Жаңартылған білім беру бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім беру бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім беру бағдарламасы

Мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім саласына да өз әсерін тигізуде. Ел ертеңін бүгіннен ойлайтын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің жас жеткіншектерінің болашағын ойлауды, білімін, дарынын даралауды басты назарда ұстап келеді. Елбасымыз «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген сөзі әрбір ұстаз атты ұлы атқа лайық азаматтардың санасына ұялауы тиіс. Бұл сөздерді оқи отырып ұстаздарға қиын да, жауапты іс жүктелетінін айтпай-ақ білуге болады. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалаудың басты мақсаты- білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу және бәсекеге қабілетті, сыни ойлай білетін, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыру. Білім беру үдерісінде болып жатқан елеулі өзгерістердің бірі- жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл бағдарламаның мақсаты- мұғалімдерге жаңа педагогикалық әдіс- тәсілдерді үйрете отырып, педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру, терең ойлы, бәсекеге қабілетті, жан- жақты тұлға қалыптастыруға көмектесу.

Осы курсқа келген кезде бұл қандай оқу? нені үйренеміз? бұл курстың басқа курстардан қандай айырмашылығы бар? екен деген сұрақтар туындаған еді. Бірақ уақыт өте келе осы сұраққа жауап тапқандай болдым. Бұл курсты оқу барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, оқу жүйесіндегі жаңа әдіс- тәсілдер, жаңалықтар мені қызықтырып, алға жетелей берді. Күнделікті өтіп жатқан сабақтардың біріне- бірі ұқсамайтыны, жан-жақтан жиналған әріптестерімнің өзіндік көзқарастары, ойлары мені күн өткен сайын таң қалдырып, осы курсқа деген қызығушылығымды арттыра түскендей болды. Осы курс кезеңінде күн сайынғы сабақ барысында тәжірибеміз шыңдала түсті. Кез-келген тапсырманы орындау барысында өзіміз де сыни тұрғыдан ойлануды үйреніп келе жатқандай болдық. Осылайша бір ай бойы оқытудың жаңа бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық біліммен қаруланып қайттық.

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады»,- деген Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері менің тәжірибеме айтарлықтай өзгеріс алып келді. Бұрынғы дәстүрлі оқыту барысында жеке тұлға білімді қабылдаушы, жинақтаушы болса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Ал мұғалім сабақ барысында тек ұйымдастырушы, бағыт беруші, көшбасшы рөлінде болады. Яғни оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беру керек, қойылған сұрақтарға оқушының өз бетімен жауап іздеуіне, қорытынды жасауына бағыт- бағдар беріп отыру керек. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері оқушы бойына қажетті төрт дағдыны да (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз. Курстан өту барысында әдіс- тәсілдерді дұрыс таңдай білу, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру, білім деңгейлерін есепке алу, пәннің ерекшелігін ескеру сияқты мәселелер төңірегінде көп ойланып, көп ізденетін болдым. Курс барысында мен өзіме баға беріп, жұмыстың бағыты мен мазмұнын қалай анықтап, ұйымдастыру керектігін білдім, түсіндім, үйрендім.

Қорытындылай келе, мұғалімнің толық өзгеруі бір күнде пайда болатын дүние емес, ол өте көп ізденушілікті, зерттеушілікті талап етеді. Сонда ғана біз толық нәтижеге жете аламыз. Ұстаздық атты ұлы жолда шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыта отырып білімді де, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесем, еліме пайдамды тигізсем, бұдан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2020
238
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі