмкіндіктер жасап, əділетті болу концепциясы. Бұл барлық жыныстағы адамдардың тең құқықтары, міндеттері мен мүмкіндіктері. Оның тағы бір маңызды аспектісі – жалпы қоғамды дамыту мен көркейту, тұрақтылықты сақтау.

Гендерлік теңсіздік - азамат ретіндегі ғана емес, əрбір адамның қоғамдағы қорғалуы тиіс негізгі құқықтарының тапталуы. Қоғамда бұл жайт көбіне жалақы айырмашылығы, кəсіптік жəне мансаптық тұрғыдағы алалаушылық, жыныстық кемсітушілік арқылы көрініс табуы мүмкін. Əйелдер мен ерлердің ресурстарға тең қол жетімділігі немесе шешім қабылдауға қатысу үшін тең мүмкіндіктері болмауының тікелей экономикалық жəне əлеуметтік салдары бар.

2022 жылғы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бюросының мəліметінше, 143 ел өз конституцияларында ерлер мен əйелдердің теңдігіне кепілдік берген, бірақ тағы 52 ел бұл қадамға əлі бармаған. Дəл осы тенденциямен жалғасатын болса, гендерлік теңдікке жету үшін кемі əлі 170 жыл қажет. Өйткені əйелдердің сайлауда дауыс беру құқығы туралы заңды 1948 жылы алғаш болып БҰҰ Адам құқықтары комиссиясы енгізген. Сонымен қатар Жаңа Зеландия, Финляндия, Австралия сынды мемлекеттерді қоспағанда жалпыға бірдей сайлау құқығы тек бірінші дүниежүзідік соғыстан кейін ғана пайда болған.

Елімізде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында бірнеше мемлекеттік заңдар мен бағдарламалар қабылданды. 1998 жылы «Қазақстан Республикасындағы əйелдер теңдігін қамтамасыз ету» туралы заң қабылданып, əйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. 2015 жылы елімізде «Гендерлік теңдік стратегиясы» қабылданды. Оның мақсаты – əйелдердің экономикалық, саяси жəне əлеуметтік өмірге толық қатысуын қамтамасыз ету.

Алайда, əйелдердің құқықтарының бұзылуы жəне гендерлік теңсіздік мəселелері əлі де өзекті. Мысалы, Қазақстандағы еңбек нарығында əйелдердің еңбек құқықтарының бұзылуы жəне олардың төмен жалақылы жұмыс орындарында қызмет атқаруы жиі кездеседі. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2023 жылғы есебінде Қазақстандағы əйелдер мен ерлер арасындағы жалақы айырмашылығы 30%-ды құрайтыны көрсетілген.

Еліміздегі əйелдер жұмыс нарығына белсенді ат салысады, бірақ олардың көпшілігі төмен жалақы мен төмен деңгейдегі лауазымдарға ие. 2023 жылы Қазақстандағы əйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейі 63,1% болса, ерлердің жұмыспен қамтылу деңгейі 77,2% болды. Осыған қарамастан, əйелдер еңбек нарығында көбінесе білім беру, денсаулық сақтау, əлеуметтік қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді бұл саладағы жалақылардың да төмен екенін ескеруміз қажет.

Сонымен қатар мемлекеттік секторда қызмет ететін арулармыз да көп. Мысалы, мемлекеттік қызметкерлердің 60%-дан астамы əйелдер, бірақ жоғары лауазымдарды алған əйелдердің саны өте аз. 2021 жылы Қазақстанның мемлекеттік қызметіндегі əйелдер үлесі 23% болған, ал ерлердің үлесі 77% болды. Бұл гендерлік теңдіктің мемлекеттік басқаруда толыққанды жүзеге асырылмағанын көрсетеді. Президент Қасым Жомарт Тоқаев жастар кадр резервінің форумында əділетті мемлекет əрі инклюзивті қоғам құру үшін гендерлік теңдіктің сақталуы маңызды екендігін айтты. Мемлекет басшысы сөзінше жалпы халық санының 55%-ына жуықтаған əйелдер қауымының үлесі басшылық құрамда бар-жоғы 39%, ал саяси қызметте 10%-ға да жетпейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді жəне жынысына байланысты кемсітушілікке тыйым салады. Қазақстан Global Gender Gap Index 2023 гендерлік теңдік көрсеткішінің есебі бойынша 146 елдің ішінде 62-орында тұрақтайды. Бұдан еліміздегі нəзік жандылардың мəртебесінің қандай деңгейде екенін көре беруге болады. Дегенмен еліміз бұл мəселені жедел еңсеріп келе жатқан мемлекеттердің қатарында. Мəселен, əлемдік рейтингте Қазақстан өткен жылдан бері теңдік бойынша 18 позиция алға жылжыған болса, Орта Азияда көш бастап тұр. 2030 жылға дейінгі Жаңартылған Отбасылық жəне Гендерлік Саясат Тұжырымдамасы қазіргі уақытта атқарушы, өкілді жəне сот органдарында, мемлекеттік, квазимемлекеттік жəне корпоративтік секторларда шешім қабылдау деңгейіндегі əйелдердің үлесін 30%-ға дейін арттыру көзделген.

Әлеуметтік саласының аға оқытушысы Шабденова Айжан Базарханованың пікірінше, бұл мəселелерді шешу гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған инклюзивті бастамалар, отбасылық саясат пен стереотиптер, алалаушылыққа қарсы əрекеттер арқылы жан-жақты тəжірибені қажет етеді. Гендерлік саясат ер мен əйелді қарсы қойып, жынысқа бөлу емес, керісінше адамның өзі таңдап алмаған биологиялық ерекшелігіне қарамай тең қоғамдық статусқа, мүмкіндікке ие болуы деген сөз. Бұл айналып келгенде демократиялық қоғамның əр азаматқа беретін тең адами хақы.

Тұтастай алғанда, гендерлік теңдік əділетті, өркендеген жəне тұрақты қоғамға ықпал етеді. Онда əр адам өзінің əлеуетін бүкіл қоғамның игілігі үшін жүзеге асыра алады. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету əлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға жəне қоғамдағы қақтығыстарды азайтуға ықпал етеді. Өйткені билік пен ресурстарды тең бөлумен, сондай-ақ барлық адамдар үшін құрмет пен қолдау деңгейін арттыру деген сөз. Егер ұйымдар мен қоғамда гендерлік əртүрлілік жəне үйлесім болса, онда бұл инновацияны, шығармашылықты жəне проблемаларды еңсерруге ықпал ететін əртүрлі көзқарастар, тəжірибелер мен тəсілдер, жаңа идеялар мен жақсы шешімдерге əкелуі мүмкін. Осылайша, гендерлік теңдік қоғамда маңызды рөл атқарады және жалпы əл-ауқат пен демократиялық құндылықтардың дамуына əсер етеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2025
85
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі