хоккей ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

хоккей ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар менмұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хоккей ойыны туралы


Хоккей — қақпалар орнатылған арнайы алаңда таяқпен, доп не шайбамен ойналатын командалық спорт түрі. Ойын жазда көгалда доппен, қыста шайба және доппен мұз үстінде өтеді. Хоккей ойынының түрлері: қара допты хоккей, көгалдағы хоккей, шайбалы хоккей.

Әлі күнге дейін хоккейдің тарихы мына елден шыққан деп дөп басып айту қиынға соғады. Алайда, алғаш рет хоккейді шайбамен ойнауды канадалықтар дәстүрге айналдырса, Ресей оны кәдімгі доппен алмастырған.
Алғашқы ресми матч 1875 жылы 3 наурызда Монреаль қаласындағы «Виктория» мұз айдынында өткізілді.
Ол кездегі хоккейді бүгінгі күнгі ойынның ережелерімен салыстыруға мүлдем келмейді. Ол кезде әр командада 9 ойыншыдан топтастырылған еді. Ал, бүгін де әр құрамаға кем дегенде 18 ойыншыдан келеді. Футболдың
 тарихы сынды хоккейдің себет-торы да бірте-бірте пайда болды. Алғаш рет хоккей арнайы сеткамен 1900 жылы ұйымдастырылды. Кейіннен қақпа темірден тұрғызылды. XVI-XVII ғасырларда хоккей голландиялықтар үшін таптырмас ойын болып есептелінді. XIX ғасырдың 70 жылдары Канадада хоккей қысқы олимпиада ойындары бағдарламаларына енгізілді. Оның алғашқы шарттарын Монреалдағы университеттердің бірінде білім алып жүрген студенттер қауымы жасады.1899 жылы Монреалда жасанды мұз айдынында ірі хоккей жарысы болып өтті. Додаға 10000 жанкүйер қатысты. Оны Канаданың әуесқойлар хоккей лигасы ұйымдастырды. 1914 жылы хоккейде кәсіби клубтар Ұлттық Хоккей Лигасына топтастырылған.
Ал, 1908 жылы ҰлыбританияБогемияШвейцарияФранция және Бельгия  Халықаралық Хоккей Федерациясын құрды.
Ойын талаптары жиі жаңаланып тұрды. 1900 жылы хоккей алаңы (61х30 м) болады деген ортақ шешім шығарылды. Ойын үш кезеңнен тұрады, әр кезең 20 минуттан деп есептелінді. Қақпашылар 1929 жылға дейін арнайы қорғанбаған еді. Сол жылы Канаданың клубы «Монреаль Канадиенстің» намысын қорғаған Клинт Бенедикт алғаш болып мұз айдынына маскамен шықты. Осы уақытқа дейін барлық матчтар ашық далада өткізілген. 1870 пен 90 жылдары жабық мұз айдыны жасақталды.
Әлемде қолдан жасалған мұз айдыны 1903 жылы Лондонда жасалды. Хоккейдің дамуына Ұлыбритания едәуір үлес қосқан.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен хоккей қайта қолға алынды. Жаңа хоккей державалары қалыптаса бастады. XX ғасырдың екінші жартысына дейін КСРОЧехословакия мен Канада құрамалары үздік танылды. Ал, XX ғасырдың аяғы мен XXІ ғасырдың басында жаңа алпауыт құрамалар бой көтерді. Бұлардың қатарына Финляндия, АҚШ және Швеция қосылды.

Шайбалы хоккей ойналатын мұз айдынының ұзындығы 51-61 м, ені 24-30 м, айнала шетінің биіктігі 110-122 см етіп қоршалған алаң. Алаңның дәл ортасынан қызыл сызық (ені 30 см), әр қақпадан 18 м қашықтықтан көк сызық тартылады. Қызыл сызық алаңды екіге, көк сызық үшке бөледі. Көк сызықпен бөлінген алаңының екі шеткісін қорғаныс алаңы, ортаңғысын орталық алаң дейді. Қақпа сызығының дәл ортасына ені 183 см, биіктігі 122 см қақпа қойылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
2534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі