Материалдар / Гимнастика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гимнастика

Материал туралы қысқаша түсінік
Гимнастиканың дамуы туралы қысқаша түсінік. Жоспар: 1.Ежелгі әлемдегі гимнастика. 2.Орта ғасырдағы гимнастика. 3.Жаңа және қазіргі таңдағы гимнастика. Дене тәрбиесінің маңызды құралы – гимнастика өзінің көп ғасырлық тарихы бар. Гимнастика тарихи дамуы кезінде оның мақсаттары, мазмұны, үйрету әдістемелері және жаттығуларды орындау өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның, эканомиканың бірте-бірте өзгеруіне және адамның ортақ мәдениетінің дамуына байланысты болды. Гимнастика әдістемесі мен теориясының өзгеріске түсуіне ғылым мен техниканың, физиология мен педагогиканың және адамның медицина саласындағы білімінің дамуының әсері зор болды. Тарихи дамуында әскери кәсіптік дайындықтың негізгі құралы болғандықтан, соғыстарды жүргізу әдістері және әскери техниканың дамуы гимнастиканы жетілдіруге ықпал етті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
1811
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Гимнастиканың дамуы туралы қысқаша түсінік.

Жоспар:

1.Ежелгі әлемдегі гимнастика.

2.Орта ғасырдағы гимнастика.

3.Жаңа және қазіргі таңдағы гимнастика.


Дене тәрбиесінің маңызды құралы – гимнастика өзінің көп ғасырлық тарихы бар. Гимнастика тарихи дамуы кезінде оның мақсаттары, мазмұны, үйрету әдістемелері және жаттығуларды орындау өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның, эканомиканың бірте-бірте өзгеруіне және адамның ортақ мәдениетінің дамуына байланысты болды.

Гимнастика әдістемесі мен теориясының өзгеріске түсуіне ғылым мен техниканың, физиология мен педагогиканың және адамның медицина саласындағы білімінің дамуының әсері зор болды. Тарихи дамуында әскери кәсіптік дайындықтың негізгі құралы болғандықтан, соғыстарды жүргізу әдістері және әскери техниканың дамуы гимнастиканы жетілдіруге ықпал етті.

Алғашқы қауымдық қоғамда адамдардың қозғалыстары табиғи-кәсіптік болып табылды және негізгі мақсаты тамақ, киім, жатын орын қамтамассыз ету болды. Дене тәрбиесінің ерекшелігі оның еңбекпен, тұрмыспен байланысы және қоғамның әр мүшесіне қолжетімді болды. Гимнастика дене тәрбиесінің неізгі құралы ретінде адамдардың мәдени өмірінде, құлиеленушілік қоғамында бөлініп шықты. Дене тәрбиесінің классикалық дамуы Ежелгі Грекия мен Римде белең алды. Гимнастика дене тәрбиесінің негізгі жүйесі болып құрылды. Ежелгі Грекияда адамның негізгі идеалы дені сау, күшті әдемі, денелі, рухы сергек азамат болды.Сабақ үш бөлімнен тұрды. Ежелгі Грек философы Платон денесі мен рухы бірдей дамымаған адамды «ақсақ » деп санады. Гимнастиканы гректер дене тәрбиесінің жүйесі ретінде санап екі түрге бөлді. Гимнастика (жалпы дамыту жаттығулары) және агонистика (жарыстарға арнайы дайындайтын жаттығулар). Дене тәрбиесінде ежелгі гректер әскери дайындыққа үлкен назар аударды[2].

Римдіктер спартандықтарға қарағанда мағыналы әскерді дайындау жүйесін құрды. Сонымен қатар құлдардан (гладиатор) және жалға алынған адамдардан тұратын топтар гимнастикамен тиянақты айналысып көпшілік алдында атлеттар ретінде өнер көрсетті. Сонымен дене тәрбиесінің жүйесі, гимнастика мектептері пайда болып, үлкен сайыстар өткізіле бастады [2].

Келесі дәуір орта ғасырда феодалдық қоғам басым болды(V-XVII ғғ.б.ғ) феодалдық қоғамның негізгі идеологиясын шіркеулер жүргізді.Шіркеулер ықпалы мен орта ғасыр мектептерінде және универститеттерде дене тәрбиесі дамымады. Христиан ғалымы епискон Тертуллианның (V ғ.б.э.) нұсқауымен шіркеулерде «гимнастика шайтанның ісі» деген үгіт –насихат жүргізе бастады. Бірақ рыцарлық қоғамда дене тәрбиесіне көзқарас басқалай болды. Билік үшін күрес, жаулап алу және діни соғыстар феодалдардан жақсы әскери кәсіптік дайындық талап етті. Ат үстіндегі жаттығулар, найзаласу және күрес әдістері ерекше танымал болды. Рыцарлардың дене және әскери дайындығы арнайы ұйымдастырылған турнирлерде көрсетілді.

XVI ғ. венецман дәрігері Иероним Меркуриалистің (1530-1606) «Гимнастика өнері» деген еңбегі жарық көрді.

Гимнастиканың дамуына ұлы славян ғалымы Ян Амос Каменскийдің (1592-1670) еңбектерінің қосқан үлесі зор болды. Ян Амос Каменскийдің еңбектері XVII ғ. ұлы педагогтары Жан –Жак Руссо(1712-1778),Иоганн Генрих Песталоции (1746-1827) көзқарастарына әсері зор болды[2].

Жан –Жак Руссо «Әмиль әлде тәрбие жөнінде деген кітабында баланы табиғи тәрбиелеу теориясын дамытты.Ж.Ж.Руссо бала тәрбиелеуде сұранысына байланысты ойындар, жүгіру, секіру, лақтыру және т.б гимнастика жатығулардын қолдануды ұсынды. Песталоции қарапайым аналиткалық қозғалу адам денесін қолайлы басқаруды теориялық жүзінде дәлелдеді.Оның «буындық» гимнастикасында мақсат жасөспірімдерді еңбекке дайындау болып табылады. «Білімділік әліппесі» еңбегінде дене тәрбие жаттығулары негізін қарапайым еңбек түрлерін тұрғызып сипаттады.

Ж.Ж.Руссо педагогикалық идеяларының арқасында Германияда XVII ғ 70 жылдары –филантропты (адам сүйгіш мектеп) мектептер пайда бола бастады.Мектептерде дене тәрбиесіне бірталай көңіл бөліне бастады.Дессау қаласында осындай бір мектепте дене тәрбиесі жұмысын жүгізген Герардж Фит (1763-1836) «Дене жаттығуларының энциклопедия тәжірибесі»деген кітабында балалармен дене тәрбие жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, денеге басқа және аяқ-қолға арналған жатығуларды қарастырды[3].

Фиттің замандасы Иоганн Христофор Гутс Мутс (1759-1839) Германияның Шненфенталь қаласында филантропинде дене тәрбие жұмысын жүргізді және әртүрлі гимнастика құрал-жабдықтарды кеңінен қолданып саптың жаттығулар мен гимнастикалық ойындарға үлкен көңіл бөлді. «Жасөспірімдерге арналған гимнастика» (1793) және «Отанның ұлдарына арналған гимнастика» (1817) деген кітаптарында гимнастиканы жүйелеп, жинақталған тәжірибемен бөлісті.Фит пен Гутс –Мутс құрған гимнастика жүйесі Батыс Европада ұлттық гимнастикалар жүйелерін құруға негіз болды. ХІХ ғ. басында үш гимнастикалық жұйе пайда болды:неміс, француз және швед.

Неміс ұлттық гимнастика жүйесін Фридрих Ян (1778-1852) мен Адольф Шписс (1810-1858) құрды және негізі оқыту, білім беру болып табылды. Ф. Ян күрделі гимастикалық жаттығуларды көп қайталау арқылы дене күші, табандылық, шыдамдылық, жігерлілік жақсы дамиды деп санаған. Ян және оның көмекшісі Эронест Эйзелен өз гимнастика жүйесін «турнен» деп атап «Неміс гимнастикасы» (1847) кітабында сипаттады. Кітапта бірнеше жүз жаттығулардан тұратын жүйе құрастырылған.Кітаптың кемшілігі оқушыларға бұл жүйені қалай қолдану әдістемесі берілмеген[2].

Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезенін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алды, дүниежзілік қоғамдастық танып, егеменді мемлекетке айналды.Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, жеке тұлғалардың жан-жақты даму жоспары олардың кәсіптік жағынан қалыптасуына тікелей байланысты. Нарықтық экономикада кұқықтық мемлекет құру азаматтық қорғау, талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді қажет етеді.Мұндай маңызды да күрделі мәселелерді шешу, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарын үлгілі тәжірбиесін қажеттілігін айқындауда. Осыны алып қарасақ, еліміздің оқу-ағарту, білім беру ісінің тарихи хронологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды. .[3]

М.О.Әуезов атындағы колледжде гимнастика және оны оқыту әдістемесі пәнін бағдарлама сәйкес өткізуге толық мүмкіндік туғызылған. Колледжде арнайы гимнастикалық, ритмика, тренажер залдары жабдықталып ұйымдастырылған. Мектеп бағдарларламасында гимнастика бірінші сыныптан өткізіледі. Осы лекцияның материалын мектепте гимнастика бөлімін өткізу кезінде пайдалануға болады.





Пайдаланылған әдебиеттер:


Негізгі әдебиеттер:

1. Төтенай Б. Дене тәрбиесі. - Астана: Фолиант, 2013ж.158б.

2. Баршай В.М. Баршай В.М. «Гимнастика» Москва, Кнорус, 2013г.312б.

3. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – Алматы.: Дарын. -2006, 480б.



Тапсырма.

  1. Конспектілеу.

  2. Призентация жасау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!