Материалдар / Іс-әрекетті зерттеу әдісінің тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Іс-әрекетті зерттеу әдісінің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2020
750
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бірге жиналу –бұл бастама,

Бірге қалу –бұл алға жылжу,

Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік.

Генри Форд

Сабақ өткізу барысында оқушыларды оқытып, білім сапасын көтеру мақсатында,әр мұғалімде қиындықтар,сұрақтар туындайтыны сөзсіз. Осы қиындықтарды шешудің тиімді жолдарының бірі сабақтағы іс-әрекетті зерттеу. Іс-әрекетті зерттеу немесе Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.

1.Кіріспе: Іс-әрекетті зерттеуге қарай жасалатын бес қадам.

2.Негізгі бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеу (Lesson Study)

3.Қорытынды: Үдеріс

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар анықталып, нысанға алған сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында жоспар құрылады.

Зерттеу жүргізудің 

1 қадамы -зерттеуге арналған тақырыпты таңдау үшін ауызша сабақтар орыс әдебиеті, жаратылыстану, қазақ әдебиеті ағылшын тілі пәндеріне сабаққа қатысып, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланады. 

2 қадам зерттеуді әзірлеу, дерек жинау үшін пән иелерімен, оқушылармен сауалнамалар жүргізіледі. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдалады.Тағырып қандай да бір проблемманы шешуге бағытталады.

 3 қадамда   орта мерзімді жоспар бойынша тізбектелген 4 сабақ жоспарланады. Құpылғaн жоспap бойыншa әp оқушы өз жұмысының нәтижесiн көpу үшiн, әp оқушыны нaзapдa ұстaу үшiн олapғa жaуaпкеpшiлiкке бaғыттaлғaн тaпсыpмaлap беpiлу кеpек. Әр сабақтан соң, «Мен не ұтам?» және «Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды естен шығармай , әр сабақ кезінде бағалау әдістерін қолданудағы оң нәтижелер мен кездескен кедергілерді саралай отырып,одан әрі жетілдіру үшін қайта жоспарланады.

4 – қадам іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі кедергілер мен бұдан кейінгі іс - тәжірибеге жасайтын ықпалы.Әр сабақтың жетістігі мен кездескен кедергілерді талқылап, алдағы уақытта нені ескеру қажет екеніне рефлексивтік есеп жазылып, нәтижесінде оқушылардың жеке даму аймағы анықталып, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер өзгертіледі. Қорытындысында әр түрлі деңгейдегі оқушылардың сабақтардағы белсенділіктері артуы тиіс.

5 қадам деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау. Алдағы уақытта тәжірибені жетілдіріп, сыныптың білім сапасын арттыруда пән иелерімен бірлесіп жұмыстану жалғасын тауып отыруы қажет.

Зерттеуді жоспарлау.

Іс-әрекеттегі зерттеуді 4 сабақ төңірегінде жоспарланады. Соңғы сабақ сауалнама мен рефлексияға арналады.

  • Lesson Study тобы оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер
    жүйесін өзара келіседі, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады

  • Топ зерттеудің сұрақ түрінде рәсімделген түйінді идеяларын келіседі және
    нені, кімді оқытуды анықтайды

  • Топ мүшелері зерттеудің түйінді идеяларына қатысты жауап табу үшін әдебиеттерді зерделейді және жоспарлау кезінде оларды пайдалану үшін нәтижелерін қорытады.

  • Топ зерттеу сабағының ортасында қандай сыныптың және қандай үш «зерттелетін
    оқушының» болатынын шешеді және оқу үлгерімі жоғары, орта және төменгі деңгейдегі сынып топтарын ұсынады.

  • Топ зерттеу сабағын «зерттелетін оқушылардың» меңгеруіне ерекше назар аудара
    отырып, оны жоспарлайды.

  • Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш
    оқушыға» ерекше көңіл бөлу арқылы қадағалайды және ескертпелерді жазып отырады.

  • Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше
    оқушылармен сұхбат жүргізеді.

  • Топ зерттеу сабағы аяқталсымен бірден талқылау жүргізеді.

Жалпы зерттеуді жүргізу барысын келесі кезеңдерде қарастыруға болады.

  1. Ұйымдастырушылық

  2. Жоспарлау

  3. Сабақты зерттеу

  4. Қорытындылау, тәжірибемен бөлісу

  1. Ұйымдастырушылық кезең. Ұйымдастырушылық кезеңде алдымен зерттеу өткізілетін сынып таңдалып алынады. Зерттелетін сыныпты таңдауда белгілі бір мақсат көзделеді. Мысалы, сыныптың білім сапасын көтеру, сыныптың сабаққа қызығушылығын арттыру немесе сабақтың тиімділігін арттыру, оқытуды жақсартуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алу. Сыныпты таңдау ұжыммен немесе фокус топ мүшелерімен кеңесу, талқылау барысында шешіледі. Білім сапасын көтеруді қажет ететін немесе қандай да бір проблеманы бірігіп шешуді қажет ететін сынып таңдалады. Одан соң сол сыныпқа мектеп психологының көмегімен оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында енгізілуге тиісті өзгерістерді анықтау үшін сауалнама өткізіледі. Lesson Study -ды жүргізу үшін кем дегенде 3 пән мұғалімінен, ұйымдастырушы модератордан, мектеп психологы, сынып жетекшісінен тұратын Lesson Study тобын құралады. Зерттеуді жүргізу үшін бір бағыттағы (гуманитарлық немесе жаратылыстану) пән иелері, сондай-ақ бір сыныпта сабақ беретін әр түрлі бағыттағы негізгі пән иелері бірлесіп жұмыстана алады. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер өзара пікірлесіп, сауалнама қорытындыларын талдай келіп, Lesson Study тақырыбын анықтайды.

Жоспарлау кезеңі. Тақырып анықталған соң, жоспарлау кезеңі басталады. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер тобы бірлесе отырып зерттеуді жүргізу жоспарын құрады. Жоспар үш кезеңді қамтиды: ұйымдастыру, зерттеу сабақтарын өткізу, қорытындылау. Ұйымдастыру кезеңі бойынша сауалнаманы өткізу, қорытындылау, тақырыпты анықтау, жоспар құру, оқу үлгерімі әр түрлі деңгейдегі (А,В,С) оқушыларды белгілеу күтілетін нәтижелерді анықтау, бірлесе отырып сабақты жоспарлау, арнайы бақылау кестесін жасау, талдау, талап критерийлерін белгілеу, жұмыс картасын жасақтау сияқты жұмыстар белгіленіп, өткізілетін уақыты, жауапты адамдар белгіленеді.

Екінші зерттеуді өткізу үшін пән мұғалімі мен бақылаушы мұғалімдердің іс-әрекеттері жоспарланады, сабақты өткізу мерзімі мен жауапты тұлғалар белгіленеді.

Соңғы бөлімінде зерттеуді қорытындылау мен тарату, бөлісу шаралары, жауаптылар мен өткізу мерзімі белгіленеді.

Осылайша зерттеуді жүргізу жоспары құрылыпы, мектеп басшысымен бекітуге ұсынылады.

  1. Сабақты зерттеу кезеңі. Зерттеу кезеңі Lesson Study –ға қатысушы мұғалімдердің санына қарай үш немесе одан да көп циклдан тұрады.

Алғашқы сабақтың жоспарын бірінші циклды өткізуші мұғалім жоспарлайды, өткізеді. Өзге қатысушы мұғалімдер, яғни топ мүшелері сабақты бақылайды, үш деңгейдегі оқушыларды, олардың сабақтағы жетістік деңгейлерін бақылап, жазып алып отырады. Арнайы бақылау парағы жасақталады Әрбір цикл аяқталған соң, түрлі деңгейдегі оқушылардан сабақ бойынша сұхбат алынады. Сабақты бірлесе талқылап, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап, келесі сабақты жоспарлауға қажетті ұсыныстар береді, келесі сабақты бірлесе жоспарлайды. . Осылайша бірнеше цикл қайталанып отырады.

  1. Қорытындылау, тәжірибемен бөлісу кезеңі. Бұл кезеңде Lesson Study зерттеуіне қатысушы мұғалімдер тобы қорытынды отырысын өткізеді. Сабақ өткізген мұғалімдер өздерінің сабақтары , ондағы қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, А,В,С деңгейлі оқушылардың жетістік деңгейі туралы рефлексивтік есеп дайындап, оқуды жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарын жеткізеді. Зерттеу кезеңдері толық аяқталып, қорытындыланған соң зерттеу нәтижелері мектептегі әдістемелік кеңес , әдістемелік бірлестік немесе педагогикалық кеңес отырыстарында қаралады, сабақты жақсарту бағытындағы ұсыныстар жалпы ұжым мүшелерінің назарына ұсынылады.

Іс-әрекетті зерттеу үдерісінен мысал:

Зерттеудің мақсаты: - оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын сөз, сөз тіркесі, жай сөйлем тұрғысынан дамыту;

- сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйрету;

- сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: - оқушылар сурет бойынша әңгімені жай сөйлемдер негізінде құрай алады.

- сөйлемдегі сөздердің орын-тәртібін сақтайды; - сурет бойынша шағын әңгіме құрастыра алады.



Сабақ реті


Қадамдар

Жоспарланған іс-әрекеттер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1 -сабақ

А)Суреттердегі элементтерді атау.

Ә) Суреттегі обьектілердің арасындағы байланыс пен өзара қатынас

1. Оқушылар суретте көріп отырған заттардың атауын атау керек. (кім? не? сұрағына жауап беретін) "Бинокльден көру" стратегиясы. 2. Обьектілердің арасында байланысты табу.

суреттегі сөздердің аудармасын білу; - жеке сөздерді ауызша айту; - суреттер арасындағы байланысты сөз тіркесі арқылы жеткізу.

оқушылар суреттегі бейнелерді ауызша сөз және сөз тіркесі ретінде дұрыс құрастырады.

2 -сабақ





3 -сабақ





Мәліметтерді талдау.

7-сыныпта бөлімнің атауы "Киім - адам көркі"болатын. Тақырыпқа сай суретті таңдап, зерттеуге алған оқушылардың іс-әрекетін бақылауға алдым. Суретті көрсеткен кезде қарапайым сұрақтардан бастадым. Мысалы, суретте сендер кімдерді көріп тұрсыңдар? (Оқушылар кімдер? сұрағының адамға қатысты екенін біледі.) Одан кейін не? деген сұраққа жауап беретін жалқы есімдерді атап оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге болады. Осы тұста, суретті көру арқылы оқушылар жаңа сөздерді тез еске сақтайтынын байқадым. Егер де сөздерді тақтаға жазып, біраз уақыт өткеннен кейін бұл сөздерді қайта сұраған кезде, жауап беруге қиналатын. Демек, жазудан көру оқушыларға сол сөздердің визуалды суреттерін көрсеткен жағдайда тез есте сақтайтынына көзім жетті.

Зерттеу нәтижелері:



Сабақ реті

Ұтымды тұстары

Қиындықтар

Шешу жолдары

Келесі сабаққа ұсыныстар

1 -сабақ

суреттегі объектілердің атауын айтқанда, асқан қызығушылық танытты; - бір-бірін қайталамайтын суреттерді, яғни ұсақ заттарды, іздестіре бастады. (оқушылар арасында бәсекелестік байқалды).

- суреттегі кейбір сөздердің аудармасын білмеді.


оқушылар білмеген кейбір сөздерді өздігінен сөздіктен іздестіре бастады.


синонимдер сөздігін пайдалану

2 -сабақ





3 -сабақ







Іс-әрекетті зерттеу сабағы сабақтарын жүргізгенде мұғалімнің сабағына талдау жасалмайды,мұндағы мақсат үш оқушы сабақ жүргізілгенде қолданылған әдіс-тәсілдерді қалай қолданылатындығы,әсері,сол таңдалып алынған әдістен оқушы өзіне нені алды,нені ұқты және таңдап алынған әдіс-тәсілдің тиімділігі бар ма? Оқушы қандай нәтижеге қол жеткізді? Алдағы уақытта оқушының білім сапасын арттыру үшін жоспар құру болып табылады.

Қорыта келгенде, Lesson Study зерттеуі мектептегі әрбір мұғалім үшін оның кәсіби жетілуге көмектесетін тәсіл деуге болады. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!