Материалдар / Жетістік - адал еңбектің нәтижесі

Жетістік - адал еңбектің нәтижесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық адамға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2020
600
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жетістік – адал еңбектің нәтижесі

Бұл тақырып төңірегінде сөз қозғамас бұрын алдымен жетістік дегеніміздің өзі не деген сұраққа жауап іздеп көрсек.

Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағытталуы және сол мақсатқа жету. Жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Биікке қаншалықты ұмтылған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Жетістікке жетудің өзіндік жолдары мен ұстанымдары бар. Алдымен адам алдына мақсат қоя білуі керек. Қойған мақсатыңа, аңсаған арманыңа жету үшін ең алдымен мақсатың өзіңе және өзгелерге пайдалы, ізгі іске бағытталуы тиіс. Адам өзін жетістік күтіп тұрғанына, барлығының ойдағыдай болуына өзін іштей дайындап, қорықпай, тек қана алға қарай әр қадамын нық әрі сенімді баса білуі керек. Күнделікті ісіне жоспар құрып, өз ісін сырттай қадағалау, көп ізденіп, адамдармен жан-жақты пікір алмасып, қандай да бір өзгеріс болмасын төзімділік көрсете білуі қажет. Ең үлкен жетістік – қоғамға пайдалы іс тындыру. Қазір білімділер заманы. Білімді адам ешқашан да жолда қалмайды. Жетістікке жету үшін білім өте қажет. Елбасымыздың өзі жастарға, яғни бізге жетістікке жетіп, өз ойымыздағы көздеген арман, мақсатымызды жүзеге асырып, қоғамға пайдалы жағынан өз үлесімізді қосуға, білімімізді ұштастыруға мол мүмкіншілік жасап отыр. Біз сол мүмкіндікті бос жібермеуіміз керек. Жетістікке жету өте биік құзар шыңның басына жетумен бірдей. Оған әр адам әртүрлі жолмен жетуі мүмкін. Біреулері жеңіл жолды таңдап, ауырдың астымен жеңілдің үстімен қаңбақтай қалтылдап жүргендер, ал біреулері өзіне деген нық сеніммен тәуекел етіп, бұралаңы мен шимай-шатпағы көп күрделі жолды таңдап, үміт атты жіңішке қыл жібегін беліне бекем байлап алға, шың басына ұмтылғандар. Сіздің ойыңызша қайсысы жөн? Әрине, ауыр жолды таңдаған дұрыс. Ол жолдағы адамдар ешқашан да қате баспайды. Тек дұрыс бағыт болса болғаны. Қиын да күрделі жолда бақталастары да аз болады. Ерінбей еңбектенген адам адал термен келген жеңісінің жемісін ұзақ көрері сөзсіз.

Армансыз адам болған ба? Бәрі де арманының орындалып, жетістікке жетіп, ата-анасын, бауырларын қуантқысы келеді. Мен де сол жандардың бірімін. Кішкене кезімнен оқыған кітаптарымның ішінен өз өміріме, болашағыма керекті деген сөздерді қойын дәптеріме түртіп жүруді әдетке айналдырдым. Көптеген ұлағатты сөздерді қағида етіп, жазып, үйдегі көрнекті жерге іліп қойып, өзімше тәрбие жүргізетінмін. Қазір алып қарасам бір кітап толардай, ғалым, ақын, жазушыларымыз айтып кеткен өте керемет сөздер жиналып қалған екен. Солардың ішінде ең қажетті деген, адамның кеудесіне жалын отын тұтандыратын сөздерді оқырманмен, жастармен бөліскім келіп отыр.

Д.Аллен: «Сен көз тастаған жер – ол сенің мақсатың. Сол жерге туыңды тігіп, ордаңды құр. Ол үшін рухани әрі дене қуатыңды сол мақсатқа сарқа жұмса. Сен аңсаған бақыт – ол сенің арманың. Оған қол жеткізу – жетістігің. Ал жетістік өздігінен келмейді. Оның кілті – талап және еңбек. Не істесең де мақсатың мен арманыңнан айныма. Ісің ойдағыдай істелсін, жұмысың жоспарланғандай атқарылсын. Сонда жетістікке жетесің. Қолға алған ісіңе үлкен жауапкершілікпен қара. Немқұрайлылық пен мұңсыздық – жетістіктің екі дұшпаны», деп өте керемет айтқан.

Н.Шәкизадаұлы: «Істі игі ниетпен сәтті бастау жетістікке жартылай қол жеткенмен тең. Әркез қалайда оң нәтиже алатыныңа сен. Істеген ісің кішігірім болғанымен, істелмеген үлкен істерден жақсы. Бос әурешілікпен болмайтын істі болдырамын дегенше, болатын істерді істе».

Д.Аллен айтқандай сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес. Өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады. Алынбайтын асу жоқ! Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетіңді жоғалтпауда жатыр. Әуелі адам деген атқа лайық боп, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін!

Ойымды түйіндей келе тағы да Н.Шәкизадаұлының керемет айтылған сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Әлі басталмаған іс – сен үшін қараңғы жол. Одан сескеніп артқа тартсаң, ісің бастаусыз қалады. Ал шырақ болып жана алсаң, жолың айдай ашылады. Қараңғыда шырақ, жарықта шуақ болғайсың, жас дос!».



Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мәлік Айгүл Біржанқызы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ