Ж.Аймауытовтың «Психология» еңбегіндегі «өнер таңдау» ұғымы
АЙМАУЫТОВ ЖҮСІПБЕК (1889- 1931) – қазақтың ғылыми психологиясы мен педагогикасының негізін салушы. Туған халқымен 60 жылдан кейін қайтадан көрісіп, біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамдардың бірі. Бас-аяғы 5-6 жылдың ішінде оның осы салада 6 кітап жазуы – бұл айтқанымыздың жақсы айғағы. 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап «Тәрбиеге жетекші» (Орын- бор, госиздат, 186-бет), 1926 жылы екі кітап, бірі – «Психология» (Қызылорда – Ташкент), екіншісі – «Жан жүйесі және өнер таңдау» (М. Центриздат, 81-бет), 1929 жылы «Комплекспен оқыту жолдары» (Қызылорда, Казгосиздат, 129-бет), мектеп оқушыларына арналған «Жаңа ауыл» (екінші сыныпқа арналған оқу кітабы, Алматы, 1929-30 жж.),«Сауатсыздықты қалай жою керек?», т.б. жариялады. Мәселен, оның «Тәрбиеге жетекшісінде» дидактика мен педагогикалық психологияның ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік терминдер жүйесі сөз болады. Еңбек төрт бөлімнен, 29 параграфтан тұрады. Осы кітаптың «Дидактика» бөлімінде оның психологиялық негіздері (ынталы оқыту, үйрету әдістері, машықтану жолдары, оқытудағы көрнекілік, оқыту түрлері, т.б.) жиырмасыншы жылдардағы қазақ мектептерінің өмірінен алынған нақтылы мысалдармен терең талданады. Еңбектің төртінші бөлімінде де педагогикалық психологияның кейбір мәселелері сөз болады. Олар: ұстазбен шәкірт ынтымақтастығының басты белгілері, қазақ мектебінде сабақ өткізудің өзіндік ерекшеліктері сөз болады.
Ж.Аймауытовтың психологиялық мұрасы туралы айтқанда, оның «Психология» атты төл оқу құралы толы- ғырақ сөз етуді қажет етеді. Өйткені бұл психология саласында төл тілі- мізде жазылған ғылыми мәнін күні бүгінге дейін жоймаған тұңғыш дү- ние екендігі даусыз. «Психология, – деп жазды автор осы кітаптың «Беташарында, – терең ой, терең білім, терең пәлсапаға соғатын пән… өзге білімдер затшылдыққа табанын тіре- се де, психология әлі тіреп, яғни нық басқан жоқ… Қарапайым адамға жұм- бақ сықылды көрінетін талай нәр- селер психологияда қаралады… Себептері, сырлары айқындалады, бұ- лардан хабары болу, ақыл-ойына ерік беру кімге де болса, керекті. Бұл кітапты алдымен бала оқытушыларға ұсынамыз. Қала берсе кімде-кім әлеуметпен, қоғаммен қатынасып, қызмет ететін болса, оның бәріне де пси- хология пайдалы кітап деп ойлаймыз. Хат танитын жәй қазақ та, арындамай оқи алса, едәуір білім алар деп сенеміз. Қиын жерлерін салғаннан ұқпаса оңай жерлерін оқып көрер, сөйте-сөйте біріне тісі батар». Оқыр- манына осылайша ой сала келіп, Жүсіпбек «Психология нені сөйлейді?» дейтін бірінші тарауда осы ғылым- ның екі жарым мың жылдық тари- хынан біраз мағлұмат береді. Бұл жерде рационалистік (ақыл-ой), экс- перименттік (тәжірибе) психология- ның жай-жапсарын баяндайтын беттері өте тартымды. Кітаптың екінші тарауында адамның жан-дүниесін, мінез-құлқын, зерттеуді қайтіп ұйым- дастыруға болатындығын айта келіп (бақылау, анкета, әңгімелесу, тәжірибе әдістерінің мән-жайы), тәптіштеп түсіндіреді. Ол – жан-дүниесінің заңдылықтарын зерттеуде математиканы, оның «болжау қисыны» (тео- рия вероятности) дейтін саласын қалайша пайдалануға болатындығын қазақ топырағында алғаш рет сөз етеді. Кітаптың үшінші тарауы «Тірі заттардың қылығын жалпы мінездеу» (қазіргі терминде «Психика жә- не сана») деп аталады. Мұнда пси- хофизикалық және психофизиология- лық құбылыстар, атап айтқанда, ор- ганизмнің, тітіркенушілік пен сезгіш- тік ерекшеліктері, жануар мен адам- ның дағды, инстинктері (соқыр се- зімдері) бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары, өсімдіктер дүниесін- дегі тіршілік белгісі (тропизмдер) ғылыми талдауға алынады. Осы тарауда академик И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінің негізгі қағидалары сөз болады. Автор адам санасының даму жолын тарихи-қоғамдық тұрғыдан дұрыс көрсете ке- ле, қоғамдық (әлеуметтік) психологияның негізгі мәселелерінің (топ, жұртшылық, қоғам, парасат, әдет т.б.) мәнін қазіргі психологиялық түсінік- тердің төңірегінде тәптіштейді.
Кітаптың соңғы тарауында «Жан жүйесі мен өнер таңдау» деген тақырып бар, яғни қазіргі заманның тілімен айтсақ, «потенциалыңды ашы, өз ісіңді табу». Ж.Аймауытов өз ісін табуға көмектесетін арнайы мектептер болуы керектігін алға тартып, мектеп ашылмаса да, ұстаздар мен ата-ана балаға өз жолын табуға көмектесуі керек екенін жазады. Ата-ана көбінесе баласының шен алатын, мал табатын қызметте істегенін қалайды. «Ал енді жас буынның өз таңдауына жіберсек, өзі одан әрі асады. Кейде жолдасы қай жолды таңдаса, ол да соған еліктейді. Кейде біреудің орнына, «дәрежесіне» қызығып, соның жолын көксейді. Сонымен теріс жолға түсіп кетеді», - деп Жүсіпбек Аймауытов мамандық таңдаудағы қателіктерді дөп басып айтады.
Автордың айтқысы келетіні – әр адамның бойында бір қабілеттің болатындығы. «Біреу бала оқытуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ жан сирек болады. Ең болмаса өтірік айтуға зерек болып жаралады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай, өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек» деген сөздері мүмкін бір адамның өмірінің өзгеруіне себепші болар?
Жүсіпбек Аймауытов потенциалыңызды ашуға қандай кеңес береді? Автор Толстойдың өмірін мысал ғып келтіреді. «Толстой Лев Николаевич өз жолын іздеп, қызметтің әр тарауын істеп, талабының әр жағын жетілткен. Ол сықылдаған бозбала да, әскер басы да, диқаншы да, тәрбиеші де, жазушы да, философ та болған, тағы түрлі өнерді істеген. Жас буынға сондай ірі адамдардың өмірімен таныс болу өте пайдалы дейді Ж.Аймауытов. Яғни, автордың бұл сөзін түйіндесек, егер өз ісіңді таба алмай жүрген болсаң әр істі бір істеп көруге болады. Мүмкін қабілетің мүлдем басқада шығар. Жан-жақты бол!
Сонымен қатар Жүсіпбек Аймауытов қазақтың «көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген мақалын мысал ретінде алып, тек бойында көсемдік қасиеті бар адам, көре-көре көсем болатынын және тек бойында туа біткен шешендік қасиеті бар адам ғана сөйлей-сөйлей шешен болатынын айтады. Сондықтан өз бойыңдағы Алла берген асыл қасиеттерді анықтап табудың маңызы зор. Өз ісін тапқан адам өзі де бақытты, қоғамға да пайдалы!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз