Материалдар / Гуманитарлық пәндерді инновациялық технологиялар арқылы оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гуманитарлық пәндерді инновациялық технологиялар арқылы оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық қызмет оқу ісін жүйелі дамытуға, берілетін білімнің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдауға, басқа жаңа технологияларды тәжірибеге енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. «Мұғалім –өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,ал оқуды,ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады», -деп орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Жаңа технологияларды сабақ үрдісінде қолдану сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Тәрбиелеу мен оқыту – педагогикалық егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту – тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы бала бойына адамзаттық және ұлттық құндылықта
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
87
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жумагалиева Актоты Жумагалиевна

Ақтөбе облысы

Ойыл ауданы

Амангелді орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Гуманитарлық пәндерді инновациялық технологиялар арқылы оқыту

Инновациялық қызмет оқу ісін жүйелі дамытуға, берілетін білімнің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдауға, басқа жаңа технологияларды тәжірибеге енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.

«Мұғалім –өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,ал оқуды,ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады», -деп орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Жаңа технологияларды сабақ үрдісінде қолдану сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Тәрбиелеу мен оқыту – педагогикалық егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту – тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы бала бойына адамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңіру-әр ұстаздың азаматтық борышы.Елімізде болып жатқан түбірлі жаңарулар,ізгілендірген қоғам құруға беталыс мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.Осы орайда, сапалы филологиялық білім беру үшін оқытудың инновациялық технологияларын қолданукүн тәртібіндегі басты мәселе болмақ.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-білім алушыға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-білім алушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-білім алушыға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-білім алушының танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай оқыту;

Жаңа оқыту технологиясының ғылыми тұрғыдан тиімділігі дәлелденіп, тәжірибеге енген түрлері өте көп. Әр мұғалім озық педагогикалық технологияларды өз тәжірибесімен ұштастыру барысында алдында отырған оқушының мүмкіндігіне сай таңдауы, қолдануы қажет деп санаймыз. Сондықтан өзімізідің оқыту тәжірибесінде жиі қолданып жүрген, өзіндік нәтижесін байқатып жүрген технологиялар туралы ой бөліспекпіз.Оның бірі- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.Бұл технологияны іске асыруға арналған арнайы әдіс-тәсілдер бар.Қазақ тілі мен әдебиет пәні сабақтарында,бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабақтарында жиі қолдануға болатын әдіс -«Бағытталған оқу» әдісі.Оқушыларға ұсынылған мәтін бойынша мұғалім негізгі ойды білдіретін бөліктерін бөліп алып,сұрақ қою арқылы мәтінді болжатады,оқиғаның қалай жалғасатыны сұрайды,түпнұсқамен салыстыртады.Бұл әдіс оқушыны сыни ойлауға жетелейді. Оқушыларға сурет беріліп, сол сурет туралы ой өрбіту,өз көзқарастарын білдіруді тапсыруға болады.Сондай-ақ, тірек сөздер арқылы мәтін құрату да оқушының байланыстырып сөйлеу дағдысын,сыни ойлау қабілетін дамытады.Бастауыш сыныпта бұл технология негізінде білім алған оқушының орта буынға ауысқанда да белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта түскені байқалды. Оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» жиі қолданыста болды.Тәжірибе барысында гуманитарлық пәндерді оқытуға арналған оқыта үйрету ойындарының тиімділігін байқадық. «Нағыз тәрбие мен білім ережелерден емес, жаттығулардан тұрады»,-деп Жан жак Руссо айтқандай, теориялық білімді шыңдауға арналған оқыта үйрету ойындарына тоқталайық.

«Баяндама»оқыта үйрету ойыны. Мұғалім оқушыларға бір мәтінді оқуды(Гонг),соңынан оның мазмұнын сурет,белгі,сызба түрінде беруді ұсынады.Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне берді.(Гонг).

Енді әрқайсысы өз көршісіінң суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды.(Гонг).

«Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып,оны қорғап,ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушы жеңімпаз атанады.

«Мәтін бөліктері»оқыта үйрету ойыны

Оқушылар мәтінді оқиды.(Гонг).4 топқа бөлінеді: 1- «кіріспе»; 2-негізгі ой»;

3- «қорытынды»;4- «толықтыру».Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастаймыз.

«Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз ала алады.Ойыннан соң мәтінді тағы бір қарап шығып,берілген ақпаратпен салыстырамыз,қай топтың нақты айтқанын анықтаймыз.Жүргізуші жеңімпазды құттықтайды.

«Аукцион» оқыта үйрету ойыны

Жүргізуші өтілген тақырып (оқиғалар,фактілер,олардың мерзімі) бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды.Ойынды жргізу үшін гонг (немесе ағаш балға) қажет.Жүргізуші аукцион өткізеді:сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды, жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз болады.

Қазіргі кезде мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту оқушының өз бетімен шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастастыра білуіне мүмкіндік береді. Электронды оқулықтар арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.



Қорыта келгенде, жоғарыда аталған, тәжірибеде қолданысы тиімді болған инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ,оқушыларымыз сапалы білім, саналы тәрбие алатынына және мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлестерін қосатындарына сенімдіміз.

 



Әдебиеттер тізімі:

1. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008

2. Қ.Бітібаева Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі,технологиясы.Алматы :Қазақ университеті, 2019

3. М.М.Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.Алматы, «Школа ХХІ века» қоғамдық бірлестігінің компьютерлік-баспа орталығы.

4. «Қазақ тілі мен әдебиеті журналы» 1/2016 жыл






































Жумағалиева Ақтоты Жумагалиевна

Ақтөбе облысы

Ойыл ауданы Амангелді орта мектебі

«Бірлік» желілік қоғамдастығының

жетекші мектеп координаторы

Коучинг тақырыбы: «Бақытыңды балаңнан ізде!»

( Ата- аналарға арналған коучинг сессия)

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Жалпы мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру.

Оқу нәтижелері: - Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсінеді, бір - біріне деген сезім нығайады;

Негізгі идеялар: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- туған ұясы

І.Тренинг «Біз баламызды танимыз ба?»

Ата - аналар дөңгелене тұрады.

Мұғалім сұрақ қойып допты береді, ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді

1. Балаңыздың туған күні қашан?

2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім?

3. Балаңыздың парталас көршісі кім?

4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

5. Балаңыздың сүйікті асы не?

6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

Жаттығулар: ІІ.Топқа бөлу

(геометриялық фигураларды таңдау ұсынылады)

Таныстырылым жасау

/Слайд арқылы/ Мақсатын, нәтижесін көрсету.

ІІІ.«Ротация» әдісі -Топтық жұмыс

Проблемалық сұрақтарды талдау.

1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

4.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

5. Балаларыңызға уақытыңызды қалай бөлесіз?

(Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілі бойынша постерлерді алмастырып отырады).

IV. Жұмбақ кейіпкерді тыңдау.

Жұмбақ кейіпкер: Мен 13 жастамын. Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөліскелі келіп отырмын. Мен үйде жалғыз баламын. Ата – анам жұмыс басты адамдар. Жұмыс істеп жүріп, маған көңіл бөлуге, менімен әңгімелесуге де уақыт жоқ. Үнемі жалғызсырап жүремін. Сұраған ақшамды береді, барам деген жеріме жібереді. Маған ақшаның , байлықтың еш керегі жоқ. Маған тек ата – анамның аялы алақаны, мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Ал менің ата – анам маған еш алаңдамайды. Өйткені, олар жұмыстан басқа еш нәрсені ойламайды. Бірде мынадай жағдай болды. Мен досымның үйіне барып, түнгі сағат 10 – ға дейін отырып қалдым. Үйге келсем ата – анам алаңдап отыр екен. Мен ата – анамның өзіме назар аударғанына іштей қуанып, осы жағдайды тағы қайталадым. Сондағы ойым ата – анамның көңілін, өзіме осы тәсілмен аудару, бірақ бұл жолы ата – анам маған дауыс көтеріп айқайлады. Мен мұнда ата – анамды жамандайын деп келгенім жоқ. Ата – анасына кім жамандық ойласын? Мен ата – анамның өзіме деген жылы сезімдерін қалай оята аламын? Маған осы жағынан көмек берсеңіздер екен. Менің орнымда болсаңыздар, сіздер не істер едіңіздер, достар?



Мұғалім: 1. Ата –аналар, бұл жағдайға не айтасыздар?

2.Балаға, ата – анасына қандай ақыл – кеңес айтар едіңіздер?

3.Осындай балалардан болашақта қандай азамат шығады деп ойлайсыздар?деген жетекші сұрақтар арқылы ата-аналар жұмбақ кейіпкерге өз ақыл кеңестерін берді.

Одан әрі ата-аналарға «Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз» бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер деп жаднама таратылады.

Жаднама:

1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»

2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»

3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»

4 - қателік Балаларды тым еркелету;

5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»

6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету;

7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау;

Келесі кезекте«Ақ және қара жәшік»ойыны ойнатылып,«Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе...». Бойындағы балаға бергісі келетін жағымды қасиеттерді- ақ жәшікке,жаман қасиеттерін -қара жәшікке салды.

Кері байланыс:

«Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе, бәрі сіздің қолымызда!»

Парақ бетіне сол қолыңызды салыңыз.Әр саусақ сіздің көзқарасыңызды көрсетеді, сол бойынша өз ой-пікіріңізді төмендегі нұсқауға сәйкес салынған саусақтың ішіне толтыру(пікірлер, ұсыныстар)

-Бас бармақ - мен үшін бүгінгі жиналыс маңызды және қызықты болды.

-Сұқ саусақ- осы сұрақ бойынша мен өзіме қажетті мәлімет алдым.

-Ортаңғы саусақ- бұл маған қиынға соқты...(маған ұнамады)...

-Шылдырлы саусақ- менің психологиялық ортаны бағалауым.

-Кішкене саусақ- мен үшін жеткіліксіз болды...

- Ата - анаға жадынама

-Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

- Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады

- Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады

- Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады

- Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді

- Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады

- Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүреді

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отырып

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан -

Өле - өлгенше соны таныр қиядан

Өнер - білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы - жаман болса бала солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен коучингті аяқтаймын.

































Жумағалиева Ақтоты Жумагалиевна

Ақтөбе облысы

Ойыл ауданы Амангелді орта мектебі

«Бірлік» желілік қоғамдастығының

жетекші мектеп координаторы



Жетекші мектептер мен серіктес мектептер арасындағы сенімді қарым-қатынас құру,жұмыс шеңберін кеңейту,тиімді жолдарды шешу

Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады

Тәжірибесі әр түрлі мектептердегі мұғалімдерді әдістемелік бағытта кәсіби тәжірибе алмасу арқылы бір мүддеге біріктіру- желілік қоғамдастықтың басты мақсаты болмақ. Қоғамдастық жетекшісі қатысушыларды бұны қосымша жұмыс ретінде қарастырғаннан гөрі, қоғамдастық ішіндегі оқуды өзінің күнделікті кәсіби жұмысына енгізу жолдарын іздестіруде қолдау көрсетеді.Осы мақсатта «Бірлік» желілік қоғамдастығы құрылды. Қоғамдастық құрамындағы Амангелді орта мектебі жетекші мектеп саналса, Құрман орта мектебі,Жақсыбайкөл негізгі мектебі,Қарасу негізгі мектебі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы қоғамдастыққа мүше мектептер санатына кірді. Қоғамдастықтың «Бірлескен тиімді жұмыс жүргізудің негізгі ережелерін жасап, сыналған және тексерілген тәсілдерді пайдалану арқылы қоғамдастық шараларына тартылған мектеп қызметкерлерінің кәсіби дамуын жетілдіре отырып, оқушыларды оқыту сапасын оң нәтижеге бағыттау» атты мақсаты айқындалды.

«Бірлік» желілік қоғамдастығы арнайы аудит жүргізе отырып, қазіргі уақыт талабы- зерттеу сабақтарын ұйымдастыруды қолға алдық.Алдын ала ақпарат жинау барысында байқалғаны-жетекші мектеп Амангелді орта мектебінде зерттеу жұмыстары 4 жылдан бері жолға қойылғаны,Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияда 3 зертттеу тобының жұмыс жасағандығы,Құрман орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында екі топтың жұмыс жасағаны, бірақ жұмыс барысының тиянақсыздығы, Қарасу және Жақсыбайкөл негізгі мектептерінде мүлдем зерттеу сабақтары ұйымдастырылмағаны байқалды.Осы ақпарат негізінде қоғамдастық жұмысының бағыты- Сабақты зерттеу-тәжірибені жетілдірудің демократиялық жолы деген тақырыпта жүзеге асатындығы анықталды. Зерттеу әдісінің тиімділігі туралы (Льюис және Херт, 2011ж.) «Бұл мұғалімдерге өз жазбаларына сүйене отырып, оқушылардың сабақтағы белсенділігін, тақырыптың қалай дамытылғанын, сабақтың ағыны қандай болғанын, сабақтың басқа да элементтерін талдауға мүмкіндік береді.» деген ойы бұл тақырыпты таңдауымызға себепші болды.

«Ынтымақ түбі-бірлік, бірлік түбі-тірлік» деген қоғамдастық девизі қабылданды арнайы төс белгісі және Әнұраны қабылданды.

Жұмыс басы серіктес мектептерге «Амангелді орта мектебі» КММ «Бірлік» желілік қоғамдастығы жетекші мектебінің директоры атынан төмендегідей мазмұнда ұсыныс хат жолданды:

Сабақты зерттеу негізінде кәсіптік оқытудың дамуына ықпал ету және оның моделін ведомствоаралық және мектепаралық коучингіге арналған платформа ретінде пайдалану мақсатында Lesson Study бойынша тренерлерді жұмысқа тартуға серіктес мектептерде (Құрман орта мектебі, Амангелді орта мектебі КММ, Қарасу негізгі мектебі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп -гимназия негізгі мектептептерде кем дегенде 2 топ, орта мектептерде кем дегенде 3 топтан (біреуі бастауыш сынып) құрылса.

Ұсыныс хат негізінде серіктес мектептер директорлары бұйрық шығарып,зерттеу топтары құрылды.

Қоғамдастық жоспары үш кезеңге топтастырылды.Бірінші кезең - Шыңдалу кезеңі.Бұл кезеңде желіге біріккен мектептердің ортақ проблемасын анықтау жұмысы жүргізіліп, жұмыс бағыты айқындалып, нақты жоспар жасалады.Облыстық және аудандық білім бөлімінің арнайы бұйрықтары негізінде ұйымдастырылған шаралар желі жоспарында қамтылады.

Екінші кезең- Даму кезеңі.Бұл кезеңде желі жоспарының серіктес мектептерді оқыту семинарлары,әдістемелік кеңес беру тақырыптары бойынша онлайн сабақтар өткізіледі,серіктес мектеп мұғалімдері арасында электронды ақпарат алмасу жүреді.

Үшінші кезең-Өрлеу кезеңі.Бұл кезеңде желіге қамтылған мектеп

мұғалімдерінің жинақталған озық тәжірибелері баспа беттерінде жарияланады. Серіктес мектеп-Жақсыбайкөл негізгі мектебіндегі “Тіл сабақтарында инновациялық әдістер арқылы тіл құзыреттілігін арттыру” атты семинар-практикумда «Зерттеу сабағын тиімді ұйымдастыру атты коучинг» өтті.Коучингтің басты мақсаты-зерттеу сабақтарын қалай ұйымдастыру, оқушыларды бақылау, қадағалау ережелері, сабақты қалай талдау керектігін насихаттау болды. Зерттеу сабақтарын құру кезінде

2016-2017 оқу жылындағы Әдістемелік нұсқау хатқа сүйене отырып, жаңартылған білім мазмұнындағы сабақ жоспарының шаблонына сүйену туралы ұсыныс жасалды,сабақтарда мәңгілік елдің құндықтарын тиімді кірістіру туралы пікірлер айтылды,жетекші мектептің атынан берілген ұсыныспен таныстырылды.Семинарға аудандық басқа желідегі мектептерден келген 2 мұғалім қатысты.Ж.Жүсібалиев атындағы орта мектеп мұғалімі Қали И. «Зерттеу сабақтарының оқушылардың білім алуына,көп көмегі барын түсіндім.Деңгейлік тапсырмалардың берудің жүйесімен таныстым.Желінің жұмыстарын жинақтап,басқа аймақтарға таратса» деген ұсыныс айтты.Ойыл қазақ орта мектебінің мұғалімі Тілепова Г. "Бүгін коучингтен жақсы әсер алдым.Зерттеу сабағын қалай ұйымдастырып, қалай жүргізуге болатындығын үйрендім.Бұйырса өз тәжірибемде қолданамын.Бүгін мен үшін сәтті күн болды.Жаңа нәрселер көп болды.Әлі де өз мектептеріңізде семинар өткізіп,әдіс-тәсілдеріңізбен бөліссеңіздер.

20 желтоқсанда жетекші мектепте «Бірлік» желілік қоғамдастығының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану пәндері бойынша топтық жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Бұл семинарда серіктес мектептерге 7- сыныптағы физика пәнінен жоспар бойынша «Үйкеліс күші.Үйкеліс күшін техникада ескеру» атты зерттеу сабағы өткізіліп, сабақты талдау, оқушыларды бақылау әрекеті көрсетілді. Семинарды қортытындысында серіктес мектеп тренерлері бұл жұмыстың тиімді болғанын айтып, өз тәжірибелерінде қолданатынын жеткізді.

Сабақты зерттеутәсілі мұғалімдерге әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге, мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге, оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге көмектесетіндігін ескере келе, қоғамдастықтық жұмысының негізінде оңды нәтижеге жететінімізге сеніміміз мол.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!