ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан-жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Білім беру жүйесінде өзара қатынас пен өзара әрекетті тиімді ұйымдастыруға қабілетті маманға деген қажеттілік айқындалып келеді, соған байланысты жоғары оқу орындарында психологиялық-педагогикалық мамандарды даярлау үдерісі, бұл саланың қызмет дағдылары мен сапаларын меңгерген, осы сала мамандарына деген тапсырысты анықтайды, ол жоғары білім беру жүйесінде студенттерді сәйкес мамандықтарға даярлауда жаңашылықты талап етеді.
Заманауи педагог-психолог – бұл жоғары психологиялық-педагогикалық білім алған маман, ол білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыз етуге, тұлғалық даму мен тиімді әлеуметтенуді қамсыздандыруға, білім алушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғауға, олардың дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырушы. Оның кәсіби деңгейі педагогика мен психологияның ғылыми негіздерінен, түрлі психологиялық техникаларды меңгеруінен, өзінің кәсіби құзыреттілігінің шегін ұғынуы мен ұсынысы және оларды жүзеге асыру мен салдары үшін жауапкершілігін түсінуінен, психологиялық-педагогикалық мәдениет пен тұлғаның жетілуінен тұрады.
Педагог-психологтың кәсіби қызметін О.Е. Пермяков «Индивидтің немесе топтың тиімділігін арттыру, өмірдің субъективті қанағаттандырылуы мақсатындағы қатынастарды өзгерту және қалыптастыру бойынша қызмет» ретінде, кәсіби білім беру жүйесіндегі жеке білім жетістіктерін бағалау мәселесі контекстінде анықтайды.
Н.О.Перепелкина өзінің еңбегінде педагог-психологтың кәсіби даярлығындағы психодиагностиканың маңызды рөлін ерекше атап өтеді. Психодиагностика әдістері, нақты әдістемелер және тесттік процедуралар, психологиялық зерттеуді жүргізудің кәсіби- этикалық принциптері, психодиагностика әдістері мен әдістемелерін таңдауға, оларды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын талаптар, тұлға аралық және топ аралық өзара қатынастың психологиялық механизмдері педагог-психологтың диагностикалық қызметінде маңызды болып табылады.
В.И.Долгова педагог-психологтың кәсіби қызметін кәсіби даярлау үдерісіндегі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы анықтайды. Кәсіби даярлау кезеңін қоса алғанда оның барлық кезеңдеріндегі, оның жағдайы, кәсіби қызмет, мамандықта тұлғаның дамуын анықтайды, нақтырақ айтқанда, тұлғаның кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруға ықпал етеді, біздің зерттеуімізде ерекше құнды және онда өзінің кескінін табады . Білім берудің құзыреттілікті-бағдарланған парадигмасы жағдайында педагогпсихологтарды даярлаудың маңызды мақсаты студенттердің тұлғалық сапаларын, сонымен қатар жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық-басқарушылық, тәжірибелік-аналитикалық, өндірістік-технологиялық және оқытушылық қызметте оларды жүзеге асыру дағдыларын дамыту болып саналады. Педагог-психолог жоғары оқу орнын аяқтай отырып өз пәніне қатысты тек біліммен ғана қамданып қоймай, сонымен бірге жеткілікті тұлғалық сапалар мен құзыреттіліктер жиынтығын меңгеруі қажет.
Зерттеуші А.Ж.Сапаргалиева педагог-психологты көмекші кәсіп маман ретінде қарастырды. Сонымен қатар, оның зерттеуінде педагог-психологтың көмекші кәсіп маманы ретіндегі кәсіби қызметінің келесідей түрлерін бөлген: психодиагностикалық, түзетуші-дамытушы, кеңес беруші, алдын алушы, бағалаушы, болжаушы, әдістемелік, басқарушы. Көріп отырғанымыздай, психодиагностикалық қызмет алғашқы, басқа қызмет түрлерін бастаушы ретінде көрсетілген. Оның жасаған педагог-психолог көмекші кәсіп маманы ретіндегі кәсіби даярлау моделінде процесуалдық компонент – технологиялық іскерліктермен ұсынылған. Олардың бірі – тұлғаны және білім беру үдерісін диагностикалау іскерлігі .
Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізін қалыптастыру және баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады. Жаңартылған білім беру жүйесіндегі педагог-психолог қызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады: психодиагностикалық жұмыс, психопрофилактикалық жұмыс, психологиялық кеңес беру, психокоррекция жүргізу, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру, психологиялық қызмет көрсету жүйесі қызметін насихаттау және әлеуметтік-диспетчерлік қызмет көрсету.
Жаңартылған білім беру жүйесіндегі педагог-психологтың негізгі міндеттері:
-
Шешім қабылдап, проблемаларды қарастыруда кәсіби шеңберден шықпау;
-
Барлық мәселелерді шешуде балалардың психологиялық дамуын ескеру;
-
Баланың психологиялық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қажетті көмектерді көрсету;
-
Барлық психологиялық зерттеу нәтижелерін жазып, арнайы құжаттарға тіркеп отыру;
-
Психологиялық көмек қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс-шараларды ұйымдастыру.
-
Оқушылармен және басқа талапкерлермен жүргізілетін жұмыстың нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, әдіс-тәсілдерін дербес таңдап, жұмыстардың кезегін анықтауға;
-
Кәсіби міндеттерін сапалы орындауға қажетті жағдай жасауды мектеп басшыларынан талап етуге;
-
Жоғары орындарда түскен нұсқаулар этикалық ұстанымдарға қайшы келген жағдайда оны орындаудан бас тартуға;
-
Мектеп оқушыларын топтық және жеке зерттеулерден өткізуге;
-
Психологиялық білімдерді насихттауға;
-
Оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беруге;
-
Отбасына психологиялық қызмет көрсетуге.
Жаңартылған білім беру жүйесіндегі педагог-психологтың статусы: кәсіби позиция, бағдар және психологтың толығымен кәсіби мазмұны көбінесе, оның статусымен анықталады. Педагог-психолог өз жұмысымен айналысып болғаннан кейін, арнайы пәндерді өтуге қатысатын маман жағымды көрінеді. Бар энергиясын және жұмыс уақытын ол психологиялық тапсырмаларға жұмсайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жаңартылған білім беру жүйесіндегі педагогика психология ерекшелігі"

шағым қалдыра аласыз